Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Филология және тіл білімдері»
кафдерасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы»
Орындаған:
Жетекші:
Орал 2012
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
1. 1. Қазақ тілінің лексикасының зерттелуі . . . 8
1. 2. Этномәдени лексиканың лингвистикалық сипаты . . . 12
2 тарау. Дәстүрлі мәдениет лексикасының ғылыми негіздері
2. 1. Қазақ тілінің мәдениет лексикасы . . . 15
1. 2. Құндылықтар және рухани мәдениет лексикасының ғылыми негіздері. . 25
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әсіресе соңғы жылдары көбірек көңіл бөліне бастаған антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі ұлттық байырғы тұрмыс-тіршілігінің, қазіргі болмысы мен өткендегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөріс мәдениетінің, өзіндік ежелгі заттық және рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністері тек лексика мен фразеологияда ғана емес, ономасиологияда да, фоносемантика мен перифразалық құбылыстарда да көрінетінін дәлелдеп отыр.
«Мәдениет» бұл - аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» - бұл біздің планетаны мекендеген барлық әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әртүрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әртүрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т. б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол - «доминант мәдениеті» - деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т. б. ) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» - «субмәдениет» - деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т. б. болып бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, өзін-өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл - қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60 - 70 жылдардағы жастардың қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда - әлеуметтік құндылықты, моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп-жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың өз тілін, салт-дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видеокасетасын дәріптеуі т. б. қосар едік. «Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Салт-дәстүр» - адамзаттың рухани көне құбылыстарының бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт-дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт-дәстүр - әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет-ғұрып аса қарапайым мінез-құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір - оқиға - жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі (Ө. С. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. 2001. - Б. 63. ) .
Рухани мәдениет пен мифологияның тұтасып, бітісіп кеткен тұсын Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени лексикасын талдағанда көзіміз жетті. Екеуінің айырмашылықтары да жоқ емес. Мифология көбіне адам қиялының жемісі ретінде көрініс береді. Сыртқы тылсым дүниенің сырын ұғынуға ұмтылудан шыққан әрекетпен бейнеленеді. Тәңір мен бата аяқты, ұмай мен неке қиярды, бақсы мен септі, абыз бен жасауды тіптен салыстыра алмаймыз. Әрине, бұл арада өлік шығаруға, сәби дүниеге келгенде жасалатын ырым-жоралар мифпен де байланысы байқалады. Ал, сеп, жасау, қалың мал, сүйінші, қынаменде сияқты лексикалар таза қазақтың өз ішінен шыққан рухани этномәдениетпен тығыз байланысты. Бірақ, кей жағдайда мифпен бекитін тұсы да жоқ емес. Біз Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармасынан алынған қазақтың этномәдени тұрмысына жақын лексикаларға ғана талдау жасайтын боламыз. Олар: бата аяқ (миф араласқан), талақ (дін араласқан), кит кигізу, сеп, жасау, қалың, қалың мал, жиырма, тоғыз (миф араласқан), шілдехана (миф араласқан), қынаменде, қыз ойнақ, көрімдік, сүйінші, байғазы, сауға, сауғат, төркін т. б.
Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, идиоэтникалық семантика ұғымын тілде сақталған этнолингвистикалық деректердің, қалтарыста жатқан тілдік фактілердің «сөйлеуі» деп түсінуге болады. Себебі идиоэтника сөзі (гректің идио - «өзіндік», «ерекше» және этнос - «тайпа», «халық» сөздерінің бірігуінен жасалған) «ұлттық ерекшелік» дегенді айқындайды. Демек идиоэтникалық семантика «ұлттық-мәдени ерекшелікті, этникалық өзгешелікті, этнос болмысын танытатын семантика» дегенді білдіреді.
Осындай ұлттық немесе идиоэтникалық болмыс лексикалық бірліктер мен тілдік құбылыстардың таңбалық ерекшелігі ретінде тілдің көптеген салаларын жан-жақты қамтиды. Қазіргі лингвистикалық зерттеулердегі антропоцентристік бағыт тіл мен сөйлеудегі дәстүрлі мәдениет ерекшелікті зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Осы орайда дәстүрлі мәдениет туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің дерек көздеріне ауыз әдебиетінің ішінде ғұрыптық фольклор шығармалары жатады. Ауыз әдебиетінің өзге жанрлары тәрізді олар халықтың ерте заманғы тұрмыс-тіршілігінің куәсі, өмір айнасы болумен қатар, таза көркемдік қасиеті мен дүниетанымдық ерекшелігі тұрғысынан да ерекше бағалы. Ғұрыптық фольклор лексикасының идиоэтникалық семантикасын ашу - қазақ этнолингвистикасы мәселелерін шешудің, оның табиғатын ашудың бір маңызды жолы. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың өзектілігі даусыз. Сондықтан осы бағытты этнолингвистикалық ізденулердің кейінгі жылдары ерекше назар аударуы да зерттеу нысанымыздың зәрулігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Дәстүрлі мәдениет лексикасы идиоэтникалық семантика тұрғысынан арнайы алғаш рет қарастырылып отыр. Идиоэтникалық семантика мәселесі орыс тілінде де әлі арнайы зерттеліп, жүйелі түрде қарастырылған емес. Бұған дейін дәстүрлі лексиканың жеке мәселелері, фразеологизмдік қолданыстар этнолингвистикалық сипатта әредік айтылған. Бірақ біртұтас жеке мәселе ретінде, монографиялық зерттеу деңгейінде әзір онша сөз бола қойған жоқ. Сондықтан да ғұрыптық фольклор лексикасына жан-жақты ғылыми талдау жасай отырып, тілдің идиоэтникалық семантикасына, дүниетанымдық қызмет аясына неғұрлым тереңірек бойлау, солай етіп барып этностың өзін жете тани түсу әсіресе қазіргі егемендік жағдайда айрықша мән-мазмұн алып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ фольклоры мазмұнындағы ұлттық ғұрыптың этномәдени болмысын тіл арқылы анықтауды мақсат еткен аталмыш жұмыста идиоэтникалық семантика мәселесінің теориялық және практикалық мәнін ашуға талпыныс жасалды.
Зерттеу нысаны - Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері дәстүрлі мәдениет - лексикасының мәнін ашу, тілдің дүниетанымдық қызметін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- Дәстүрлі мәдениет лексикасының семантикасын сипаттау;
- қазақ фольклорындағы этномәдени сипаттағы тілдік бірліктерді зерттеу;
- дәстүрлі мәденииет лексикасының идиоэтникалық семантикасын әлемнің тілдік бейнесі тұрғысында алып сипаттау;
- дәстүрлі мәденииет лексикасындағы көне тіл құбылыстарын этнолингвистикалық астарлары арқылы анықтау;
- дәстүрлі мәденииет туындыларының жалпы түркілік қабатына тән көптеген идиоэтникалық бірліктерді талдау арқылы олардың басқа туыс тілді этностармен ұқсас, ортақ жерлерін, олардан бөлек кейбір өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
- этнолингвистикалық, этимологиялық зерттеулер нәтижесінде бірқатар түркі-моңғол тілдеріне ортақ тұлғалар мен араб-парсы тілдерінен енген сөздерді анықтап түсіндіру.
Зерттеудің негізгі дереккөздері - тілдік және этномәдени мазмұнды-ақпараттық құрылымдағы қазақтың бай ғұрыптық фольклоры. Қосымша деректік материалдар Б. Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» (Алматы, 1974), Оразақын Асқардың жинап, құрастырумен шыққан қазақ халқының «Қара өлеңдерінен» (Алматы, 1989), Б. Абылқасымовтың «Телқоңыр» (Алматы, 1993), «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» (Алматы, 2004) атты кітаптарынан, өзге де түрлі ауыз әдебиеті мәтіндерінен алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы және практикалық құндылығы. Еңбектің теориялық маңызы - дәстүрлі мәденииет лексикасындағы ұлттық нақышы бар тілдік бірліктер негізінде ғұрыптық мәдениеттің идиоэтникалық семантикасын «тіл мен ұлт», «тіл мен мәдениет» сабақтастығында түсіндіруде.
Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары - этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика сияқты ғылым салаларына қатысты өзекті мәселелерді айқындауға, осы бағытта зерттеулер жүргізуге септігін тигізеді
Зерттеудің әдістері - сипаттамалы, этнолингвистикалық, семасиологиялық, тарихи-салыстырмалы және этимологиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
1. 1. Қазақ тілінің лексикасының зерттелуі
Лексика - этномәдениетті танытатын сөздер мен сөз тіркестер жиынтығы. Этнографиялық тұрақты тіркестер баспа сөздерде жарияланып, танымдық мәні болды [4] . Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Ө. Айтбайұлының: «Ата-бабадан мирас боп келе жатқан ұлт мәдениетінің тегершігі тектес дәстүр-дағдысы бар, оның жайын кім ойлайды? Күлшесіз күшің кетер, ал тілсіз, мәдениетсіз ел қай мұратқа жетер?!» деген ұлағатты сөзі, зерттеуді себеппен, нєтижеге жетелейді [45, б. 12] .
Ш. Құрманбайұлының ұлттық тілдің болашағы туралы жазған: лексикалық қабат дұрыс қалыптастырылмаса халықтың әлеуметтік, рухани - мәдени қажеттігінің өтелмейтінін айтады [6, б. 134] . Сайып келгенде осы айтылған пікірлер ұлттық мүдде тұрғысынан шықты. Мәселе, қай ұлттың өкілі айтты дегендік емес, қалай айтты деген ой жотасы тұрғысынан қарауымыз керек сияқты. Зерттейтін объектінің лексикалық құрамын білмей, этномәдениет лексикасын нақты болжау мүмкін емес. Қазақ лексикасы жөнінде бірқыруар зерттеу еңбектер жарық көрді. М. М. Копыленконың «Особое место занимают исследования в области лексики и фразеологии…» - деген сөзі осы мәселеге қатысты айтылса керек [6, б. 18] .
Қазақ лексикологиясын зерттеу ауқымы осы айтылған жайттармен шектелмейтіні де белгілі. М. М. Гухманның айтқан: «Характерным для большинства лексических группировок является недостаточная регулярность и обобщенность образуемых с их участием противопоставлений» [4, б. 26] пікірі де бір сәт ойландыруға тиісті. Бұл салада қайшылыққа толы тың қағидалар да бой көрсетті. Оның кейбірі қазақ ғалымдарының да назарына ілікті: В. А. Звигенцев синхрония мен диахронияның қатарында панхрония мен ахронияны қатар қараса болмас па екен деп жалпы адамияттық проблеманы көтереді [4, б. 5] ; Л. В. Калинин орыс лексикасындағы түркі сөздеріне тоқталады [5, б. 83] ; В. А. Богородицкий түркі тілдері мен диалектісін тереңдете зерттеу ұсақ диалектілерді қалпына келтіруге себебі тиіп қана қоймай, нақты «алғашқы белгілерінің» өте жақсы көрсеткіші болады - дейді [6, б. 334] . Лексикология лингвистиканың бір саласы ол тілдік сөздердің және сөздердің қасиеттерінің басты бөлімдері болып табылады десе [6, б. 9] ; Академик В. М. Жирмунский көптеген сөздің картасын сақтаған «Немістің этнографиялық атласы» жергілікті жердің атауларының географиялық таралу мүмкіндігі заттық және рухани мәдениетімен сәйкес келетінімен өлшенетіндігін айтты [6, б. 490] . Халық өлеңдерін, дәстүрін, мақал мен мәтелдерді ауызекі сөйлеу тілінің этолоны деп қарады [6, б. 4] ; Д. Э. Розенталь номинативті және стилистикалық функцияны экзотикалық лексика толықтыратынына көңіл бөлді [7, б. 74] . Этномәдениеттің ғылыми дәйектемесі ретінде қаралатын әдебиеттердің негізгі түйіні біз зерттеп отырған жұмыстың мәні мен мазмұнын ашуға септігі тигендігін осы келтірілген сілтемелерден-ақ байқауға болады. Академик Ә. Қайдаров: Тиімді тәсілге айналған тарихи-салыстырмалы әдіс - десе [7, б. 4] . Түркі тілдері генетикалық жағынан туыс емес көптеген елдердің тілінде ұшырасып жүр, бұған сөздердің шығу тегін салыстырмалы зерттеу жүргізу нәтижесінде көзіміз анық жетті.
Абай ортасының әлеуметтік-экономикалық кескін-келбеті, ол өмір сүрген сол тұстас дәуірдің киім үлгісі, салт-сәні, даламыздың даналығы мен заң-дәстүрі, ақынның «соқтықпалы соқпақсыз» өмір жолы оның кейінгі ұрпаққа, келешекке мирас еткен енегелі өлең үлгілерінен, қарасөздерінен, әсіресе, шығармаларының лексикасынан анық, айқын көрінеді. Ақын туындыларының этнографиялық лексикасын халқымыздың 19 ғасырдың 2-жартысындағы заттай-рухани мәдениетінің, көшпелі тұрмыстың кейіп-кескінінің көркем көрінісі десе болады. Ол елінің елу жыл бойындағы тірлік-тынысын көрсету арқылы танымдық та, тағылымдық та мәні ерекше этнография-мәдени көрінісін кең келемде алғаш рет хатқа түсірді. Оны іштей саралап, ірі-ірі үш салаға бөлуге болады: заттай мәдениет атаулары, рухани мәдениет атаулары және халықтық метрологиямен сабақтас ұғым атаулары. Абай шығармаларындағы осы үш сала этнографиялық лексика тұрмыстық түрлі сөз қолданыстардың қай-қайсысы да елдің ежелгі тарихымен, әр алуан көне дәстүрлерімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда заттай мәдениет лексикасының езі іштей бірнеше тақырыпқа жүйеленіп кетеді.
Киім-кешек атаулары: шидем, кемер, оқалы тон, кәмшат бөрік, күләпара, күлдәрі, жырым балақ жарғақ шалбар, шекпен, мықшима былғары етік, киіз байпақ т. б.
Әсемдік және мата бұйымдарына қатысты атаулар: бергек, кісе, шақпақ, дәндәку, қақтаған күміс, сүрме, шолпы, жыға, қамқа, масаты, меруерт, торғын, торқа, бөз, саң;
Қару-жарақ атаулары: шоқпар, сауыт, дулыға, қанжар, тоқпақ, сойыл, иген жақ т. б. ;
Баспана және үй мүлкі атаулары: ықтырма, қос, сабау, шарайна, таспа, шуда жіп, жабағы, жарғақ жастық, бақыр, шонтай, шөншік, малма, пыстан, мыс, қазан т. б. ;
Қолөнер кәсібіне, ер-тұрман, ат әбзелдері: кісен, ноқта, қалмақы үзеңгі, биік қасты ер, жіп шідер, сабау қамшы, қанжыға;
Аңшылықпен ұсталыққа қатысты этнографиялық атаулар: көрік, дүкен, томаға, тұзақ, кесте, кестеші, ою, өрнек салу, біз, темір шетік.
Заттай мәдениетке байланысты келтірілген осы атаулардың дені ездерінің тікелей ұғымының сыртында тарихи лексологиямен байланысты аса маңызды деректік те қызмет атқарады.
Абай шығармаларының этнографиялық лексикасының ендігі бір үлкен көрінісі рухани мәдениет атауларынан тұрады. Бұларды да іштей бірнеше түрге бөлуге болады. Қазақ халқының бұрынғы экономикалық-әлеуметтік өмірімен,
Ел басқару жүйесімен байланысты қалыптасқан атауларға: ақшомшы, кірелеу қойма қою, мәліш сауда, башалшік, қазы уәзір, барымта, шар салу, атшабар, дүре, ылау, елубасы, жүгіну, жатақ, ояз, сұлтан, старшын, күң, құл, малай т. б. жатқызуға болады;
Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа қатысты лексикалық топтар: қалың беру, үкі тағу, тумар тағу, шілдехана, жыртыс салу, қыз таныстыру, көрімдік, жар-жар, беташар, қынаменде, алты жақсы, сыбаға, наурыздама қылу;
Түрлі ырым-жырымға, діни сенім-нанымға, аңыз-ертегілерге қатысты этнографиялық сез қолданыстар: айдаһар, дию, жалмауыз, самұрық, пір, періште, шаман, диуана, зекет, шыраққа табыну, отқа табыну, шырақ жағу, ораза түту, тасбиқ, тұмар, дұға, қыдыр т. б. ;
Халықтық метрологиямен байланысты межемелшер атаулары: түстік, күндік, кештік, жаңа мүшел, ар шөпке, ділдә, уыс. б. Абай тілінің этнографиялық лексикасынан мұндай тарихтық, танымдық мәні мол атаулар кептеп кездеседі
1. 2. Этномәдени лексиканың лингвистикалық сипаты
«Этномәдениет» сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз. «Этнос» - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез-құлық айқындалады. Этномәдениет - этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Академик Ә. Қайдаровтың: «Зерттеу мақсатына байланысты қазақты «этнос» деп қараудағы мақсат - оны төмендету емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта) саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден-бір дұрыс жолы, кепілдігі» - деген сөзі зерттеудің бағыты дұрыс екендігін көрсетсе керек [7, б. 11] .
Екінші компоненті «мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз пайда болған. Сөздіктерде бұл сөзге дұрыс анықтама бермеген. Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. М-Ж. Көпеев «мәдениет» терминін ХIX-XX ғ. ең алғашқы қолданған адам. Кейбіреулер шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. Бұларды: «Мәдени халық - дейді, яғни Ғылымды жұрт» - дейді (М-Ж. 9 т. - Б. 223) . «Мәдениет» терминінің орнына әдет-ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер де қолданылды. Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп бағайын (Қамбар батыр, 339) . Тәрбие, әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр (Ы. Алтынсарин), хикмет, ғибадат, иман, ғылым сөздерін (А. Құнанбаев) пайдаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz