Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1.Құқықтық ұғым және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Құқықтық тәрбие: адам құқығы және құқықтық
мәдениет ... ... ... ... ...12

ІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
2.1. Заңдылық және құқықтық
режим ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Құқықтық режимнің
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси,
идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы
басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық режим негізгі орынды
алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз
етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі.
Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы
қабылданған[1]. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей
қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің
ішінде құқықтық режим мен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам,
мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі
тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. ҚР –ның қазіргі
кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық режим одан әрі
ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның
өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен
баспасөздің баяндамаларында Приоритет-құқықтық режим деп белгіленеді, ал ол
үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында
режим қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің
нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің
орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл
демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.
Құқықтық режим азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның
барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси.
Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады дей
келе құқықтық режим мен заңдылықтың өзектілігі айқындалады[2].
Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және
өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық режим пен
заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық режим мен заңдылыққа
деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз
етілуімен сипатталады.
Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф
Иеринг пен Георг Еллинектің, Г.Ф. Шершеневич пен Н.М.Коркуновтың құқықтық
режимге құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге
келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген
заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан құқық қалыптасудың жалпы жолы сәйкесінше
құқықтық режимнің құрылуы басқаша . Ал, ол солай ма?
Тек құқықтық режим мен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық,
құқықтық режим және демократияның ара-қатынасы жайлы зерттеу жүргізу
қызықтырақ. Құқық аясында заңдылық пен құқықтық режим сияқты өзара
байланысқан құбылыс табу қиынырақ. Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің
ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды.
Өзара әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты
бекіту мен құқықтық режимді нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа
ие.
Егер құқық, заңдылық және құқықтық режим мемлекеттік биліктің қызмет
етуімен қоғамның құқықтық негізі болып табылса онда бұл негіздердің
бекітілу жолдары мен даму тенденциялары туралы қорытынды өзігінен сұранады.
Егер адамдар дамудың объективті талаптарын жақсы түсінсе. Олар ұлттық
мақсаттарға жетуде белсендірек қатысады. Сондықтан құқықтық режимнің
дамуындағы тенденцияларды қарастыру қызығушылық тудыруда.
Соңғы жылдары заңдылық пен демократияға деген көзқарастарда өзгерістер
болды. Кеңес одағынан кейінгі заң ғылымында заңдылықты кеңестік құқықтың
барлық субъектілерінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің,
лауызымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарды және заңға тәуелді актілерді
қатаң және мүлтіксіз орындауы деген түсінік үстемдік етті. Мұндай түсінік
солай немесе басқадай нысанда монографиялық еңбектерде үстемдік етіп, бір
оқулықтан еінші оқулыққа осы кезге дейін көшіп жүрді .
Заңдылық категориясына деген жаңаша түсіндірме берулер демеу таппай,
саяси-идеологиялық немесе прогматикалық режимнің түсініктерімен терістеліп
отырды.
Алайда, заңдылық тек көркем термин ғана емес, заңдылық мемлекет
заңдарында, заңшығармашылықта, нормашығармашылықтағы құқықтың талабы мен
жүйесінің көрінісі турлы идея.
Құқықтық режим мен заңдылық турлы зерттеу және айта тұра демократия
терминін қадағалау мүмкін емес. Оның маңыздылығы ҚР Конституциясының 1 б.
Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық, унитарлы мемлекет деп
аталуында.
Сонымен, заңдылық пен құқықтық режим – құқықтың іс-тәжірибеде жүзеге
асрырылуы тұрғысынан алғанда оның құқықтық нақтылығының мазмұнын ашатын,
заң ғылымының іргелі категориясы. Олар мемлекетпен, заң шығарушылықпен және
сот төрелігімен бірге пайда болады. Құқықтың заңдылықсыз жүзеге аспауы
анық.
Қоғамдағы терең әлеуметтік қайта құруға дейін отандық заңгер-ғалымдар
заңдылық және құқықтық режимгее деген көзқарастар мақалаларда және арнайы
монографиялық зерттеулерде көрініс тапты.
Әрине бұл мақалалар мемлекеттегі болып жатқан нақты процесстерді
суреттемесе де, қызығушылық тудыратын теориялық ойлар бар. Сонымен бірге
соңғы уақытта бұл мәселеге теориялық тұрғыдан көп көңіл бөлінбейтінін айту
керек. Қазіргі Қазақстанның нақтылығын талдауға арналған басылымдарда соның
ішінде мемлекет және құқық теориясы оқулығында заңдылыққа арналған тарау
жоқ.
Курстық жұмысының мақсаты: құқықтық режим түсінігін, заңдылық,
құқықтық режим мен демократияның арақатынасын зерттеу.
Курстық жұмыс міндеттері: қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі
міндеттер бар:
- құқықтық режим ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар
дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық режим түсінігін қарастыру,
- құқықтық режимнің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын
анықтау,
- құқықтық режим қызметін және оның қағидаларын анықтамалау,
- құқықтық режим, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау,
- құқықтық режимтің даму тенденциясын зерделеу,
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1.Құқықтық ұғым және оның мәні
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты
құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек
— субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және
тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын"
негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып
тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі
(әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық
объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де
жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп,
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің
мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм,
интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі—
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар
жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары
мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен
ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз
ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті
тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-
дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы
интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгер-шілік) — адамның
жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін
көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді
қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның
игіліктеріне қамқорлык, жасау.
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің
өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы
жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға
болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот
үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп
танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль
да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік
қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің
құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі
— функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін
тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына
қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-
сатылары: функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында
тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық
білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше
өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық
катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық
катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін,
сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске
асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Конституциялык құқық — кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты
қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті
жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады.
"Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың
қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі
республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін
нығайта түсті.
1.2. Құқықтық тәрбие: адам құқығы және
құқықтық мәдениет
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы
өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында:
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары, - деп баян етілген [1].
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық
мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің
қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы
мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру
ұжымдары десек қателеспейміз.
Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде
қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары,
оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа
ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты:
алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар
(эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.
Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің
арасындағы өзара қатынасын айтамыз,- дейді М.Новицкий [№2, 9 б].
Заңгер ғалымдарымыз: Адам құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-
құлықтың) өлшемі (шамасы) - деп анықтама берген [№3, 198 б]. Адамның
құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген,
ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік
құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау
және қорғау мемлекет функцияларының бірі.
Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқытық мемлекет пен
азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам
құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі
құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын
қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам режимге негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы режим
түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез - құлқын реттейтін
қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды
қолдану нәтижесінде құқықтық режим орнығатыны, ал құқытық нормалар
негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні
белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті,
түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-
әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық
бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі
шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде Құқық
бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян
келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы
әрекеті немесе әрекетсіздігі, - деп көрсетілген [4, 181 б]. Қоғамда режим
орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі
және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық режимді бұзуға
бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың орын
алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән
қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан
осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде
құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық
жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық режимді
сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын
субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу орнында
жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық,
мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі
жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен
міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және
алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең
ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс
түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты
тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда
құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды
құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу, - деп
анықталған [5, 163 б].
Қазіргі Білім туралы Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген
экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды,
құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды
тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан
мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа
алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану
жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа
технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді
шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан
тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш
топқа бөлінеді:
Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру,
дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде
мазмұндай білуге байланысты. Осының нәтижесінде оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси мәдениет
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
Арнайы экономикалық аймақ
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саяси режимдегі саяси партиялар
Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері
Пәндер