Жалпы технологиялық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Көркем-қолданбалы өнер және
кәсіби білім кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Жалпы технологиялық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ
өткізудің тиімді әдістері мен формалары
Орындаған: 10309 тобының студенті
Табиғатқызы А.
Тексерген: оқытушы Искалиева Ш.С.
Орал – 2010
Жоспар
І Кіріспе
1.1 Жалпы оқытудың әдістер мен формалары
1.2 Оқыту әдістерінің көптүрлігі, оларды топтастыру
1.3 Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
1.4 Оқыту әдістерінің жетілдіру және мұғалімінің сабақтар жүйесінде оларды
таңдау білуі
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
2.2 Тақырыпқа сипаттама
2.3 Кәсіптік мектеп үрдісіндегі оқыту құралдары
2.4 Ашық сабақ жоспары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
1. Жалпы оқытудың әдістер мен формалары
Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым
белгілі ақиқат, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны
білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік әдіс - мақсатқа жетудің
жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет – деген анықтама
береді.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында
мұғалім мен оқушылардың бірігіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының
тәсіл - амалдары - дегенде пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір
мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы және
іс-әрекет".
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның
мазмұны оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
1. Оқу тәртібі - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар,
анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2. Көрнекті құралдар — кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер,
фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық катар лар т.б.
З.Техникалық құралдар — үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютерлер
т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана
білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында
Л.Т. Толстой былай дейді:"Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп
білуге тырысуға, олады көмекші шара ретінде қабыл алу тиісті. Оқушының
сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі
емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа
тәсілдерді ойлап табу жөніндегі өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуы
тиісті".
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын
оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шаруашылықпен жұмыс
істеуі тиіс.Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай тереңде де
тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту
міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен
құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
1.2. Оқыту әдістерінің көптүрлігі, оларды топтастыру.
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінге таңда оқыту
әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір
қалыптаспаған .
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев,
Н.В. Кузмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше
анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттер топтастырудың жиырмадан астам түрі бар
екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я.
Лернер):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктивтік әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс;
2. Оқытудың мақсаттары мен құжаттарына қарай (м.А. Данилов,
Б.П. Есипов, Т.А. Ильина):
- жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
- Техникалық құралдарымен жұмыс істеу әдісі;
- Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру;
- проблемалық, программаланған оқыту әдісі;
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К. Бабанский):
- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру;
- оқудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г. Лемберг):
- ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне
қарай (В.Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
- көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны — білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.
Огородников, С.И. Перовский, Е.Я. Голант):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса,
онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім
оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі
көркіліктер болып есептелінеді т.с.с.
1.3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көпшілігіне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстарция.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі
жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе
мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге
қарағанда жетекші рөл атқарады. В.А.Сухомлинский: "сөз - ең маңызды
педагогикалық құрал, оның еш нәрсемен ауыстыра алмайсын..." - деп оны
мазмұнына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағымен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін
Ы.Алтынсариннің пікірін келтірейік: "Мұғалім балаларымен істес болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай,оларға дұрыс
түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балаларымен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан әр бір затты ықласпен,
қарапайым тілмен түсіндіру керек".
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың
таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін)
байланысты әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі
және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бңр, ерекшелігі оқытушының түсіндірумен
оқушылардың ұғымы процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында
әңгімелесу, ауызша - жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай
қатар қолдану керек.
Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де
сандары баяндауы. Оның салдар себебі, түрлі заңдылықтармен ережелерді
түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету,
фактілермен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа
мәселені айқын, ашық етіп қойып,оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу.
Түсіндіру әдісін танысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті
қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттармен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу,
қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді
баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сынып және пән ерекшеліктеріне қарай
өзгеріп отырады.
Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылардың араласуының неғұрлым
қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің
неғұрлым қарапайым және түсінік түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей
отырып, өз сөзін әр түлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі
құралдарды қолдану арқылы жалғастырылып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру
оқушылардың фактілермен құбылыстарды жақсы түсіндіріп ұғынуға көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда
болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа
білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен
материалдарды жаңамен байданыстыру, өткенді қайталау,оны тексеру және
бағалау үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылады.
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу
материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау,
пысықтау, қорытындылау дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілін
қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып
есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият
дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін,
зейінін (т.б. психикалық процесиерін), таным ерекшеліктерін танып біледі,
баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың ұғынғанын
анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.
Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін
мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға
бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы,
баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өң бойында
тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге
қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғарғы сынып оқушылары арасында көптеп қолданылатын
әдістің бірі. Дәріс баян барысында оқушылар жаңа оқу материалын кітаппен
жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып табылады. Қазір мектеп
тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бірушілер арасында кітапты
оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың
негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қалыптастыру, жетекші
идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баядай алмау мәселелерін
ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны
көз жүгірте қарап шығу, содан кейін кейбір маңызды бөліктеріне жете мән
беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқиғаның есінде
сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларға дауыстап оқуға, одан
кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру
қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға,
бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету
керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек
жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар.
Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен
ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын іс әрекетін
жандандырып оның білім деңгейін дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге
,адамдар арасындағы қарым — қатынаста басқаша көзқараспен қарауға
тәрбиелейді. Яғни , ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие
құралы. Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен
орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау
немесе беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар
бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән
бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім
мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның
саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру
мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы
түсінулеріне мүмдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демнострация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың
нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл
түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы
және сыртқы көрінісімен немесе біріңғай заттардың орналасу жағдайымен
таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі,
түсі, формасы, өзара байланысы т.б.). Келесі кезекте оны ішкі құрылысы және
жекеленген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар
оқушылар тарапынан бір тұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысандарда демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрнуі тиіс;
- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп,
соңынан нысана тасталуы керек.
Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;
- көрнекті құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы
бойынша жұмыс істеуі тиіс;
- көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын
дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге
дағдыландыру т.б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең
ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша
ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері
белсенділік танып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.
Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік
жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу
киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп,
эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдарды көптеп
пайданылады .
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи
ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті
иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер,
портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде
оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек
бере отыра, ғылыми ұжымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын
көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп
соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын
және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу
қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекті құралдардың тиімді көлемінде
анықтауы қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол
барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын
көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек
операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің
басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің
тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен
іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштың ,
логикалық ойлау қабілеттілігін дамытады.
Бақылау әдісінің қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдері қолдана
білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың
көптеген белгілірінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
- оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау; Байқайтын
нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау
әдісінің негізгі түрлері:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау.
К.Д.Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізгі", - деп жай айтпаған. Ұлы
педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты
бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның
неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін,ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру,
есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт
беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана
емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыларға анализ бен синтез арқылы
заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты
ойлау процесінде қолдануға басшылық ету қажет.
3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен,
бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,
жоспарын жасап беруі керек.
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін,
біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың
практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп
сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары
көмегімен сүйініп оқу тәжірибелерін жүргізіледі.
Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика
пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндер мазмұны зертханалық жұмыстарды
қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындалуы
арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай
тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылардың орындағанда әрқайсысының жасайтын
тәжірибесі әртүрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе
учаскесінде жүргізілген тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау,
өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және
оқушылардың қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен,
жұмыс істеу принціптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият
бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.
Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден,
ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,
үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады.
Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар
әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет
сабақтарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл
әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында
теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу
арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен
қолданылады.
Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет
тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі.Оқушылар осы пәндердің
мазмұнына қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық
жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл
сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т.б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін
шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстарыда жатады. Оқушылардың
осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану
мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі —
ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі - оқу
материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі - көркем әдебиеттерден
жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын
ауызша айтып беру.
Оқыту әдістері - оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі
мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға
бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің
белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару
қажет.
1.4.Оқыту әдістерінің жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде
оларды таңдай білуі.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айырықша маңыз
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір
әдттерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек.Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне,
оқушылардың дайындық дәрежесі сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін
ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға
байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас
және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет
жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды
қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарында экскурсия жасау
мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге,
табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның
шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
2.1 Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. Кәсіби оқыту әдістері.
Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысын белгіленген мақсатқа
жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеу жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл,
алға қойған міндеттерді шешу үшін үйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-
әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім
мен оқушылардың өзара байланысты әрекеттерінің тәсілдері.
Оқыту әдістері - бұл арнайы жүйе және ол логикалы іс-әрекет жасайтын
инженерлік - педагог пен кәсіптік бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар
негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық әдістерін дамытып,
кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, қалыптастырады.
Техникалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі қимылдарды
біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Әрекет - бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге салатын қимыл
элементі.
Іскерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар:
- Іскер практикалық;
- Іскер ойлау;
- Практикалық белгілеу;
Іскерлік практикалық іс-әрекет пәннің түрі мен көлеміне, орналасуына,
өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне барлық кәсіпте бұл сипат басты мәнге
ие. Іскер ойлау іс-әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы, оны әркез есте
ұстайды. Ойлау қызметіне ерекше қарастырылады.
Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен таңдалық белгілер
әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, жазба бойынша мәліметтер
іздестіру, жинақтау т.б.).
Анықтау үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері жүзеге
асырылады.Тәсілдер жүйесін пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың
жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама жүргіземіз. Оқытудың мақсаты мен
мазмұнына байланысты әр белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл-
әрекет қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту әрбір іс-әрекетін
қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің жүйесі пайда болуы. Оны мына кестеден
көреміз:
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір
дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі
бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір
мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға,
топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі.(Мысалы:
автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен
бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.). Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің
деңгейіне байланысты әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Еске түсіру (репродуктивті) арқылы.
2. Іздену (шығармашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе
практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, жұмысшының не өндірістік оқыту
шеберінің басшылығымен өтеді.
Іздену әдістері оқушылардың бірізділікпен, мақсатқа бағыттай іздеп, оқу
үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шешу арқылы жаңа білім
мен дағды негіздерін белсенділікпен іздену болып табылады.
Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі беру
үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
1. Сөйлесу әрекеті арқылы:
- Әңгімелеу.
- Түсіндіру.
- Лекция.
- Сұхбаттасу.
- Оқулықтың мәтінімен жұмыс.
- Дауыс жазу тапсырмаларын пайдалану.
- Нұсқау беру.
2. Көрнекілік.
- Демонстрациялау,
- Оқушының өзіндік бақылауы.
3. Практикалық:
- Жаттығу.
- Өндірістік-техникалық есептерді шешу.
- Зертханалық - сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқыту сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның білімінде де
көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің осы жоғарыда айтылған
әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.
Оқыған мысал ретінде Ресей ғалымдары И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиндердің
ұсынысы бойынша кәсіптік оқытудың меңгеру әдістері, төменгі кестеде
көрсетілген. Оның негізінде оқушылардың іс-әрекетінің тиімділігі алынып
отыр.
1. кесте.
Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі.
№ Әдістің атауы Оның түрлері
1 Көрнекілікті пайдалану арқылы Әңгіме әдісі
түсіндіру лекция
түсіндіру
нұсқау беру
көрсету
2 Репродуктивтік (еске түсіру) әдісі- жаттығу
тапсырма беру
лекция
демонстрациялау
бағыт беру
3 Проблемалық әдіс әңгімелесу
проблемалық жағдай
ойын
көз жеткізу
жалпыламау
4 Өз бетінше іздену әдісі диспут
өзіндік жұмыс
сарамандық жұмыс
зертханалық жұмыс
жарысу
5 Іздену әдісі ізденуді модельдеу
жобалау
ақауларды іздеу
жаңа фактілерді жинау
Оқыту әдістерін жіктеуде көптеген пікірлер бар екенін мысал ретінде
Ресей ғалымы Н.Е.Эргановтың проблемалық ретінде жіктеген оның екі түріне
тоқтала кетейік.
I. Теориялық оқытудың әдістері.
Психолог түрінде жүргізілген әдіс. Бұл әдіс бойынша сабақ өткізуде
оқытушының рөлі басым. Оқытушы ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы
рөлінде олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша қарастырылады.
Көрнекілік әдіс. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе
түрінде түсіндіреді. Ауызша іс-әрекеті репродуктивті.
Диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық диалог ретінде
баяндайды.
Эвристикалық әдіс. Оқу материалы әңгімелесу арқылы оқушыларға нұсқау
ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны
оқытушы көмегімен шешеді.
Нұсқау әдісі. Оқытушы мен оқушының өзара іс-әрекеті ұйымдастырылады.
Алгоритмдік әдіс. Типтік есепткр шығару барысында оқушыларды белгілі
бір жүйеде жасалған, алгоритм ұйымдастырылады.
Бағдарламалап оқыту әдісі. Бұл әдіс оқу үрдісін оқу-әдістемелік
құралдар көмегімен іске асады.
II. Өндірістік оқыту әдістері.
Өндірістік оқытудың (Н.Е.Эрганов бойынша) мынадай түрдері бар:
- Іс-әрекетін көрсету әдісі;
- Оқыту әдісі;
- Жаттығу әдісі;
- Практикалық әдісі.
Кейінгі кезде теориялық немесе өндірістік оқытудың белсенділік әдістері
кең жолға қойыла басталды. Мысалы, Ресей ғалымы С.М.Вишнякованың жіктеуі
бойынша оның мынандай әдістері бар, ол төменгі сұлбада көрсетілген.
1-сурет. Оқытудың белсенді әдістері.
Өндірістік оқытудың өзіне тән ерекше әдісі - нұсқау. Ол өндірістік
оқыту кезінде еңбек қызметін атқару үшін іске асырылады. Нұсқаулар мен
ұсыныстар беруі, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау, өндірістік гигиена
талаптарын орындауды үйрету жазбаша да, ауызша да беріледі.
Енді солардың түріне тоқталайық.
1. Кіріспе нұсқау - оқушыларға белгілі бір жү_мысты белсенді саналы
түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Бұл да тәжірибе
жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі.
Оның тәжірибесінде құрылғылардың ішкі, көзге көрінбейтін процестер
түсіндіруге болады. Мысалы, олар:
- құрылғылардың жұмыс кезіндегі физикалық және химиялық қасиеттері;
- кинематикалық схемада көрсетілген бөлшектермен топтардың өзара
қимылы;
- түрлі блоктардың, модульдердің ,электр - радио элементтері мен өлшеу
аспаптарының жұмыс істеуін өзара бірлескен әрекеті;
- құрылғылар мен аспаптардағы жұмыс іс істеу кезіндегі өзгерістер
сипаттамасы т.с.с.
Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу барысында
жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
3. Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулармен өз
бетінше жұмыстарды орындау тәртібі.
4. Жасалатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кәсібін қарастыру.
5. Оқу - өндірістік жұмыстарға қажетті материалын бөлшектерді
демонстрациялау.
6. Оқушыларға оқу - өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-
жабдықтармен құрылғылармен, аспаптармен таныстыру.
7. Жұмысты тиімді орындау, аспасын бақылау тәсілдерімен объектілерін
түсіндіру және демонстрациялау.
8. Қателіктер мен ақаулардың алдын алу және болдырмау мақсаттарын
қарастыру.
9. Оқу - өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді
ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету.
10. Шеберханада,не өндірісте жұмысты атқару кезінде, еңбек және
қауіпсіздік ережелерін ескеру.
11. Кіріспе нұсқаудың қалай түсінетіндігін сұрау, бақылау, бекіту
егер қажет болса тиісті жерлерін қайтару.
12. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарын бөлу.
Бұл келтірілген құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделігіне
қарай, не өндірістік оқыту шеберлігінің оқу не тәрбие мақсатына байланысты
ішінара өзгеріске ұшырауыда мүмкін.
2. Ағымдағы нұсқау - кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек
жаттығуларын орындауда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмауға
бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі.Ағымдағы нұсқау кезінде
өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына
нәтижелерге назар аударуы тиіс:
а) жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына ;
ә) еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға;
б) бақылау - өлшеу аспаптары мен құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануға
в) техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге;
г) техника қауіпсіздігі ережелерін және өндірістік санитариямен гигиена
нормаларын сақтауға.
Ағымдағы нұсқау кезіндегі шебер өндірістік орындағы оқушылардың жұмыс
орнын кезең-кезеңмен мына төмендегі мақсаттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz