Мемлекет функциясын іске асыруәдістері мен заңдары



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Мемлекет функциясын іске асыруәдістері мен заңдары

Орындаған:
Тексерген:

Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Мемлекет ұғымы,
функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім
1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері 8
2. Мемлекет функциясының түрлері 13
3. Мемлекеттік органдардың түрлері және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Қорытынды 21

Қолданылған әдебиеттер 23

Кіріспе
1. Мемлекет ұғымы, функциясы

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы
және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның
мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік
етуіне қажетті жағадйларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, қйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен
тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал
қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
1. Мемлекеттің ұғымы
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы
қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар
мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із
қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы
адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы
мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз
әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіңдік тәсілі бар екендігін
көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын
негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт
пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда,ойшылдар айтқан постулаттардың,
болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және
мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезендеріңде адамның
ойлау логикасын түсінуге мүмкіңдік бере отырып олардың негізгілерін
білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін
салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы
теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды
жасаудың маңызы зор.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын
ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік
деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп
шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-
әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалыптасуына мүмкіндік жасай алмады:
ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек — қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның
мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар
ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек
болды:
- сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін
қоғамдық өмірдің өзіңдік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылығы жүргізе
алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін
қанағаттандыратын болуы керек;
- туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері
де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне
көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;
Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі
мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы
жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық
міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды
сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық
қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес
және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын
атап айту аса манызды, ал көсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-
қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру
ұйымы білген емес.
Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және
республикалық нысан екендігін айырады. Монархия басқарудың нысаны ретінде
мемлекетте бір адамның — монархтың қолында жоғары биліктің реалды
шоғырлануымен немесе жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір
нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархияның ерекшеліктерінің қатарына
монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқықпен,
кейде— сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың
белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы атқарылады.
Монархия мемлекеттілігінің дамуының пайда болған кезінен күні бүгінге
дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса, алғашқы қауымдық-рулық
басқару жүйесінің негізінде құрыл-ан көптеген мемлекеттерде монархияның
нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің
өміршеңдігін, белгілі бір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік-экономиялық және
саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бейімділігін танытты.
Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір біріне онша ұқсас еместігін
ескере отырып, нақты-тарихи жақтан келу керек. Республика үшін басқару
нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім
ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолында
шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы (парламент, конгресс,
ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент, төраға, кейде президиум)
болып табылады.
Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру процестеріне
мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін
жүзеге асыруда басты арена болып табылады.
Тікелей Қазақстан аумағыңда мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық
объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын
ұрыстар болды, Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар,
ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе
олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі
керек болды.
Парламенттік республикада жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді
орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы
мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін
бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады.
Егер парламент үкіметке сенімсіздік шығаратын болса, соңғысы отставкаға
кетеді. Кейбір елдерде парламент (өзі немесе жергілікті билік органдарының
өкілдерімен бірге, ал федеративті мемлекеттерде — штат, жер және басқа
мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірге) сондай-ақ мемлекет басшысын
сайлайды, алайда бұл үнемі бола бермейді — мысалға, Австрияда президент
жалпыға бірдей сайлау құқық негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік
парламенттік республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның
парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы
күшінің бас қолбасшысы болып табылады.
Негізгі бөлім

1. Мемлекет фуикциясының түсінігі, оның белгілері

Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің
динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси,
экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай қызмет
атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырак, тоқтап, түсінуіміз керек.
Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.
Функция — заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп,
білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен
бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге
кеп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп
келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі —
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін
тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына
қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-
сатылары:
— функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында
түрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орын-далу бағыттарын, толық
білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық
және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке
бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау.
Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға
т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу,
халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлскеттік биліктің орындалуының құқытық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық:
2). Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақы түрі - әкімшілік шарт
арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі
жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық,
ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау қүқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру
қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік
орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл
қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік
беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының
ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді:
мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ
қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқа-рудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.

2. Мемлекет функциясының түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі
жақты процесс);
тертінші — мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Мемлекет функциялары туралы
Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
Рим құқығындағы 12 кесте заңдары
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау
Пәндер