Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру

Орындаған: ЗТ-31 топ студенті
Дуимбаев Д.А.
Тексерген: а.ш.ғ.к., доцент
Есенғалиев Қ.Г.

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

І. Бөлім. Ірі қара малын
бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
1.1. Мүйізді ірі қараны
бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
1.2. Ірі қара малын бордақылау
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Мал организміне кейбір заттардың тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
1.4.Бордақылаудағы малды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. Етті бағыттағы ірі қара сиырларын
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. Азықтандыру
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13
2.2. Ет бағытындағы сиырларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3. Мүйізді ірі қараны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
2.4. Етке арналған төлдерді
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.27

ІІІ. Есептеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
Кіріспе

Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-
жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы
қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан
бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар,
қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан
тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін
жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп,
күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру
тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап
малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер
өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып
келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен,
алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына
байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы
жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік
заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары
жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу
жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал
өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал
организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді
кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді
біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі
қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және
энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін
зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар
оның игерімді түрі — бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-
ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де
басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.
Әсіресе сүрлемдеу, пішендеме салу секілді азықтағы биохимиялық
өзгерістерге негізделген дайындау әдістерінде орын алатын құбылыстарды
зерттеп, оларды малға жегізгенде зат алмасуындағы метаболизмді қай жағына
жылжытатынын алдын ала болжап, мал физиологиялық жағдайы мен денсаулығын
қанының биохимиялық көрсеткіштері арқылы бақылайды.
Әдебиетке шолу

І. Бөлім. Ірі қара малын бордақылау
1.1. Мүйізді ірі қараны бордақылау
Мүйізді ірі қара малдарды арнайы ашық алаңда бордақылап семіртуге
болады. Мал бордақылауға қойған кезде 1кг өсу салмағына шығындалатын еңбек
шығыны, жабық алаңдағымен салыстырғанда 2,5-4 есе азайып, өнімнің өзіндік
құны 60-65%-ке төмендейді.
Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі
сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын
төлдерді бордақылауға қояды.
Бордақылау малдардың – тұқымына, жынысына жасына, қоңдылығына қарай
бірнеше топқа бөледі. Арық өгіздерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді
белоктық азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың
салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы
үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдары жеке азықтандырылады.
Бордақылау дегеніміз – ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра
отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту.
Жайылымдылық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал
тәулік бойы жайылымда болады. Жайып, семіртілген мал 4-5 айда 100-150кг-ға
ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған
мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып – семіртілсе күніне 1000г-
дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай
бордақылау керек.
Мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап
өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабында болатын
дән сабан, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері,
шалғын шөп, қызылша қалдығы – сығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны,
крахмал-сірме өнімдеріндегі, дәнді – астық тұқымдастарынан дайындалған
пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек
жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан
алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды
үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындыны, оңды немесе, дәмдеп дәмін
келтіріп беру қажет. Қосымша қоспа азықтар, жем, тұз қосылады. Сақа
сиырларды бордақылауға қою 60-90 күнге, ал төлдерді бордақылап семірту 120-
150 күнге созылады.
Мүйізді ірі-қара мал бордақылауды – семіртуді жеткілікті түрде,
пішінделмеген, сүрлемеген, жеммен де т.б. азықтармен ұйымдастыруға болады.
Малды берілген азық мөлшеріне қарай әр жерде сүрлеммен, жеміс
түбірлерімен, картоппен, көк қалдықтарымен бордақылайды. Кейде жайып та
семіртеді. Бордақылау мерзімі малдың жасына, берілетін азығына байланысты.
Жас мал 100-120 күнде, сақа мал 80-90 күннің ішінде семіреді.
Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50%-жемдік азық, 25-
30% - ірі азық, 20-40% - шырынды азық. Ал жаз кезінде, 35-40% - жем, 15-20%
- ірі азық, 35-40% - көк шөп және т.б.
Азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік,
жемдік, сүрлем-пішендік, сүрлем-тамыр жемістілер, сүрлем-сығынды, сүрлем-
пішемдеме, жемдік, шөптік – шөптік сүрлем, шөптік жемдік т.б.
1.2. Ірі қара малын бордақылау мақсаты
Малдың тірілей салмағын, қоңдылығын еркін жемдеу арқылы тез арада
жоғарлату. Бордақылау ұзақтығы малдың жасына, қоңдылығына байланысты.
Бордақыланған мал денесінде бұлшық ет және май көбейіп, сойыс шығымы
жоғарлап, еттің дәмділігі жақсарады. Әдетте ұрғашы бұзауларды тұқымға
қалдырып, еркек бұзауларды бордақылайды.
Егерде бордақылау 6-12 айлық аралығында өте жақсы азықтандырылған ірі
қара еті өте дәмді және жеңіл қорытылатын болып келеді.
Егер бұл кезеңде азықтандыру деңгейі төмен болса мал денесінде сүйек
шығымы ұлғайып, еті сіңірленіп кетеді. Ірі қараны бұндай жағдайға әкелмес
үшін, жазғытұрым қоректік заттарды көбінесе арзан жайылым отымен-ақ
қамтамасыз ету керек.
Жасыл жайылымда ертелікешкі салқынды пайдаланып жайса, бордақылаудағы
ірі қара тәулігіне 30-35кг көк балауса жеп, оған қосымша күнделікті 1,0-
1,5кг жем берілсе, жақсы тойынып, салмағы артады. Жақсы жайылым отына малды
дұрыс жол білсе жас мал 130-150 тәулікте салмағын 50-60%, ал сақа мал 100-
120 тәулікте 30-40% ұлғайтады. Табиғи жайылым оты тек ең арзан азық қана
емес, сонымен қатар мал организміне өте бай, биологиялық құндылығы жоғары
азық болып та табылады.
Жайылым отына семіртілген мал етінің өте дәмді келетіні сондықтан.
Жайылым өнімділігіне байланысты әрбір бақа 2-5гектар жер бөлінеді. Қажетті
мөлшерде ас тұзы жеткілікті беріледі. 6 айдан асқан бұқашықтар піштіріледі.
Қажетті жағдайда түнгі салқынмен жайған дұрыс. Жайылымда жеткілікті
салмақ қоспаған малға қосымша жем беріп бордақылайды. Әсіресе 18 айға
толмаған ірі қараның тек жайылым отына семіре қоймайтынын ескеру керек.
Оларға қосымша құнарлы азық ретінде арпа, сұлы, жүгері жармаларын, құрама
жем беріледі.
Ұзақ мерзімде (7-8 ай) бордақылауға қойылған ірі қараны етке 2,0-2,5
жасында салмағы 450-500кг жеткенде өткізіледі немесе сояды. Олардың еті
майлы, жоғары калориялы болып келеді.
Етке арналған ірі қараны Қазақстан жағдайында келесі рацион құрамымен
азықтандыруға болады: 6-9 айлықтарында бір басқа тәулігіне 9-10кг жүгері
сүрлемі, 2,5кг пішен, 1,3-1,5кг дән қалдықтары, 30г ас тұзы, 60г
үшкальцийфосфат; 9-12 айлықтарында – 14-15кг жүгері сүрлемі, 2кг пішен, 1кг
сабан, 1кг дән қалдықтары,, 40г ас тұзы, 80г үшкальцийфосфат; 15-18
айлықтарында – 25-26кг жүгері сүрлемі, 1кг пішен, 4кг сабан, 1,2кг дән
қалдықтары, 45г ас тұзы, 100г үшкальцийфосфат.
Бордақылаудың басқа уақытындағы алғашқы кезеңде малды бордақылау
рациондарына үйретіп, бордақылау жүргізілетін негізгі азықты көптеп жеуге
бейімдейді.
1.3. Мал организміне кейбір заттардың тигізетін әсері

