Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы
1.1 Әдебиетті оқыту тарихының даму кезеңдерін
саралау ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Әдебиетті оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
1.3 Жоғары мектепте көркем шығарманы
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .10
2. Қазақ әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысы
2.1 Пәнаралық байланыстың педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..16
2.2 Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге
дағдыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Қазіргі әдебиет сабағы және технология
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..24
2.4 Эпикалық шығармаларды оқыту жолдарын
меңгеру ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.5 Драмалық шығармаларды
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін
жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын
(логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық
бөліктерін бөліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың
белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында
окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң
компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін
көру. Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің
қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық
қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен
туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды -
оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны
қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік
мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық
байлығы. Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан:
Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған
обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-
құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-
салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны
меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп
дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің
бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс
тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп,
жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту -
жоспарлы процесс.
Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда
сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-
тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері
бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп
тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында
өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру
мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша
материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру
мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз
беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс
негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға
ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда
қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге
зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Зерттеу мақсаты: қазақ әдебиеті әдістемесі пәнінің басқа пәндермен
байланысын зерттеу.
Зерттеу міндеттері: қазақ әдебиеті әдістемесі пәнінің тарихы туралы
және басқа ғылымдармен байланысын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы
1.1 Әдебиетті оқыту тарихының даму кезеңдерін саралау
Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, алыптасу
үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы,әдеби
білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен
оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен
әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп
отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен
жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы,
методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу
өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту әдістемесі екі
аспектіде тоғасады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында үш түрлі мектеп қатар өмір
сүрді. Олар: Жадит мектебі, медресе, Ы.Алтынсарин мектебі. Ыбырай
Алтынсарин мектебі демократиялық оқу-ағарту жүйесінен туған халық мектебі
саналды. Ұлы ағартушының мектептері халық ағарту ісіндегі зор тарихи
жаңалық болды. Оқу жүйесіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалықтың тарихи маңызы
зор. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы орыс халқының прогресшіл
педагогтары КД.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов, В.Я.Стоюнин
тәжірибелерімен тығыз байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында
жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов,
С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік
қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке
үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б.
еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың
алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
1970 - жылдан мектепте әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен теориясының
оқытылуы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық озат тәжірибе, оның
халыққа таралуы, насихатталуы қолға алынып, қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесін жетілдіруге байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүре бастады.
Бұл істе "Қазақ мектебі", "Қазақтілі мен әдебиеті", "Білім" журналдары,
"Қазақстан мұғалімі" газетінің ролі зор.
Қазіргі кезеңде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған ғылыми-
методологиялық республикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар
өткізіліп отырады. Жаңа оқу бағдарламасына көшуге сай өткізілетін курс,
семинарлардың маңызы да зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете
оқытатын арнаулы мектептер, гимназия, лицей, атаулы мектептердің ашылып,
нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа
деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне,
оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей
байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып,
оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға
дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық
белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс,
түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық
әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу,
мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты
мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин,
М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов,
Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров,
Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова,
Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.
1.2 Әдебиетті оқыту әдістері

Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу
мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы
мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны
талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық-
философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық
әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың
сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс
мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б
мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау,
баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема
қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын
проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін
түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу
материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме
жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы
әңгімесі)
-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана
отырып)
-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)
-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-
қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен
мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып,
тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану
әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп
пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-
тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін
жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім
сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді,
қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады.
Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-
амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық
өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып
өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі
айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы,
орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті
сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын
бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне
пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып,
араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан
шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын
көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу
пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге
ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана
қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу,
түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі
вариантта ауызша мазмұндау, т.б.
1.3 Жоғары мектепте көркем шығарманы оқыту
Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу
керек. Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді. М..А. Рыбникова.
Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және
экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім,
сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада
Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім
жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқынаЖолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт
тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. - деп
атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту
және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты
сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп
қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің
алатын орны ерекше.
Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның
қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады
деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды
қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен
қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым,
сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті
деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше
ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе,
екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға
талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды.
Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса
ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет адамтану
құралы, ал әдебиет пәні адам тәрбиелеу құралы, - делінген.
Өйткені,Ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет әдебиет пәні
философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті,психологиялық,
тұғырламалық мәднеи – рухани көзқарастарға құрылса құндылықтарға
құрылған.ұлттық таным, ұлттық рухани гуманистік сананы (адамгершілікке
сананы қалыптастырса негіздеу) қалыптастырады.бірлесе отырып:қазақ тілінің
қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық
қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша
сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде
оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету,Қазақстандық патриотизм идеяларын
болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.Орыс мектептеріндегі Қазақ
әдебиеті пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің
ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге
мәлім.Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері
бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс
екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар
туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.Көркем шығарма -
әдебиеттің құндылығы.
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау
әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру,
адамгершілік қасиетін қалыптастыру. - деген болатын әдебиет зерттеуші –
ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет
сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау
деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан
қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай
жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың
жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына
елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту –
мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық,
адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс
– тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім –
болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі
керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін
сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау
белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби
мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті
білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша
тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту,
қалыптастыру болып табылады.
- көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту,
жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге
негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып
сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін
дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық
танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған
үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа
алынған:
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру
Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану,
ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл
жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.Көркем
туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына
ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де,
күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау,
оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да,
талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге
асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы
арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой
туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен
еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
Образ бойынша;
Тақырыптық;
Тұтас;
Автор ізімен.
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл
сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауапберсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту
жолдарын меңгерту тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-
композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде
қарастыру.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-
мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы
шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық
қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну,
салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі –
проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып,
ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді.
Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде
туындайды.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін
жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек.
Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының Еңлік-Кебек дастандарын, кейін
М.Әуезовтың Еңлік-Кебек пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы –
махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік
жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде
іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар
себеп болды?
2. Неге Шәкәрім Ақтабан шұбырынды оқиғасын өз сөзіне астар етіп
алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды.
Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес,
тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға
бас иген.
Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп
болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін
көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда
ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға
машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға
терең білім беру жүзеге асады.

2.1 Пәнаралық байланыстың педагогикалық негізі
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік–экономикалық
салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар,
серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара
байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал
жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс
негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның
интеллектуалдық өрісін байытумен бірге , бүкіл адамзаттық құндылықтар
көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы
ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мектептерде әр сыныпта сабақты түрлі пәндермен байланысты оқытудың
жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру баланың ойлау белсенділігін
арттырады, оқушыларды құбылыс мәніне терең үңілуге, мүмкіндіктерін нақты
жағдайда қолдануға үйретеді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру
оқушылардың шығармашыық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі
жаңарту, жоғары деңгейге көтеру үнемі ғылымдар жүйесінің бір –бірімен тығыз
байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланысты жан–жақты педагогикалық–психологиялық,
әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр.
Бұл мәселемен көптеген ғалымдар: М.А.Данилов, В.В.Давыдов,
Р.Г.Лемберг, В.Н. Малахов, Я.А. Коменский, Н.Г. Чернышевский шұғылданып
келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде
қалыптастырған. Пәнаралық байланысты жан-жақты қарастырғандар: Н.В.Малахов,
И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, М.Р. Львов, Н.Я.Велинкиндер болды.
Республикамызда пәнарлық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып
жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: Қ.Мұханов, С.Мұсабаев,
А.А.Бейсенбаева, Р.Абасова тағы басқалар болды.
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда,
оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің
жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың
білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным
қызметіне шығармашылық сипат береді.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық
заттардың , құбылыстардың бірімен –бірінің өзара байланыстылығы туралы
тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен –бірі байланыста болады.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір
–бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті
өзара байланыстылықты танып білу.
Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір-
біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік,
экономикалық, рухани ортақ белгілерін бір –бірімен сабақтастыру, ортақ
белгілерін бір –бірімен салыстыру, ортақ заңдарын ашуды көздеуі тиіс.
Оқушылардың білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына,
сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез –құлқының қағидасына айналуы
керек.
Пәнаралық байланыстарды тәрбиелеу функциясы оқушыларды
диалектикалық–материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты
қалыптастыруды көздейді. Осыған сәйкес мектеп оқушыларына білім және тәрбие
берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі-
пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттеріне
тоқталсақ.
1) Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін,
саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын
ұйымдастыру.
2) Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру , пәнаралық
байланысты орнату мүмкігндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта
мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық
мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану.
3) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста
жүргізілуі.
4) Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың
дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
5) Пәнаралық байланыс мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық
әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу
жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріп келеді. Осыған орай ,
ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етушімұғалімдердің ізденістері
жүйеленген, қорытындыланған жаңа пәндердің оқу –тәрбие үрдісінде қажет
екендігін дәлелдеп отыр.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік
дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен
көрінеді.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- ол оқыту
үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты құру болып есептеледі.
Білім оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр
алуан әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық
қарым –қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және
белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан
өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады.
1) Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім.
2) Дүниені логикалық –танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің
әдіс –тәсілдері туралы білім.
3) Оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.
Пәнаралық байланыстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz