Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

«Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Қабандарды азықтандыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қабандар мен мегежінді азықтандыру нормасы мен

рациондардың ұрылымы . . . 10

2. 2. Өнеркәсіп кешені жағдайында тұқымдық қабандарды

азықтандыру . . . 15

2. 3. Бордақылаудағы шошқаны азықтандыру . . . 18

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30


І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55%, шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек.

Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т. б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.

Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.

Курсық жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен алған білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын, соның ішінде қабанды (шошқаны) толыққанды азындандырудың ерекшеліктерімен тәжірибесін оқып білу.

Курстық жұмыстың мақсатына жету жолында келесі міндеттер орындалады:

  1. Қабандарды азықтандыру техникасы туралы түсінік беру;
  2. Қабандарды азықтандыру типтері, ондағы құнарлы жем үлесін анықтау;
  3. Қабандардың қоректік заттарға, азықтандыру межесіне қажет талаптармен танысу.

1. 1. Әдебиетке шолу

В. Ф. Лемештің (1971), Р. Дмитриевтер (1972) зерттеулері сүрлем салынған жоңышқа көптеген жоңышқа көптегенамин қышқылдары азаятынын көрсетеді.

И. А. Богданов, (1918) өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы белоктан организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк азықтың және тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін зерттеді.

Мырзабеков Ж, Ибрагимов П (2005) ғалымдарының зерттеуі бойынша азықтың зоогигиеналық маңызында малды азықтандыру - олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денег жаңа ұлпалардың тқалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.

А. Ф. Кузнецов бойынша (1986) азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын өте қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан айырылып, ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағынан жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне, сондай - ақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің қалпына келуін 2-3 ай кідіртуге әкеліп соқтырады.

Соколов. Г. Зерттеуі бойынша (1982) улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасында кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен -ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т. б. ) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болады.

Муслимов Б. Б., Гершун В. И. зерттеулерінде азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шараларын қарастырған. (1994) Азыққа удың түсу жолдары. Пестицидтер - өте кең таралған қуатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі.

Лебедов «Мал өсіру гигиенасы» кітабындағы еңбегінде әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы туралы пікірі (1990) өсімдікте әрқашан әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, дрождар, актиномицеттер өмір сүреді. Ал жаңадан орып жиналған және сапалы дәнді дщақылдар құрамында, көбінесе кокк таяқша формалы бактериялар болады. Спора құрайтын бактериялар ішінде көбінесе, Pseudomanas herbicola түрдегі өкілдер жиі кездеседі. Жаңадан орылып жиналған және сапалы азық құрамында аталмыш бактериялар, басқа бактерияның барлық түріне қарағанда 92-95 пайыз құрайды. Бұл бктериялар дәнді бұзбайды және оның сапасын төмендетпейді. Дәнді дақылды қамбада сақтағанда оның құрамындағы Pseudomanas herbicola бактериясын саңырауқұлақтар мен кокки бактериясы ығыстырып шығарып тастап отырады.

Лаптаев А. П. Поливский С. А. зерттеулеріндегі ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасында (микотоксикоздар) (1990) 200-ден аса улы метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 ден аса түрі белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму кезінде азық сапасын және оның азықтық құндылығын төмендетеді.

Наурызбаев И. Б. «Мал және мал шаруашылығына мал қорасының гигиенасы» еңбегінде азық цехына, азық дайындау құрал -жабдықтарына қойылатын санитариялық -гигиеналық талаптары бойынша (1991) мал азығына арналып дайындалған жем -шөпті азықтандыруға яғни малға жегізуге алдын - ала дайындап, желінуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады. Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1кг күнжараға 0, 5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды.

Топорова Л. В. ( 2004) қабанды өсірудегі ең бір көкейкесті мәселелердің бірі сапасыз мал азығы болып табылады. Осы жағынан көптеген адамдар қатты шатасады, себебі олар шошқалар нені болса да жей береді деп ойлайды. Бұл тұжырым дұрыс емес, шошқаларға теңгерімді және дәрумендік азық қажет болады. Сонымен бірге, азықтың құрамы шошқаның шығу тегі мен жасына қарай айырмашылықта болады. Орташа статистикалық мәліметтерге қарағанда, 300 басты шошқа үйіріне жылына 300 мың тонна астық пен 3 тонна азықтық қоспалар қажет болады екен. Әдетте азықтарды дайындау мәзірлері барлық кәсіптік құрама жем зауыттарында болады, бірақ шошқа өсіру бойынша бай тәжірибесі бар аграршылар өздерінің жеке мал азығы рецептерін құрастырады.

Омарқожаев Н. О. (1993) шошқа өсіру фермасына қажетті бастапқы шығындар АҚШ 90- нан 150 мың долларына дейінгі соманы құрайтын қомақты қаражатты қажет етеді. Оның үстіне, салымның орнының толтырылуы үш немесе төрт жыл мерзімінде ғана жүзеге асады. Сонымен бірге, шошқа өсірумен айналысатын аграршылдар істі 300-400 шошқа басынан бастауға кеңес береді, себебі бұл өте тиімді мал саны болады. Бірақ, егер де айналым қаражаты жеткіліксіз болса, жүз бас шошқамен де істі бастауға болады, бірақ онда жобаның орны толуы ұзақ мерзімге созылып кетеді. Кез- келген жағайда шошқа фермасында шошқаларды араластыру келесі сәйкестікте болу керек: жалпы мал санының 50%-ын ұрғашы шошқаның басы құрау керек, осы ұрғашы шошқаның жалпы санынан 7-8%- ын тұқымдатқыш қабандар құрау керек, басқа бастарды етке сату мақсатымен бордақылау да ұстау қажет. Ол салынған қаржылық ресурстардың тез арада орнын толтыруға мүмкіндік береді.

Баканов В. Н., Менкинь В. К. (1989) шошқа өсіру - өте пайдалы бизнес, себебі шошқалар өте жоғары өнетіндігімен және басқа жануарларға қарағанда тез өсу қарқынымен айрықшаланады. Мысалы, сойғанға дейінгі салмақтағы шошқаны өсіру үшін, бірнеше ай ғана қажет болады, ол осы бизнестен қайтарымды тез алуға мүмкіндік береді.

Калашникова А. К., Клейманов А. К. ( 1985) Азықтың санитарлық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. Өңдеудің ең қарапайым түрі жем - шөпті дайындау барысында кептіру, яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем - шөпті сақтауға негізінен кептіру жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады. Мұндай өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп - өнбейді, олар микотоксин, түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның ылғалдылығын жоғарлатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі қызуы 30-50 градус асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.

Т. С. Садыкулов, А. Б. Байжұманов, К. Н. Бегімбетов, (1998) қабан азықтандыруда рационында мырыш жетіспесе зат алмасу бұзылып, төлдің өсіп - жетілуі кешеуілдейді, мал бедеу болады, жүні түсе бастайды, тері аурулары шығады. Бұзаулар енесін еміп жүрген кеғзде мырыш жетіспесе пеллагра тәрізді дерматит немесе терінің паракератоз ауруы туындайды.

А. А. Төреханов (1995) мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1кг күнжараға 0, 5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды.

И. А. Чижик (1979) шаруашылықтарда мал азығының консервілеу жүргізіледі. Ол үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын, бензол қышқылдарын және т. б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылып келеді. Әрбір консервантты таңдағанда саңырауқұлақтардың токсин шығаратын қабілетін ескерген жөн және сол таңдап алынған консерванттың әрбір саңырауқұлақ түрінің өсіп - өнуіне жол бермейтін қасиеттерін еске алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ уақыт өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты өңдеу нәтижесі мүлде аз немесе тиімсіз болуы ықтимал.

Л. К. Эрнст Н. А. Кравченко (1987) азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55%, шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т. б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қабандар мен мегежінді азықтандыру нормасы мен рациондардың құрылымы

Төлдердің саны және сапасы айтарлықтай дәрежеде аталықтардың физиологиялық әлеуетіне байланысты. Ұзақ уақыт бойы шағылысқа түспеген кезенде, қоректік заттардың барлық түрінің мөлшерін азайту ұсынылады. Сақа аталықтар үшін тірілей салмағы 200-250 кг болғанда - 10%-ке, ал тірілей салмағы 250-350 кг болғанда - 20%-ке азайтылады. Өсіп келе жатқан жас аталықтар үшін 100 кг тірілей салмағына 2 азық өлшемін қосады.

Күніне бір бас аталық шошқаны азықтандырудың мөлшері мына ретте болады.

Көрсеткіштері
Тірілей салмағы, кг
151-200
Көрсеткіштері: Азық өлшемі
Тірілей салмағы, кг: 3, 6
Көрсеткіштері: Алмасу энергиясы, мДж
Тірілей салмағы, кг: 39, 9
Көрсеткіштері: Құрғақ зат, кг
Тірілей салмағы, кг: 2, 81
Көрсеткіштері: Шикі белоктың зат, г
Тірілей салмағы, кг: 556
Көрсеткіштері: Сіңірімді белоктың зат, г
Тірілей салмағы, кг: 436
Көрсеткіштері: Лизин, г
Тірілей салмағы, кг: 26, 7
Көрсеткіштері: Метионин+цистин, г
Тірілей салмағы, кг: 17, 7
Көрсеткіштері: Шикі клетчатка, г
Тірілей салмағы, кг: 197
Көрсеткіштері: Ас тұзы, г
Тірілей салмағы, кг: 16
Көрсеткіштері: Кальций, г
Тірілей салмағы, кг: 26
Көрсеткіштері: Фосфор, г
Тірілей салмағы, кг: 21
Көрсеткіштері: Темір, мг
Тірілей салмағы, кг: 326
Көрсеткіштері: Мыс, мг
Тірілей салмағы, кг: 48
Көрсеткіштері: Мырыш, мг
Тірілей салмағы, кг: 244
Көрсеткіштері: Марганец, мг
Тірілей салмағы, кг: 132
Көрсеткіштері: Кобальт, мг
Тірілей салмағы, кг: 5
Көрсеткіштері: Йод, мг
Тірілей салмағы, кг: 1
Көрсеткіштері: Каротин. мг
Тірілей салмағы, кг: 33
Көрсеткіштері: Витамин А, мың х. ө
Тірілей салмағы, кг: 16, 5
Көрсеткіштері: Д, мың х. ө.
Тірілей салмағы, кг: 1, 6
Көрсеткіштері: Е, мг
Тірілей салмағы, кг: 132
Көрсеткіштері: В1, мг
Тірілей салмағы, кг: 7, 3
Көрсеткіштері: В2, мг
Тірілей салмағы, кг: 16, 3
Көрсеткіштері: В3, мг
Тірілей салмағы, кг: 65
Көрсеткіштері: В4, мг
Тірілей салмағы, кг: 3, 3
Көрсеткіштері: В5, мг
Тірілей салмағы, кг: 228
Көрсеткіштері: В12, мг
Тірілей салмағы, кг: 81

Аталықтардың рационының құрамында - қоректілігі бойынша 85-90% жем болады (концентраты) оның 20%-ке дейінгісі бұршақ, 10-12%-ті жануар тектес азық 5%-ке дейінгісі - шөп ұны. 10-15%-ке дейін - шырынды немесе көк азықтар. Егер өнеркәсіптің әзірлеген жануар тектес азықтары жоқ болса, онда 1 кг жемге (ковдентратқа) 1 л дейін сүт пайдаланылады.

Аталық шошқаның рационында: арпа - 0, 5 кг, сұлы - 0, 5 кг, жүгері - 0, 6кг, бұршақ - 0, 5кг, шөп ұны - 0, 1кг, күнбағыстын майы алынған калдығы (шрот) - 0, 4кг, балық ұны - 0, 1кг, түйнекті жемістілер мен тамыр жемістілер - 2кг, қаймағы алынған сүт - 1, 4кг, ас тұзы - 17 г, қоректік заттар коспасы - 27 г (премикс) .

Тірілей салмағы - 200-250 кг болатын бір аталық шошқаның бір күндік рационы.

Көрсеткіштер
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері
Жаз кезінде
Жем-картоп
Жем-тамыр жемістілер
Жем
Көрсеткіштер: 1
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 2
Жаз кезінде: 3
4
5
Көрсеткіштер: Арпа, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 5
Жаз кезінде: 0, 5
0, 6
0, 4
Көрсеткіштер: Сұлу, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 5
Жаз кезінде: 0, 5
0, 5
0, 2
Көрсеткіштер: Бидай, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 6
Жаз кезінде: 0, 6
0, 6
0, 9
Көрсеткіштер: Жүгері, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 5
Жаз кезінде: 0, 5
0, 7
0, 7
Көрсеткіштер: Бұршақ, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 1
Жаз кезінде: 0, 1
0, 1
0, 2
Көрсеткіштер: Шөп ұны, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 4
Жаз кезінде: 0, 4
0, 4
-
Көрсеткіштер: Күнбағыстың майы алынған қалдығы, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 1
Жаз кезінде: 0, 1
0, 1
0, 1
Көрсеткіштер: Балық ұны, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 0, 2
Жаз кезінде: 0, 2
0, 2
0, 2
Көрсеткіштер: Қаймағы алынған сүт, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 1, 4
Жаз кезінде: 1, 4
1, 4
1, 4
Көрсеткіштер: Буланған картоп, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 1, 2
Жаз кезінде: -
-
-
Көрсеткіштер: Сәбіз, қызылша, кг
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: -
Жаз кезінде: 2
1, 4
-
Көрсеткіштер: Құрама азық қоспасы, г
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: -
Жаз кезінде: 13
13
10
Көрсеткіштер: Ас тұзы, г
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 17
Жаз кезінде: 17
17
17
Көрсеткіштер: Қоректік заттардың қоспасы, г
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: 35
Жаз кезінде: 35
35
35
Көрсеткіштер: Кебек
Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері: -
Жаз кезінде: 10
10
-

Мегежіннің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағы мен физиологиялық ахуалына байланысты өзгереді. Мысалы, қысыр мегежіннің күйін келтіру үшін ұрықтандырудан 10-14 күн бұрын азықтандыру деңгейінің жалпы қоректілігі 25-30% (негізгі азықтандыру нормасына қосымша 0, 5-0, 6 а. ө. -не) жоғарылатылса, мегежін буаздығының соңына қарай оған қоса және 15-20% (0, 3-0, 4 а. ө. ) жоғарылатылады.

Шошқаның 2 жасқа дейінгі өсетінін ескеріп жас мегежін азықтандыру деңгейін оның салмақ қосып, жетілуіне 1 кг қосымша салмаққа 4 а. ө. (44, 2 МДж АЭ) есебінен өсіреді. Екі жасқа дейінгі мегежінді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай тірілей салмағы 181-200 кг мегежін азықтандыру нормасымен қоректеңдіреді.

Жақсы күйлеп, дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 14 күн қалғанда 100 кг тірілей салмағына шаққанда сақа мегежінге - 1, 5-1, 8 кг, екі жасқа дейінгі жас мегежінге - 1, 8-2, 4кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Азық құрғақ затының әр 1 кг-да - 1, 5 а. ө., 105 г қорытылатын протеин, 6 г лизин, 140 г «шикі» жасұнық, 5, 8 г ас тұзы, 8, 7 г кальций, 7, 2 г фосфор, 11, 6 мг каротин, 7 мг В, 23 мг В 2 , 1, 16 мг В 3 , 29 мг В 4 , В І2 витаминдері болуға тиіс. Мегежіннін тым семіруінің де нөтижелі ұрықтануға кері әсер ететінін ескереді.

Қозы көтеріліп, күйі келген мегежін нәтижелі ұрықтанғаннан кейінгі 114 тәуліктен соң әрқайсысының салмағы 1, 2-1, 3 кг тартатын орташа 10-12 торай туады. Мұншама көп төлдің эмбрионалдық өсіп дамуына мегежін денесінен көптеген органикалық және минералдық заттар жұмсалады. Айталық 10-12 бас торайдың эмбрионаддық дамуына 1, 5-1, 7 кг белок, 150-160 г кальций, 80-85 г фосфор жұмсалуын қамтамасыз ету үшін мегежін денесіндегі қоректік заттар қорын 1, 5-2 есе молайтып, оны азықтандырудың жалпы энергетикалық қуаттылығын 25-45% өсіреді. Ол үшін 100 кг тірілей салмағына шаққанда 2 жасқа дейінгі буаз жас мегежінге - 1, 8-2, 4 кг, 2 жастан асқан сақа мегежінге - 1, 2-1, 6 кг, торай емізетін мегежінге 3 кг құрғақ зат жеткізеді. Оның 1 кг-да қысыр және буаз мегежін ғандағы 9% көлемінде болатын торай қанындағы гемоглобин мөлшері екі аптада 3-5% дейін төмендеп, торайлар алиментарлық қан азаюына, яғни анемияға ұшырайды. Олардың анемияға шалдығуына қанында эриторциттердің аз болуы да көмектеседі. Анемияға шалдықтырмау үшін жаңа туылған торайға темірге бай қызыл топырақ (красная глина) жегізіп, қажетті жағдайда 2-3 күндігі мен 3 апталығында темірі бар ферродекс (басына 2 мл) немесе уразоферан (басына 5 мл) ерітінділерін егеді. Өмірінің алғашқы күнінен бастап кальций-фосфорлық қосынды ретінде преципитат, азықтық фосфат беріп, 0, 5% күкірт қышқылды темір мен мыс ерітіндісін жалатады.

Туылғаннан кейінгі 3 аптада торай қоректік мұқтаждығы ене сүтімен қанағаттандырылып, 1-ші он күнде тірілей салмағын 2, 5 есе, 1 айда 5 есе, ал енесінен ажыратылатын 2 айлығында 15-18 есе ұлғайтады. Тез арада өсіп, жылдам жетіліп, қомақты салмақ қосуы үшін торайды енесін емізумен қатар ертерек қосымша азықтар жеуге үйретеді. Оларға алдымен қуырылып ұнтақталған арпа, жүгері дәнін, минералды қосындыларды (кальцийге бай бор, темірге бай қызыл топырақты) жекелеп таза науаға салып қояды. 6 айға дейінгі торай желінген жемшөп каротинінің кашар игеретіндіктен, азығының А витаминімен қамтамасыз етілуі көзделеді. Ас қорыту жолының кілегей қабытын қабындырмау үшін торай азығының құрғақ затындағы ас тұзының мөлшері 0, 34-0, 4%-дан аспауы керек.

Торай азықтандыруға шығарылған арнайы құрамажемге оларды 10-15-күндігінен 20-25 г жегізе бастап, 16-20-күндігінде - 50 г, 21-25-күндігінде - 100 г, 26-30-күндігінде - 225 г, 31-35-күндігінде 350 г жегізеді де, содан арғы әр 5-күндік сайын берілетін жем көлемін 100 г көбейте отырып, 2 айда бір басқа 20 кг жұмсайды.

Екі айдан кейін тірілей салмағы 20-40 кг жеткенше торай салмақ қосуының тежелмей тәулігіне 400-450 г деңгейі де сақталуы үшін қоректенуін енесінің сүтінен біртіндеп өсімдік жемшөпке ауыстыру қажет. Ол үшін азықтандыруды жасына байланысты торай денесіндегі зат алмасу өзгерістерін ескере отырып жүргізу қажет.

Ол өзгерістер денедегі түзу бағытына ықпал етеді. Жас торай денесінде желінген азық энергиясы белок түрінде (тәулігіне 80-100 г көлемінде) байланатын болса, өскен сайын денедегі белок түзуі бәсеңдеп орнына май түзуі артады. Сондықтан азықтандыру қоректілігін де денедегі осы биотүзу бағытын ескере отырып ұйымдастырады.

Алғашқы үш аптада негізінен ене сүтімен қоректенген торай 1 кг салмақ қосу үшін 1, 5-4 кг сүт қажет етеді. Демек, бұл кезеңде жаңа торайлаған мегежіннің барлық туылған торай басын сүтімен жеткілікті қамтамасыз еткізудің маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабандарды азықтандыру нормасы мен рациондардың құрылымы
Шаруашылықтағы тұқымдық 6 айдан кейінгі бұзауларды азықтандыру
Көк азықтармен азықтандыру
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін азықтандыру
Қабандарды азықтандыру ( шошқа)
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Ірі азықтар
Ірі қара мал гигиенасы жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz