Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І. Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
1.1. Сыртқы ортаның кері әсерлерінің нәтижесінде туындаған қазіргі
таңдағы экологиялық
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5-9
1.2. Қышқылдық жауын—шашындардың экожүйеге тигізетін әсері ... ... .10-12
ІІ. Қышқылдық жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері
2.1. Қышқылдық жаңбырдың әсерінен пайда болған Қазақстанның
қолайсыз экологиялық
аймақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3-17
2.2. Қышқыл жаңбырдың қоршаған ортаға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...18-21
ІІІ. Қышқылды жаңбырдың озон қабатына және адамдарға тигізетін әсері
3.1. Қашқылды жауын шашынның адам денсаулығына әсері ... ... ... ... ... .22-
24
3.2. Озон қабатының
бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25-27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28-29
Пайдаланылған əдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30-
31

КІРІСПЕ
Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде элекрт өрісінің
әсерінен түзілетін оксид түрінде ғана қабылдайды. Сулы ортада немесе
топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл-жасыл балдырлар
атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтап биогеохимиялвқ
циклдарға қажетті түрге айландырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге
қажетті азот қосылыстары топырақтағы оргнаикалық қалдықтардың ыдырауынан да
пайда болады. Табиғатты азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен
тығыз байланысты.
Адам үшін орта жағдайларының организмнің генетикалық алдын ала сәйкес
келу заңы орындалады: организм түрлері оны қоршаған табиғи ортада осы
түрдің бейімделуінің генетикалық мүмкіндіктеріне ортаның ауытқулары сәйкес
келгенде ғана тіршілік ете алады. Тіршілік ортасын күрт өзгерту түрдің
генетикалық мүмкіндіктердің тіршіліктің жаңа жағдайларына бейімделуі үшін
жеткіліксіз болып шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұның өзі түрдің жойылып
кетуіне әкеледі. Осыған байланысты адамның табиғатты өзгертуі қазір
тіршілік етіп отырған түрлер үшін оның ішінде ерекше биологиялық түр болып
табылатын адамның өзі үшін де аса қауіпті.
Адамның шаруашылық іс- әрекетінің салдарынан көшктхана эффектісі, озон
қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар
тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардыңмөлшері өсуде. Атмосфера мен
жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып
отырады. Атмосфера арқылы жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады.
Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады.
Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластушы компоненттерін
атмосферда көп мөлшерде ьолуы биогеохимиялық циклдардың бұзылуына әкеп
соғады. Атмосфера ластанған жағдацда жаңбыр суына онда еріген азот және
күкріт
Оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де қышқыл жаңбыр немесе
тұзды жаңбыр жауады, тұмща да орын алады.
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса
маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан
астам уақыт бойы бөлiнiп отыр.
Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен
ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын
келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына
қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен
зиян келтiредi.
Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды
əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн
тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт
қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге
жауады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Экожүйедегі қышқыл жауын-шашынның әсері
туралы түсінік алу. Алған білімдерді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері: Сыртқы ортаның кері әсерлерінің
нәтижесінде туындаған қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар, қышқылдық
жауын—шашындардың экожүйеге тигізетін әсері және қышқылдық жаңбырдың
әсерінен пайда болған Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтары туралы
түсінік беру.
І. Экологиялық проблемалар және қышқылдық
жауындардың пайда болуы
1.1. Сыртқы ортаның кері әсерлерінің нәтижесінде туындаған қазіргі таңдағы
экологиялық проблемалар

Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар табиғаттың
дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар табиғатқа тәуелді
болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді. Адамдарды табиғат биледі.

Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс
адамдардың қатысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда,
болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған
ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Бірақ, қазіргі кезеңде адамдар
мен табиғат арақатынастары өте шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі
халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті
дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан
табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған
ортаға тигізетін зияны жоғарлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар
елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына
кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, бұзылған
табиғи ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы
және абройлы міндеті болып саналады.
Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара
қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып
қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің,
байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да
үйренді.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны
сақтауға, оның бүлінбеуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық
мүмкіншілік береді.
Үнемі табиғаттың жағдайын нашарлатып, байлықтарын шашып-төгіп
пайдалануға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін
ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін
де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор. Биосфераның тепе-теңдігін
бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда
боуына мүмкіндік туғызады.
Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның төзімділік шегінен асып
кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына бағынбаған адамзатты өз
қыспағына алуда.
Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін
негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы
қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен
озон қабатының бұзылуы.
СМОГ- үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде
ластануы.
СМОГ – тың екі түрін ажыратады:
1. Атмосферада µнеркәсіптердің газдық қалдықтары мен түтінінен тұратын
қою тұманның түзілуі.
2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп,
тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып
тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН
(пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40%
құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-
Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-
әлсін байқалып тұрады.
Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. Қышқылдық
жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус
Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен
азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни
атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы
мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа
құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі.
Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты
өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің
қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі.
Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді
факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей
немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен
өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың
топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян
келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі
1мгм куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап,
тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді.
Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық
элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне
әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр
металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар
организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген
аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН
өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде
өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер
ғана тірі қалады.
Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер
арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының
нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа
шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн
радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8% күн
радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер
жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта
антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар
күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон,
су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын
күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа
шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған
байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары
болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол
жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте
негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының жылулық
эффектілігін туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%,
СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы
концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы-
0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-
0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен
Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа
жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді.
Біздің онсыз да қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті
қолайсыз болуы мүмкін.
2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 кµтерілуі
мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп
еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге
көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың
астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің
- 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген
зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС жылынатынын
анықтаған.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына
да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және
одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады.
Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер
өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының
деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот
қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон молекуласын, ал азот
оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың
қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар (әскери
ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды;
ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом
жарылыстары. Бір Шаттл ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 %
(100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон
қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген
факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады
деген болжам айтылуда.
1.2. Қышқылдық жауын—шашындардың
экожүйеге тигізетін әсері

Қышқылдық жауын—шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос
оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті
қышқылының ерітіндісіне айналады.
Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы
мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да
қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді.
Қышқылдық жауын — шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің
улесі 70%. Қышқылдық жауын — шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін
қосады.Алғашқы қышқылдық жауын — шашындар 1907-1908 жылы Англияда
байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген.
Қышқылдық жауын—шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл
жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде
ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын—шашындар Скандинавия
елдері Англия, Бельгия,Дания , Польша елдеріне тән.
Қышқылдық жауын—шашындар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге,
архитектура ескерткіштеріне,ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді.
Қышқылдық жауын—шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік
аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және
сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы
заттар болмайды.
Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің
шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл
жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді.
Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді
балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар
түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу
туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да
жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH5,6) болатындығы ауа құрамында
өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне
байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының
қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға
ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары
жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман
ағаштары өспей, солып қалады..Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары
күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және
азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар
қышқылданады.Әдетте рН 5,6 кем болса жауын- шашын қышқыл жаңбыр деп
аталады.Күкірт және азот оксидтері металургия өндірісінде және көмір, мұнай
мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт
оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді автомобиль көлігінде
жанармай жанаған кезде түзіледі.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бір тонна
отын жанғанда , жылу электр станциясында орта есеппен 150кг, ал автомобиль
моторында 1кг бензин жанғанда , 270 г ластағыш заттар бөлінеді. Көмірді
және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада күкірт
триоксидіне дейін тотығады.Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп ,
күкірт қышқылын түзеді.

2SO2 +О2 → 2SO3
SO3 +Н2О→ Н2 SO4
Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады.
Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.
2 NO + O2 →2 NO2
4 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 Н NO3

Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне
қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың
еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға
алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мгл
балықтар үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл
жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі
нашарлайды. Ал орман – табиғат санитары.

ІІ. Қышқылдық жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері
2.1. Қышқылдық жаңбырдың әсерінен пайда болған
Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтары
Қазақстан Республикасындағы өндіріш күштерінің ұзақ жылдары бойы дамуы
оның экологиялық зардаптарының қалай әсер ететіндігі ескерілмей жүзеге
асырылды.
Түсті және қара метолургияның, химялы, мұнай өнеркәсіптерінің , авто
көліктің қарқымды байланысты, ауа бассейніне, адам организіміне тигізетін
әсері елеулі қауіпті заттар қорғасын және оның қосылыстары болып саналады,
3,4 – бенз(а)пирен, күкірт қышқылы, көмір қышқыл газы, азот және күкірт
тотықтары, көмір сутектер, сынақ, кадмий, фтор қосылыстары секілді
заттардың түсуі көбеюде.
Атмосфералық ауаның металдармен жоғары деңгейде ластануы Қазақстанның
ірі өнеркәсіптік қалаларында (Өскемен, Лениногорск, Зырьяновск, Шымкент,
Жамбыл, Теміртау, Алматы) байқалады.
Қоршаған ортаның көптеген бастаушылардың басым бөлігі улы химиялық
заттарға жатады. Олардың адамға тигізетін қауіпті әсері және қоршаған
ортаға таралуы арасында ауыр металдар ерекше орын алады.
Тірі организмдердегі өте аз мөлшерде шоғырланған (миллиграмм,
микрограмм) металдар – микроэлементтер деп аталады. Адам мен жануарлар
организдерінде микроэлементтер әр түрлі органдар мен ұлпаларда (қан, сүйек
ұлпасы, бауыр) табиғи физиологиялық мөлшерде болады.
Алайда әр түрлі өнеркәсіптің (түсті және қара металургия, химия, мұнай-
газ өнеркәсіптері) дамуына пеститциттер мен тыңайтқышатарды пайдаланудың
арта түсуіне байланысты микроэлементтердің аса мол көлемінің халыққа
тигізетін әсері де арта түсті. Микроэлементтер көбейген сайын олар көп
мөлшерде улы заттарға айналады.
Адам организіміне гонадоулылық әсер етуінің мүмкіндіктері металдар
бойынша былайша орналастырады: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс, Барий, Никель,
Мырыш. Нейроулылық әсер етуі бойынша: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс, Барий,
Никель, Мырыш; нефротоксикалық әсері бойынша: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс,
Никель, Мырыш.
Көптеген химиялық қосылыстардың мутагендік және бластомогендік
әрекеттері болады. Қатерлі ісік (рак) кезедесу жағдайлары 80-нен 90 пайызға
дейін қоршаған орта факторлармен байланысты.
Кадмиймен ластанған өнімдерді тамаққа пайдалану Итай-Итай ауруымен,
сынаппен ластану – Минамата ауруының, полийхлорлық бифениламинмен ластану
– Юшо ауруының туындауына себепкер болады. Ауыр металдарының улылығына
көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде олардың бір-бірімен өзара
әрекеттесуіде осыған жол ашады.
Қалаларда атмосфералық ауаның күкірт пен азот тотықтарымен жедел
ластануы қышқылды жаңбырлардың көбеюінен әкеліп соқты. Қышқылды жаңбырлар
ауада топырақ пен шөптерге шөккен бір қатар металдардың ерігіштігін
арттырады және олардың улы (жылжымалы) түрлерінің пайда болуына ықпал
жасайды. Олардың су қоймаларына, өсімдіктерге, адам және жануарлар
организіміне судағы тіршілік организдеріне (Бентос) енуін жылдамдатады.
Қышқылды су қоймаларындағы балықты тағамды пайдалануға болмайды, өйткені
балықтар организімінде металдар көп мөлшерде жинақталады.
Адамның тағамдық мәзірінде мыстың белгілі бір мөлшерінің организмде
жеткіліксіз болуы да, артық болуы да мүмкін, ол тағамда молибденнің болуына
тәуелді. Адамның қан плазмасындағы мырыштың шоғырлануының өзгеруі мыс
шоғырының қарама қарсы өзгерістеріне әкеліп соғады. Мырыш пен мыс
шоғырларындағы қатынастардың өзгеруі организмде қабынулар, қатерлі ісіктер
және бауыр аурулары болғанда байқалады. Организмге түскен қорғасын мен
мырыштың аз мөлшері басқа микроэлементтер (мырыш, мыс, темір)
концентрацияларының өзгеруіне әкеледі, ол қорғасын мен кадмийдің улылығының
ерте білінуі арқылы сипатталады. Организдегі калций жетіспеушілігі ас
қорыту жолында қорғасын тез сорылып сіңірілуіне және оның организмнен
шығуының азаюына ықпал жасайды. Мырыш жетіспеушілігі организмде қорғасын
улылығын күшейтеді. Эритроциттердің қорғасынды сіңіруіне ингибициялық
(басушы) әрекеті болады.
Қазіргі уақытта қоршаған орта нысандары ластануының интегралдық
көрсеткіштері түсті металлургия, мұнайгазконденсат кен орындары және
Қазақстанның ракета – ядролық сынақ полигондары аймақтары үшін өңделіп
жасалған.
КСРО құламай тұрған кезде әскери өнеркәсіптік кешен үшін негізгі нысан
болып саналған Қазақстан аумағының үштен бір бөдігінде соңғы жылдары
күрделі әрі қаупті экологиялық жағдай қалыптасты. Мәселен, ҚР-ның Батыс
Қазақстан, Атырау облыстарының және РФ-ның Астрахань, Волгоград
облыстарының аумақтары қиылысында 50 жылдай үш сынақ полгиондары әрекет
жасауда. Олар: Азғыр атом полигоны, Мемлекттік ұшақ – сынақтық (Ақ төбелек)
және Мемлекттік орталық полигон (Капустин Яр).
Осы жерде балистикалық ракеталар ұшырылады, заман техникалары аталған
ұшақтар сыналады (МИГ, ТУ, СУ ұшақтары), АҚҚ (ПВО) жүйесі шыңдылды, соның
ішінде ядролық қаруланған ракеталар атқылануда. 1989-1990 жылдары орташа
алыстық РСД – 10 ракеталарының жойылуы ічске асырылды. Сөйтіп Қазақстанда
Капустин-ЯР полигоны 1946 жылдан қызмет атқарады, онда Россияның Қорғаныс
Министрінің деректері бойынша 11 ауалық және биіктік жарылыстар
жүргізілген.
Сондықтан қазіргі уақытта қоршан орта ластануының бағалаудың
көрсеткіштерін өңдеу гигиена ғылымы міндеттерінің бірі болып отыр. Осындай
көрсеткіштер қорган орта нысандарының нақты ластануы мен тұрғындар
денсаулығы жағдайының арасындағы сандық тәуелділіктер негізінде
еспетелінеді.
Қазіргі жағдайларда адам кең ауқымды қолайсыз факторлардың әрекетіне
ұшырауда. Олардың аралас, кешенді, қабаттасып куелетін әрететері болады.
Сондықтан бірінші кезекті – қоршаған орта сапасын бағалау көрсеткіштерін
негіздеу екендігі түсінікті.
Бағалау көрсеткіштері кешенді болуы керек, яғни зерттелетін ортаның
(атмосфералық ауа, су, топырақ) зиянды химиялық ингредиенттерінің
мүмкіндігінше көп санын көрсеткен жөн.
Атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануының тура зерттеу мен
қатар, оны басқа нысандар арқылы зерттеуге болады. Мысалы, биологиялық
нысандарды зерттеу арқылы (өсімдіктер, жануарлар органдары биоорталар).
Қоршаған ортаның көптеген химиялық ластаушылардың бағалауда адамға
қауіптілігі бойынша бірінші орындарда ауыр металдар мен радиомуклидтер тұр.
Олардың улылығынан (1-2 қауіптілік класстары) басқа, олардың көбінің
мутагендік, концерогендің эмбриогонадотоксикалық әреттері болады. Сондықтан
қоршаған ортада ауыр металдар мен радионулидтердің күрделі қоспалары
көрсетілген әсерлердің пайда болуы қаупін күшейтеді және ластаушыларды
кешендік бағалау қажеттігін анықтайды.
БДҰ сарапшылар Комитетінің ұсыныстарына (1981) сәйкес комбинациялық
әрекет типтерінің мынадай негізгі анықтамалары қабылданды.
а) аддитивтік әрекет-химимялық заттардың жинақталған мындай түрі
кезінде олардың бірлескен әсері организмде оқшаулана әсер ету кезіндегі
заттардың әр қайсысының жиынтық әсеріне тең болады;
б) аддитивтік әрекеттен артатын потенцияланған әрекет- химялық
заттарды жинақталған өзіндік түрі, мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи катаклизмдер
Қышқылдық жаңбыр
Қоршаған табиғи орта және адам
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Қоршаған ортаға антропогенді әрекет
Жауын-шашын
Қышқылдық жауынның пайда болу механизмі
Гидросфералық қауіпсіздік
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Пәндер