Азықтандыруды дұрыс жүргізбеуден ас қорыту жүйесінің анатомиялық
құрылысы мен жекелеген мүшелерінің қызметіне зақым келтіруі мүмкін. Олар
түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық себептерден туады.
Айталық, азықпен бірге енген бөгде заттармен (сым, шеге, әйнек, шыны, құм,
тас, т.б.) ас қорыту жолы зақымдануы мүмкін. Бұл бөгде заттар кейде ұзақ
уақыт ас қорыту жолында жатып қалып, кейде бірден тақия қарынды,
жалбыршақты, диафрагманы немесе басқа бөлімін зақымдауы мүмкін.
Топырақ, құммен ластанған азықтың сапасы күрт төмендеп, тіпті
азықтандыруға қолдануға жарамай қалуы мүмкін. Ластанған жемшөп асқорыту
барысын бұзады, қоректік заттар қорытылымын төмендетеді. Жемшөппен көп
мөлшерде енген топырақ пен құм ірі қара алдыңғы қарынының шиырылуын бұзып,
геомбыршықтан өтпейді де, малдың тәбетін, күйіс қайырылуын нашарлатпайды,
қарнын кептіріп, сүттілігін төмендетеді. Кейде тіпті малды өлімге
соқтырады.
Ірі қара ауыз қуысын ірі азықтық сабағы, астық тұқымдастардың
қылтанағы зақымдайды. Олар біраз тереңдеп кіріп, іріңді жара пайда болуы
мүмкін. Одан азық желінуі кеміп, мал өнімділігі төмендейді. Асқынған
жағдайда актиномикоз ауруына соқтырады. Оның емдеуі күрделі. Сондықтан
қатты сабақты немесе қылтанақты азықты алдын-ала өңдеуден кейін малға
жегізу керек. Мысалы, топан аралас сабанды кальцийлендіріп немесе көк
азықпен бірге сүрлемге салып (30% дейін) жұмсартады. Оларды комбайыннан
өткізіп, буландыруға да болады. Қылтанақты дақылдардан пішендеме дайындап
немесе оларды түйіршектеуге болады.
Біздің Алматы облысы Шелек ауылындағы Сарбұлақ мал бордақылау
кешенінде жүргізілген зерттеулеріміз қатайып кеткен ірі азықтарды (қамыс
пішені, сабан, т.б.) гидротермиялық әдіспен өңдеп жұмсару арқылы, ірі
қараны актиомикоздан сақтандыруға болатынын көрсетіп отыр.
Малды азықтандырудағы жарақаттардан сақтандыру үшін оларға берілетін
жемшөпті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Топырақ шаң-тозаңнан оларды
желдетіп, тазартса, металл қосындыларынан магниттік қондырғыдан өткізу
арқылы тазартады. Өңешке, қарынға енген металл қалдықтарында магниттік зонд
арқылы алуға болады. Онымен алынбаса руменотомия жүргізеді. Ең негізгісі –
Мао азығын таза дайындап сақтауда. Азық сақталатын және мал жайылатын
жерлерді қоқыстандырмау қажет. Жемшөпті бууға, қаптауға қолданылған
заттарды мұқият жинап алады.
1.4.Бордақылаудағы малды азықтандыру

Бордақылаудағы малды байлап, тәулігіне 3-4 рет азықтандырады. Күніне
тәбетін көтеру үшін серуендетіп тұрады. Бордақылау орны құрғақ болуы керек.
Асты сызданса бордақылаудағы малдың салмақ қосуы 25-30% төмендейді.
Сондықтан оларға берілетін азық мөлшері қажетсіз көбейеді. Малды
бордақылауда олардың өсуінің биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. 1,5
жасқа дейінгі жас малдың бұлшық еттерін ұлғайту энергиясы өте жоғары
келеді. Осы кезеңді пайдаланып, ұшаның бағалы жерлерінің – арқа, бел,
жамбас, сан бұлшық еттерін өсіруге тырысу керек. Кейіннен олардың өсу
энергиясы бәсеңдеп, денеде байланған май мөлшері ұлғая түседі. Май
негізінен тері астында емес, бұлшық ет аралығына байланса ет дәмді
мраморлы яғни, бір ет, бір май болып келеді.
Ірі қара малының әрбір килограмм салмағына 10-12 азық өлшемін
жұмсайды. Оның үстіне салмақ қосу деңгейінде жоғары калориялы май байлану
дәрежесі басым екенін ескерсек, оларды өте тез – 80-90 тәулікте бордақылау
қажеттігін байқаймыз. Ірі қара мал етінің калориялығы жоғары болғанмен, жас
малдың етімен салыстырғанда белогы аз болады. Етін жұмсартып дәмділігін
арттыру үшін бордақылау үстінде берілетін негізгі азық көлемін соңғы
кезеңде 20% азайтып, орнына түрлі құнарлы азықтар (жақсы пішін, дәмді азық)
қосады.
Жазғы уақытта ірі қара бордақылау керек болса, көк азықтар – жас
жүгері паясы, беде, жоңышқа, бұршақ, сұлы, күздік, беде, жоңышқа, бұршақ,
сұлы, күздік қара бидай және т.б. пайдаланылады.
ІІ. Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
2.1. Азықтандыру түрлері

Ірі қара малын өсіп-жетіліп, одан мол өнім алынуы үшін оның дұрыс
азықтандырылуы басты шарт. ол үшін сиыр организміне қандай қоректік заттар
қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі, бұл қажетті
қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты.
Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және
басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа
бөледі.
Ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында клечаткасы көп
пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды құрамында көк шөп, сүрленген
шөп, тамыржемістілер мен тамыртүйнектілер және т.с.с. жатады.
Жемазықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара
бидай, арпа, тары, жүгері, т.б. дәндері жатады. Өндіріс қалдықтарынан:
кебек, күнжара, кептірген жом, т.б. жатады.
Соңғы кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді.
Бұл бірнеше азықтардан, әсіресе, әр түрлі жемдерден аралстырылып,
дайындалады.
Ірі қара малына жем-шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты
минерал азықтарды да қосып береді.
Азықтың қоректік бағы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне
байланысты болады. мал азығының құрамына: қоректік заттардан белок, май,
минералдық заттар, углеводтар, витаминдер кіреді.
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ке дейін жетеді. Азық
құрамында су көп болса, оның қоректік құндылығы кем болады.
Белок – мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Белок малдың
тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құрауына қажет. Белок
жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы алмастыра алмайды. Ал
малға азық бергенде белоктың организмге сіңірілген мөлшері ғана яғни
қорытылатын протеин мөлшері ғана есепке алынады.
Май – мал азықтарында, сондай-ақ жануар организмінде де болады.
Жемшөппен бірге қабылданған малдарды мал өз денесінің, сүтінің майына және
белгілі мөлшерін жылуға айналдырады. Бірақ, мал азықтарында май аз, тек
майлы дақылдарда ғана көп болады.
Минералдық - үстеме азықтар (ас тұзы, кәдімгі және йодталған тұз,
сүйек ұны, микроэлементтер тұздары және т.б.) жануар организмнің түзілуіне,
әсіресе, сүйектің түзілуіне жұмсалады.
Углеводтар – құрамына қант, крахмал, клечатка кіреді. Жануар
организмінде углеводтар мен май жылудың пайда болуына жұмсалады. Крахмал,
қант, әсіресе, картопта, қызылшада, т.б. көп болады. Пішенде, сабанда да
клечатка басым келеді.
Витаминдер – мал азықтарында өте аз болады. Осыншалық аз болуына
қарамастан малдың өсуіне, денсаулығына, төлдеуі үшін қажет. Егер малдың
жеген шөбінде витаминдер болмаса мал ауруға шалдығады. Витаминдер
организмге жеткілікті болу үшін малды жазда, өрісте көп жаю керек, өйткені
көк шөпте витаминдер мол болады. Қыста, мал қолда тұрғанда, жақсы сапалы
пішен, шырынды азықтар беру керек.
Азықтарды түр-түріне бөліп, олардың қоректік құндылығына қарай
жіктеумен қатар, олардың қоректік құндылығына қарай жіктеумен қатар,
олардың сапасына да баса назар аударылады. Сабан. Сабанның қоректілігі
қандай дақылдың сабаны екендігіне және сақталу жағдайына байланысты.
Әсіресе, сұлы, арпа, жүгері, т.б. дақылдардың сабандарының қоректігі жақсы
деп есептеледі. Жаздық егін дақылдары сабандарының, күздік егіндердің
сабандарына қарағанда белогы көп, клечаткалары аз болады. Сабан неғұрлым
ірі және қатты болса, ол малға соғұрлым жағымсыз келеді. Жақсы сабанның
түсі ақшылдау, ажарлы және жылтыр болады.
Топан сабанға қарағанда қоректілігі жақсы азық ретінде белгілі.
Әсіресе, сұлының топаны бағалы деп есептеледі. Топан көп жатып қалмағаны
жөн. Жауынды күндері жиналған егіннің топаны су сіңді болып қалады да, тез
бұзылады.
Шөптің сүрлену сапасын оның иісіне, реңіне және түріне қарап
бағалайды. Жақсы сүрленген шөптің нан ашытқысының иісіндей ашыған хош иісі
болады. Сүрленген шөптің бастапқы түрі мен түсі көп өзгермей сақталады.
Бұзылған, нашар сүрленген шөптің түсі қарауытып мұрын жарып кетерліктей
ашыған иіс болады.
Тамыржемістер мен тамыртүйнектер шырынды азықтарға жатады.
Тамыржемстер құрамында су мол, белок аз болады. ол малға сіңімді азық
ретінде белгілі.
Тамыржемістерден әсіресе пайдасы мол азығына арналған қызылша, сәбіз
және басқалар жатады. Малға берілетін тамыржемістер мен тамыртүйнектердің
шірігендері, көгергендері болмауы тиіс.
Азық түрлерінің бірі астық дәндері мал азығының ішіндегі ең құндысы.
Жем есебінде астық дәні берілетін боса, онда:
а) дәннің толықтығын ескеру қажет;
б) иісі бұзылғандығын білдіреді;
в) дәннің реңіне, жылтырлығына назар аудару керек. Дән жылтыр емес ала-
құла дақты болса, бұлар да оның бұзылғандығының белгісі.
г) тазалығына қарау керек. Құм, топырақ, шаң, тас, кесек, шөп-шалаң
болса, жемнің сапасын, құндылығын төмендетеді.
Кебек – жем есебінде малға өте жақсы азық. Таза дәннің өзіне қарағанда
кебектің түсі ақ немесе күрең болып келеді. Түсі қарайып, қоңыр тартқан,
дәмі ашқылтым, нашар иісті болса, кебектің бұзылғандығы.
2.2. Ет бағытындағы сиырларды азықтандыру

Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы барлық жемшөп шығынының 45-
50%-ы аналық бастардың үлесінде. Сондықтан да, бүл саланың, тұтастай
алғанда пайдалы болуы көбінесе ірі қараның осы тобын азықтандыру
мәселелерін дұрыс шешуге байланысты. Жергілікті жерлерде өндірілетін сабан,
топан және егін шаруашылығының басқа да қалдықтары сияқты арзан жемшөпті
кеп көлемде пайдалана алатындығына қарамастан, олардың мерзімдік азық
үлестері жұғымды және минералды заттардың, сондай-ақ витаминдердің қажетті
мөлшерлерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сиырларды азықтандырудың жалпы деңгейі, қоректің негізгі элементтері
мен қуатқа мұқтаждығы олардың тірілей салмақтарына, буаздық және сүттену
кезеңдеріне, жыл мерзімдеріне, қондылығына, бағып-күту технологиясы мен
басқа да ықпалдарға байланысты болады.
Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара шаруашылығын
өркендетуге уақытша кедергі болып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі –
жоғары сапалы мал азықтарының, әсіресе, ең алдымен олардағы алмасатын қуат
пен азықтық белоктың жеткіліксіздігі. Ет бағытындағы ірі қараларды
азықтандыру негізінен табиғи жайылымдар кеңінен пайдалануға
негізделгендіктен, еліміздің әртүрлі аймақтарындағы мерзімдік азық
үлестерінде қуаттың және белоктың жетіспеушілігі сезіледі. Мерзімдік азық
үлестерінде әбден піскен астықтұқымдастар пішенінің, жүгері және күнбағыс
сүрлемдерінің молдығына қарамастан, алмасатын қуат пен протеиннің
жетімсіздігінен, малдар өздерін үнемі аш сезінеді.
Өкінішке орай. ең басты мәселе - осы уақытқа дейін ет бағытындағы
сиырлардың физиологиялық жағдайларына сай келетін, нақты табиғаттық - ауа
райындық аймақтарға және ірі қараның белгілі бір тұқымына арналып,
жергілікті жемшөптің нақты жұғымдылығы негізінде жасалған мерзімдік азық
үлестері мен алмасатын қуаттың, протеиннің қолайлы азықтандыру мөлшерлері
жоқ болып отырғандығы.
Бұрынғы ҚазМШҒЗТИ-інің, казіргі МШжВ ҒӨО ғалымдарының (Н.Ә.Жазылбеков.
1995, 1998 ж.ж.) кешенді зерттеулері негізінде қуаттық және протеиндік
қоректендірудің, сондай-ақ ет бағытындағы санта-гертруда және қазақтың
ақбас тұқымды сиырларының физиологиялық жағдайларына сай келетін,
жергілікті жемшөптің нақты жұғымдылығы есепке алынып, мерзімдік азық
үлестерінің 15-17 көрсеткіші бойынша теңестірілген қант-протеин
арақатынасының қазақстандық жаңа мөлшерлері дүниеге келді. Қысқы мерзімдік
азық үлестерінің қолайлы нұсқалары және қуат пен протеиннің теңестірілген
жергілікті жемшөптерден алынатын тиімді, жеңіл қол жеткізілетін көздері,
сондай-ақ оларды қоректендіруді шектеуші ықпалдар табылды және жасалынды.
Сапалы төл алу және ет бағытындағы сиырлардың физиологиялық
жағдайларына байланысты өз төлі есебінен көбею қабілетін арттыру үшін,
оларға тәулігіне берілетін 1 азық өлшемінің құрамында 113-124г қорытылатын
протеин; 1кг құрғақ зат құрамында 10-11,2МДж алмасатын қуат, 5,6-6,1г
кальций, 3-3,5г фосфор, 2,1-2,2г күкірт, 4,5-4,7г ас тұзы мен 24-28мг
каротин немесе құрғақ заттың 12,5-14,5%-дай шикі протеин, 28-31%-дай шикі
талшық, 5,1-6,7%-дай қанттар, 8,2%-дай шикі май болуы тиіс.
Сиырларды азықтандырғанда мөлшерленетін негізгі көрсеткіштер - құрғақ
заттың мөлшері мен сол құрғақ затта шоғырланған қуат пен протеин. Ет
бағытындағы сиырлар үшін жасалатын мерзімдік азық үлесін мөлшерлеудің
қалған 15-17 көрсеткіші минералды заттармен толықтырылған қоспалар
(премикс) мен БВМҚ-ларды өндіргенде есепке алынады.
Сиырларды толыққұнды азықтандыру тіршілік етуге қабілетті бұзау алу
үшін қажет.
Суалған кезеңде сиырға, тірілей салмағының 100кг-ына шаққанда,
тәулігіне 1кг-ының құрамында 0,65 азық өлшемі мен 11,2% шикі протеин
шоғырланған 2,25-2,3кг құрғақ зат; сүттену кезеңінің бірінші жартысында,
тірілей салмағының 100кг-ына шаққанда, - 0,7-0,75 азық өлшемі мен 11-12%
шикі протеин шоғырланған 2,6кг құрғақ зат; екінші жартысында, тірілей
салмағының 100кг-ына шаққанда, - 0,64-0,66 азық өлшемі мен 9,6-9,8% шикі
протеин шоғырланған 2,35кг құрғақ зат тиісті болады.
Жаңа бұзаулаған сиырларды азықтандырғанда, орларға ерекше жағдай жасау
ережесін сақтау керек. Сиырдың сүттілігі жоғары болғанмен, туылғаннан
кейінгі алғашқы кездері бұзау енесінен 4,5-5кг ғана сүт емеді. Мұндай
сәйкессіздік сиырлардың желінсауға ұшырауына, ал бұзаулардың күнделікті өсу
қарқындылығын төмендететін ішек-қарын жолы қызметінің бұзылуына әкеп
соғады.
Осындай жағымсыз зардаптарды болдырмас үшін, бұзаулаған сиырларға
алғашқы 15-20 күн бойына негізінен ірі азық беріп, содан соң ғана пішендеме
мен сүрлемнің мөлшерлерін бірте-бірте көбейткен дұрыс. Осындай жағдайда
сиырлардың қанағаттанарлық сүттілігі мен бұзаулардың жақсы өсіп-жетілуі
қамтамасыз етіледі.
Бірінші және екінші бұзаулаған сиырларды тәулігіне 1,5 азық өлшемі
есебімен қосымша азықтандыру қажет. Тұқыммал шаруашылықтарыңда сиырларды
азықтандыру мөлшерлерін 10%-ға арттырған тиімді. Бұл мал қоңдылығын жақсы
деңгейде сақтап қалуға және олардың тұқымдық құндылықтарын барынша
пайдалануға мүмкіндік береді.
Азықтандырудың жалпы деңгейімен қатар, мерзімдік азық үлесіндегі
(рациондағы) жекелеген азық түрлерінің арақатынастарын да есепке алу қажет.

Ет бағытындағы ірі қара тұқымы еліміздің,көптеген аймақтарында
өсірілетіндіктен, сүт өндірілетін сақа мал басын азықтандыру тәсілдерінің
әр түрі қолданылуы мүмкін.
Олар әрбір аймақтың табиғаты мен ауа райы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр етін өндірісте қолдану
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Етті бағыттағы сиырларды өсіру
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Жануарлар организміне ауа ылғалдылығының әсері
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Пәндер