Құзыреттілік теориясы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Құзыреттілік»
Орындаған:
Тексерген:
Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Педагог тұлғасының кәсіби құзыреттілігінің технологиялық негіздері
1. 1. Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық аспектілері . . . 5
1. 2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру . . . 9
2-бөлім. Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі
2. 1. Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық
құзыреттілігінің психологиялық негіздері . . . 15
2. 2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық
құзыреттілігін қалыптастыру моделі . . . 22
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты.
Құзыреттілік теориясы Г. В. Вайлер, Ю. В. Койнов, Я. И. Лефстед, Н. В. Матяш, В. В. Сериков, Дж. Равен, Р. Уайт, В. Чинапах және т. б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, В. В. Давыдов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары: педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі - А. А. Орлов, И. Я. Фастовец, С. Т. Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту - Е. П. Белозерцов, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, И. Я. Лернер, Н. Д. Левитов, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин; педагогикалық шығармашылық мәні-В. И. Загвязинский, Ю. Н. Кулюткин, М. М. Поташник; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негіздері -Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған.
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш. Х. Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б. Т. Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г. Ж. Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б. Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), М. В. Семёнова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру), С. И. Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т. б. ғалымдар зерттеген.
1-бөлім. Педагог тұлғасының кәсіби құзыреттілігінің технологиялық негіздері
1. 1. Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С. Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен) - қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», - делінген.
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген.
Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В. А. Сластенин, Н. Н. Лобанова, А. И. Панарин және т. б. ) және «педагогикалық кәсібилік» (А. И. Пискунов, В. В. Косарев және т. б. ) ұғымымен теңестіріледі.
Кәсіби құзыреттілікті зерттеуде Н. В. Кузьмина арнайы-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық құзыреттілік сияқты түрлеріне, А. А. Реан, Е. С. Алешина-дифференциалдық-психологиялық құзыреттілікке, М. В. Прохорова-басқарушылық құзыреттілікке, Т. Б. Руденко дидактикалық-әдістемелік құзыреттілікке назар аударса, Ю. В. Варданян, В. И. Журавлев, Т. В. Новикова, Н. Ф. Талызина-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А. А. Вербицкий, А. К. Маркова - мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі, Е. М. Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі - А. А. Орлов, И. Я. Фастовец, С. Т. Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту - Е. П. Белозерцов, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, И. Я. Лернер, Н. Д. Левитов, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, Ш. Т. Таубаева; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі - Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев т. б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша біліктіліктерді қалыптастыруға қазақстандық ғалымдар А. Е. Әбілқасымованың, Б. Баймұхановтың, М. Ә. Құдайқұловтың, Ж. А. Қараевтың, А. Нұғысованың, Б. Д. Сыдықовтың, С. Е. Шәкілікованың және т. б. еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Л. И. Мищенко және т. б. педагогтік мамандықтардың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жекеге бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық, жобалау және рефлексивтік біліктіліктердің болуынан байқалады. Практикалық дайындығының мазмұны педагогтің әртүрлі біліктіліктерінің қалыптасуымен айқындалады. Оларға: құрастыра білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білу) ; қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы т. б. ) жатады.
Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді.
Б. Т. Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі».
Г. Ж. Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен мән береді. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік - адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент-мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент-профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент-оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
1. 2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Педагог оқу іс-әрекетінде ынтымақтаса отырып, баланың бойына түйінді және пәндік құзыреттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Ол үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімі осы мақсатқа сай даярлануы керек.
Ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми негіздері: әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білім деп анықтадық (1 сурет) .
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналғандықтан, дидактика, дидактика дамуының тарихы, дидактикалық жүйелер, мұғалімнің дидактикалық біліктілігінің мәні, олар туралы әлемдік, шығыс, қазақ философиясындағы өрелі ойларға, отандық педагогиканың тұжырымдамалық пікірлеріне талдау жасау қажеттілігі туындады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделей келе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ретінде жүйелілік, тұлғалық, әрекеттік, мәдениетнамалық, құзыреттілік және ақпараттық тұғырлар алынды (1 кесте) .
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық қағидаларына тұлғаға бағдарлы білім беру (Е. В. Бондаревская және т. б. ), біртұтас педагогикалық үдеріс (Н. Д. Хмель және т. б. ), пәнаралық байланыс (А. А. Бейсенбаева, Ә. М. Мұханбетжанова және т. б. ) теорияларымен бірге студент тұлғасының өзін-өзі дамытуы үшін психологиялық жағдай жасау, бастауышта оқытудың инновациялық түрлерін, педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру қағидалары негізге алынды.
Кесте 1 - Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру аясындағы мазмұны
Тұлғаға субъект ретінде қарау.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігіне бағыттай отырып, оның әлеуетін, өзіндік сапаларын аша білуге және дамытуға бағдарлау.
Тұлғаның өздігінен мақсат қоя білуі, іс-әрекетін жоспарлауы, орындауы, нәтижеге жете білу.
Тұлғаның нақты әрекет пен үдерістерде тиімді, өнімді әрекеттер жасай алу қабілетін, дара тұлға сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды
Тұлғаның мәдени қалыптасқандығы, дамығандығы, білімділігі, адамдар арасындағы қатынастағы мәдениеттілік нәтижесі
Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қандай ма болсын істе қолдана білуі.
Тұлғаның кәсіби дайындығын жүйелі және кәсіби компоненттер бірлігінде жүргізу.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Ол студенттің педагогикалық оқу орнына түспестен бұрын басталғанмен, оны бітіруімен бір мезгілде аяқталмайды. Оның педагогикалық мамандыққа қажетті сапалық сипаты кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының әр кезеңінде түрліше дамып отырады: педагогикалық мамандыққа түскенге дейін, кәсіби-педагогикалық дайындық кезінде және маман ретінде өз бетінше жұмыс жасауы кезінде. Бірақ осы кезеңдердің арасында адамды кәсіби педагог тұлғасына дейін дамытатын өзара сабақтастық болуы шарт.
Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие. Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру-мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру-әрекеттік (өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады. Ұйымдастырушылық қызметі - мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс істей алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен мақсатты қарым-қатынас орната білуімен айқындалады.
Т. М. Сорокина өз зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімі құзыреттілігі ұғымын, оның кәсіби дайындығының динамикалық, процессуалдық, кәсіби өсу, өзгеру сипатын мотивациялық және әрекеттік тұрғыдан қарастырады.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің ерекшелігі - көппәнділік. Оның маңызды сипаты гуманистік педагогикалық көзқарастың ерекшелігі мен мұғалімнің педагогикалық ойлауы арқылы жүзеге асатын кәсіби интегративтік білім мен дағды жүйесінде көрінетін «балаға бағыттылық» болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол бастауышта оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, кәсіби-педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын дидактикалық құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. Олай болса, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік-кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің негізгі өзегі.
Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйене келе, «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп анықтадық.
Аталған дайындық сапалары болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби -дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің негізін құрайтын ұстанымдарды былайша белгіледік: маманды даярлауға саралау көзқарас негізінде жүзеге асатын педагогикалық үдерістің мақсаттылығы ұстанымы; мұғалімді терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қажеттілігі мен осы даярлықтың практикалық-қолданбалық бағыттылығын күшейту арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған теорияның практикамен өзара оңтайлы байланысы ұстанымы; болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың үздіксіздігін сипаттайтын үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы және мамандық таңдаудың баламасы ретінде барлық білім жүйесінде (жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер) басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы шаралар жүйесін жүзеге асыру негізінде жетілетін жас маманның кәсіби бейімделуі ұстанымы.
Зерттеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Жүйеде аталған сапаны қамтамасыз етудің әр бағытының мәні мен мазмұны анықталды (2 кесте) .
Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық дайындығында кіші жастағы оқушылардың пәндерді қызығып оқуға ынтасын арттыра білуге дайындығы, болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық қасиеттері, педагогикалық мәселелерді шеше білу, бастауы шта оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруі қалыптасады.
2-бөлім. Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі
2. 1. Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің психологиялық негіздері
Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құрамындағы сапа мен қабілеттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт компоненттерге топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік жасады. Педагог тұлғасының кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерінің сипаттамасы 3 - суретте келтірілді.
Қарастырылып отырған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді
Мұндағы компоненттердің алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз дидактикалық біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет) сүйене отырып дайындадық.
Әдіснамалық компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әдіснамалық білімге ынтасы мен қызығушылығын, әдіснамалық тұғырларды, білімдерінің мазмұндық деңгейін, оны өз тәжірибесінде қолдана білуі мен өзінің әдіснамалық білім, білік, дағды, қабілет және тәжірибесінде және өзінің әдіснамалық білім мен білігін бағалай білуінен көрінеді.
Теориялық компонент кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қалыптасуына негіз болатын теориялар мен бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны бағытындағы білімдер жүйесін, оларды жүзеге асырудағы біліктілігін, дағдысы мен қабілеті және теориялық білім, біліктеріне рефлексия жасай білуімен сипатталады.
Технологиялық компонент болашақ мұғалімнің оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, бастауышта қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктей және қолдана білуі, ақпараттық, компьютерлік технологиялардан сауаттылығы, оларды оқу-тәрбие барысында қолдана білуімен және өзінің технология саласындағы сапалық қасиеттерін бағалау, рефлексия жасауымен өлшенеді.
Мұндағы сипатталған компоненттердің бірлескен қызметі ізделініп отырған кешенді сапаның бар не жоқ екендігін, мөлшерін, деңгейін көрсетеді. Әрине, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік сияқты күрделі мәселенің дәл мөлшерін де, деңгейін де өлшеу қиын екені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz