Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
1.1. Шынықтырудың маңызы мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Балабақшадағы шынықтыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 бөлім. Күн тәртібіндегі дене шынықтыру шаралары
2.1.Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру ... ... .15
2.2. Балалар мен жасөспірімдердің
денсаулығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...20
2.3.Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру
сабағы ... ... ... ... ... ... ...23
3 бөлім. Шынықтыру шараларының тәрбиелік мәні
3.1. Шынықтыру шаралары және оның тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.2. Дене шынықтыру сабағы арқылы баланы
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі
баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың,
дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп
жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы,
сондай – ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық –
еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз
байланысты.
Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі
мақсаттары: елімізде дене шынықтыруды жəнеспортты одан əрі дамыту; халықтың
дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау,
олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін жəне халық
ойындарын дамыту; саланы басқарудың оңтайлы жолдарын жəне қазіргі
тəсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңдарды
жетілдіру; бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт
резерві мен халықаралық дəрежедегі спортшыларды дайындаудың ғылыми-
əдістемелік, медициналық-биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі
жөнінде зерттеулер жүргізу; спорт резервін жəне халықаралық дəрежедегі
спортшыларды даярлау болып келеді. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз-
өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала
денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі
мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту
және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру
мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің
оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір
салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде,
төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып,
барлық мектепке дейінгі мекемедерде психологтар, медицина қызметкерлері
баланың денсаулығын, психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін
зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу мәселесі. Анықталған деректер мектеп жасына дейінгі балаларды
сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар
аударумен бірге, мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмыстарында салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып
отыр. Осылайша, бір жағынан дене тәрбиесі пәні арқылы мектеп жасына дейінгі
мекемелерде балалардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші
жағынан спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде
негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр.
Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр.
Сондықтан да Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары атты
зерттеу тақырыбы таңдалып алынды.
Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі білім беру процесі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің
тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға
әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан – жақты дене шынықтыру дайындығынан
өткен азаматтар тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы – балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы
денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын
салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі
түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт
түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және осы
процеске республикамыздың тәрбиеші - оқытушылар мен жаттықтырушыларын,
мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектепке дейінгі
мекемедер мен спорт мектепке дейінгі мекемедерінің ұстаздарын жұмылдыру.
Зерттеу міндеттері:
1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;
2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік
сияқты қасиеттерін қалыптастыру;
3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай
отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;
4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру
әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі
мекемелердегі оқу – тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде
болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: шынықтыру шараларының бала тәрбиесіндегі маңызы
туралы түсінік алу.
Зерттеудің міндеттері: дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы туралы,
балаларды шынықтыру шаралары және дене шынықтырудың бала тәрбиесіндегі
маңызы туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Дене шынықтыру мен сауықтыру шаралараның маңызы мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге,
еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалаық
шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттылық бағытты сақтай отырып,
жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және
тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және
денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.
Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай
жұмыс істеуімен анықталады, денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің
даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде
анықталады: дұрыс және уақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің
қалыптасуына, табан үзеңгілерінің дамуына, байланыс – буындық аппараттың
нығаюына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатынасы (пропорция)
дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болу; бұлшық
еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ,
табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық
еттерін дамыту, нашар дамыған иіп – жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша
көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің
және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу;
тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту,
тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үнемі жұмсауға, тыныс ырғағының
тұрақталуына, өкпенің ауа сиымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы
дем алуды үйрету; ішкі органдардың (ас қорыту, тер, зәр шығару және т.б.)
дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс
қызмет етуіне (жылуды реттеу және қорғаныс) жәрдемдесу; қозу мен тежелу
процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, активті тежелістің
дамуына, сондай – ақ қимыл – қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің
(көру, есту т.б.) жетілуіне себепші болу.
Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал
етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің
қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар
жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы,
коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді
қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті,
туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін
тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,
денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану,
жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды
қолдану.
Мектепке дейінгі мекемеде дене тәрбиесін мұғалім, тәрбиеші басқарады.
Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепке дейінгі мекемеде және мектепке дейінгі
мекемеден тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі
талаптарды еске алған жөн:
• балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін
дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектепке
дейінгі мекемедердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика,
ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын
және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика.
Ойын балаларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - балаларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және
қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - балалардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар:
күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде
пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар
мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне
және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға
ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
1.2. Балабақшадағы шынықтыру шаралары
Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша
сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері,
серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын
– сауықтар) өткіземіз.
Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі
қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі.
Оқу іс - әрекет мынадай құрылымда өтіледі.
Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру
орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3- 4 минут.
Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі
қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады.оның 2 –уі
бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1 – жаттығулар жауадан жоспарланады.
Жаңа сабақтың тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16 –
18 минут. Күнтізбелік жоспарда әр аптада 2 сабақтан алынған, жыл басына 72
сағат өткізілуі тиіс. Дене шынықтыру негізгі оқу іс - әректі болғандықтан
ертеңгілік мезгілде өткізіледі.
Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа – райы жылы кезде аулада, қыс
мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені
сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі
қимылдық ойын.
Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы
жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек.
Егер өзгерпей көбіне тіке тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді
мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын
жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар,
доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен
қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқай гимнастикалық орындықтар
пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, Жаттығулардың
жасалу техникасын дұрыс сақтаулары керек, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап,
барлық бала бірдей қимылдаулары керек.
Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға
болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, сосын балалар
жасайды. Оқу іс -әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын
бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу
іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік
қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рольдерге бөліседі,
ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау
қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру,
ұзындыққа секіру , гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу;
гимнастикалық скамейка үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйретеміз.
Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық
шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың қулап
жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін
арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза
ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза
ауадағы дене шынықтыру 5 – бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған
әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен
эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі.
Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген
белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс
демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана
денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға
септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке
тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке,
қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық
жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге
арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы
дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті
балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері
қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып,
жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып,
тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің
қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға
көмектеседі.
Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп – тұруына
ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен
жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар
терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене
шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды,
себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен
демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек – бөлек
дәптер бастап, балалардың өсіп – жетілуіне, олардың денсаулығы жазып өт-з
шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж.ж.жаттығуларды таза ауада
өткізуден басталады. Киімдерін де бірте – бірте жеңілдетіп, жаз айларында
тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты
болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар
үстімен жалау аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен
шынықтыру жүргізіледі.
Су температурасын бірте – бірте төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю,
тізеден төмен қарай жуудан соң құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін
сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2 апта құрғақ ысқылау таза
фланельматадан аяқ – қол дене мүшелерін қызарғанша ысқылауға көшеміз.
Ылғалды ысқылау 1-2 мин.созылады.
Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны
айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты
ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылайды.
Бұдан соң құрғақ оралмалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін
жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың
қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі
ойын, жаттығу өткізіледі. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар
ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға
үнемі қатыстырып отыруы тиіс.
Денсаулық білім саласының біріндегі – Валеологиядан біз балалардың
өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеналық талапты
орындауға (шашы, тісіне күтім жасау) дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әсері
туралы түсінік береміз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты
байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Дұрыс
тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру.
Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір
салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.
Топта тәрбиеші жай қимылдайтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар
жүргізіп отырады. Менің тобымда Қалиева Аружан деген қыз бала болды, ол
баламен мен 1,5 жастан бастап мек.даяр.тобына дейін 4 жыл жұмыс жүргіздім.
Келген кезде орнынан қозғалмайтын, мінезі өте ауыр баланы жаттығуларды жеке
дара жасату, тақпақ жаттату, биге қосу арқылы қозғалысқа түсіп,
жаттығуларды да жасап, биді де билейтін дәрежеге жетті анасының қуанышында
шек болмады. Ал Ақгүл деген қызымыздың мінезі қыңырлау, мақтағанды, алға
бірінші тұрғанды жақсы көретін. Балаларды кішкетай кезінен бастап қабылдап,
үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың даму
ерекшелігін, мінез – қылықтарының барлығын, не нәрсеге бейімділігін өте
жақсы білуімізге болады.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың
тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу
балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр
баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата –анамен тығыз
қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз
нәтижесін береді.
Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай
жасау, балаларды өзіне - өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету,
баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жан –
жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші,
ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз.
Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл
мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды
әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі
спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын
ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Тобымызда
Әкем, шешем, мен спорттық сайыс өткізіліп, ата – аналармен бірге ойындар
ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалысады. Балабақшаның
ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі,
эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт.

2.1.Балаларды шынықтыру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру Шынығу деп
организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық
факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын
процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет
қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру
(арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына
байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай
шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін
сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы
өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып
бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін
(зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады.
Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына
(жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық
аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз
бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке
жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға
бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады.
Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына)
барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық
еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста
болады.
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы – мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына
дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк
мектепке дейінгі мекемедер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу
орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде,
оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына,
санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс
уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына
мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн
мектепке дейінгі мекемеде - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектепке
дейінгі мекемедерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында
кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектепке
дейінгі мекемедер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру
мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға
тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және
қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi
балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды
ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектепке дейінгі мекемеден тыс
дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi
үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың
жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі,
бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі
ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері
бетінің көлемі де салыстырмалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz