Жалаулы жастықтың алаулы шағы
Біз, шыны керек, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы барлық ақиқатты әлі де толық ашып болған жоқпыз. Себебі, КОКП Орталық Комитетінің Қазақстанда империялық үстемдікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ жастарының бұқаралық көтерілісі шектен тыс қатыгездікпен басып-жаншылды. Зорлықшыл орталық бейбіт шеруге шыққан жастарды зорлық-зомбылықпен тұншықтырып, олардың адамдық құқын, ерік-жігерін аяққа басты. Содан кейін қаншама жасты қыршынынан қиған, мүгедек еткен жантүршігерлік іс-әрекеттерін барынша жасыруға тырысты. Шындықты бүркемеледі, еш жазығы жоқ жастардың айтқан сөздері мен келтірген деректерін бұрмалап, көтеріліске қатысушыларды да, олардың туған-туыстарын да, оларға жанашырлық сезімдерін білдіргендерді де жаппай қуғын-сүргінге салды. Сол арқылы мұның бәрін “жабулы қазан жабулы күйінде” құпия сақтауға тырысқандары және “Құйын” операциясына қатысты ресми-тарихи құжаттарды жойып, құртып жіберуге дейін барғаны анықталып отыр.
Дей тұрғанмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың өздері, оларға жүргізілген тергеу мен сот құжаттары түпкі ақиқаттың ара-жігін айқындап, көп жәйтке қанығуға жәрдемдесуде. Біз жуырда редакцияда Желтоқсан көтерілісіне қатысып, аласапыран қозғалыс жолындағы оқиғаларды өз бастарынан өткізген ғана емес, сол көтеріліске, сол оқиғаларға ұйытқы болған жас азаматтардың жан азабы мен жеке бас күйзелісін беретін сөздерін тыңдап, көп жайларға қаныққандай болдық.
Бұл мақаланың жазылуына түрткі болған ерекше назар аударуға тұрарлық жәйт те бар. Кешегі күннің күркірін, жастар наразылығын жадымызда қайта тірілтумен қатар, нақ оқиғаның басталуына ұйытқы болған жағдайларға үңілгеніміз де дұрыс болар еді.

Желтоқсан көтерілісіне ұйытқы болған кімдер еді(
Біз, шыны керек, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы барлық ақиқатты әлі
де толық ашып болған жоқпыз. Себебі, КОКП Орталық Комитетінің Қазақстанда
империялық үстемдікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ жастарының
бұқаралық көтерілісі шектен тыс қатыгездікпен басып-жаншылды. Зорлықшыл
орталық бейбіт шеруге шыққан жастарды зорлық-зомбылықпен тұншықтырып,
олардың адамдық құқын, ерік-жігерін аяққа басты. Содан кейін қаншама жасты
қыршынынан қиған, мүгедек еткен жантүршігерлік іс-әрекеттерін барынша
жасыруға тырысты. Шындықты бүркемеледі, еш жазығы жоқ жастардың айтқан
сөздері мен келтірген деректерін бұрмалап, көтеріліске қатысушыларды да,
олардың туған-туыстарын да, оларға жанашырлық сезімдерін білдіргендерді де
жаппай қуғын-сүргінге салды. Сол арқылы мұның бәрін “жабулы қазан жабулы
күйінде” құпия сақтауға тырысқандары және “Құйын” операциясына қатысты
ресми-тарихи құжаттарды жойып, құртып жіберуге дейін барғаны анықталып
отыр.
Дей тұрғанмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың өздері, оларға
жүргізілген тергеу мен сот құжаттары түпкі ақиқаттың ара-жігін айқындап,
көп жәйтке қанығуға жәрдемдесуде. Біз жуырда редакцияда Желтоқсан
көтерілісіне қатысып, аласапыран қозғалыс жолындағы оқиғаларды өз
бастарынан өткізген ғана емес, сол көтеріліске, сол оқиғаларға ұйытқы
болған жас азаматтардың жан азабы мен жеке бас күйзелісін беретін сөздерін
тыңдап, көп жайларға қаныққандай болдық.
