Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Бюджет және бюджет жүйесі
Тақырыбы:
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына, мәдениет, спорт, туризм және
ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру

Орындаған: 531А топ студенті:

Нұртаева А.Р.

Тексерген: ғылыми жетекші

Абдрахманова Э.К.

Орал, 2011ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет
шығысын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...8
2. Мәдениет және ақпараттық кеңістігіне арналған бюджет
шығысын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
3. Спорт саласына арналған бюджет шығысын
қалыптастыру ... ... ... ... ...14
4. Туризм саласына арналған бюджет шығысын
қалыптастыру ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөліп және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай
қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шығындарды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің
барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның
буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет
құқықтарының жиынтығы бюджет құрылысын құрайды.Бюджет құрылысында басты
орынды бюджет жүйесі алады. Ол экономикалық қатынастарға және құқықтық
нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге
бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Бюджет түсімдерінің барлық деңгейлер бюджеттері түсімдерінің белгілі
бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып
табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасының топтамасы
санаттан,сыныптан,ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады.Бюджет
шығыстарының функциялық сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын,
республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарын
іске асыруды бейнелейтін функциялық және ведомостволық белгілер бойынша
бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлер
бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау
және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында
пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Мемлекеттік бюджеттің түсімдері кірістерден,
алынған ресми трансферттерден, бюджеттен берілген кредит бойынша борыштарды
өтеуден тұрады. Оның ішінде кірістерге салықтық түсімдер, салықтық емес
түсімдер, капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер, ресми
трансферттер түсімдері жатады.
Салықтың көмегі арқылы қолдаушылық экономикалық саясат жүргізуге
болады және тауарлар нарығының еркіндігін қамтамасыздандыруға болады.
Салықтар шығыстық бөлім арқылы экономикаға қаржылық әсер ету мүмкіндігін
қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджеттердің
кіріс бөлігін қалыптастырады. Ұлғайтылған қайта өндіріс үрдісіне
мемлекеттік қаржы – бюджеттік тетігінің ықпал ету бағыты төмендегідей:
Бюджеттік субсидия, мысалы, бөлшек сауда бағасын сүйемелдеу үшін
жылдық ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, экономикаға мемлекеттік
инвестиция жасау, дотация түрінде кәсіпорындарға субсидия беру, несиелік
саясат. Мемлекеттен несие алу компанияның меншікті қаржыларын босауына және
қауіптен құтылуына, қажеттілігіне қарай ақша – несиелік шектеулікті
енгізуіне ықпал жасайды. Бұған бағаны, несиені шектеуді , лицензиялауды,
тұтынушы несиесінің шарттарын реттеу жатады.
Бюджеттің шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін
сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.Шығыстардың
құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда
жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің
бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда
шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.Мемлекет
шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және
өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Шығыстардың кірістерден асып түсуі тапшылықты тудырады. Тапшылықтың
едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды, ал оның
болуы мына себептерге байланысты болады:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы:
- қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі:
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару:
- бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы:
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы:
- көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы:
- ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестер - ағымдағы
қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір
пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Бюджеттің
едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен қамтамасыз
етіледі. Бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның
құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халық тұрмыс деңгейінің төмендеуіне
апарып соғады. Бюджет тапшылығын төмендетудің әдістері:
- шығыстар тұрақты, кірістер өседі:
- кірістер тұрақты, шығыстар азаяды:
- кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ
төмендейді).
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығы. Сонымен қатар қаржының бастапқы категориясы
болып табылады,олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір
сүріп,дамуының негізі болып саналады.
Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық
бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті
атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша рәсімдерді жүзеге
асырады.бюджеттік түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның ҚР заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе
жергілікті бюджет туралы маслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен
болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету
жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.Бюджеттік түсімдер
бойынша атқарылуы түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке
алуды: бюджет кодексіне сәйкес түсімдерді республикалық, жергілікті
бюджеттер және Ұлттық қор арасында бөлуді: ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес
бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне
есепке алуды кіріктіреді.
Бюджетке түсетін түсімдер ақша нысанында жүзеге асырылады және
бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық
шотқа есепке алынады. Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Ұлттық
банкпен келісе отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
айқындайтын тәртіппен есепке алады.
Бюджеттің шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін
сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи
жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын
жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір
жағдайларда шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін
пайдаланады. Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің,
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің
шығыстары кіреді.
Бюджеттік үдеріс - бюджетті жоспарлау,әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен
есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
пайдаланылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен реттелген қызмет. Бюджеттік үдерістің барлық стадиялары өзара
байланысты және қоғамның экономикалық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге
саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. ҚР бюджеттік үдеріс
Бюджет кодексіне, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы, жыл сайынғы
Республикалық бюджет туралы заңға және ҚР басқа да заңдарына сәйкес
жүргізіледі. Бұл заңдар әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің қалыптастырылу
үдерісінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және
жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін
белгілейді.
Негізгі бөлім
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет шығысын
қалыптастыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қазіргі күні 4129 көп пәтерлі
тұрғын үй (6582 мың ш.м.) күрделі жөндеуді қажет етеді, оған 14,8 млрд.
теңге қажет.
Көп қабатты тұрғын үйлердегі лифт шаруашылығы да қанағаттанарлықсыз
жағдайда. Облыста 1098 лифт бар, оның ішінде қазіргі уақытта 330 лифттің
нормативтік пайдалану мерзімі өтіп (25 жылдан астам), күрделі жөндеуді
қажет етуде. Лифттерді жөндеуге болжанған шығыстар 738,6 млн. теңгені
құрайды.
2007-2008 жылдары 54 лифт бюджет және демеуші қаржысының есебінен
жөнделді.
Лифттер коммуналдық меншікке берілген жағдайда ғана бюджеттік
қаражаттың бөлінуі мүмкін болады. Алайда, көптеген үйлерде лифт шаруашылығы
тұрғын үй иелерінің үлес меншігінде тұру себебінен қиыншылық тудыруда және
осыған сәйкес лифттерді жөндеу және пайдалану тұрғындардың өздерінің
жарналарының есебінен жүргізілуі тиіс.
2008 жылы Басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп
жылу көздері мен инженерлік инфроқұрылым объектілеріне түгендеу жүргізді.
Жүргізілген талдау қазан жабдықтарының орташа тозу пайызы – 70 %, жылу
желілері – 65 %, су құбыры және канализация желілері – 85 % және тазарту
имараттары мен канализация-сорғылық станциясы – 75 % және 70 %-ды
құрайтындығын көрсетті.
Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу бөлігінде материалдық-техникалық
базаны нығайту коммуналдық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінің маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің
арнайы техникаға өтінімдерін талдай келе, аса қажеттілік ассенизаторлық
машиналарға, экскаваторларға, мамандандырылған апаттық машиналарға бар
екендігі анықталды.
Аталған техниканы сатып алу үшін болжанған сома 950 млн. теңгені
құрайды.
Облыста соңғы үш жылда газ шаруашылығында аса ауыр жағдай қалыптасты.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 635 газ таратушы қондырғы бар, оның 328
жұмыс істемейді. Қалаларда ұзақ уақыт бойы орталықтандырылған газбен қамту
болмағандықтан тұрғындардың негізгі бөлігі электр пешін пайдалануға ауысты.
Газ таратушы қондырғылардың басым бөлігінің техникалық құжаттамаларын қайта
куәландыруға және қалпына келтіру қажет болғандықтан жағдай шиеленісіп тұр,
кері жағдайда оларды пайдалану тоқтатылатын болады. Барлық газ таратушы
қондырғылары жеке меншіктің қолында және жөндеу жұмыстары мен қайта
куәландыруға бюджет қаражатын бөлу мүмкін емес. Осы жағдайдан шығудың бір
түрі – ол қалаларда газ шаруашылығына қызмет көрсететін мамандандырылған
коммуналдық кәсіпорын ашу болып табылады.
Облыстың ауылдық елді мекендерінде халық баллон газын пайдаланады.
Қазіргі уақытта бір баллонның құны 27 литр – 1400 теңгені, 50 литр – 2800
теңгені құрайды.
Аумақты көріктендіру және көгалдандыру бойынша нақты жұмыстар
жүргізілді.
2008 жылы 182344 ағаш көшеті және 53,3 мың погон метр бұта
отырғызылды, 118 мың шаршы метр гүлзар жасалды.
Соңғы екі жылда көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын
көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.
Мәселен, 2008 жылы аула аумақтарын көріктендіруге қалалық бюджеттен:
Өскемен қаласы бойынша – 63,9 млн. теңге, Семей қаласы бойынша – 53 млн.
теңге бөлінді. 2007 жылы облыстық және жергілікті бюджеттерден: Өскемен
қаласы бойынша – 127,6 млн. теңге, Семей қаласы бойынша – 45 млн. теңге
бөлінді.
Бөлінген қаражатқа Өскемен және Семей қалаларында 222 аула аумағы
көріктендірілді (асфальтобетон жабындарын жөндеу, шағын сәулет нысандарын
орнату).
Соңғы 5 жылда бірінші рет Нұр Отан ХДП облыстық филиалымен
бірлесіп қалалар мен аудандар аумақтарын көріктендіруде Үздік қала,
Үздік ауылдық елді мекен екі номинациясы бойынша облыстық байқау-конкурс
өткізілді. Жеңімпаздарды марапаттауға облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге
бөлінді.
Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі – қатты
тұрмыс қалдықтарына арналған орындарды ұстау. Қатты тұрмыс қалдықтарын
жинайтын және шығаратын арнайы кәсіпорын жоқ. Арнайы арналған орындар
негізінде аудан орталықтарында ғана бар. Қалған елді мекендерде қатты
тұрмыс қалдықтарын үйетін ұйымдастырылған қоқыс жинайтын орын бар, онда
шаруа қожалықтары қоқысты үю мен қалпына келтіруді жүргізіп тұрады.
Осы мәселені шешу үшін үйінділерді заңдастыру қажет және қатты тұрмыс
қалдықтарын жинайтын және қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорын құру
керек. Осы мәселенің шешімі жалпы өңірде санитарлық жағдай мен экологиялық
жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Облыста кондоминиумның 5000 объектісі бар, 386 меншік пәтер иелерінің
кооперативі жұмыс істейді.
Жүргізілген жұмыстардың талдауы қазіргі күні тұрғын үйлерді ұстау
сапасы көптеген меншік пәтер иелерінің кооперативтерінде қажетті деңгейде
емес екендігін көрсетті, ол жөнінде тұрғындар тарапынан білдірілген
көптеген шағымдар айғақ бола алады.
Олардың басшыларына мемлекеттік органдар тарапында заңға сәйкес
қандайда бір жауапкершілікке тартуға заңмен рұқсат етілмейді, жүргізілген
түсіндіру жұмыстары түбегейлі өзгерістер әкелмейді.
Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдеріне орындарда көп
пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар ашу жөніндегі мәселені қарауы қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуде
мемлекет тарапынан бірінші оң адымдар жасалуда.
2008 жылы тұрғын үй жәрдемақысы есебінен кондоминиум объектілерінің
32 үйінің жалпы мүлкіне 34,0 млн. теңге сомаға жөндеу жүргізілді.
Облыс халқын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтылуын жақсарту және
коммуналдық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі үшін мыналар қажет:
1) елді мекендердің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында көріктендіру
мен көгалдандыруға бағытталған іс шаралардың өсу динамикасын қамтамасыз
ету;
2) Шығыс Қазақстан облысының 2009-2013 жылдарға арналған инженерлік
инфрақұрылым объектілерін жаңғырту бағдарламасының жобасын бекітіп, оны
іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселені
қарастыру;
4) коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын жақсарту мақсатында
бөлшектенген эксплуатациялаушы ұйымдарды ірілендіру жөніндегі мәселені
қарау және арнайы техника сатып алу бөлігінде материалдық-техникалық базаны
нығайту мәселесін пысықтау, сондай ақ өндірісте ресурс үнемдеуші жаңа
технологияларды қолдану бойынша мәселені қарау;
5) газ шаруашылығына қызмет көрсететін мамандандырылған коммуналдық
кәсіпорындар және көп пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша көп
салалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар ашу мәселесін қарау.

2. Мәдениет және ақпараттық кеңістігіне арналған бюджет шығысын
қалыптастыру

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап
мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени
мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық
қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани
байлығы ретінде дамыту және жандандыру.
Мәдениет және ақпараттық кеңістік саласында мынадай іс-шаралар
көзделген:
- әзірленіп жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 18,1 млрд. теңгеге (2011 жылы – 5,5
млрд. теңге, 2012 жылы – 6,2 млрд. теңге, 2013 жылы – 6,5 млрд. теңге);
- Мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасы тұжырымдамасының шеңберінде
қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қайта жаңғырту бойынша
2011 – 2013 жылдарға 4,4 млрд. теңге (2011 жылы – 1,7 млрд. теңге, 2012
жылы – 1,3 млрд. теңге, 2013 жылы – 1,4 млрд. теңге).
Үшжылдық бюджеттің жобасында Қазақстан Республикасын үдемелі
индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға жалпы сомасы
2 339,9 млрд. теңге (2011 жылы – 814 млрд. теңге, 2012 жылы – 805,4 млрд.
теңге, 2013 жылы – 723 млрд. теңге) көзделген, олардың ішінде:
- Бизнестің жол картасы – 2020 іске асыруға – 203,7 млрд. теңге
(2011 жылы – 63,1 млрд. теңге, 2012 –2013 жылдары – 70,3 млрд.
теңгеден);
- ғарыштық жүйелерді құру үшін ғарыш қызметін, жер үсті инфрақұрылымын
дамытуға, жер серіктері мен ғарыш кешенін құруға – 82,2 млрд. теңге (2011
жылы – 32,9 млрд. теңге, 2012 жылы – 32,0 млрд. теңге, 2013 жылы – 17,3
млрд. теңге);
- Көлік стратегиясы шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыруға – 1 013,5
млрд. теңге (2011 жылы – 350 млрд. теңге, 2012 жылы – 356,2 млрд. теңге,
2013 жылы – 307,3 млрд. теңге), олардың ішінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай
автожолы транзиттік дәлізін реконструкциялауға 2011 жылы – 181,2 млрд.
теңге, 2012 жылы – 213,6 млрд. теңге;
- құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын дамыту бағдарламасын
іске асыруға – 172,5 млрд. теңге (2011 жылы – 64,1 млрд. теңге, 2012 жылы –
54,6 млрд. теңге, 2013 жылы – 53,8 млрд. теңге);
- іздеу-барлау жұмыстарын, су шаруашылығы объектілерін тергеуді
зерттеуді, сумен жабдықтау жүйелерін салуға және реконструкциялауды қоса
алғанда, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған шығыстар 199,8
млрд. теңге (2011 жылы – 73,1 млрд. теңге, 2012 жылы – 65,9 млрд. теңге,
2013 жылы – 60,8 млрд. теңге) сомасында көзделген;
- үш жылда электр және энергетика саласын дамыту жөніндегі іс-
шараларға 246,6 млрд. теңге (2011 жылы – 86,6 млрд. теңге, 2012 жылы – 86,6
млрд. теңге, 2013 жылы – 74,4 млрд. теңге);
- Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту және оған кредит
беру жолымен серпінді инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 207,6 млрд.
теңге (2011 жылы – 64,2 млрд. теңге, 2012 жылы – 73 млрд. теңге, 2013 жылы
– 70,4 млрд. теңге);
- ЕЭА-ны дамытуға – 63,5 млрд. теңге (2011 жылы – 21,5 млрд. теңге,
2012 – 21,7 млрд. теңге, 2013 – 20,3 млрд. теңге);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту
бағдарламасын іске асыруға – 53,6 млрд. теңге, (2011 жылы – 27,3 млрд.
теңге, 2012 жылы – 15,9 млрд. теңге, 2013 жылы – 10,4 млрд. теңге).
3. Спорт саласына арналған бюджет шығысын қалыптастыру

Салауатты өмір салты үшін және дене тәрбиесі мен спортты тәрбие
жұмысында күшейту жоспарын жүзеге асыру бағдарламасы сұрақтары әкім
аппараты, әкімдік жанындағы спорт кеңесі, білім, дене шынықтыру және спорт
бөлімі, қаладағы дене тәрбиесі ұжымдары, оқу орындары, кәсіпорын, ұйым,
мекемелердің мәжіліс отырыстарында үзбей тыңдалады. Мысалы: әкімдік
отырысында „ Қаладағы білім беру мекемелеріндегі денешынықтыру-сауықтыру,
спорттық жұмыстардың ахуалы туралы„ сұрақ қаралды ( 2008 ж.); қала әкімінің
жедел жиынында қаралған сұрақтар: „Жастарды қыстық спорт түрлерімен
бұқаралық қамту бойынша спорт бөлімінің жұмысы туралы“ (2009 ж.), „Жастарды
жаздық спорт түрлерімен бұқаралық қамту бойынша спорт бөлімінің жұмысы
туралы“ (2009 ж.), „Қаладағы орта және жоғары оқу орындарының дене
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жағдайы туралы“ (2009 ж.). Спорт күніне
орай әкімнің спортшылармен, спорт ардагерлерімен және қаладағы спорт
көпшілігімен дәстүрлі кездесуі өтеді. 2010 жылы келесі сұрақтарды қарастыру
жоспарланып отыр: жедел жиында„ 2010 жылдың 1-ші жарты жылында өткізілген
спорттық-сауықтыру шаралары және спортшылардың облыстық, республикалық
жарыстарға қатысқандары туралы“; әкімдік отырыстарында „Балқаш қаласында су
спорт түрлерін дамытуға байланысты шаралар туралы“, „Дене шынықтыру және
спортты дамытудағы мемлекеттік бағдарламасын“ жүзеге асыру бойынша Балқаш
қаласында дене шынықтыру және спортты дамытуға байланысты 2007-2010 жылғы
шаралар жоспарын орындау туралы“.
Спорт кеңесі отырысында „Институт, колледж, кәсіптік –техникалық лицей
оқушылары арасындағы қалалық спартакиаданы өткізу туралы“, „Наурыз
мерекесіне дайындық туралы“, „Жергілікті жердегі спорттық алаңдардың ахуалы
туралы“, „Қаладағы спорттық - бұқаралық, сауықтыру жұмыстарының
қорытындысын шығару“, „Қала мүгедектері арасында спорттық-бұқаралық
жұмыстар ұйымдастыру бойынша“ (2008 ж.), „Балқаштүстімет“ ӨБ-нің алғашқы
мыс балқытуына 70 жыл толуына арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды
дайындау және өткізу туралы“ және басқалар.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы қаладағы дене тәрбиесі ұжымдарында, спорттық көпшілік
арасында талқыланды.
3.Спортты дамытуда маңызды көңіл аударарлық мәселе қаржыландыру болып
табылады. Қалалық бюджеттен бөлінген қаржының төмендегені байқалады.
Қалалық бюджеттен спортты дамыту үшін 2008 жылы спорт бөлімін қаржыландыру
14 млн. 255 мың теңге болса, 2009 жылға бөлінген қаржы 8 млн. 760 мың.
теңгені құрады. Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға
бөлінген бюджеттік қаржының азаю себебінен, былтырғы жылмен салыстырғанда
бөлінген қаржы 38.5 % кеміп отыр. Мысалы, 2009 жылы спортшыларды облыстық
және жартылай республикалық жарыстарға спорт бөлімімен барлығы 7 млн.
теңге көлемінде қаржы бөлініп, 50 спорттық сапарға шығару ұйымдастырылды,
ал 2008 ж.- 11206830 теңге, – 106 сапар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда
56 сапарға кеміп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар
Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
Республикалық бюджет кірістері мен шығындарының атқарылуын талдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Экономиканы қаржыландыру
Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Пәндер