Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі

Орындаған: Жиенбаева А.Б.
Тексерген: Медешова А.Б.

Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Портфолио әдісіне қолданылатын терминдер мен анықтамалар ... ... ...3

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. Студенттердің білімін бағалаудағы Портфолио әдісі ... ... ... ... ... ... ..7
2. Оқу үрдісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3. Пəн бойынша қорытынды бақылауды ұйымдастыру
ережелері ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
1. Портфолио әдісіне қолданылатын терминдер мен анықтамалар

Қысқартулар
GPA Үлгерімнің орташа баллы (Grade Point Average)
СЖҚР Студенттің жеке қорытынды рейтингі
ҚММУ Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
АБР Аралық бақылау рейтингі
САҮР Студенттің ағымдық үлгерімінің рейтингі
КТР Компьютерлік тестілеудің рейтингі
АƏР Ауызша əңгімелесудің рейтингі
ПСҚБР Пəн бойынша студенттің қорытынды бақылауының рейтингі
СӨЖ Студенттің өзіндік жұмысы
СОӨЖ Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
ОКО Оқу-клиникалық орталық
ОҚКЕ Объективті құрылымдық клиникалық емтихан
ӨР Өту рейтингі
МЖМБС Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары
ЖСБ Жастар саясаты бөлімі
СҒҚ Студенттердің ғылыми қоғамы
Академиялық күнтізбе – демалыс күндері (каникулдар мен мерекелер)
белгіленумен оқу жылының ағымында оқу жəне бақылау шараларын, практикаларды
өткізудің күнтізбесі
Академиялық кезең – теоретикалық білім алу кезеңі (семестр)
Апелляция – білім алушылардың білімін объективті емес бағалауға
əкелген факторларды табу жəне жою үшін өткізілетін рəсім
Білім алушылардың қорытынды аттестациясы – мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген, оқу пəндерінің көлемін
меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім, оның қорытындылары
бойынша қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Кредит – білім алушыоқытушының оқу жұмысының көлемін белгілеудің
бірыңғай бірлігі.
Оқытудың кредиттік жүйесі – оқу үрдісі мен кредиттер түрінде білім
көлемін есепке алуды түсіндіру аясында білім беру траекториясын жекелендіру
мақсатында білімді өзіндік жəне шығармашылық меңгеру деңгейін жоғарылататын
білім беру технологиясы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – түрлі бақылау
тапсырмаларының негізінде нақты пəн бойынша білім алушылардың білім
жетістіктерін тексеру (жазбаша жұмыстар, тесттер, практикалық жұмыстар,
портфолио, ауызша сұраулар жəне т.б.); ол ағымдық бақылау мен білім
алушылардың аралық аттестациясы болып бөлінеді;
Пəнді қайта меңгеру – қанағаттанарлықсыз - F, қорытынды бақылауға
жіберілмеу, аралық аттестаттауға (сынақ, диф.сынақ, емтихан) себепсіз
келмеу салдарынан пəнді қайта меңгеру;
Білім алушылардық білімін модульдік-рейтингілік тексеру – бекітілген
академиялық күнтізбеге сəйкес білім алушылардың білімін тесттік немесе
басқа да бақылау формалары негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы
жетістіктерін тексеру;
Қайта оқу – қойылған ауыстыру баллдарына GPA сəйкес келмеуі кезіндегі
оқу бағдарламасының курсын қайта оқу.
Пререквизиттер постреквизиттер – меңгеріліп жатқан əндердімеңгеру
үшін міндетті пəндерді меңгеру пəндері
Білім алушыларды аралық аттестаттау (сессия) – оқу пəнінің бір бөлімін
немесе барлық көлемін меңгеріп болғаннан кейінгі білім алушының меңгеру
сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рəсім.
Білім алушыларды жартыжылдық аттестаттау – пəн бойынша студенттің
үлгерімін бақылаудың формасы, мақсаты – білім алушының оқудағы
жетістіктерін, алынған теоретикалық білімдерін, шығармашылық ойлау
қабілетінің дамуын, жеке жұмыс жасау дағдыларын, білім мен оның прктикалық
қолданылуын синтездеу қабілетін бағалау.
Пəн бойынша аралық рейтинг – аралық бақылау алдындағы мерзім мен
аралық бақылауды бағалау үшін орташа ағымдық үлгерім негізінде есептелген
білім алушының оқу үлгерімінің рейтингі
Аралық бақылау пəннің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында іске
асады.
Білім алушының ағымдық үлгерімі – кəсіптік білім беру бағдарламасына
сəйкес кестеге сай сабақтарда өткізілетін білім алушылардың білімін жүйелік
тексеру.
Үлгерімнің орташа баллы (GPA) – білім алушының академиялық кезеңдегі
оқу жетістіктерінің деңгейін орташа бағалау (қосылған кредиттер санының пəн
бойынша қорытынды бақылау бағасының баллдарының сандық эквивалентіне
оқытудың ағымдық мерзімі үшін кредиттердің барлық санына қатыстылығы)
Үлгерімді ағымдық бақылау – оқытушымен өткізілетін оқу пəнінің əр
тақырыбы жəненемесе тарауы бойынша білім алушының оқу жетістіктерін жүйелі
түрде тексеріп отыру;
Білім алушының оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алынған жəне
тұлғаның даму деңгейінің көрсеткіші болатын білім алушының білімдері,
біліктіліктері, дағдылары мен жете білушіліктері;
Пəн бойынша қорытынды бақылау – пəнді оқып біткен кезде, немесе оның
сынақ, дифференциалданған сынақ, емтихан түріндегі өткізілетін білім
алушының оқу жетістіктерінің деңгейін тексеру.
Пəн бойынша жеке қорытынды рейтинг – пəн бойынша қорытынды бақылауды
өткізгеннен кейін есептелген студенттің оқу жетістіктерінің рейтингі.
Студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесінің мақсаты жоғары
кəсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үрдісінде студенттердің
оқу жұмысының сапасын кешендік бағалау, оқу жұмыстарының жоғары
дифференциалдығы жолымен білім беру бағдарламаларын меңгеруге студенттерді
мотивациялауды жоғарылату жəне жоода білім беру үрдісін ұйымдастыру
деңгейін жоғарылату болып табылады.
Студенттер оқу қызметінің барлық түрлері мен бақылаудың барлық түрлері
бойынша рейтингтің мазмұны жəне тəртібімен ертерек таныс болуы керек.
Жеке қорытынды рейтингі (ЖҚР) жіберу рейтингі (ЖР) жəне қорытынды
бақылау рейтингісінен (ЖБР) тұрады. Жіберу рейтингі барлық аралық
рейтингілердің орташа арифметикалығы болып табылады.
Пəн бойынша ағымдық үлгерімнің бақылауын, СӨЖ, СОӨЖ жəне пəн бойынша
сынақтарды академиялық күнтізбе, күнтізбелік-тақырыптық жоспаларға сəйкес
білім беретін оқытушы өткізеді.
Оқытушы студенттің рейтингісінің дұрыстығына жауап береді.
Оқытушымен қойылған білім алушының оқу жетістіктерінің ағымдық
үлгерімнің бағасы, аралық жəне қорытынды бақылаудың нəтижелері, жіберу,
қорытынды бақылау жəне жеке рейтингісі оларды қойып болғаннан кейін
студенттерге айтылуы керек.
Негізгі бөлім
1. Студенттердің білімін бағалаудағы Портфолио әдісі

Білім мен технологиялардың үздіксіз өзгеруімен сипатталатын
экономикалық қатынастардың постиндустрилдық формаларының дамуы білім беру
жүйесіне жаңа талаптар қояды. Білімге негізделген қоғам құзырлықтарды
дамытып, пайдалануға негізделеді. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне
сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өз бетімен тұжырым жасауға,
студенттің өз іс–əрекетінің субъектісі болуына жағдай жасау қажет. Олай
дейтін себебіміз, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның, экономикалық жəне
мəдени өркендеуінің көш басшысы бола алады.
Осыған байланысты қазіргі жоғары білім беру жүйесінің алдындағы тұрған
негізгі мақсат: əлемдік білім беру кеңістігімен интеграцияланған, қоғамның
жəне жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын бəсекеге қабілетті,
көп деңгейлі білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру болып
табылады.
ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың ұсынып отырған стратегиялық міндеті де
бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру.
Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңдағы жоғары мектептің ролі – білімге
негізделіп құрылған экономиканы қалыптастыру болып табылады.
Біздің республикамызда бұл күндері жоғары оқу орындары кредиттік
технология негізінде білім беруге көшті. Жоғары оқу орындарында білім
мазмұнын жоспарлау, оқу жəне білім беру процесін ұйымдастырып, өткізу
кредиттік оқыту жүйесінің негізінде студенттердің өз бетімен білім алуына
сүйеніп, жүзеге асырылып келеді.
Дегенмен, күн тəртібіндегі өзекті мəселенің бірі – кредиттік
технологиямен оқыту жағдайында студенттерге берілетін білімнің ауқымды
көлемін өз бетімен ізденіп алуға үйрету болып табылады. Аталған мəселе
жөнінде біздің елімізде бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл
алдыңғы кезекте оқытушының студенттің оқу іс–əрекетін ұйымдастыру
шараларына беретін нұсқауына, көмегіне байланысты. Дəлірек айтқанда,
оқытушы студенттің дербес құзырлықтарын көрсетіп, демонстрациялап, дамыта
жəне бағалай білуін ұйымдастыра білуі қажет. Студенттердің мұндай дербес
құзырлықтарын көрсетудің бір жолы – электрондық портфолио (Е–портфолио)
болып табылады. Е–портфолио қазіргі уақытта əлемдік білім беру жүйесінде
алатын орны бар, студенттердің өз бетіндік оқу іс–əрекетін ұйымдастыру
əдісі ретінде пайдаланылып келеді.
Енді Е–портфолио əдісін пайдалануға байланысты О.Г. молянинованың
шетелдік тəжірибелерге жүргізген ЖОО–да Е–портфолио əдісін пайдалануға
бағытталған тəсілдерді, соның ішінде, американдық тəсіліне жүргізген
талдауына тоқталайық.
АҚШ–да оқу процесінде Е–портфолио əдісін пайдаланудың теориялық
мəселелері ХХ ғасырдың 90-жылдарында пайда болды. Дəл осы кезде АҚШ–тың
университеттерінде осы бағытта практикалық жұмыстар да басталады. Қазіргі
уақытта бұл елде Е–портфолио əдісін пайдаланудың жинақталған тəжірибелері
бар деуге болады.
Сэлв Реджин университетіндегі студенттің Е–порфолиосы. Американдық
колледждер мен университеттер Ассоциациясы сүйемелдейтін ұлттық жобаның
бөлігі – ePortfolio бағдарламасы 2003–жылдан бастап жасалып, практикаға
белсенді түрде енгізіле бастады. Осы университетің шеңберіндегі
бағдарламаның мақсаты ЖОО–ның барлық студенттерін электрондық портфолионы
құрып, пайдалануға жұмылдыру.
Портфолио құруда студенттер университеттің компьютерлік орталығы
жасаған дайын шаблонға сүйенеді. Портфолионы толтыру Macromedia Dreamweaver
программасының көмегімен жүзеге асады. Студенттер өздерінің портфолиосының
мазмұнын толтыруға жауапты.
Студенттің электрондық портфолиосында төмендегідей бөлімдер бар:
дербес оқу жоспары; негізгі жəне мамандық бойынша тереңдетіліп оқытылатын
арнайы пəндер курстарының бағдарламасы; студенттің таңдаған пəндерінің
негіздемесі жəне осы пəндерді оқудан күтілетін нəтиже; оқу барысында
студенттің меңгерген кəсіби дағдылары; практика өтетін орнының сипаттамасы;
жобаны жасау барысында қалыптасқан құзырлықтар.
Портфолиода аталған бөлімдермен қатар, студент туралы дербес
мəліметтер (қызығушылығы, сүйікті кітаптары, фильмдері, көрсетілімдері жəне
т.б.) болуы мүмкін. Факультет əкімшілігі студенттердің портфолиосында
келтірілген мəліметтерді талдай отырып, университеттің білім беру саясатын
қалыптастыруы жəне жеке білім беру бағдарламалары мен мамандықтарды
жарнамалауы мүмкін. Сондай–ақ, студенттің портфолиосында жинақталған
материалдар студенттің университетті таңдау себебін, оның басқаларынан
артықшылықтарын, кəсіби оқыту бағдарламасын таңдау себептеріне тұжырымдық
талдау жасауға мүмкіндік береді.
Шығыс Кентукки университетіндегі студенттің Е–порфолиосы. Университет
сайтында педагогикалық факультет университеттерінің электрондық портфолиосы
берілген.
Студенттің Е–портфолиосы студент туралы жалпы мəліметті презентациялау
бетінен басталады: студенттің аты–жөні, электрондық адресі, факультет,
курс, топ, мамандығы, сертификаттары жəне студент туралы ақпарат, мысалы,
педагогикалық мамандықты таңдау себебі туралы əңгіме.
Е–портфолионың презентациялық беттен басқа негізігі бөлігі
төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Презентациялық хат. Бұл бөлімде студенттер университеттегі оқуынан не
күтетінін жазады, өзінің дербес портфолиосы туралы қысқаша мағлұмат береді
(кəсіби деңгейі, əртүрлі қызығушылықтары);
Білім философиясы. Студенттер білім беру принципі мен оқыту
тұжырымдамасына өздерінің көзқарастарын, жеке қызығушылықтарын сипаттайды,
олар кім болғысы келетінін, не нəрсеге ұмтылып бара жатқанын, педагог
мамандығын неліктен таңдады, жəне оған қандай білім парадигмасы жақын
екендігін жазады. Көріп отырғанымыздай, американдық жоғары оқу орны
студенттерінің Е–портфолиосында олар өздерінің философиясын ашық түрде
жариялай алады.
Резюме. Негізгі биографиялық мəліметтері келтіріледі: мектеп бітірген
мерзімі, университетке қабылданған мерзімі, студенттің қатысқан шаралары
жəне т.б.
Студенттің жасаған сипаттамасы. Бұл бөлім жеке тұлғалық сапаларын
талдауды, құнды тұжырымдарды, мəні бар құндылықтарды, қарым–қатынасындағы
келеңсіз жағдайларды сипаттаудан, сүйікті ұстаздарына берген мінездемелерді
жəне т.б. қамтиды.
Рефлексивті бөлім. Бұл бөлімде студенттер өздерінің ғылыми жəне
оқуындағы жетістіктерін, сондай–ақ, портфолионы құру барысында алған
дағдыларын талдауға тырысады.
Авторлықты сертификациялау. Студенттер барлық ақпаратты өздерінің
енгізгенін жəне оның мазмұнына жауапты екенін, плагиаттың болмауын
дəлелдейді.
АҚШ–да 2005–жылдан бастап, əрбір семестрде ең үздік электрондық
портфолио жобасы бойынша ұлттық конкурс өтетіндігін атауға болады. Соның
нəтижесінде студенттер портфолио құру дағдыларын жетілдіре алады.
Шетел университеттеріндегі оқу процесінде электрондық портфолио
əдісінің пайдаланылу тəжірибесін жалпылай отырып, мынадай қорытындылар
жасауға болады:
Электрондық портфолио əдісін студенттерді шынайы іс–əрекетке жұмылдыру
құралы ретінде қарастыруға болады жəне жоғары оқу орнының оқытушылары,
студенттері жəне əкімшілігінің ақпараттық білім беру ортасының мазмұнын
жасауға болады, ол нақты сол оқу орнының электрондық оқыту тұжырымдамасын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық портфолио əдісінің мүмкіндігін жүзеге асыру үшін
студенттің портфолиосын құрып, дамыту жұмысы университеттің білім беру
бағдарламасындағы оқыту жəне зерттеу элементі болуы қажет.
Оқу орны осы мəселенің төңірегінде қатемен жұмыс істеуге дайын болуы
тиіс. Олай дейтін себебіміз, студент электрондық портфолиода өзінің жеке
басының дамуы мен академиялық жетістіктерін растайтын құжаттар
ұсынатындықтан, білім беру ортасы осы ақпаратты қорғау мүмкіндігін
қамтамасыз етуі тиіс жəне студентке портфолио материалдарына кіру деңгейін
анықтау құқығы берілуі тиіс, – екендігін атап көрсетеді.
Европалық электрондық оқыту институтының (European Institute for E-
Learning) жетекшісі С.Раве электрондық портфолионы белгілі бір уақыт
аралығындағы индивидуумның жеткен жетістіктерін көрсететін, рефлексивті
талдау негізінде іріктелген, бір немесе бірнеше аудиторияда нақты қойылған
мақсатқа тəуелді индивидуумның ұйымдастыруымен көрсетілетін, əртүрлі шынайы
мəліметтердің жиынтығы ретінде анықтайды.
Электрондық портфолио технологиясы əлемдік білім беру жүйесінде
кеңінен таралып келеді.Мұндай мəселелерді зерттеуге арналған ұлттық жəне
халықаралық ұйымдар құрылуда: Европортфолио Концорциумы (EuroPortfolio
Consortium, EIFEL), Электрондық портфолио жөніндегі халықаралық ассоциация
(InterNational Coalition for Electronic Portfolio Research), Электрондық
портфолио жөніндегі Даттық Концорциум (Danish Consortium for E–Portfolio)
жəне т.б. Қазіргі уақытта ғалымдарды, практиктерді, сарапшыларды,
электрондық портфолионы жасаушы энтузиазистерді біріктіретін жүздеген
əртүрлі ассоциациялар бар. Бұл ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері
əртүрлі. Мысалы, Европортфолио Концорциумының қызметі – электрондық
портфолио жүйесі арқылы 2010 жылға дейін əлемдік білім беру жүйесіндегі
европалық білім берудің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге
бағытталса, Электрондық портфолио жөніндегі халықаралық ассоциация оқыту
процесінің əртүрлі аспектілері мен студенттердің білім нəтижелеріне
Е–портфолионың əсерін зерттейтін зерттеуші–практиктерді біріктіру болып
табылады.
М. Свелл, М. Маркзак жəне М. Хорнның пікірлері бойынша альбом тəрізді,
ол автордың осы білім беру бағдарламасының шеңберіндегі даму жетістіктерін
көрсететін кəсіби программаларды бағалау құралы ретінде пайдаланылуы
мүмкін. Портфолио авторды осы пограммаға қатысушыларға жəне басқа да
қызығушыларға көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Білім беру мазмұнында
портфолио негізінен автордың дербес прогресі мен жеткен жетістіктерін
құжаттау үшін пайдаланылады жəне қандай да бір кəсіби білім беру
бағдарламасының сапасын бағалау құралы болуы мүмкін.
Е–портфолионы əртүрлі ғылыми мектептің өкілдері əртүрлі сипаттайды.
Осы сипаттамалардың ішінен маңызды үшеуін ерекшелеуге болады:
Оқу Е–портфолиосының негізгі мəні студенттің қабілеттілігін көрсету,
оның мықты тұстарын демонстрациялау, шығармашылық əл–ауқатын барынша
көрсету;
Е–портфолио студенттің іс–əрекетін, өзіндік ұйымдастыруын, өзіндік
бақылауын, өзіндік бағалауын, өзінөзі сынауын талдау дағдыларын дамыту
қызметін атқарады;
Е–портфолио құру студенттің өзін–өзі тануы мен өзінің нəтижелерін,
жетістіктерін сезініп, оның өсу динамикасын көрсетуге бағытталады.
Д. Кол, С. Райн, Ф. Кик портфолио дегеніміз – бұл баға немесе
рейтингтен жоғары, өйткені студенттің орындаған əрекеттерін сипаттайтын
түсіндірмелер мен мысалдардан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, портфолио
студенттердің дербес жетістіктерін бағалау əдісі немесе аутентикалық əдіс
болып табылады. Аутентикалық бағалауда белгілі бір уақыт аралығында əртүрлі
əдістерді қолдана отырып, ақпарат немесе мəліметтер əртүрлі ақпарат
көздерінен алынады.
Электрондық портфолио үздіксіз білім беру, сондай–ақ, қосымша білім
беру жүйесінде де ерекше мəнге ие.
Студенттің портфолиосының жалпы сипаттамасын келтірейік.
Портфолио – жұмыс беруші тарапынан бітіруші маманды бағалаудың бір
құралы болып табылады;
Портфолио материалдары жоғары оқу орнындағы оқу мерзімі аралығын толық
қамтиды жəне студенттің академиялық жəне əлеуметтік жетістіктерін бағалау
құралы;
Портфолио ЖОО оқу барысындағы студенттің жеке тұлғалық қасиеттерінің
дамуын, оның дербес прогресі мен жетістіктерін қадағалауға мүмкіндік
береді.
Көптеген шетелдік зерттеушілер əртүрлі саладағы құзырлық деңгейлерін
өлшеу үшін электрондық портфолио əдісін пайдалану мүмкіндігіне байланысты
оған ерекше мəн береді. Х. Баррет оқу Е–портфолиосын құру процесі оқушының
кəсіби құзырлығын дамытуды қамтамасыз етеді, ал портфолионың өзі студент
үшін құзырлықтарын дамыту үшін рефлексивті құрал болып табылады.
B. Роумер Носсек, С. Звиауерлердің жұмысында Болон процесі шеберіндегі
жоғары білім берудің жалпы болашағы ретіндегі жəне электрондық оқыту
стратегиясын дамыту мақсатындағы электрондық портфолионың құрылымын
жасаудың тұжырымдамасы мен жобасы келтірілген.
Əлемдік практикада электрондық портфолионы ХХІ ғасырдағы жоғары білім
беру жүйесіндегі болашағы өте зор технология ретінде саналатын электрондық
оқытудың (e-learning) бөлігі ретінде түсінеді. Электрондық оқыту оқу
материалдарын Интернет арқылы пайдалануды, сондай–ақ, студент пен
оқытушының қарым–қатынасы желі арқылы онлайн режиміндегі видеоконференция
жəне басқа интерактивті тəсілдер арқылы өтуді ұсынады. Бұдан іштей оқытуды
жəне виртуалды сценарийді біріктіретін аралас оқыту түрі шығуы мүмкін.
Жоғары оқу орындарындағы ашық білім беру жүйесінде пайдаланылатын
педагогикалық инструменттер ЖОО–да алынған студенттердің құзырлықтары
айқын, əрі салыстыруға келетіндей болуын қамтамасыз етуі тиіс. Болон
жүйесінде бұл ЕСТS (European Credit Transfer and Accumulation System–
кредитті тарату жəне жинақтаудың Европалық жүйесі) терминінде сипатталады.
Бірқатар европалық зерттеушілер Е–портфолионы академиялық мобильділік
программасында студенттердің жеке белсенділігін арттыру арттыру əдісі жəне
ЖОО–орнына түсу барысында дербес жетістіктерінің нəтижесін көрсету тəсілі
ретінде қарастырады. Ғалымдардың келесі бір тобы студенттердің
Е–портфолионы пайдалануының болашағы жұмыс берушілерге өзінің жетістіктерін
электрондық желіде көрсететіндігін уағыздайды.
Жоғары білім беруді жəне тұтасымен алғанда, халықаралық қауымдастықты
дамытуда Е–портфолионың ролін түсіндіруде мəселелер туындайды. Қазіргі
уақытта Е–портфолионы пайдалану болашағы мен дəл қазіргі қолданысын
түсінуге арналған бірыңғай тəсіл жоқ. Зерттеушілер арасында Е–портфолионы
əртүрлі сипатта анықтауда: оқыту əдісі ретінде; дербес жетістіктерін сапалы
бағалау құралы; Интернетте өзін көрсетудің бірегей əдісі, студенттің өз
бетіндік іс–əрекетін ұйымдастыру құралы. Кейбір зерттеушілердің пікірінше,
Е–портфолионы бірлесе енгізудің қаупі бар, ол желіде жеке конфиденциалды
ақпаратты таратуға, білім беру мекемелерінің арасында ашық білім
ресурстарын коммерциалауға байланысты. Ресейлік ғалымдардың да жұмыстарында
əлеуметтендіру процесінде, студенттердің академиялық мобильділігін
қамтамасыз етуде Е–портфолионы пайдаланудың жүйелі мүмкіндіктерін
жалпыламайды.
Ресейлік басылымдарда жарияланған бірқатар əдістемелік жұмыстарда
Е–портфолио əдісін енгізуге арналған ұмтылыстар болғанымен, жоғары оқу
орнында Е–портфолио əдісін пайдаланудың біртұтас методологиялық моделі жоқ
екенін байқауға болады. Е–портфолио жөнінде жарияланып жүрген басылымдардан
студенттердің оқу нəтижелерін бағалау инструментарийі ретінде енгізіліп
жатқанын аңғаруға болады.
Əр елдің ұлттық жəне аймақтық білім беру агенттіктері Е–портфолио
технологиясын əртүрлі қабылдайды, соған сəйкес бұл жаңа əдісті білім беруге
енгізіп жүрген зерттеушілер мен практиктерді əртүрлі деңгейде сүйемелдейді.

Сонымен қорытындылай келе, ғылыми педагогикалық əдебиеттерді талдау
нəтижелеріне сүйене отырып, Е–портфолионың негізгі функцияларын ерекшелеуге
болады: студенттің өз бетіндік оқу іс–əрекетін өзі басқаруға қажетті
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, мақсат қоя білу, өз іс–əрекетін
жоспарлай білу, əр студенттің ағымдағы жетістіктерін ескере отырып, оқыту
процесін бақылауы жəне өзіндік бақылауы, оқытылатын пəн саласы бойынша
жетістіктерін өзіндік бағалау , біліміндегі олқылықтарды біртіндеп жою,
студенттің жоғары оқу мотивациясын қамтамасыз етуі. Е–портфолио əдісі
студенттердің іскерліктер мен дағдыларды меңгеру деңгейін шынайы
бағалауға, пəнге деген қызығушылығын, оқу мотивациясын оятады, студенттерді
өз бетімен білім алуға ынталандырып, даму динамикасын демонстрациялауға
мүмкіндік береді.
Портфолионың жалпы құрылымы жеке бөлімдерге бөлінген материалдар
жиынтығынан тұрады. Бірінші бөлім студент туралы мəліметті қамтиды
(портрет): студенттің бейнесі, эссе, педагогтық мамандықты, информатика
пəнін таңдауы, осы мамандыққа келу жолына сипаттама беру.
Информатика пəнінен оқу материалдарының жинағы: студенттің аудиторияда
лекциядан дайындаған конспектілері, өз бетімен сабақтан тыс дайындаған,
толықтырылған лекция конспектісі, лабораториялық жұмыстардың орындалуы
жөніндегі есеп, информатикадан дайындалған рефераттар, графикалық есептеу
жəне т.б. жұмыстар.
Информатика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау
Қалыптастырушы бағалаудың мәні
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Оқушы білімін бақылау және бағалау
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері
Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану
Мұғалім портфолиосы
Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Пәндер