Бұл мақаланың жазылуына түрткі болған ерекше назар аударуға тұрарлық жәйт
те бар. Кешегі күннің күркірін, жастар наразылығын жадымызда қайта
тірілтумен қатар, нақ оқиғаның басталуына ұйытқы болған жағдайларға
үңілгеніміз де дұрыс болар еді.
Жұрттың есінде болар, Мұхтар Шаханов Мәскеуде КСРО Халық депутаттары
съезінің мінберінен Желтоқсан көтерілісі жөніндегі шындықты бүкіл дүние
жүзіне жеткізгеннен кейін Қазақстанда бұл мәселеге байланысты комиссия
құрылып, жұмыс істей бастады. Республика Жоғарғы Кеңесінің жанынан құрылған
комиссия құрамында болғанында том-том құжаттарға терең мән беріп, танысқан,
партия мен билік органдарының сол кездегі лауазымды қызметкерлерінен жауап
алу үдерісіне қатысқан белгілі заңгер-ғалым Сабыр Қасымов осыдан он жыл
бұрын (ол кезде Парламент Сенатының депутаты болған) республикалық баспасөз
бетінде Желтоқсан оқиғасы жөнінде жариялаған зерттеу мақаласында: “Біздің
адамгершілік борышымыз бен ізгілікті ойымыз сол қиын күндерде және күрделі
уақыттарда өзінің азаматтық ар-ожданын жоғалтпаған, Мәскеудің әрекеттеріне
қарсы батыл үн қата білген және соған орай өз әрекеттерін жасаған адамдар
жайында ендігі жерде ашық айтуға тиіспіз деген қорытынды жасауға
итермелейді. Бойларынан үрейді кейін ысырып тастап, еш қорықпастан бірінші
болып қарсылық әрекеттерге шақырғандар Алматы театр-көркемсурет
институтының студенттері: Құрманғазы Айтмұрзаев, Бақтыбек Иманғожаев,
Үсіпхан Сейтімбетов, Аманбай Қанетов, Ертай Көпесбаевтар болды. Олар 16
желтоқсан күнінің өзінде-ақ жұмысшы және студенттер жатақханаларын аралап,
жастарды алаңға шығуға үгіттеді. Олар алғашқы ұрандарды жазып, асығыстау
болса да өздерінің іс-әрекеттерінің жоспарларын белгіледі, сол үшін де олар
бірінші болып жазаға тартылды – жоғары оқу орындарынан шығарылды,
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу қапасында отырып, түрмеге
қамалды...” деп жазған еді.
Желтоқсан көтерілісіне бастама көтергендердің халықшыл мінездерімен
танылғанын, келешегі әуелде белгісіздеу болған бұл әрекеттерін сол уақыт
мөлшерімен алсақ, қазақ ұлтының әділетсіз саясатқа төзімі таусылғанын
дәлелдеп беретін ащы жанайқайы деуге болады.
Біз осы уақытқа дейін үлкен күрестің бастамасында кімдердің болғанын жіктеп
айтуға келгенде еш қиналмастан бұқаралық қозғалыстың стихиялық жағына
салмақ салатынымыз рас. Бірақ кез келген әрекеттің бастауында нақты адамдар
тұрады ғой. Оны ешкім де теріске шығара алмайды. Қалың нөпір халықтың
алдыңғы легінде де кеудесін ауыр соққыға тосуға әзір тұратын адамдар
жүреді. Алайда, дәл осы Желтоқсан оқиғасын біз ұйымдастырдық, біз тікелей
бастамашы болдық деп кеудесін соғып, сол әрекетін бұлдап жүргендер де жоқ.
Жоғарыда аты аталған жігіттердің арасынан үш азаматпен бетпе-бет
тілдескенде тағы да сондай жәйтке тап болдық. Құрманғазы мен Үсіпханның –
жүзінен шуақ төгіліп, езуінен әзілі шашылып, қабағынан жылылық себезгілеп
тұратын, өңінен өкпенің ізі, реніштің белгісі білінбейтін осы екі жігіттің
бірнеше жыл түрмеде отырып шыққанына біреу сенер, біреу сенбес. Әрбір
нәрсені терең пайымдай алатындарын байқатады. Ал Бақтыбектің бойынан қызу
мінезді, ерекше қайратты және әрбір сөзін жалындап, шегелеп айтатыны
көрініп тұр.
Айтқандай, Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушыларды қайткенде де табамыз
деп жанталасқанмен, биліктің онысынан түк те шыққан жоқ. Әйтеуір жұртшылық
арасында бұл мәселе қозғала қалса, “Несін айтасыз, сол ызғарлы желтоқсан
күндері астарына су жаңа “Волга” автокөлігін мінген екі-үш жігіт жұмысшы
және жастар жатақханаларын аралап, жастарды алаңға шығаруға үгіттеп
жүріпті. Үстеріне жағалы қара пальто киген адамдардың суыт жүрісі де күдік
келтіріпті” дегендей алыпқашпа сөз кеңінен тарағанын әлі ұмытқан жоқпыз.
Сол сөз рас болса, арада жиырма жыл өтсе де әлгі көзге түспей кеткен
“Волга” жеңіл автокөлігінің де, оның ішінде болған адамдардың да табылмауы
таңғаларлық оқиға күйінде қалды. Алматыны түгел тіміскілеп, үй-үйге дейін
тінтіген құқық қорғау органдарының бұл дәрменсіздігінің себебі де
түсіндірілген жоқ. Әлі күнге дейін. Сонда бұл лақап сөз не үшін, қайдан
шыққан? “Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды”. Дүдәмал сұрақ көп. Біз
оқиғаға орайлас осы негізгі түйткілді бекерден-бекер қайта ойға алып
отырғанымыз жоқ. Өйткені...
Желтоқсан көтерілісіне қатысты құпиялар мен жасырын жайларды ашуға сол
кездегі сот үкімдері де көп жәрдемдеседі. Мәселен, сондай бір құжатты
алайық. Алматы қалалық сотының 1987 жылғы 20 шілдедегі Қ.Айтмұрзаев,
Б.Иманғожаев, Ү.Сейтімбетов, А.Қанетов және М.Қасенбаевқа қатысты үкімін
оқиық. Бұл үкімді Жоғарғы соттың қылмыстық істер алқасы да еш өзгеріссіз
бекітіп, толық қуаттап берген. Сонымен, үкім не дейді? Бұл қазақ
жігіттерінің қандай қылмысқа қатысы бар?
Біз үш жігітпен әңгімелесіп отырмыз: Қ.Айтмұрзаев, Ү.Сейтімбетов және
Б.Иманғожаев. Кешегі көкөрім жастар бүгінде қырықтың қырқасына көтерілген,
ақыл тоқтатқан азаматтар. Үшеуі де театр өнерінің өкілдері. Ойды ой
қозғайды. Әуелі өздері бастарынан өткен сұрапыл күндердің азапкеш тағдырына
тіл бітіретін, жеке архивтерінде мұқият сақталған Жоғарғы соттың айыптау
құжаттарымен танысып болғаннан кейін мына бір жәйтті еске түсіргенді жөн
санадық. Желтоқсан оқиғасының он жылдығы аталып өткен тұста белгілі
қаламгердің бірі баспасөз бетінде: “1986 жылы жөппелдемеде кімнің қолынан
не келді, кімің барып араша түсе алды жастарға? Колбиннің тұсындағы зауалды
шақтарда көбің-ақ ықпадыңдар ма, саясаттан бұқпадыңдар ма, тіпті сол
саясаттың сойылын да соқпадыңдар ма?.. Шындап келгенде, кеңшілікте ғана
күжірейеміз, ал саясат аунап түсіп, апшысы қуырылар болса, талай пенденің
сыр берері кәміл-ақ. Саясат кәпір көп пендені бір тарының қауызына
сыйғызатынын талай-талай дәлелдеп келеді-ау” деп жазғанын оқып бердік.
Көпшіліктің көкейінде жүрген уақыт қайшылықтарын қайта безбенге салу үшін
бұл да керек шығар деген оймен.
...Арада үнсіздік орнады. Үш жігіт тосылып қалғандай болды.
– Мен түрме көрдім, халық үшін алаңға шығып, атой салдым деп айтудан біз
мүлдем аулақпыз,– деді ақырын сөз бастаған Құрманғазы. – Басымыздан қандай
жағдайды өткердік, соны ғана айтқымыз келеді. Арада жиырма жыл өткенде
біздің қай ағаларымыздың қайда болғанын, қай жағалауда тұрғанын кейін естіп
жатырмыз ғой. Қаһарына мінген Мәскеу билігіне қарсы тұрар қауқары неге
болмасын, ондай қасиеттер жекелеген тұлғалардың бойларында болды, біз
Ж.Молдағалиев, М.Есенәлиев, С.Зиманов, С.Шаймерденов секілді ағаларымыздың
жастарға жанашырлық жасап, сол уақыттың жаңғырығымен текетірестің өршіп
тұрған кезеңінде империялық биліктің атына ауыр сын айтқанын жақсы білеміз.
Сол кісілер аз болса да жастарға араша түсті. Бірақ олар көп емес еді. Енді
Желтоқсан оқиғасына байланысты тарихи тағылымды әркім өзінше бағалай жатар.
Меніңше, бұл азат елдің азаматтары үшін жадыда өшпес сабақ болса керек.
– Бізді алаңға апарған көпшіл, досшыл, ұлтшыл қазақшылық қасиеттер еді, –
деді Үсіпхан әңгіме үзігін жалғай түсіп.
– Әлем тарихында ұлттың азаттығы мен елдің бостандығы үшін саяси күреске
бірінші болып жастар шығатыны белгілі. Жастар қоғамның қайраты әрі
болашағы. 1986 жылы алаңға бейбіт шеруге барған жастардың жалындаған бұл
қасиеттерін биліктің өзі де мойындаған болатын. Бірақ империялық билік бұл
жеңілгенін халыққа басқаша түсіндіргісі келді. Бізді бұзақы, нашақор, оңы
мен солын білмейтін әлжуаз адамдар деп көрсетті,– деді Бақтыбек одан әрі. –
Біз секілді мыңдаған қазақтың ұл-қыздары қыстың қара суығында бастары
жарылып, омыртқалары сынып, жүздеген ұл мен қыз темір тордың арғы жағында
азап шекті. Азаттықтың ақ таңы тек осындай күреспен келетіні белгілі болды.
Біз осыны түсіндік. Сондықтан да өткен іске өкінбейміз. Бәрі де тергеу
материалдары мен сот үкімінде жазылған.
Осы үш жігітке қатысты сот үкімінің алғашқы жолдарына көз жүгіртейік:
“Сотталғандар мынадай жағдайда қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп табылды:
Айтмұрзаев. 16.12.86 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының
Д.А.Қонаевты Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен
босатып, бұл лауазымға Г.В.Колбинді тағайындау жөніндегі шешімін естіп, бұл
айтылған шешіммен өзінің келіспейтінін білдіру үшін курстастары
Иманғожаевқа, Сейтімбетовке және Қанетовке келесі күні студенттер мен
жұмысшы жастардың Брежнев атындағы алаңға шығуын ұйымдастыру туралы ұсыныс
жасайды”.
Желтоқсандық жігіттер бұл оқиғаны былайша еске түсіреді.
Қ.Айтмұрзаев: – Біз 1986 жылы 16 желтоқсан күні, яғни, театр және
көркемсурет институтының ІV курсында оқып жүрген бір топ студент түс қайта
дипломдық тақырыпқа байланысты “Қарагөз” спектаклінің қойылым әзірлігінде
жүрген едік. Әне-міне деп халық әртісі, ұстазымыз Шолпан Жандарбекова
апайды күтіп тұрғанбыз. Сәлден соң апай залға қобалжып, қабағы кірбің
тартып кіріп келді. Ұстаздың көңіл-күйі болмаса, шәкірттерінің жағдайы
қайдан бола қойсын. Бәріміз де ол кісіні состиып-состиып тұрып, үнсіз қарсы
алдық.
Ү.Сейтімбетов: – Ойымызда әртістік өнерге бейімделіп, Асқар Тоқпанов,
Шолпан Жандарбекова сияқты өнер жұлдыздарынан сабақ алудан басқа ештеңе
жоқ. Жаңа ғана ойнап-күліп, әзілдесіп тұрған қыз-жігіттер апайдың бұл
ренішін көріп, не болды екен деген сұраулы жүзбен бірдеңе айтқымыз да
келді. Апай күткізген жоқ. Тарс кетті. “Бұл сұмдық қой, Қонаевты орнынан
алып тастап, Колбин деген біреуді әкеліп қойыпты. Қазақ халқымен
санаспағаны ғой. Әйтпесе, лайықты ешкім жоқ дегенге кім сенеді, масқара,
бұл өмір не болып барады өзі?” деп терең күрсінді. Көңіліміз нілдей
бұзылды. Халықтың сүйген перзенті Қонаевты қызметінен алып тастап, орнына
басқа ұлт өкілін әкеліп тағайындау еш қисынға келмейтін қиянат деп ұқтық.
Ойымызға әр нәрсе оралды.
Б.Иманғожаев: – Жігіттерге қарасам, бәрінің де рең-әлпетінен ренішті
байқадым. Ыза-кекке булыққан секілді. Ішкі ой-түйсігімізде бір бүлік
басталғандай болды. Ауылдан келген қазақ балаларының Алматыға келгенде
пәтер таппай қиналатыны, қазақ тілінің шет қақпай болып келе жатқаны, кісі
есігінде жалданып жүретін қазақ балаларының ауыр халі, қоғамдық көліктерде
біздерді басқалардың ар-намысына тиіп, тілдейтіні... Бірақ тіс жарған
жоқпыз.
Сол күні студенттер спектакльді әзірлеуге қатысқан жоқ. Тарап кетті.
Тағы да сот үкімінде жазылған жолдарға назар аударайық. Айыптаудың
айғақтары былай келтіріледі: “Сол күні олар медицина, шет тілдері,
зоотехникалық-малдәрігерлік, политехникалық институттардың, КазГУ-дің химия
және физика-математика факультеттерінің жатақханаларына, сондай-ақ Киров
атындағы зауыттың №2 жатақханасына барып, жастарды жұмысқа және сабаққа
бармауға, сөйтіп, 17.12.86 ж. таңертең Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті Пленумының шешімімен өздерінің келіспейтіндігін білдіру үшін
Брежнев атындағы алаңға шығуға үгіт жүргізіп, шақырған.
Сондай-ақ олар өздерімен бірге оқитын және жатақханада тұратын Алматы театр
және көркемсурет институтының студенттерін сабаққа бармауға және
демонстрацияға қатысуға шақырған, ұлттық мазмұнда, ұлт араздығын тудыратын
сипатта 6 плакат және ұрандар жазуға ұйытқы болған”.
Иә, 16 желтоқсан ұзақ ұйқыдағы алып құйынды оятып, артынан дүниені дүр
сілкіндірген ұлы дүмпуді туғызатынын ешкім де болжай алған жоқ еді.
Шымырлап басталған майда толқындар шиыршық атып, жалын күдірейткен
арыстандай айбаттанып, жолбарыстай қайраттана түсетінін кім сезді? Дүмпудің
ұшқыны театр өнерінің жас түлектерінің ішкі түйсігінде қоламта шоқ болып
жатқанын да...
Ү.Сейтімбетов: – 16 желтоқсан күні кешкілік біздің жатақханадағы бөлмемізге
Құрманғазы суыт келді. Бөлмеде өзіммен бірге оқитын зайыбым Гүлнәр бар еді.
Қас пен көздің арасында қатты өзгеріп кеткен Құрманғазыны танымай
қалғандаймыз. Ел, жер, ұлттық намыс туралы сөйлей бастады. Біз жойылып
кетіп бара жатқан халықпыз ба? Ешкімнен сорлы емеспіз. Қонаев секілді елді
басқарған, пір тұтқан ағаларымызды алып тастап, оның орнына ешкім білмейтін
өзге ұлттың өкілін, біз үшін әлдекімді әкеліп қоюдың өзі – басыну. Алаңға
шығайық, бейбіт түрде наразылығымызды білдірейік. Сол үшін ақылдасуға
келдім деп, көрші институттардың жатақханаларын аралап, жастарды
ұйымдастырайық деген бастама көтерді. Жолай бізге Бақтыбек пен Аманбай
қосылды. Екеуіміздің әлгіндей іске бел байлағанымызды Гүлнәрдан естіпті.
Сөйтіп, Құрманғазының бұл ұсынысын дереу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz