Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ ПРОЦЕСІНДЕГІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,
Кұрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп
отырмыз. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетіп,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет.
Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,
әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты,
парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі
таңдағы баға жетпес міндеті.
Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып,
шыңдап, жол сілтеп, Адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру
үшін не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл,
ізденімпаз ұстаз керек.
Нағыз сабақ – ол әрқашан сұхбат, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе,
шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді
жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып
табылады. Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын деңгейге
жеткізу.
Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін
арттырғандығымен де, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны мен
нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына
бағытталған. Олар: коммуникативті технологиялар, дамыта оқыту
технологиялары, ойын әдістері және т.б.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа
әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану
басты назарда болып отыр. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілеттерімен тілге деген қызығушылықтарын
арттырып білім сапасын көтеруде. Дамыта оқытуды ұйымдастыру – балаға ақыл-
ой әрекетін меңгеруге жағдай жасай білу, яғни бұл кезде мұғалім дайын
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымды іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала
интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын, өзін-өзі бақылау қабілеттерін
дамытады, шығармашылықпен ойлап, өз бетінше тұжырымдар жасау, дерексізден
нақтыға көше алу, байқампаздық қасиеттері дамиды.
Дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болса, дамыта
оқыту нәтижесінде субъект ретінде алға шығады. Яғни ол айналадағы іс-
әрекетке өз әсерін тигізе алатындай дәрежеге жетеді.
Дамыта оқыту технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары
қиындықта оқыту. Бұны ұсынған Л.В.Занков қиын тапсырмалар беріп, баланың
миын жұмыс істеуге үнемі ынталандырып отырғанда ғана оның ақыл-ойын жоғары
деңгейге дамытуға болады деп есептейді. Ал дәстүрлі оқытуды ұстанушылар
қиын тапсырмалар баланың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді деп
бұған қарсы пікір айтады. Бірақ дайын білімді ғана игеріп, мұғалімнің
түсіндіруінен аса алмаған баланың дамуы бір деңгейде қалып, оның табиғи
мүмкіндіктері шектелетіні белгілі жай емес пе? Мысалы, қазақ әдебиеті
сабағында мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою немесе әңгімелету арқылы
мәтінде айтылған ойға жақын іс-әрекетті оқушының көз алдында елестету
арқылы әңгімені сен қалай аяқтар едің? Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?
деген сұрақтар қою арқылы оқушының өз ойын толығынан жеткізе білуге
шығармашылықпен ойлауға жетілдіруге болады.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардағы дамыта
оқытудың ерекшелігін дәстүрлі оқыту түрлерімен салыстыра отырып,
төмендегідей саралауға болады:
- білім ғана емес, оқушылардың абстрактілі ойлау іс-әрекеттері,
ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдынғы кезекте тұруы;
- оқушы – субъектінің білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы;
- сабақтың барлық кезеңдерінде ол – белсенді тұлға (зерттеуші), өнім
беруші, өз іс-әрекетін талдаушы;
- мұғалім – әр баланың танымдық түйсігін оята отырып оларды даму
аймағына кіргізуші;
- дамыта оқытуға негізделген сабақ ұжымдық ойлау іс-әрекеті, диалог,
пікірталас, іскерлік қарым-қатынастармен ерекшеленеді;
- мұғалім оқушыларға дайын біліммен емес, проблемалық сұрақпен
келеді, берілетін білім проблемалық баяндау негізінде болады. Оны
шешу, мақсатқа жету оқушының іс-әрекеті арқылы жүреді. Модель, жоба
жасау, оны қорғау – дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау –
шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты
белгілері: 1) бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені
ашу, оған қол жеткізу; 2) нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу;
3) нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету; 4) ешкімнің
жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау.
Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы шығармашылық
жұмыстарда оқушы-мұғалім іс-әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі
оқытудағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастарынан мүлдем бөлек.
Оқушы-мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті Мұғалім іс-әрекеті
Проблеманы шешуші. Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне
Өнім жасаушы. кіргізуші, оған түрткі жасаушы.
Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші. Ақылшы,
Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы көмек беруші. Бірлесіп іздеуші,
іздеуші, табушы. керегінде олармен пікір таласына,
диалогиялық әңгімеге кіруші.
Психологиялық жағымды жағдай тұғызушы.
Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен
қарым-қатынасқа түсуші (жоба,
модель, ереже, сұрақтар Оқушылардың ізденісін қолдаушы,
дайындаушы). мақұлдаушы.
Керегінде мұғалімді де Қол жеткен нәтижені саралаушы, коррекция
пікірталасына шақырушы. жасаушы.
Өз еңбегін саралаушы,
қорытындылаушы.
Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендеп тұрған жоқ.
Ғалымдар еңбегін саралай келе мұғалім-оқушы іс-әрекетін төмендегіше
көрсетуге болады.
Оқушылар білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушыларды
жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде – табандылыққа,
қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар білімінің
тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін білімді
тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру - әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың шығармашылын және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуда
басқа да технологияларды қолдануға болады.
1. В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба нұсқасы және өзара байланысты бірнеше
деңгей әдісі.
- Сыныптағы тақтаға салынған сызба нұсқа арқылы сабақты түсіндіру.
Мысалы: Көктем, Наурыз тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың
өзіне жазғызу, мұғалім толықтырып отырады.
2. М.М.Жампеисованың модульдік оқыту технологиясы. Материалды модуль
түрінде беру. Мысалы: Менің Отаным, Ақпарат көздері, Жері байдың –
елі бай.
3. Профессор-зерттеуші Ж.Қараевтың Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың өз білім
дәрежесіне сәйкес тапсырмаларды таңдап алуы. Мысалы: әр тақырып бойынша
өтілген сабақтарды пысықтай отырып, нәтиже сабақтарында қолдану.
Қызыл, жасыл, сары түсті кеспелерге деңгейлеп тапсырмаларды жазып,
оқушыларға ұсынамыз. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап алады.
Немесе осы әдісті үй тапсырмасын беру арқылы да қолдануға болады.
Қыс туралы әңгімелеу Қызыл түсті
Қыс (пришла). (Снег) жауды. Жасыл түсті
Қыста (день) суық болады.Қыста не
жауады? Сары түсті
Балалар не істейді?
Үй тапсырмасы:
өлеңді жаттау
сөздік жаттау
өлеңді мәнерлеп оқу
4. Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады.
Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп,
сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын
түйіндеп, сабақты қорыту.
5. Ойын технологияларының түрлері.
1) Ситуациялық ойындар;
2) Халық педагокикасы;
3) Ой-қабілеттерін арттыру, т.б.
Мысалы: Бәйге ойыны оқушыларды үш топқа бөліп, әрбір топқа
тапсырмалар беру арқылы өтеді тақтада үш аттың бейнесі ілулі тұрады.
Жауап берген топтың атын ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын оқушылардың
топтасып, жұмыстануын, бірлігін көрсетеді. Осы ойындарда ұлттық нақыштарды
қолданамыз.
Тест жұмыстары оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тексеруге көп
көмек береді.
Қорытындысында айтарымыз, оқушыларға тілді меңгерту үшін өзіміз
жұмысымызға салғырт қарамай сын көзбен қарап, алдымызға балалар – елдің
болашағы деген міндет-мақсат қойып, жұмыс жасауымыз керек.
Екіншіден, қазақ тілі оқытатын дәрісхана қазіргі талапқа сай
жабдықталған, компьютерленген, техникалық құралмен, методикалық құралмен
жабдықталған болуы қажет.
Үшіншіден, ата-ананың тілге деген көзқарасы дұрыс, балам мемлекеттік
тілді иіндетті білуі керек, меңгеруі керек деген принципте болуы керек.
ӘДЕБИЕТ
1. Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов Дамыта оқыту жүйесі
2. Ж.Қараев Деңгейлік оқыту технологиясы
3. М. Жампеисова Модульлік оқыту технологиясы
4. Қазақ тілі мен әдебиеті №3, 2009ж;
5. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №9, 2006ж;
6. Қазақ тілі: әдістеме №1, 2008ж;
Бастауыш сыныптарда
дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі
Бала дамуының ең шарықтау шегі –
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы
Л.С. Выготский
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер
жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім
берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу
қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін
кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің
екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар
болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік
қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей
білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге
қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады – деген байламы
жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің
өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге
деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы
негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік
өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге
айналуы,-деп түсіндіріледі. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-
жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны
береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі
диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп
отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен
даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория
ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,
адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп
түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу. В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның
басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау менпрактикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау
деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың
дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі
мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты,
міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген
оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты
мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік
қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа
бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің
негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасыПедагогикалық процесінің
компоненттері Мазмұнындағы басымдылық
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі Дамыту оқыту
Мақсат Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру Байқампаздығын,
ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер Заңдылықтарды,
теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық іс-
әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық Проблемелық
баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы Өзін-өзі
бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының,
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім
алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас
бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ
процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім
оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын,
пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар
барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің
нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін
қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз
оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz