Күнжарамен улану



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Күнжарамен улану

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.
Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. Негізгі бөлім
2.1. Құрама жеммен және күнжарамен малды азықтандырғанда
туындайтын
токсикоздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
2.2. Жмыхтар мен күнжаралардың сапасын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3. Күнжарамен улану және оның алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.4. Күнжара түрлері және қыша мен зығыр күнжарасынан
улану ... ... ... ... ..21
2.5. Күнжара құрамыннан госсиполды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі28
I. Кіріспе
Азықтарға қоректік заттары игерілімді және зиянсыз түрдегі өсімдік,
жануар және микроб тектес өнімдерді жатқызады. Бұлармен қоса мал азығында
бірқатар химиялық, синтетикалық, минералды, витаминді ж.б. азықтық
қосындылар қолданылады.
Төрт түлік малдың негізгі қорегі болып өсімдік тектес азықтар
жұмсалады. Жануар тектес азықтар төл қорегі мен мал азығының протеиндік
құнарлылығын арттыратын қосынды ретінде пайдаланылады.
Өсімдік тектес жемшөпті жіктеуде:
а) табиғи және себілген жайылым мен жасыл конвейер көгін, тамыр-
түйнектер пәлегінен тұратын көк азықты (зеленые корма);
б) пішен, сабан, топан, шөп ұнын (травяная мука), бұтақты азықтан
(веточный корм) тұратын ірі азықты (грубые корма);
в) сүрлем, пішендеме, азықтық тамыр-, түйнек-жемістілер мен бақшалық
дақылдардан тұратын құнарлы азықты (концентрированные корма) ажыратады.
Осылайша жемшөпті химиялық құрамы мен физикалық жағдайы және
қоректілігі бойынша жіктеу шартты екенін ескеру қажет. Мысалы, құрғақ
затындағы жасұнағы 19%-дан асқандықтан ірі, яғни іріленген (огрубевшие)
жемшөпке жатқызылған шөп ұны жалпы қоректілігі бойынша (0,7-0,8 а.ө.)
құнарлы азықтарға жақындайды. Сол секілді, құрғақ затындағы жасұнағы
бойынша ірі жемшөпке кіретін пішендемені біз физиологиялық әсері бойынша
шырынды жемшөпке жатқыздық.
Мал азығына бірқатар техникалық өндірісітің азықтық қалдықтары кеңінен
қолданылады. Олардың қатарына кебек пен ұн тозаңы түріндегі ұн өндірісінің,
күнжара мен шрот түріндегі өсімдік майы өндірісінің, сығынды (жом) мен
сірне (патока) түріндегі қант өнірісінің, мезга түріндегі крахмал
өндірісінің, қойыртпақ (барда), дән өсіндісі, сыра бөртпесі (дробина) мен
ашытқысы түріндегі спирт пен сыра өндірісінің қалдықтары жатады. Олардың
құрамының 90% су болғандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,1 а.ө. шамасында
болса, көк және шырынды жемшөптікі – 0,12-0,24 (пішендеменікі 0,4) а.ө.,
сабандікі - 0,2-0,3 а.ө., пішендікі – 0,4-0,5 а.ө., кебектікі – 0,7-0,8
а.ө., дән мен күнжара, шроттікі – 0,9-1,3 а.ө. көлемінде болады. Азықтық
астық тұқымдастар дәнінде крахмал түріндегі көмірсулар басым болғандықтан –
энергетикалық, ал бұршақ тұқымдастардікін – протеиндік құнарлы жемге
жатқызады.
Мал азығының дәрменелік қоректілігін арттыру үшін балық майын, А, Д, Е
дәрменелерінің қосындыларын, каротин-кальций ферол қосындысын, дәрменелік
шөп ұнын, сәулелендірілген азықтық ашытқыны және де басқа дәрменелік
қосындыларды қолданады. Төл денсаулығын сақтау үшін биовит, биоветин,
террамицин, кормогризин ж.б. азықтық антибиотиқтер шығарылады.
II. Негізгі бөлім
2.1. Құрама жеммен және күнжарамен малды азықтандырғанда туындайтын
токсикоздар
Ауылшаруашылық малдарының ішінен жылқылар, жас малдар немесе төлдер
қыша майларына сезімтал келеді. Басқада жануарлар құрамында көп мөлшерде
қыша дәні бар күнжаралармен азықтандыру кезінде уланады. Малдардың улануы
мидың зақымдануы құбылыстарымен байқалады (алға қозғалуға ұмтылу, айналып
қозғалу, бір заттың үстіне құлау және т.б.). Барлық жануарларда
гастроэнтрит белгілері анық байқалуы мүмкін. Өсімдіктің өзін жеу кезінде де
(ұрықсыз) жылқыларда уланулар кездескен.
Канадада күнжаралармен азықтандыру нәтижесінде қойлардың арасында
жаппай улану жағдайлары кездескен.
Рапс күнжаралары бұрынғы уақыттан бері қолданылып келеді. Алғашында
жануарлар оларды жегісі келмейді, бірақ бірте-бірте оларға үйренеді. Рапс
күнжараларын арам шөптермен ластанбағанның өзінде, азықтық зат ретінде
абайлап, сақтықпен, құрғақ түрінде қолдану керек. Сыртқы көрінісі жағынан
күнжаралар жасыл-сарғыш түсті, қатты, пияздың иісін беретін, жағымды иісті
болуы керек. Аллилді - қыша майы (кротонилді - қыша) күнжаралардың
ылғалдануы нәтижесінде пайда болады. Ауылшаруашылық малдары арасынан ірі
қараның және шошқаның улануы тіркелген, алайда ол басқа жануарларда да
болуы мүмкін.
Алайда интоксикацияны тудыру үшін ұрықтың қанша мөлшері және қанша
күнжара керек екені әлі анықталмаған.
Шаруашылықтағы дайындалып, сақталған жемшөпті малға жегізер алдында
органолептикалық көрсеткіштері (түрі, түсі, бояуы, біркелкілігі, ылғалы,
қышқылдығы) бойынша бағалап, түрлі механикалық, яки физикалық (кесу,
ұсақтау, бөлшектеу, қыздыру, буландыру, араластыру т.б.), химиялық (әктеу,
сілтілеу т.б.) және биологиялық (қоздыру, ашытқылау т.б.) әдіс-тәсілдермен
малға жегізуге алдын-ала дайындайды. Келтірілген физикалық дайындау
әдістері жемшөтің желінуін арттырса, химиялық әдістер желінуімен қоса
қорытылуын арттырады, ал биологиялық әдістерде орын алатын микробиологиялық
үрдіс барысында азық ауыспайтын аминқышқылдары және дәрменелік
қосындылармен байытылады.
Жануар тектес азықтардан төл мен асыл тұқымды мал азығының протеиндік
құнарлылығын арттыру үшін сүт пен сүт өнімдері, ет пен балық өнірісінің қан
ұны, ет ұны, ет-сүйек ұны, балық ұны секілді қалдықтары қолданылады.
Биологиялық құндылығы жағынан бұларға микроб тектес ашытқалар жақындайды.
Мал азығына қолдануға өндірістік негізде түрлі дән, кебек, ұн,
минералдық және дәрменелік қосындылардан құралған құрамажемдер
(комбинированные корма, комбикорма) шығарылады. Құрамажемдер құрамы мен
қоректілігін мал түлігі мен белгілі жастық-жыныстық топтарына бағыштап
шығарады. Оларды малдың барлық қоректік мұқтаждықтарын жан-жақты да толық
қамтитын толық рационды құрамажем мен жемдік қосынды ретінде жұмсалатын
құнарлы-құрамажем (комбикорма-концентраты) түрінде шығарады. Мал азығының
биологиялық құнарлылығын арттыру үшін кұрамажем өнідрісі түрлі белоктік-
дәрменелік және белоктік-дәрменелік-минералдық қосындылар (БДМҚ) шығарады.
Мал азығының минералдық қоректілігін арттыру үшін азықтық бор, әк, ұлу
қабыршығы, сүйек ұны түріндегі кальцийлік, преципитат, үшкальцийфосфат,
фторсыздалған Қаратау фосфаттары түріндегі кальцийлік-фосфорлық, қос
аммоний- және қос натрий фосфаты түріндегі фосфорлық қосындыларды
қолданады. Натрий жетіспеушілігін жою үшін ас тұзы, ал әр биогеохимиялық
өңірдегі эндемиялық аурулардың алдын алу үшін тиісті микроэлементтер
тұздарын қолданады.
Күйісті мал азығындағы протеин жетіспеушлігін қажеттілігінің 20-25%-на
дейін зәрлік (мочевина), аммиак суы, аммоний кабонаты не сульфаты секілді
химиялық азотты қосындылармен малды оларға біртіндеп үйретіп барып
толықтыруға болады. Мес қарындағы микробиологиялық үрдіс арқылы 1 г
зәрліктен 2,6 г биологиялық құндылығы жоғары қорытылатын протеин түзіледі.
Жекелеген шектік аминқышқылдарының (лизин, метионин) жетіспеушілігін
олардың синтетикалық қосндыларымен толықтыруға болады.
Жмыхтар мен күнжаралардың сапалылығын бағалау орта сынама алудан
басталады. Мұнда сақтау орынына, партияның біртектілігіне, және бөгде
немесе технологиялық шартталған қоспаларға назар аударады.
Жмыхтардың әрбірдің партиясынан бірнеше тақта немесе 0,5 кг әртүрлі
деңгейлерден және үш жерден кем емес алады. Алып қойылған тақталарды 4
бөлікке бөледі және әрбір тақтадан бір ширектен алады. Олардан ұсақтау және
араластырудан кейін салмағы 2,5 кг болатын үлгі құрастырады. Күнжара
сынамасын дәнді немесе құрама жемдердің сынамасы сияқты алады.
Түсі. Әрбір жмыхтың өзіне тән түсі болады. Осылайша, күнбағыс жмыхы
сұр түсті болады; зығыр – сұрдан ашық – қоңырға дейін; мақта – сары ( ашық-
сарыдан ашық – қоңырға дейін) жасылдау немесе қоңырқайлау реңді; соя – ашық
- сарыдан ашық – қоңырға дейін; жержаңғақ – ақ сары; рапс – жасылдау - сары
тұқым қабығының бөлшектерінің қоңыр қоспасымен болады. Бұл түрге тән емес
түс арамшөптер қосылғанда, өндіру немесе сақтау технологиялары бұзылуы
нәтижесінде бүлінген жмыхтар және күнжараларда болады.
Жмых пен күнжаралардың иісін, дәмін және балғындығын сынаманы 40 оС
дейін қыздырылған сумен сулаудан кейін анықтайды. Сапалы жмыхтың әрбір түрі
үшін өзіндік ерекше дәм және иіс тән. Борсыған иіс, көк иісі және ащы дәм
шикізаттың сапасыздығын немесе сақтау барысында өнімдердің бұзылуын
көрсетеді. Егер жмыхты немесе күнжараны дымқыл, нашар желдетілетін жерде
сақтаса, оларды көк басуы мүмкін. Ащылау дәм сонымен қатар жмых және
күнжараларда болатын өсімдік майының қызуы салдарынан болуы мүмкін.
Жмыхтың түрін кейде органолептикалық анықтау қиын болады. Мұндай
жағдайларда 1 г жмыхты шыны түтікке салып, 5 мл спирт пен тұз қышқылының
қоспасын (10 мл спиртке 0,5 мл концентрлі тұз қышқылын) қосады. Сынаманы
араластырады және бірнеше минутқа қайнап тұрған су моншасына орналастырады,
кейіннен оны тағы бір араластырады және тұндырады. Тұнбаның үстіндегі
сұйықтық жмых түсті болады: күнбағыс – шие, зығыр және рапс – ақ, мақта–
сары.
Жмых пен күнжаралардың ылғалдылығын дәнді азықтардың ылғалдылығын
анықтаған сияқты жүргізеді. Бұл өнімдердің қалыпты ылғалдылығы 8,5 – 11 %
шегінде ауытқиды.
Металл қоспаларын күнжарада ұнды азықтардағы сияқты анықтайды.
Күнжарадағы металл қоспалардың мөлшері 0,1 % көп болмауы керек, сондай ақ
бөлшектердің өлшемі ең үлкен сызықтық өлшеуде 2 мм көп емес және
бөлшектердің шеті үшкір, кескіш болмауы қажет.
Патологиялық материал сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
Тиісті патологиялық материалдан инфекциялық, инвазиялық ауруға немесе
улануға күдік туған кезде жануардың ауруының немесе өлім-жітімінің
(құстарды, аңдарды, бал араларды, балықтарды есептегенде) себебін анықтау
және растау мақсатында сынама іріктейді (патологиялық материал жас
өлекселерден алынады). Ұсақ жануарлар мен құстардың өлекселері бітеу ыдыста
тұтастай ветеринариялық зертханаға жіберіледі. Сынамаларды мұздатылған
күйінде жібереді, сондай-ақ жедел жөнелту кезінде құрғақ мұз қолданады.
Жылдың жылы мезгілінде мұздатылмаған ағзалардан немесе төлдерден жеке
ағзаларды консервілемей жөнелтеді, жоқ дегенде 30% глицерин ерітіндісімен
консервілейді. Ішкі ағзалардан – паренхиматозды ағзалардың бөлігін (жүрек,
өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр лимфа түйіні бар бауыр немесе өті жоқ өт
қабы) кесектерін стерильді қайшымен кеседі, әрқайсысын пергамент қағазына
орайды және стерильді пакеттермен жолдайды. Инфекцияның таралуына жол
бермеу үшін патологиялық материалды ұқыптылықпен (жәшік немесе қораптарға
буып-түю) жеткізіп береді. Тұрып қалған өлекселерден міндетті түрде түтікше
тәрізді сүйекті алады. Бактериологиялық зерттеу үшін өлген уақыты
анықталмаған патологиялық материалдан мүмкіндігінше жұлынды жібереді. Тұрып
қалған өлекселерден сібір жарасын анықтау үшін құлақ қуысы немесе басқа
материал алынады.
Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық
патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, эксудаттар) жібереді:
1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алардың алдында
пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тік бұрыш етіп иеді,
сындырады және күйдірілген жерден ағзаға терең енгізеді, материалды сорып
алғаннан кейін пипетканың қызып кетуіне жол бермей, оны екі шетінен
дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және пробиркаға
орналастырады;
2) инесі бар қайнатылған шприцтің көмегімен, кейін жиналған сұйықтықты
стерильді пробиркаға құяды және резеңке тығынмен нығыздап жабады.
Серологиялық зерттеулер үшін қан сарысуын алу мақсатында қанды
таңертең, жануарларды азықтандырғанға дейін алады. Серологиялық зерттеулер
үшін ірі қара малдан, жылқыдан, қойдан, шошқадан 5 – 10 миллилитрден қан
алады.
Жылқыдан, ірі қара малдан, түйелерден, бұғылардан, қой және ешкілерден
қанды асептика ережелерін сақтай отырып мойынның жоғарғы үшінші бөлігінің
күре тамырынан алады. Қан алатын жердің жүні мұқият қырқылады, ал терісі
дезинфекцияланады. Шыны түтікке қан тамшылап емес, сорғалап ағуы керек.
Тамшылап алынған және көпірген қан тез гемолизденеді және зерттеу кезінде
бұрыс нәтиже береді. Қанды бір реттік зауыттық шприцпен алған кезде
көпіртпей бірден алады және ақырындап шыны түтікшеге ауыстырады. Қанның
жерге тамуын болдырмаған жөн. Ол үшін қанның бірінші порциясын жіберетін
дезинфекциялық ерітіндісі бар банканы қолдану керек.
Шошқадан қанды құлағынан (шприці бар инемен), құйрығының ұшынан,
алдыңғы қанды тері тамырынан (палая вена) (арқасымен жатқаны дұрыс) немесе
көз тамырынан алады. Құйрығын алдын ала сабынды сумен жуады және
дезинфекциялайды. Қанды алғаннан кейін құйрықтың шетін дезинфекциялық (йод
және басқа да) ерітіндімен өңдейді, байлайды және күйдіреді.
Терісі бағалы аңдардан және құстардан 1-2 миллилитрден қан алады,
құстардан қанды қанат асты тамырынан немесе айдарынан алады.
Түлкі мен ақ түлкілерден жая тамырынан, қара күзендерден артқы аяғының
ортаңғы саусағының жастықшасын немесе құйрығының шетін кесу жолымен алады.
Қан сарысуын тұндыру әдісімен алады. Қанды қоюландыру және сарысуды
тұндыру үшін қаны бар шыны түтіктерді 20–30°С немесе 37–38°С-да 30-60 минут
ұстайды, қан ұйындысын ыдыс қабырғаларынан болат шабақпен (құрсау) бөледі,
шабақты әр сынамадан кейін спиртовканың үстінде фламбирлейді. Шыны
түтіктерді 4-10°С-де 20-24 сағат ұстайды. Тұнған сырысуларды құрғақ,
стерильді шыны түтіктерге құяды, тығынмен жабады және зертханаға жолдайды.
Қанның консервіленбеген сарысуы суық (4-8°С) жерде сақтаған кезде алған
күннен бастап 6 күн ішінде зерттеу үшін жарамды.
Сарысуды консервілеуді үш әдіспен жүргізеді:
1) химиялық – тек классикалық серологиялық зерттеулер үшін үнемі
араластыра отырып, 1 миллилитр сарысуға 5%-дық фенол ерітіндісінің 0,05
миллилитрін (1 тамшысын) қосып (агглютинация реакциясы (АР), комплиментті
байланыстыру реакциясы (КБР), роз бенгал сынамасы (РБС), комплиментті ұзақ
байланыстыру реакциясы (КҰБР). Сондай-ақ құрғақ бор қышқылымен (2-4% сарысу
көлеміне) қаныққан ерітіндіні алғанға және шыны түтікшенің астында кішкене
тұнба пайда болғаға дейін;
2) бір реттік мұздату жолымен. Қан зертханаға алынған күні
жеткізіледі. Шыны түтікшедегі қанды алдын ала стерильді пастер пипеткасымен
немесе шыны таяқшамен шыны түтікшенің шеттеріндегі қан ұйындысының қабатын
алып тастап, бөлме температурасында 1-2 сағат ішінде немесе 37°С
термостатта 0,5-1 сағат тұндырады. Ұйындының ретракциясын жақсарту үшін
шыны түтікшені 4°С-да 1-2 сағатқа тоңазытқышқа орналастырады немесе
минутына 3000 айналымда 10 минут немесе минутында 1500 айналымда 20 минут
центрифугалайды. Сарысуды стерильді шыны түтікшелерге (ампула, флакон)
немесе қақпағы бар Эппенфорд типті полистирол микро түтікшелерге
стерильді пипеткалармен сорып алады.
Қан сарысуын тоңазытқышта зерттеуге дейін 2-4°С температурада 4-6
күннен асырмай сақтауға болады. Ұзақ сақталған кезде (2 аптадан артық) қан
сарысуы мұздатылған күйінде 20-25°С температурада сақталуға тиіс, – 70°С-ға
дейін терең мұздатуға жол беріледі. Сарысуды 1 реттен артық мұздатуға және
ерітуге жол берілмейді. Қанды жалпы жинау кезінде, сарысуды ұзақ сақтау
кезінде зерттеуге дейін және антиденелердің белсенділігін жоғалтудың алдын
алу мақсатында сарысу – 20-40°С-дан артық емес температурада терең суықта
сақталуға тиіс.
Мұздатылған сарысуды ерітуге жол бермейтіндей температуралық шарттарда
(тоңазытқыш сөмкелерде немесе мұзы бар термостарда, құрғақ мұз пайдалануға
болады) тасымалдау керек. Сарысуды пайдалану алдында толық еріту және
антиденелердің концентрациясын болдырмау үшін мұқият араластыру керек;
3) кептіру (лептоспироз).
Сарысуды (0,4 миллилитр ) фильтр қағазына (5х5 см) жағады және толық
кепкенге дейін шашыраңқы жарықта ұстайды. Сарысуы бар әрбір бетте жай
қарындашпен тиісті жазбалар жасайды, пергамент қағазына орайды (әр сынаманы
жеке), конвертке буып-түйеді және сол күйінде құрғақ сарысудың әр сынамасын
2 миллилитр физикалық ерітіндісі бар шыны түтікшеге орналастыратын
зертханаға жібереді. 6-10 сағат термостаттайды және 24 сағат бөлме
температурасында ұстайды, кейін зерттейді. Құрғақ сарысу антигендік
қасиетін 40-130 күн сақтайды. Фенол немесе бор қышқылымен консервіленген
сарысу 30 күн бойы зерттеуге жарамды. Лайланған, өскінделген, гемолизденген
сарысу зерттеуге жатқызылмайды. Қанның әр сынамасында тізімге сәйкес
жануардың нөмірі немесе аты, жануар иесінің тегі көрсетіледі. Сынамалар
тізіммен бірге екі данада жолданады.
Жануарлардың қан-жынын тік ішектен алады немесе стерильді стақандарға,
банкаларға немесе пробиркаларға стерильді пинцетпен жинайды.
Ішекті бүтіндей емес, ең көп зақымдалған бөліктері бар кесінділерін
жібереді. Кесінділер ішіндегісінен босатылады, стерильді сумен мұқият
жуылады және стерильді банкаларға салынады.
Жіліктерді тұтастай, шеттері зақымдалмаған, сіңірі мен бұлшық етінен
жақсылап тазаланған күйде жібереді.
Теріні стерильді, герметикалық жабылған күйінде кесек түрінде (10х10
көлемінде) жібереді. Сынамаларды ең көп зақымданған немесе теріні аз
құнсыздандыратын бөліктерінен алады.
Бактериологиялық (вирусологиялық) зерттеу үшін:
1) тілмеге – жілікті, бүйректі;
2) сальмонеллезге – өт қабы бар бауыр бөлігін, көк бауырын,
шажырқайдың лимфа түйіндерін, түтік тәрізді сүйекті;
3) пастереллезге – лимфа түйіндері бар өкпе бөлігін, көк бауырды,
жүректі (қан тамырларын байлап), түтік тәрізді сүйекті және бұлшық ет
ұлпасы бар инфильтраттарды;
4) түйнемеге – құлақтың кесілген жерінен, перифириялық тамырдан қанды
немесе құлақ қалқанын кесіп жібереді (өлексенің жатқан жағындағы құлағына
алдын ала екі лигатура салады, кесіндінің шеттерін күйдіреді);
5) бруцеллезге – түсірілген төлді толығымен (қабығымен) немесе
ерекшелік ретінде өңеш пен тоқ ішек жағынан лигатурамен байланған төлдің
қарынын қан-жынымен бірге. Шошқалардан бірге туған кемінде үш төлден,
жылқылардан абцесстердің іріңі, және төл қабының зақымдалған, некозға
ұшыраған телімдері, жоқ дегенде іш тастаған жануарлар жатырларының
кілегейін және басқа бөлінділерін; сойылған жануарлардан – паренхиматозды
ағзаларын, жұпталған, мезентериалды лимфа түйіндерін;
6) туберкулезге – сау ұлпалары бар өзгерген ағзалардың бөліктерін және
белгісіз ошақтардағы аймақтық лимфа түйіндерін, түтікше тәрізді сүйекті;
7) лептоспирозға – бауырдың, бүйректің бөліктерін, нитраттық қанды,
ликворды, зәрді;
8) аусылға – ашылмаған афталарды (аусыл вирусының типін анықтау үшін);
9) Ауески ауруына – басын (бас миын), көк бауыр, бауыр, бүйрек
бөліктерін;
10) шешекке – везикула сатысындағы шешек зақымдануларын, шешек
лимфасын немесе зақымдалған тері бөліктерін;
11) обаға – паренхиматозды ағзалар, бронхиалды, мезентериалды лимфа
түйіндерін (бактериалды инфекцияны алып тастау үшін);
12) листериозға – паренхиматозды ағзаларды, бас миын;
13) некробактериозға – некротикалық зақымдануларын: аяқ бастарының,
ауыз қуысының кілегейін, ішкі ағзаларын;
14) қарасанға, қатерлі ісікке – крепитацияланатын қабынған ісіктен
стерильді алынған экссудатын, сондай-ақ зат шыныларындағы жұғындыларын,
жарып-сою жағдайында – көк бауырдың, бүйректің және зақымдалған бұлшық
еттің бөлігін;
15) микоплазмозға – өкпенің зақымдалған бөлігін;
16) актинамикозға – ағзалардың түйіндері бар зақымдалған бөліктерін;
17) компилобактериозға – қабығымен және қынап бөлінділерімен бірге,
түсік тасталған төлді күпек кілегейін, ұрықты, қосалқы жыныс бездерін;
18) сақауға – лимфа түйіндерінің жарылмаған абцесстерінен стерильді
алынған іріңді, мұрын ағындыларынан алынған іріңді. Патологиялық
материалдан басты, жүректен және басқа зақымдалған ағзалардан алынған
қанды;
19) құтыруға – ұсақ жануарлардың жас өлекселерін немесе ірі
жануарлардың басын (бас миы) жібереді.
Гистологиялық зерттеулер үшін:
1) туберкулезге – ағзалардың зақымдаған бөлігін және аймақтық лимфа
түйіндерін;
2) сальмонеллезге – бауырын;
3) лептоспирозға – жануардың өлімінен 30 минуттан кейін алынған
бауырын, бүйрегін;
4) Ауески ауруына – сопақша миын және төрт төбешігін;
5) Тешен ауруына – жұлынның белдегі бөлігін, бас миының сұр затын
(базальды бөлігі);
6) шешекке – терінің зақымдалған бөліктерін;
7) микоплазмозға – өкпенің зақымдалған бөліктерін;
8) бруцеллезге – түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
9) актинамикозға – түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
10) жылқының инфекциялық анемиясына (ИНАН) күдік туғанда – жүрегін
(жүрек алды және қарыншалар), көк бауырын, өкпесін, 2х2 см мөлшеріндегі
бүйрегін жібереді.

2.2. Жмыхтар мен күнжаралардың сапасын бағалау
Күнжара – дәні майлы өсімдіктерден майы сығылып алынғаннан кейін
қалатын мал азығы. Құрама азыққа кіретін белогы (30 – 50%) мен майы (6 –
10%) көп құнарлы азық. Сондықтан майды неғұрлым толық сығып алу үшін
ұсақталған әрі кептірілген дәнді май еріткіштерімен араластырып сығып
күнжара ұнын дайындайды. Мұнда 1 – 3% май болады. Күнжараны белогы аз сабан-
топан, тамыржеміс азықтарына аз мөлшерде қосып, олардың сапасын арттыруға
болады.
Күнжараның бірнеше түрі бар. Зығыр күнжарасы жылы суда бөртіп, пектин
заттарынан тұратын кілегей түзетін, өте сіңімді құнды мал азығы. Сүтті
қаймағынан айырмай пайдаланған жағдайда сауын сиырға тәулігіне 4 кг-ға,
сүтті сары май алу үшін пайдаланғанда 2,5 кг-ға дейін зығыр күнжарасын
беруге болады. Күнбағыс күнжарасы қоректік және сіңімділігі жағынан сапасы
зығыр күнжарасына жуық, малға беру мөлшері де сондай. Соя күнжарасының
белогы мол, құнды және сіңімді, малға беру мөлшері зығыр күнжарасындай,
әсіресе, төлге пайдалы. Мақта күнжарасының құрамында госсипол деген улы зат
бар, сондықтан оны 2 сағат бойы құрғақ буда қыздырады не ыстық суға
бұқтырады. Жүгері күнжарасы малдың барлық түріне беруге болатын азық. Сиыр
мен шошқаға көп бермейді, өйткені сиыр сүтінен алынатын май және шошқа
етінің майы жұмсақ болады. Көкнәр күнжарасы дәмі сүйкімді, сіңімділігі
жақсы азық, сиырды бордақылауға тәулігіне 1 кг-ға дейін беріледі. Күнжіт
күнжарасы да құнды мал азығы, барлық мал түлігіне беруге болады. күнжараның
қай түрін, қанша беру мал жасына, күйіне, қандай өнім алу мақсатына
байланысты белгілі мөлшерде тағайындалады. Күнжара құрамында мал
денсаулығына зиянды, кейде тіпті улы заттар болуы мүмкін. Мысалы зығыр
күнжарасында линамарин глюкозиді, күнбағыс күнжарасында антитрипсин, рапс,
қышабас күнжарасында синигрин және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану себептері
Малдардың улануы
Химиялық заттардан уланулар
А витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы
Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Жылқыны азықтандырудың негізгі көрсеткіштері
Органикалық қосылыстардан май өнімін алу
Пәндер