Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
"Биотехнология, мал және балық
шаруашылыгы" кафедрасы
Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясыпәні бойынша:
курстық жұмыс
Тақырыбы:Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Орындаған: ЗТ-41 тобының
студенті Бекхожина.Л.С.
Тексерген: а.ш.ғ. кандидаты,
доцент Төлебаев Б. Т.
Орал - 2010
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Негізгі бөлім.
1.1 Ірі қараның сырт пішіні
(экстерьер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4
1.2 Ірі қараның сырт пішінін бағалау
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Малдың жеке
мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...11
1.4 Ірі қараның
түсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .12
1.5 Сүтті, етті және сүтті – етті ірі қараның сырт
пішіні ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13
1.6 Дене пішінінің
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
1.7 Ірі қараның тірідей салмағын және жасын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.8 Ен
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .23
Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден
– халқымызды ең жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден –
деңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұлсала маңызды
органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді.
Ірі қараның шығуы өте күрделі мәселе. Бұл мәселенің күрделілігінің
себебі осы уақытқа дейін ғылыми, немесе сенерліктей ешқандай ірі қараның
шығуы жөнінде деректер жоқ. Дегенменде қазіргі уақытта ірі қараның шығуы
жөнінде кейбір қағидалар пайда болып жүр. Сонымен қатар бұл мәселе
келешекте де кеңінен зерттелеге тиіс.
Ірі қара малының шығуын зерттеу оның эвалюциялық өсіп-дамуын қамтиды.
Аймағымызда жабайы малдардың түрлері өте көп, біз үшін олардың кейбір
түрлері ғана қажет, әрі ол жабайы түрлерінің қайсысы қолға үйретуге қолайлы
және келешекте жоғары өнім бере алатындығына мән бергеніміз жөн.
Малды қолға үйрету әр түрлі континенттерде жүрді. Малды қолға үйрету
орталықтары жөнінде академик Н.И. Вавилов тарихи және археологиялық
деректерге жүгіне отырып, түбегейлі еңбек жазған еді. Н.И. Вавиов
географиялық жағдайларға байланысты жануарларды қолға үйретуде басты –
басты орталық және қосымша орталығы болғандықтан айтқан.
Малды қолға үйрету орталықтарының барлығы дерлік субтропикалық және
тропикалық аймақтарда орналасқан. Малды қолда үйретудің алғашқы орталықтары
жақын шығыста Оңтүстік Түркия, Палестина, Күрдістан, Иран, Орта Азия
болған.
Ірі қараның арғы атасы Тур. Ірі қара сүт қоректілер класына, Жоғары
сүт қоректілер тармағына, Жұптұяқтылар отрядына – күйіс қайырушылар отряд
тармағына жатады.
Тур өте алып, сүтті жануар болған, түсі қара, қара ала, мүйізі үлкен
алға бағытталған. Мүйізінің салмағы 10-15 кг дейін жеткен, сирақтары күшті,
шоқтығының биіктігі 160 аналығы, 210 аталығысм жеткен.
1.Негізгі бөлім.
1.1. Ірі қараның сырт пішіні (экстерьер)
Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі
қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясы мықты, ал
экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның
конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскен ортасына,
шаруашылық бағытына, дұрыс және толық азықтандыруына байланысты.
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық
ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты.
Малдың экстерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандай
тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына
қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың
өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе
сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді.
Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне
байланысты. Малдарды эксетрьері бойынша іріктегенде оның өнімділік
бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене
құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс
анықтау қажет. Себебі дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар
екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.
Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М.И.Придорогин,
Е.А.Богданов, П.Н.Кулешов, Е.Ф.Лискун, И.Ф.Иванов т.б. оқымыстылар жатады.
М.И.Придорогиннің (1989) зерттеуінше Ресейде шыққан (1904ж), экстерьер
жөніндегі оқулықтың бірінші авторы. Осы оқымыстының көп жылдық зерттеуі
арқасында алғашқы рет ірі қараны кешенді бағалу көзделген. Оған: көзбен,
дене мүшелерін өлшеп, суреті және графикалық анықтау тәсілдері жатады.
Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және өніміне
қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей салмағын дене
өлшемі арқылы анықтау т.б. тәсілдер ұсынылған.
1.2. Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері
Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және
оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-
селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы
білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер
болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланылады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгісі
болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене
бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т.б. анықтайды, әрі малдың
өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге
бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, оның мүшелерінің
жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау,
сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор.
Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі,
жалпы зерттеу үшін-11, орташа дене өлшемі-18. Бірақта дене өлшемі дұрыс
болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан
бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100
пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен
шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене
өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі-үш топтың дене пішінінің
салыстырмалы бағалары анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды
фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда
фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды
бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор. Зооинженерлер малдардың сырт
пішінің бағалағанда олардың әр мүшелерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне
де көңіл
1.3. Малдың жеке мүшелері
Басы. Малдың басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға
беруге болады. Көпке белгілі , жалпы бастың көлеміне, ұзындығы мен еніне
және басының пропорциялық құрылысына қарай, малдың қандай конституцияға
жататынын, әрі шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Әр тұқымға, әр
жынысты малға, әр бағытына қарай лайықты бастың құрылысы болады. Сүтті
бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл, ықшамды, ұзынырақ, ал ені
кішкентайлау. Бұқалардың басы сөлекет. Етті бағыттағы сиырлардың басы
ауырлау, ені үлкен, ұзындығы қысқалау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы
ауыр, терісі қыртысты, сүйектері арбиған мал дене бітімі нәзік типті сүтті
тұқымға жататын сиырларға тән.
Мойны. Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың
мойындары да ерекше болып келеді. Сүттті тұқымға жататын сиырлардың мойыны
жіңішке, терісі қыртысты, ал етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысқа,
жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатады, кеуде ойымы сүттті сиырларда
нашар жетілген, ал етті сырлардікі жақсы жетілген.
Шоқтығы. Сүтті бағыттағы сиырлардікі шоқтық біртегіс кейде шошақ
көрінуі, оның етінің нашар жетілгенін көрсетеді. Етті бағыттағы сиырлардың
шоқтығы енді, біртегіс және жазық. Қосшоқтық етінің нашар жетілгенінің
белгісі, ондай малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу, қан
айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жақсы жетілген малдың кеуде қуысы өте
көлемді келеді. Кеуденің көлемі оның ұзндығына, кеңдігіне және еңдігіне
байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде
мүшенің өте үлкен кемшілігі. Аса сүтті бағыттағы сиырлардың кеудесі кең,
терең, енді әрі ұзын болады, ал етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді
және терең. Кеуденің кеңдігін, малдың биіктігіне қарап та айтуға болады.
Егерде шоқтығының биіктігінің 50 % болса, ондай кеуде терең болып саналады.
Кеудесі қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі
еттері нашар жетілген болады.
Арқасы. Арқа дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы
жағында белмен, бүйір жақтарында қабырғалармен шектескен. Малдың арқасы әр
уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің
құрылысына көп әсер етіп, оның дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Арқаның
мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқа,
малдың өте мықтылығын көрсетеді. Арқаның ойлылығы немесе бүкірлігі дене
пішінінің кемістігі болып саналады.
Белі. Малдың арқасының жалғасы, әрі онымен бір тегіс және түзу. Осы
түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдің мықтылығы оның бел омыртқа
мен етінің жетілуіне байланысты.
Бөксесінің көлемі жамбас, ортан жілік және құйымшақ сүйектерінің өзара
байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды-артынан тұтас кең болуы керек.
Сиырдың сүттілігі және еттілігі көбінесе бөксенің көлеміне байланысты.
Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны қолайлы. Қушиған
немесе тым қысқа, әлде түсінкі бөксе қай мал үшін де өте үлкен кемістік.
Іші. Малдың іші аумақты, ықшамды болғаны дұрыс, ал босаңқы және
салбырап тұрса, ол оның үлкен кемістігі. Іші салбыраған малдардың белі
қайқы келеді. әсіресе бұқалардың іші ықшамды, тартыңқы болғаны жөн.
Аяқтары. Табиғи жайылымда малдар жайылғанда төзімді болуы керек.
Малдың аяқтары, әрі буындары жақсы жетілуі қажет. Тұяқтары мықты, ал түсі
көмескі болғаны жөн. Малдың аяқтарына тән кемшіліктерге - қайшы аяқтылық,
ортақ тілерсектік және т.б. жатады.
Индекс тәсілі. Индекс – дегеніміз екі дене өлшемінің бір-біріне
пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеде енінің кеуде тереңдігіне
пайыздың қатынасын кеуделігінің индексі, кеудесінің жауырын тұсынан орамның
шоқтығының биіктігіне пайыздың қатынасын - салмақтың индексі т.б. сол
сияқты түсінеміз. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек қана бір
белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі-үш белгіні анықтайды. Индекстің,
әсіресе малдардың тобын бірі мен бірін салыстырғанда маңызы зор, ол үшін
10 шақты индексті қолданады.
Малдың дұрыс өсіп-жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын
бағалау, әрі малдың бітімінің сипатын білу үшін дене құрылысының индексін
есептейді. әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен
бірі байланысты болады.
Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың типіне толық сипаттама
беріледі, оның жасының өзгеруіне қарай дене құрылысындағы өзгерістер
анықталады.
Асыл тұқымды етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі
сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене
құрылысының сирақтылық индексі керсінше сүтті ірі қара тұқымында көбірек
болады.
Малдың дене құрылысының индексі мал жасының, бағып-күтудің жеке
азықтандырудың өзгеруіне байланысты өзгерніп отырады.
Сиырдың желіні
Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік жолға ауыстыруға
байланысты қазіргі кезде оларды машинамен саууға бейімділігін анықтау
ерекше орын алады.
Желіннің басты көрсеткіштерінің бірі - түрі. Оның машинамен саууға
бейімділігін анықтау үшін ғана емес, сүттілігін анықтау да негізгі
белгілерінің бірі.
Сиырдың желінің бағалағанда оның түріне (формасына), көлеміне және
құрамына, дамуына, емшектерінің орналасуына, әрі сүт тамырларының білінуіне
қарай. Желіннің түрі әр түрлі болып келеді, сиырдың жасы ұлғайған сайын
желіннің түрі де өзгеріп тұрады.
Желінді астау, тегене, дөңгелек, шошақ (ешкі желін) деп төрт түрге
бөледі. Ең тәуір сүт бездері жақсы жетілген астау немесе тегенеге ұқсағаны,
яғни үлкен, әр бөлігі тең және кең, әрі тең орналасқан цилиндрлі емшегі бар
желін.
Дөңгелек желіннің денеге бітіскен жерлерінің көлемі, астау немесе
тегене тәріздестерге қарағанда аздау. Сондықтан олардың арасында
салбыранқы, сиырдың жүріс-тұрысына ыңғайсыз түрлері жиі кездеседі.
Желіні жұмсақ, әрі жұқа болса, онда ол сиырдың аса сүттілігін
көрсетеді. Астау және тегене тәріздес сиыр желіндері сауар алдында өте
көлемді, ал сауып болғаннан кейін көлемі тез тартылады, ол да оның аса
сүтті екенін көрсетеді. Сүт құдықшасы сүт тамырларымен жалғасып жатады,
қолмен ұстағанда оны жақсы байқауға болады. Желіннің артқы және алдыңғы
бөлімдері біркелкі дамығаны жөн, ол әсіресе машинамен сауу үшін өте
қолайлы, әрі сүттің желіннен және емшектен шығуына қолайлы. Ал егерде
желінің 4 бөлімі тең дамымаса, әр бөлімнен әр түрлі сүт алынады, әсіресе
желіннің алдынғы бөлімдері тез сауылып, артқыларынан әлі де болса сүт
бөлініп жатады. Осы жағдай сиыр үшін өте қолайсыз, себебі алдыңғы желін
бөлімдерін маститке шалдықтыруы мүмкін.
Сиыр желінінің гистологиялық құрылысына қарай оның сүттілігін білуге
болады. Сүт желінінің қалыптасыуына сиырдың тұқымы, жасы, сауу маусымы,
буаздығы, азықтануы, бағып-күтуі көп әсер етеді.
Е.Ф. Лискунның (1996) мәліметі бойнша сүтті сиырлардың сүт бездері
тканы 70-80 % дейін жетеді. Сиырлардың желінінің салмағы мен беретін
сүтінің арасында тікелей байланыс бар. Мысалы, сауын сиырдан сауу
мезгілінде 1000кг-нан 2000 кг дейін сүт сауылса желіннің салмағы оның
тірідей салмағының 0,5% болады. Сиырдың желіні 4 бөлімнен тұрады: екеуі
алда, екеуі арта. Желінді жұқа терісі қаптап жатады, ал тері жүні сирек,
әрі жұмсақ. Желінді арт жағынан қарағанда, әйнек сияқты жалтырап тұрады. Ал
гистологиялық зерттеулерге қарасақ, сиыр желіні көптеген бөлімдерден
тұрады, оны альвеолдар деп түсінеміз. Осы альвеолдарда сүт түзіледі де,
алдымен жіңішке, сосын кең арнаға түсіп, кейін сүт және емшек цистернасына
түседі. Цистерна – дегеніміз өзінше бір резервуар, онда сүт жиналады.
Емшектің сфинктері болып, оны дөңгелек сияқты ет қоршаған, ал сол дөңгелек
еттің маңызы зор, біріншіден сүттің өзінен өзі бөлінуіне тосқау болса,
екіншіден емшекке бактериялардың кіруіне кедергі жасайды. Сиыр желінінің
көлемі, өзінің тұқымдық қасиетіне байланысты әр түрлі болады. Кейбір
сиырдың желініне 30кг-нан артық сүт сияды. Сиыр желіні қан, лимфа
тамырларымен және нерв жүйелерінің жұмысымен қамтамасыз етілген. Желін
құрамы желін сүт бездері мен дәнекер тканьдарынан тұрады. Сүт без тканы
көптеген эпитемиалдық клеткалар мен клетка аралық заттардан тұрады. Дәнекер
тканы жұмсақ, клетка аралық заттардан тұрады. Сүт безі және дәнекер
тканьдарынан басқа, желін құрамында май тканы да бар. Қашқанға дейін
қашарларда және суалған сиырлардың желінінің құрамында май тканы көбірек.
Сиырдың бұзаулау мезгілі жақындаған сайын желіннің май және дәнекер
тканьдары азайып, сүт безі тканьдары көбейеді. Сиыр желінінің ең бірінші
зерттеген ғалым академик Е.Ф. Лискун болды.
Сиыр желінінің бауырына қабысуы
Тығыз қабысу-желіннің алғы шеті сиыр бауырына көлбей қабысқан.
1. Барынша тығыз қабысу- желіннің алғы шетінен бауырына қабысарды көзге
көрінетін ойық қалады.
2. Жеткіліксіз тығыз қабысу- желіннің алғы шеті сиыр бауырына қабысарда
тік бұрыш тәрізді ойық қалады.
3. Салбыранқы қабысу бес топқа бөлінеді.
Желіннің жермен арасы кем дегенде 40-50 см болуы керек.
Желін безі және оның бәсеңсуі
Желін безді, орташа, етті және майлы болып бөлінеді. Безді желіннің
құрылысы - дән толтырылған қапты сипағандай, сауып біткен соң жұмасп,
босап, бәсеңсиді.
Желіннің артқы жағынан терісі қатпарланады. Мұндай желін емшектерінің
терісі де жұқа, уқаланғыш келеді.
Етті және май басқан желінде өрбіген шандыр болады да, сауылған желін
қалпы өзгермейді. Сипалап, сығымдағанда да желін көлемі өзгермей тұрады.
Сиырдың сүт беру қарқынын (кгмин) сауын маусымының екінші немесе үшінші
айларында анықтайды. Ол үшін сауылған сүт мөлшерін (кг) оны саууға кеткен
уақытқа (мин) бөледі. Бақылау сауынын алғы сауыннан 12 сағат өткен соң
тәулігіне бір рет жүргізеді.
В. И. Федоровтын (1973) зерттеуінше емшектің цилиндрге ұқсас болғаны
жөн, ал ұзындығы 6-8 см-дей, ал емшектің басқа түрлері машинамен саууға
қолайсыз. Ал егерде емшектің диаметрі 2 см-ден кем, немесе қысқа болса,
сауу аппаратының стаканына сәйкес келмей, ол түсе береді, керсінше емшек
жуан немесе 10 см-ден ұзын болса, оны сауу қиынға түседі, себебі жуан
емшекке стаканды кигізгенде қатты қысылады, содан қан айналысы қиындайды.
Ал ұзын емшек, сиырдың сауу жылдамдығына керсінше әсер етеді.
Жыныс мүшелері. Малдардың жыныс мүшелері жақсы дамуға тиіс.
Терісі мен жүні. Малдың терісі сыртқы қолайсыз жағдайдан қорғау үшін
маңызы зор. Әрі малдың терісі дененің демалуын және денеден көптеген
заттарды шығару қызметін де атқарады. Терінің сапасы мен құрылысы малдың
сыртқы пішініне және конституция бағытына да көп әсер етеді. Тері қыртысына
май аз жиналса ондай тері тығыз, ал керсінше мол жиналса, ол босаңқы
болады.
Ондай тері жақсы созылады. Сүтті тұқымға жататын ірі қараның терісі жұқа
бірақ тығыз, созылмалы келеді, ал етті тұқымға жататын ірі қара терісі
керсінше қалың, әрі босаңқы. Ірі қараның сырт пішінін зерттегенде, оның
жүнін де бағалайды. Малдың жүні оны сырттағы қолайсыз жағдайлардан
қорғайды. Дені сау малдардың жүні жұмсақ, жылтыр, ал ауру малдардікі-
қатты, сабалақтанып келеді.
1.4. Ірі қараның түсі
Оның тұқымының белгісі, әрі тұқым қуалаушылық ерекшелігін көрсетеді.
Сондықтан малды асылдандыру жұмысында ірі қараның түсіне ерекше мән береді.
Әр қараның түсі әр түрлі: қызыл, қара, ақ, қоңыр, көк ала, қара ала, сары
ала т.б. болады.
Қызыл түсті ірі қараларың денелерінің сыртқы жүндері біркелкі қызыл,
кей ірі қараларда реңді қызыл немесе ақшыл қызылда кездесуі ықтимал. Қызыл
түске мемлекетімізде өсірілетін барлық қызыл ірі қара тұқымдары жатады.
Мысалы, қырдың қызыл, латвияның қызылы,белорустың қызылы, ангельн,
бестужев, дания, санта-гертруда т.б. ірі қаралардың тұқымдары жатады.
Қара түсті ірі қараның сыртқы дене құрылысының жүндері біркелкі
қара. Қара түсті ірі қара тұқымына абердин-ангусс және ярославль ірі
қаралары жатады.
Ақ түс жаңа шыққан асыл тұқымды ірі қараларда сирек кездеседі. Бұл
түс тек қана Англияда өсірілетін шортгорн ірі қарасының тұқымында.
Альбенизм- ірі қара малда сирек кездеседі. Бұл құбылыс швиц және қара ала
ірі қара тұқымында кездеседі.
Қоңыр түс. Ірі қараның сыртқы дене құрылысының жүні біртегіс қоңыр
түсті болады. Бұл түске швиц, кострома, алатау, лебедин т.б. ірі қаралардың
тұқымы жатады.
Ала түс. Ірі қараның жүні әр түрлі түстен құралса, оны ала түс деп
есептейді. Мысалы, қара ала түс. Бұған барлық қара ала ірі қараның
тұқымдары жатса, сары ала түске симментал ірі қарасы жатады. Сол сияқты ірі
қаралар тұқымында қызыл ала түс де кездеседі. Ірі қара әр түрлі таңба
болады. Мысалы, маңдайында ақ таңба немесе бауырында, көзінің айналасында
т.б. сол сияқты таңбалар да кездеседі.
Еті мен сүйегі. Ірі қараның сырт пішінін бағалағанда, оның еті мен
сүйегіне де қарайды. Себебі дене құрылысына олардың әсері өте жоғары, әрі
конституциясының қалыптасуына көп әсері бар.
Етті тұқымға жататын ірі қараның еті жақсы жетілген және босаңқы
келсе, ал сүтті тұқымға жататын ірі қараның еті, ірі қараның тұқымдық
бағытына байланысты болады.
1.5. Сүтті, етті және сүтті - етті ірі қараның сырт пішіні
(экстерьер)
Басы жеңіл, ұзын, мойны ұзын, әрі жіңішке, мойын қыртысы көп. Арқасы
түзу және ұзын, ішті, бөксе жағы кең, құйымшағы ұзын, сирақтары жіңішке,
түзу, буындары айқын көрініп тұрады, тұяқ бітісі мықты. Бүкіл тұрқы
созыңқы. Сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі жақсы дамыған. Біріңғай
сүтті тұқым ірі қарасының желіні үлкен және аумақты, сауын алғаннан кейін
жақсы қайтады.
Желіннің пішіні тегене немесе тостаған тәрізді, желіннің барлық сүт
бөлігіде бір қалыпты дамыған. Дене пішіні сүйірлеу, сүйек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz