Бастауыш мектептің оқыту процесінде ойын сабақтарын қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Бастауыш мектептің оқыту процесінде ойын сабақтарын қолдану
(музыка пәні бойынша)

Орындаған:Ерекешова З.А.
Тексерген: Мусагалиева Г.Б.

Орал қаласы, 2011
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын
технологияларының ерекшелеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Сабақ барысында ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жалпы ойын ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2. Музыка сабағын ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізу ... ... ..10
2.1. Оқушыларға музыкалық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін
қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Музыка сауатына жаттығулардың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойынұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз
бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-
қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы
бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек
мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі
керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана
жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар
саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі
оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы
оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні
мұғалімдерінде ғана кездеседі.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы
дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз
байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл
ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап
қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің
өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында
әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ
маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім
мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына
педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.Мектепке музыка пән
мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка
өнеріне баулу.
1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологияларының
ерекшелеліктері
1.1. Сабақ барысында ойын элементтерін қолдану

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі
ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің
бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың
әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным
процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең
бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға
үйретеді - дейді. [2.36]
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді
айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы
оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте
ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің
жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни
соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды
көздейді.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор
екенін көрсеткен. [2.45]
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа,
еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана
көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне
қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты
көрінеді - дейді. [4.126]
Я.А.Каменский ойынды рухани және дененің даму қозғалысы - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
[5.36]
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану
оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді. [8.69]
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог
Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған.
Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай
белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко,
Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын
дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне,
ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін
қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

1.2. Жалпы ойын ұғымы
Ойын ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,
ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы
барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-
сызба түрінде көрсетуге болады.
Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық
ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-
ізденгіштік, ізденгіштік ролдік элементтері бар шығармашылық және ролдік
элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз.
Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру
мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар
қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім
арқылы бағытталады және бақыланады.
Шығармашылықтың төмендегідей негізгі деңгейлерін анықтауға болады:
- ойынды таңдау шығармашылығы (тұлғааралық өзара
әрекеттестіктермен байланысты міндеттерге жауап беретін және
жеткіншектердің маңызды мұқтаждықтарын қанағаттандыратын, оның үстіне
заттық-ойындық ортаның нақты жағдайларында мүмкін ойындар мен ойындық
формаларды іздеудегі оның мәні);
- ойынды жоспарлау және ұйымдастыру шығармашылығы;
- ойынның түрін өзгерту шығармашылығы;
- ойынды құру шығармашылығы. Бұл жағдайда да негізінен екі негізгі
форма қарастырылады: аналогия немесе үлгі бойынша ойынды құру;
элементтерден ойынның барлық объектілі және кеңістіктік–мезгілдік құрылымын
жасау. Соңғы деңгей жеткіншектердің дербес ойындық іс-әрекетінде сирек
көрініс береді (педагогикалық тәжірибеде де), қарапайым формада жүзеге
асырылады.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын
белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын
бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін
бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге
жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез
табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып
отырылса пайдалы болады.
2. Музыка сабағын ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізу.
2.1. Оқушыларға музыкалық тәрбие беру
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары
білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка
пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды
халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-
дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз
отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал)
музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы
түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-
күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін
өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие
жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі
қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты -
оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме
мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен
мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін
таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай
жүргізіледі. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка
таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш
нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына
сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең
үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық
білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін
тағы да атап өтпекпіз.
Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген
практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани
негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами
тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы
тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл
байланыстылық оку бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына,
музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік
амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ
барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада
жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы
керек.
Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы
бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің
көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.
Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы,
жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту
сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-
ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар
жоспарлануы өте кажет.
Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету,
тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-
екі рет өткізілгені дұрыс.
Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тындаушы тақырыптары барынша
мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей
мағынада кұрылады:
1) Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін
толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық
дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
2) Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді,
нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың
қызу араласуы негізінде жүргізу.
3) Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү
сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен
дамытып
отыру.
Тақырыпты жан-жақты, бекіте окыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық
тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты мысалдармен көрсетіле оқытылады.
Оқушылардың практикалық, теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы
сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани
бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны
сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін,
классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке
тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара
байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен
ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру,
белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен
таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға
тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара
тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін
дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына
шоғырланады Ән-күй – халық қазнасы. Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің
музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы
сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:
- Сырлы да сазды әуен
- Күмбірлеген күміс күй
- Ән мен күй халық үні
- Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
- Эпос сарыны
- Ақылың болса, жыр тыңда
- Айтыс өнері
- Күй тартыс
- Қос арна
- Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте
құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-
әрекеттер,шығармашылық тапсырмалар
Музыка сабағының негізгі бөлімі хор мен ән айту. Бұл көпшілікке
қолайлы іс - әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау
барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Әр сыныптан
келесі сыныпқа көшуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы
тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән
айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас жинақталған
процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв
жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары
қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін
тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық
сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және
сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты,
кантиленді әуендетілген т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір
бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық
білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйіспеншілігі мен көркемдік
талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының
қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның
жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен
мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы
кім болады? атты балалар операсы мен аңыз – күй Жетім бала эпикалық
бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық
шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атақты жыршы –
термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі
бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада
жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің
арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін
байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі
жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
2.2.Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін
қалыптастыру жолдары

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін
нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі
болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы
көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін
ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы
жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны
сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғақтық, тембрлік
ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын,
дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып,
оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму
дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық
ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді
көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің
эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн.
Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық
әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы
авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың
қарапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б.
қолдануға болады.
Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі
жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте
өлшеусіз екені анық.

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде
қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға,
есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық
шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды
орын алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру -
ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала
жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық
талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін
дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының
тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі
ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны
сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ
жоспарынан тыс қалмауға тиіс.
Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.
Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.
II ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Төменгі сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Пәндер