Ұлттық экономика түсінігі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 Бөлім. Қазақстан Республикасы экономикасының сипаттамасы
1. 1. Ұлттық экономика түсінігі . . . 5
1. 2. Ұлттық экономика құрылымның сипаттамасы . . . 8
1. 3. Ұлттық экономика құрылымының өзгеру үрдісі мен болашағы . . . 9 2 Бөлім. Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының сатылары
2. 1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары . . . 14
2. 2. Өтпелі кезеңдегі экономиканы басқару органдары қызметінің
сипаты мен жүйесі . . . 22
2. 3. Экономиканы реттеудің шетелдік тәжірибесі . . . 25
3 Бөлім. Кәсіпорынның өндірістік немесе нарықтық қатынастары
3. 1. Өндіріс ұғымы және өндірістік құрылымы . . . 29
3. 2. Өндірістік ұйымдастыру түрлері . . . 31
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның экономикадағы атқаратын қызметі, міндеті, рөлі, кәсіпорын түрлері туралы мәлімет беру. Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік-техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады. Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық жөне басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің статусы, кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана бекітіледі. Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке тұлға да жөне азаматтардың бірлестігі де бола алатынын айта кету керек,
Нәтижеде кәсіпорын деп, жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған, қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен өнім өндіретін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін жеке шаруашылық субьектісі деп тұжырым жасауға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей кәсіпорын ісінің мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру жөне пайда табу. Кеңес одағы кезінде, кәсіпорындардың негізгі мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру болатын. Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде, осы мақсатты алып тастап, пайда табуды ғана мақсат етіп қоюға бола ма? Біздің, ойымызша жоқ.
Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді. Әрине, бизнес - кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми-техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.
Кәсіпорынды құру алдында, кез келген кәсіпкердің және кәсіпкерлер тобының алдында нақты белгіленген мақсаты болуы керек. Бұл мақсат - өз өніміне немесе қызметіне бірқалыпты тапсырыстың болуымен бекітілуі керек. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Одан кейін жаңа істі бастау барысында өз капиталының әр уақытта толықтыруын қамтамасыз ету жағдайларын ойластырған жөн. Осы барлық мәселелерді негізгі құжат кәсіпкерлік бизнес-жоспарда нақты әрі толық көрсеткен жөн.
Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті - тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарап алатындай болған жөн, сонымен катар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингі нақты ұйымдастыра білген жөн.
Қазіргі заманғы кәсіпорынды ұйымдастыру - күрделі жұмыстарды талап ететін құрылым. Нарықты экономика жағдайы бойынша өндірістік кәсіпорынды ұйымдастыруда төменде көрсетілген үш негізгі бағыттың маңыздылығы жоғары болады:
1) өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы;
2) еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы;
3) басқарудың ғылыми ұйымдастырылуы.
1 Бөлім. Қазақстан Республикасы экономикасының сипаттамасы
1. 1. Ұлттық экономика түсінігі
Ұлттық экономика - белгілі бір елдің коғамдық еңбек бөлісінің, ғылыми-техникалық дамудың, халықаралық қатынастың, қалыптасқан және өзара байланысқан саланың (экономикалық іс-әрекеттің түрлерінің) бірыңғай кешені.
Құрылым тұрғыдан ұлттық экономиканы құқықтық, салалық және кеңістік ұйым деп қарауға болады.
Құқықтық тұрғыдан ұлттық экономика - заңды тұлға мәртебесі бар ұйымдар (коммерциялық және коммерциялық емес) жиынтығы.
Салалық тұрғыдан ұлттық экономиканы талдағанда экономикалық іс-әрекеттің өрісі (сфера), секторы (бөлімі), саласы деген түсініктер қолданылады.
Ұлттық экономиканың өріске бөлінуі жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың қалыптасуына қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өріске бөлу экономикалық іс-әрекеттің біртұтас тізбегін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық ұлттық экономика материалдық өндірісі және өндіріс емес өрісі деп екіге бөлінеді.
Материалдық өндірістің өрісі материалдық игілікті жасаушы немесе қызмет атқарушы экономикалық іс-әрекеттің түрі және салалардың жиынтығын білдіреді. Ол өндіріс үдерісі мен айналыс өрісінің жалғасы болып табылады. Бұл өрістің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде өндірістік-техникалық өнім, кең түрде қолданылатын бұйымдар (тұтыну тауарлары), көлік, байланыс және басқалардың көрсеткен қызметтері болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде материалдық өндірістің өрісі үш элементке бөлінеді:
- алғашқы (шикізат шығару, есімдік және мал шаруашылығына байланысты экономиканың бөлігі) ;
- өндірістік (материалдар, жинақтаушы, машина және құрал-жабдықтар түріндегі толығымен дайындалмаған өнімге қатысты экономика бөлігі) ;
- ақырғы (негізгі) өнім (тұтыну заттарына байланысты экономика бөлігі) .
Өндірістік емес өріс тұрғындарға қызмет көрсететін іс-әрекеттің келесі түрлері мен салаларын біріктіреді:
- білім;
- денсаулық және әлеуметтік жәрдемдер;
- коммуналдық әлеуметтік және жеке адамдарға көрсетілетін қызметтер.
Экономикалық үдерістерді жалпы сипаттау үшін ұлттық экономика секторларға бөлінген.
Ұлттық экономиканың секторы деп өндірістің шығындарын қаржыландыру әдісі мен бағыты, экономикалық үдерісте атқаратын қызметі мен мақсаты тұрғысынан біркелкі институттық бөлік жиынтығын айтады.
Сөйтіп, секторға топтастыру арқылы теориялық және тәжірибелік мақсаттардың (статикалық бақылау, мемлекеттік реттеу үшін) жалпы сипаттамасы бар ұлттық экономиканың бөлігіне бөлуге болады.
Меншік түріне байланысты экономика секторын мемлекеттік және жеке меншікті деп бөлуге болады.
Мемлекеттік секторы мемлекет меншігінде болатын немесе мемлекет басқару орындарымен бақыланатын және басқаратын кәсіпорын ұйымдар жиынтығы түрінде болады.
Жеке меншік секторы тікелей мемлекетпен бақыланбайтын кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жиынтығы түрінде болады.
Ұлттық шот жүйесі бойынша отандық экономикада келесі секторлар түрінде қалыптасқан:
- қаржылық емес кәсіпорындар;
- қаржылық мекемелер;
- мемлекет мекемелері;
- үй шаруашылығы;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.
Пайда табу үшін өнімді өндіру мен қызмет көрсетуді атқаратын және нарықтық емес өндіріспен айналысатын шаруашылық бөлігінің жиынтығын қаржылық емес кәсіпорындар секторы деп атайды.
Сонымен, бақылау нысаны бойынша үш ішкі секторға бөлінеді:
- мемлекеттік;
- ұлттық жеке меншік;
- шетел.
Жалпы ішкі өнімді өндіруге қаржылық емес кәсіпорындарының секторы ең үлкен үлес қосады, бірақ олар ақырғы тұтынуға қатыспайды.
Қаржылық мекемелер секторы деп қаржылық делдалдармен, сақтандырумен, қаржылық делдалдық және сақтандыру аясында көмекші қызметтермен айналысатын іс-әрекеті оның негізгі түрі болатын коммерциялық емес ұйымдарды бақылайтын органдар жиынтығын айтамыз.
Үй шаруашылық секторы адамдардың азғантай топтарынан тұратын үй шаруашылық жиынтығы түрінде көрсетіледі.
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы нарықтық емес негізде үй шаруашылығына тауар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету негізгі міндеті болатын коммерциялық емес ұйымдар жиынтығын атаймыз.
Сала (экономикалық іс-әрекет түрлері) іс-әрекеттің өрісі, шығарылған өнімі, өндірістің технологиясы, шикізаты, негізгі қоры мен қызметкерлердің дағдысының отақтылығы тән кәсіпорын мен ұйымдар жиынтығы болады.
Көптеген мәселелерді шешу мақсатында ұлттық экономиканы салаларға бөлуге болады, оның ішінде негізгілері келесілер:
- тіркеу кезінде шаруашылықпен айналысатын субъектілердің мәлімдеген экономикалық іс-әрекеттерін сәйкестендіру;
- экономикалық іс-әрекеттің әрбір түрін мемлекеттік реттеу үшін нормативті құқықтық актілерді жасау;
- экономикалық үдерістердің дамуын іс-әрекеті бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу;
- жұмысбастылық, инвестициялық іс-әрекетінің мәселелерін шешу кезінде экономикалық іс-әрекетінің түрлері туралы ақпараттармен мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз ету.
Экономикалық іс-әрекет түрлері туралы жалпы қазақстандық топтастырғыш (классификатор) бойынша салалар тізімі келесідей болады:
1. Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы.
2. Балық аулау кәсібі, балық өсіру шаруашылығы.
3. Пайдалы қазбаны шығару.
4. Өңдеуші өндіріс.
5. Электроэнергияны, газды және суды өндіру мен бөлу.
6. Құрылыс.
7. Көтерме және бөлшек сату, автокөлікті жөндеу.
8. Қонақ үйлері мен мейманханалар.
9. Көлік пен байланыс.
10. Қаржылық қызмет.
11. Жылжымайтын мүлікпен, жалмен қызмет көрсету операциялары.
12. Мемлекеттік реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
13. Білім беру.
14. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету.
15. Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жекеленген кызметтерді көрсету.
16. Үй шаруашылығын жүргізу үшін кызметтер көрсету.
17. Аумақтан тыс ұйымдардың іс-әрекеті.
1. 2. Ұлттық экономика құрылымының сипаттамасы
Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешу оның құрылымының динамикасын талдаудан, үрдісін анықтаудан, дамудағы басымдылық бағыттарын таңдаудан тұрады.
Ұлттық экономиканың құрылымы өрістің, секторлардың, салалардың сандық арақатынасымен сипатталады.
Кез келген елде ұлттық экономиканың құрылымы тұрақты шамада болмайды. Онда әрбір өрістің, сектордың, саланың салыстырмалы мәні келтіріледі. Мұндай факторларға жиынтық сұраныстың деңгейінің ұлғаюы, оның құрылымының өзгеруі, бар ресурстардың сапасының жоғарылауы және техника бойынша білімнің қайта бөлінуі мен өрістеуі жатады. Сонымен, барлық дамыған елдерде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер үлесінің азаюы байқалады, ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету өрісінің өсуі байқалады (1. 1-кесте) .
Кесте 1. 1
Дамыған елдердегі ЖІӨ құрылымы (%)
Осындай үдеріс қазақстандық ұлттық экономикасында да көрінеді.
1. 3. Ұлттық экономика құрылымының өзгеру үрдісі мен болашағы
Ұлттық экономика құрылымының өзгеру қажеттілігі көбінесе шаруашылықтың нарықтық әдісіне көшу және даму басымдылықтарының өзгеруіне байланысты болып отырады.
Ұлттық экономика, оның өрісі, секторлары, салаларының өзгеруі екі жолмен жүреді:
1) нарық тетігінің эсерімен;
2) мемлекеттік құрылымдық саясаттың эсерімен. Нарықтық тетікті пайдалану капиталдың табыстылығы жоғары болатын салаға ауысуын, бәсекесі төмен ашық нарықтың болуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар нарықтық тетік ұлттық экономика салаларында инновациялық, инвестициялық, материалды-техникалық, кадрлық әлеуеттерінің жүйесі болғанын қалайды.
Тек қана нарықтық тетікті пайдалану ұлттық экономиканы толығымен қайта құруға болмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдай мемлекет меншігін жекешелендіргенде, сыртқы экономикалық саясатты және валюталық бақылауды ырықтандырғанда белгілі болды. Қазіргі кезде ықпалы инвестициялық, инновациялық және құрылымдық саясаттың жаңа жүйесін қолдану керек екені анық болып отыр. ҚР Үкіметі 2003-2015 жылдарға индустриялық - инвестициялық бағдарламаны қабылдап, оны жүзеге асыруға ат салысып жатыр.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыруы үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған. Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға ол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды және көрсетілген қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.
Бәсекеге тусу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.
Экономиканың шикізаттық секторын дамыту Үкіметтің салалық және секторлық Стратегиялары бойынша жүзеге асыралады.
Стратегияның міндеті:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде үш есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын екі есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- жеке секторды бәсекелестік басымдылық жасау мен жетілдіруге және қосылған құны барынша жоғары элементтерін көбейте отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, коғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен кызметтердің пайдасына қарай әртараптандыру;
- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;
- дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық үдерістерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдеу болып табылады.
Осы міндеттерді шешкенде, экономика құрылымы түбегейлі сапалық өзгерістерге ұшырағанда, ол әртараптандырылған кезде ғана Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамуы туралы айтуға болады.
Стратегия мынадай қағидаға негізделеді:
- жеке сектормен серіктестік;
- инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен кызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы;
- өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге де қолдау көрсету;
- қосылған құн тізбегінің дамуын қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;
- теңдес бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту;
- индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Аталған қағидалар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлі сапалық өзгерістер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары. Барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлу қажет.
Бұл көзқарас экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге және экспорттық бағыттағы өнімнің жаңа түрлерін шығаруға кедергі жасамайды.
Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиіс, ал екінші деңгейдегі банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттік даму институттары осындай ұсыныстарды жеке сектормен әріптестік қарым-қатынаста ықтималды түрде іске асыру мақсатында арнайы әдістемелер негізінде оларға талдау жасау керек.
Нарықтық экономикалы елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсіпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттік сыбайлас жемқорлықтың көрінісі ретінде бағаланады. Тәжірибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсетті.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тікелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауына тиіс, бірақ экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелерінде, жеке кәсіпорындарды жаңғыртуға, инновациялық үдерістерге қатысуға және осы арқылы өзінің өндірістік және бәсекелестік әлеуетін құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрі бастамашы болуы мүмкін және болуы тиіс.
Өнеркәсіпті жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшін отын-энергетикалық кешеннің және экономиканың басқа да негізгі салаларының инвестициялық және өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану керек.
2. Бөлім. Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының сатылары
2. 1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жаһандық экономикада әлемдік тауар нарығына мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін және асыл металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен астық экспортының келешегі бар екені дәлелденді.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта классикалық экономикалық сценарий бойынша дамуда.
Өндірістің және шикізат ресурстарын экспортқа шығарудың қарқынды дамуы экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасап, соңғы жеті жылда (2000 жылдан кейін) экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институттық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикаға сай мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерінің ішінде бірінші ел болып инвестициялық рейгингіне ие болды.
Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 50 млрд. астам АҚШ доллар тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгіге сәйкес Қазақстан бәсекелестікке және әлемнің барлық елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтерді, капиталды және жұмыс күшін экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретінде қалыптасып келеді.
2000-2005 жылдары ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 9, 2% құрады. 2010 жылы ЖІӨ екі есе ұлғайту үшін оның орташа жылдық өсу қарқыны 7, 2% болуы керек.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін қолайлы емес. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар нарықтарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.
Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие бола отырып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ұмтылмайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады. Бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі мәселелер туғызады.
Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады.
Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылымдық-институттық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өндеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын атап өту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz