Ақшаның мәні, эканомикалық мазмұны мен қызметтірі


Жоспар:
Кіріспе . . . 3-4
І. бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, эканомикалық мазмұны мен қызметтірі.
1. 1 Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері . . . 5
1. 2 Құн формалары мен ақшаның түрлері . . . 8
1. 3 Ақшаның эканомикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері . . . 14
ІІ. бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы.
2. 1 Ақша айналымы оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы . . . 21
2. 2 Ақша айналысы . . . 27
2. 3 Ақша айналысының Заңы . . . 33
ІІІ. бөлім Ақша жүйесі мен оның элементтері.
3. 1 Ақша жүйесі . . . 38
3. 2 Биметализм мен монометализм жүйесі . . . 39
3. 3 Ақша жүйесінің элементтері . . . 44
Қорытынды . . . 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 49
Кіріспе.
Көп ақша табу - батырлық,
Оларды сақтау - даналық,
Ал орнымен пайдалану - шеберлік.
Б. Авербах
Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын - ақша сұрағы болып табылады. Тек сирек санаулы адамдар оның толық жеткілікті екендігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақша - жетпейді. Сықақшылардың айтуынша ақша біреулерге нанға жетпесе, біреулерге - жаңа лимузин алуға жетпейді. Қалай десекте ақша экономиканың, біздің өміріміздің объективті бөлігі болып табылады.
Бұл курыстық жұмысымды жаза отырып, мен тақырыбына сәйкес, жалпы айтқанда мақсаты болып ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелерін анық, ашып көрсету.
Курыстық жұмыстың барысында, ақшаның пайда болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, түрлерін, заңдылықтарын, жүйесін жалпы айтқанда ақшаның шығу тегімен айналымының эволюциясын қарастырдым. Ақша - бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі мақсаты, ақшаға өткен бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірімен экономикада алатын рөліне тоқталу.
Ақшаны ешкім ойлап шығарған жоқ. Қоғамның бірте - бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша жегеніміз ерекше тауар және ол байлық пен құнның бірігуі болып табылады.
І-бөлім . Ақша. Ақша мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтірі.
- Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырьбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, « тауар құны қатынасында қоротындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарай керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады. »
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық бьолып есептелетіні белгілі. Бара - бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы. ) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына лдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келеді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
- өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бір қатар қиыншылықтары болды. Олар:
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және, сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы: егін егуші адам өзінің өндірген бидайын, тергіе ауыстырғысы келсе, қолында тері бар адамға, бидай керек болу қажет. Басқаш айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мумкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардын құнын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы: бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидаыға, оның құнына баламалы тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.
Міне сондықтан да, бара - бара тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі - түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп (таңдап) алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған.
Жалпы ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез - келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеттігі шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
- Құн формалары мен ақшаның түрлері.
Ақшаның қызметі - құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметі ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез - келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнын ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.
Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез - келген өнімін анда - санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы - құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы: 1 өлшем астық 1 қойғажәне т. б айырбасталды, немесе Т =Т. Бұл теңдікте тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталадыт екі тауардың рөлі бірде сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауарды (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнның білдіретін материалдың рөлін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші) құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алған пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент рөлін кез - келген әр түрлі тауарлар атқарады.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болады. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айрықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынандай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т. с. с тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталады.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатырнастардың дәлдігіне айрықша мән беретін болды, өткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор рөл атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен щұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өндейтін шеберлер және т. с. с мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма стоногі, қол диірмен, атұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп пайдалана басталды.
Сөйтіп тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болады.
4 қап астық
1 балта = 1 қой
1 құмыра
және т. б
Жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т. б) атқарады.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай рөл көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ. Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар - ақша . Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы.
1 қой
4 қап астық
1 балта = 1 ақша өлшемі
1 құмыра
және т. б.
Сөйтіп ақша пайда болады. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару.
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарады. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы далалық жерлерде тауардың жалпы әквиваленті рөлін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде түйе, қысы ұзақ тундрада - бұғы атқарады. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы; үнділердің ақша өлшемі «рупия» «рупа» «мал» деген сөздерінен шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын «капитал» деп атаған.
Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасынан өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамда болған өзгерістермен байланысты. Бара бара өндіру мен алмастырудың көлемінің өзгеруіне байланысы, жалпыға бірдей баламаның маңызын біртекті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын, тасымалдауға қолайлы тауардың орындалуы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына металлдан дайындалған монеталар пайда болды. Оның ішінде алтын ақша да болды. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы т. б) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.
Ең бірінші металл ақша, біздің заманымыздан бұрыңғы, ІІІ ші ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7 - 8 ғасырларда, Малазиядағы Лидия мемлекетінде жәнеЕжелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІХ - Х ғасырларда басталған. Сөйтіп, металлдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5 - 10 сомдық алтын ақша бірінші империалистік соғыс басталғанға дейін қолданылған.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан ол ешуақытта тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алды. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оның тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстаға ақшаның көбейуін керек етеді, ал ол үшін, алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.
Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ - ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VII - ғасырдың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIІ - ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы «ассигнация» деп аталатын қағаз ақша шығарылды.
Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталмайды және оны Үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты, қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі. Дегенмен, бұндай жағдайды, несиелік ақшаның көмегімен, оқшандыруға болады. Сонымен, енді несиелік ақшаға тоқтаймыз.
Несиелік ақша. Несиелік ақша айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын, кез - келген банктің қолында. Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса векчельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға өзінің банкнотын береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оныөткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі, несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық шығындардың нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені, мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуы қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақаш айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай қолма - қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар қолма - қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды бір тұтас жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер несие жоғарыда айтылған байланыссыз шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.
- Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.
Бір тауарды екінші тауарға айырбастау мүмкін болмаған кезде, оның иесі өз тауарын басқа бір, көбірек тараған, құндырырақ тауарға айырбастады, сонаң соң, сол тауарды өзіне керек тауарға айырбастайтын болды.
Осылайша бір тауардың құнын, екінші бір тауардың құнымен баламалап анықтайтын, құнның жалпыға бірдей нысаны пайда болды. Алғашқы кезде жалпы құнның баламасынын міндетін әр түрлі тауарлар орындады. Бара - бара ол міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын, бір - ақ тауар іріктелініп алынады.
Бұл жөнінде К. Маркс былай деген: " Натуралдық нысаны балама нысанымен, қоғам бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады, яғни ол ақша болып жұмыс істейді ". Осыған байланысты ақшаның мәнін былай деп келтіруге болады: Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнның нысаны.
Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез - келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы: құнды товарға салса, оның ақшалай көлемі құн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ( нарықтық жағдай да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
- Ақша құнды өлшеуші ретінде.
- Ақша, айналым құралы ретінде.
- Ақша төлем құралы ретінде.
- Ақша қорлану құралы ретінде,
- Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz