Күн энергиясын тұрмыста қолдану



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Күн энергиясын тұрмыста қолдану

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жаңартылған энергия көздерін қолдану мен энергетикалық тиімділікті
арттырудағы стандарттаудың рөлі
1.1 Жаңартылған энергия
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
1.2 Энергияның балама көздері жарқын болашақ
кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... .11
2. Жаңартылған энергия көздері
2.1.Күн сәулесі
энергиясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .15
2.2 Күн батареялары
(фотоэлементтер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жаңартылатын энергия немесе жаңартылмалы энергия
(ағылш.Renewable energy) - күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық
жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін
энергия.
Жаңартылатын энергия көздері – бұл өз-өзінен жаңарып тұратын, желден,
судан, Күннен алынатын табиғаттың таза энергиясы. Бұндай энергияны
пайдаланудың артықшылығы айтпаса да түсінікті болғанымен, оның өзіндік
құнына қатысты мәселе баршылық. Өйткені мұндай нысандардан босатылатын баға
тұтынушы үшін жоғары. Сонда да әлемнің көптеген елдері таза қуатты барынша
пайдалануға ауысу үшін көптеген тетікті іске қосып келеді. Соңғы жылдары
Қазақстан Үкіметі де жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік қолдаудың
бірқатар шараларын жүзеге асыруда.
Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиғатты басқару арқылы,
жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдарынан айнала
қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі
кезде энергия жетпейді. Газет, журнал беттерінде энергетикалық кризис жайлы
мақалаларды жиі кездестіреміз. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен
жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды
екен. 1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның
энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба
қорлары-мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды.
Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін
жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?
Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да
қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы
нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде
оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті,
соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс
жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі
көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр.
1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары
тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу
проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері
ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды. Ол
сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн
энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы,
мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергиясы
жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор
көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиясы таза. Бұларды пайдалану
табиғат байланыстарын бұзбайды.
Ал менің ұсынып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған проблеманы
шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – жел,
күн, биогаз энергияларын пайдалану.
XX ғасырдың басында Н.Е.Жуковский жел двигателі теориясының негізін
қалады, осы теорияны негіздей отырып әлсіз желдің ырғағынан жұмыс істелетін
жоғары өнімді жетілдірілген желагрегаттардың конструкциялары жасалынды,
Желдоңғалағының диематрі үлкен болған сайын соққан желдің үлкен ағысын
қамтиды және агрегат неғұрлым үлкен энергия өндіреді. Жел жылдамдығы 5мс
соққанда оның қалақшаларының жылдамдығы 14-16мс дейін жетеді. Ал оның
диаметрін үлкейте отырып 2000 кВт-қа шейін энергия алуға болады. Мысалы 40
метрлік жел двигателі 2000 кВт энергия өндіреді.[3.4]
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануда қолайлы
болып табылады. Жыл сайын күннің түсу ұзақтығы 2200-3000 сағат болса, күн
энергиясының көлденең жазықтыққа түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағм² екен.
Ал шілде айында 1м² келетін көлденең жазықтыққа түсіретін энергия бір күнде
6,4 тен 7,5 кВт-қа өседі. Ал энергетикалық есептеулерге жүгінсек, Күннің
Жерге беретін энергиясы, барлық қор көздері беретін энергиядан 5000 есе
асып түседі екен. Күн энергетикасының келешегі зор, экологиялық таза, қоры
ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Күн батареялары қатты зат кремний
материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегінен кейін екінші
орындағы ең көп таралған элементтердің бірі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Күн энергиясының тұрмыста қолданылуы туралы мағлұмат
беру.
Зерттеу міндеттері: Жаңартылған энергия көздерін қолдану мен
энергетикалық тиімділікті арттырудағы стандарттаудың рөлі және жаңартылған
энергия көздері туралы, күн энергиясы туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Жаңартылған энергия көздерін қолдану мен энергетикалық тиімділікті
арттырудағы стандарттаудың рөлі
1.1 Жаңартылған энергия көздері
Жаңартылатын энергия көздері: күн жарығы, жел, су, су толқыны,
геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи
ресурстардан түзілетін энергия.
Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын
электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін
қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары
(электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және
басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.
Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына
тәуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90)
турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және
қалақ диаметрі 90 метрді құрайды.
Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары
және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта
офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары
тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.
Жел генераторлары іс жүзінде қазбалы жанар-жағар май қолданбайды.
Қуаттылығы 1 МВт жел генераторы 20 жыл бойғы қолданысымен 29 мың тонна
көмір, 92 баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр
энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен
бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су
ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.
Ерекшеліктері:
СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне
қарағанда әлдеқайда төмен.
СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады.
Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым
азырақ
СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады
2010 жылы су энергетикасы әлемдік электр энергиясының 16% пайыз, ал
жаңартылатын энергияның 76 %-ын қамтамасыз еткен. Тіркелген энегетикалық
қуаттылығы 1015 ГВт құраған. Адам санына шаққанда су энергиясын өндіруде
Норвегия, Исландия мен Канада елдері көшбасшылар қатарында.
Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр.helios — күн, және энергетика) —
күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электр энергиясын және жоғары
температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен
батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен
температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.)
пайдалану.
Биомасса (гр.bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының
немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың)
тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы;
аудан немесе көлем (гм2 немесе гм3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген
тірі ағзалар мөлшері.[5]
Экожүйеде энергияның таралуы мен орташа биомассаның арасындағы
байланысты анықтау үшін Джм2 өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағы гетеротрофты
организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің
биомассасы өте жоғары болады.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу.
Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи
жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа
сұйықсұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады.
Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең
қолданьшады. Кемістігі — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен
газдардың химиялық зиянды реакциялары.
Жаңартылған энергия көздерін қолданудың негізгі ерекшелігі – олардың
энергетикалық потенциалының ұдайы өндірісі жылдам және энергия шығыны аздау
болып келеді. Жаңартылған энергия көздерінде қолданылатын құрылғылар
қоршаған ортаға әдеттегі дәстүрлі энергия тасқындарына қарағанда әлдеқайда
аз кері әсер етеді. Жаңартылған энергия көздері халықты жылу және электр
жүйесімен қамтамасыз етудегі шығындарды азайтып қана қоймай, сонымен бірге,
энергияны үнемдеуді ішкі магистралдар мен жүйелердің байланысынсыз-ақ
автоматты түрде реттеп отыруға жол ашады. Бұл мемлекетіміздегі электр
желісін орнату қиынға түсетін, тіптен, мүмкін болмайтын елді-мекендер үшін
өте маңызды мүмкіндік.
Бұдан басқа, жаңартылған энергия көздері экологиялық аспектіге де
пайдасын тигізеді: қоршаған ортадағы көмірқышқыл газының үлесінің
төмендеуі, зиянды қалдықтардың азаюы, өзен-көл суларының ластануының бір
қалыпқа келуі мен жер қыртысының құнарлануы және т.б. тікелей осы энергия
көздерінің көмегімен бастапқы қалпына келіп жатыр.
Қазіргі таңда жаңартылған энергияның салмағының өсуі әлемдегі барлық
мемлекеттер үшін мынадай маңызды мәселердің шешімін табуға мүмкіндік беріп
отыр:
• Органикалық отындарды экономдау мен энергияны үнемдеуге деген
сенімділіктің күшеюі;
• Жергілікті энергияны үнемдеу мәселесінің оңтайлы шешімін табуы;
• Тұрғылықты халықтың кәсіптері мен өмір сүру дәрежесін арттыру;
• Алыс аймақта орналасқан елді-мекендерді тұрақты электр желісімен
толық қамтамасыз ету;
• Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық келісіміне
сәйкес атқарылатын міндеттерін жүзеге асыру.
Жаңартылған энергетикалық ресурстардың құрамына мыналар кіреді: өзен,
көл, теңіз, мұхит суларынан алынатын энергиялар мен өнеркәсіптік су
қоймалары және жел мен күн энергиясы, биомассалар, ағынды сулар, тұрмыстық
және өндірістік қатты қалдықтар.
Көптеген дамушы елдер жаңартылған энергетиканы мемлекеттік саяси
дәрежеде қолдануды мейлінше жоғары сатыға көтеруде және осы бағытта әр
түрлі мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Жаңартылған энергия көздерінің
жалпы энергияға деген сұраныстағы үлесі шамамен 13%-ды құрайды. Стандарттау
– бұл үкімет басындағылардың бәсекеге қабілеттілікке, инновацияға,
саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, екі жаққа да тиімді сауданың
қалыптасуына, тұтынушылардың қызығушылығын сақтап қалуға, қоршаған ортаны
қорғауға қатысты саясатын жүзеге асырудың негізгі кілті болып табылатын
фактор. Стандарттаудың маңызы – ол бүкіл әлемдік сауда нарығы мен
технологиялардың өзара сіңісуі бойынша атқарылатын іс-шаралардың күшеюін
өсіреді. [4]
Барлық салаға байланысты өзінің артықшылығына қарамастан, стандарттау
әлі күнге дейін үкіметтің барлық салаға қатысты өткізілетін іс-
әрекеттерінде тиісінше қолданылмай келеді, соның салдарынан стандарттаудың
инфрақұрылымы оңтайлы нәтиже бермей отыр. Алайда, нақ осы стандарттау ғана
мемлекеттік басқару процесінің тиімдірек болуына шынайы көмек көрсете
алады.
Жаңартылған энергия көздері саласына ұлттық стандарттарды тиімді
енгізу мен жетілдіру келесі басымдылықтарға қол жеткізуге жол ашады:
• Бірыңғай терминология мен мөлшер орнату;
• Менеджмент жүйесі мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді кодификациялау;
• Қажетті инженерлік тәжірибелер қорын жинау;
• Сенімделген, өлшенген және есепке алынған біркелкі тәсілдерді
жақсарту;
• Энергия жинақтау басқармасының жұмысын алға жылжыту;
• Ғылыми әріптестік пен әрекетке, жалпы саясаттағы үйлесімділікке
қолдау көрсету;
• Пайдаланушылар мен тұтынушылардың біліктілігі мен жеткілікті мәлімет
алуын қамтамасыз етіп отыру.
1.2 Энергияның балама көздері жарқын болашақ кепілі
Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты
жаңаратын энер­гия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының,
топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның
энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңар­тыл­ған энергия көздері – қазіргі
заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және
қолжетімді. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті бүгін болсын,
болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір
артады. ХХІ ғасырда күн энергетикасының өсу жылдамдығы тіпті қарқынды даму
үстіндегі компьютерлік технологиялар тәрізді салалардан да әлдеқайда жоғары
болады. Дастүрлі отын көздерінің шектен тыс пайдаланылуы мен оларды жаққан
кездегі қоршаған ортаға тигізер зияны ескерсек дәстүрлі емес қалпына
келетін жылу көздері мен екінші реттегі энерия көздеріне қызығушылықтын
артқаны байқалады.Жапонияда “70 000 фотоэлектрлік шатырлар” үкіметтік
бағдарламасы үйлердің шатыр­ларын­да орнатылатын күн батареяларын
өндірушілерге салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынады. 1997 жылы
осындай 9400 жүйе орнатылыпты, ал 2000 жылы олардың саны 70 мыңнан асып
түскен. Жапонияда шатыры күн батареясымен жабдықталған үй құнының 20
пайызына дейін мемлекеттен өтелетін ережелер қолданысқа енген. Германияда
бастапқысында – 1000, ал екінші кезеңде 2250 үйдің шатырларын фотоэлектрлік
қондырғылармен жабдықтау жөніндегі жобалар бірте-бірте іске асырылды. 2000
жылдан бастап Германияда құнын 2 млрд. АҚШ долларына бағалауға болатын жаңа
“100 мың шатырдағы фотовольтаика” бағдарламасы қолданысқа енгізілді.
Қазақстан күн энергиясы деңгейі бойынша әлем елдерінде ең аз “қамтамасыз”
етілген елдердің бірі болып табылады. Бізде жел энергиясын пайдаланудың
үлкен мүмкіндіктері бар. Біздің шағын өзендерге гидроэлектр стансасы
құрылысын салуға да болады. Сондықтан Үкімет шетелдік инвесторлармен
бірлесе отырып, баламалы энергия көздерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс
жүргізуі тиіс. Елбасы сондай-ақ Үкіметке халық­аралық тәжірибелерді есепке
алу арқылы Қазақстанда экологиялық салық енгізу жөнінде ұсыныс дайындау
қажеттігін ескертті. Осыған байланысты Шетелдік инвесторлар кеңесі
мүшелерінен тиісті заң жобаларын дайындауға қатысуды өтінді. Фраунхофер
күн энергиясы институты индустриалды және дамушы елдерде тиімді энергия
үнемдеуге қажетті технологияларды зерттеумен айналысады
Күн машинасы: күн машинасы Тойота Приус, Solar Toyota Prius. Күн
батареясымен жұмыс жасайтын көлік қуты 250 Ватт, машнаның жоғарғы бөлігінде
орналасқан жүз километрге 2-3 литр бензин пайдаланады жай көлікке
қарағанда 3,5-4,5 литр "обычного Приуса".
Қазіргі таңда, біз оңтүстік-шығыс Еуропа сияқты елдердің жаңа нарығына
кіру және платформаларды кеңейту арқылы өзіміздің негізгі электр энергиясын
өндіру бизнесін әрі қарай дамытумен қатар, жел энергиясы, климаттың өзгеруі
және баламалық энергияның басқа да салалары сияқты бизнестің жаңа
бағыттарын іске қосуды қолға алған.
Жел энергетикасы саласындағы көшбасшылар – Германия, Испания, АҚШ,
Дания, Голландия және Индия елдері болып есептеледі. Жел энергетикасы
әлемнің 80-нен астам елінде энергетикалық кешеннің едәуір бөлігін құрайды.
Сонымен қатар, шағын су энергетикасында Қытай көшбасшы болып табылады,
мұнда жұ­мыс істеп тұрған 90 мың. Қазақстандағы шағын өзендер энергия
ресурстарының үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт.
сағ. астамды құрайды. Қазақстанның бірінші жел атласы дегеніміз - таңдап
алған жердегі желдің жылдық орташа жылдамдығы туралы ақпарат алуға
мүмкіндік беретін интерактивті карта. Соның арқасында электр қуатын алу
үшін елдің түрлі өңірлерінде желдің қуатын пайдалану мүмкіндігін анықтауға
болады". Жел атласына сәйкес, Қазақстан аумағының 50 мың шаршы метрден
астам аумағында айтарлықтай жел әлеуеті бар, оны теориялық тұрғыда жылына
900 мың Гега Ватт - сағат электр қуатын алу үшін пайдалануға болады.
Қазіргі уақытта жел энергетикасын пайда­лану­ды Қазақстан аумағында жүзеге
асыру жобалары қарастырылуда. Қазақстандағы шағын өзендер энергия
ресурстарының үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт.
сағ. астамды құрайды. Желге байланысты көрсеткіштері де өзгертуге жатпайды.
Біз осы арада тағы бір қуат көзі туралыайтып кетуге болады. Ол – құбыр
энергетикасы. Бұл енді еш жерде жоқ. Құбыр энергетикасы бойынша ауаның
қысымы жоғары аймақтарды ауаның қысымы төмен аймақтармен құбыр арқылы
жалғасақ, құбырда өте қуатты, бір бағытта ағатын жасанды жел өзені пайда
болады. Жаңағы құбырдың өн бойына әр қашықтықта генераторлар орналастырсақ,
өте арзан, өте көп қуат алар едік. Мәселен, қазір Алматыдағы электр
қуатының бір киловаты 8 теңгеден асса, құбырдан алынатын қуаттың бір
киловаты 5-ақ тиын болар еді. Сонда 8 теңге мен 5 тиынның арасы 160 есе.
Қазақстанда осындай жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Өйткені жер
жағдайы жақсы. Жаңа энергия көздерін дамыту үшін елімізде заңдық негіз
жасалды. Стратегиялық бағдар­лама бойынша күтілетін нәтижелерге көз салсақ,
Қазақстанда балама энергия көздерін пай­далану үлесін 2012 жылға қарай 0,05
пайызға, 2018 жылға қарай 1 пайызға, 2024 жылға қарай 5 пайызға дейін
арттыру көзделіп отыр. Электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану үлесін (ірі су электр стансаларын есепке алмастан) 2024
жылға қарай жылына қуаты 3000 МВт және 10 млрд. кВт. сағатқа дейін арттыру
жоспарланған.Сондай-ақ 2024 жылға қарай барынша тиімді аграрлық
технологияларды елдің ауылдық аумақтарының кемінде 35 пайызына тарату
мәселесі де қарастырылған.Электр энергиясын өндіру үшін жаңарты­латын
энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік реттеу экономиканың
энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған
ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын
төмендету үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің электр
энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты
жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының,
топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның
энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңартылған энергия көздері – қазіргі
заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және
қолжетімді болады. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті қазір болсын,
болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір
артады.
Электр энергиясын пайдаланбай қазіргі өмірді көз алдымызға елестету
мүмкін емес, техниканың тез дамуы жағдайларында оған деген сұраныс тұрақты
түрде артып отыр. Сонымен бipre, техникалық, прогрестің қоршаған ортаның
ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты,
экологиялық, таза энергия көздері туралы мәселе аса маңызды бола түсуде.
Энергетиканы дамытудьң жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және
дамытуға бағытталған. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының
энергетикалық, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін
отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жасырын емес,
қазір әлемде қуат тапшылығы сезіле бастады. Ал енді Қазақстандағы мұнай мен
газдың қоры 15-20 жылдан аспайды. Қалған газ бен мұнайды өндіру
экономикалық жағынан тиімсіз болмақ. Біріншіден, біздің мұнай аса
тереңдікте жатыр, екіншіден, сапасы төмен. Оны өндіруге жұмсалған шығын
өтелмейді. Сол себепті басқа қуат көздерін қарастыруға тура келетін күн де
алыс емес энергияның балама көздері қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін
болады.
2. Жаңартылған энергия көздері
2.1 Күн сәулесі энергиясы
Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған: күн сәулесі
энергиясы, тәуліктік қуатты 174000 ТВт; жер астынан үстіне қарай
бағытталған жылу энергиясы, тәуліктік қуатты 32 Вт; теңіз тасқыны
энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт. Күн сәулесі энергиясының 30 % - і Жердің
жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал
оның 70 % - і жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан
шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол
энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді.
Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші
бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады.
Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір
кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде
ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.[5]
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен
сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен,
ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен
кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық
тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен
баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теория таным аясында
да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн сәулесi энергиясын қолданудың тиімділігі
Болашақтың энергиясы - баламалы энергия
Тұрмыста энергия шығынын азайту жолдары
Электр энергиясын өндіру технологиясы
Қазақстанда күн энергиясының болашағы
Күн баттареясы негізінде жұмыс жасайтын құрылғы
Жел-энергетикалық станциясы
Электр станциясы
Сарқылмайтын энергия көздері – жел, күн, биогаз энергияларын пайдалану
Күн энергиясын жылу машиналардың көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру
Пәндер