Қазақ әдебиеті тілінің тарихы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қазақ әдебиеті тілі тарихының теориялық мәселелері
1.1 Әдеби тіл туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1.2 Қазақ әдеби тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...11
2.Қазақ әдеби тілінің тарихи арналары
2.1 Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы
көзқарастар ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Әдеби тіл ұғымдарын меңгерту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.3 Қазіргі таңдағы әдеби тілге қатысты өзекті
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... .34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..41

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай
қалқыған, ой ға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез-келген орайында әрі
қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас отты да ойнақы Ана
тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен? Әрине, одан қымбат
ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени
тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.
Қоғамның аса қажетті қатынас құралы тілдің ұзақ жылдар бойы жұмсалу
тарихында оны пайдаланушы ел-жұрттың талай заманды бастан кешіріп, талай
асулардан асқан тарихында оның өн бойына елеулі өзгерістер енеді.
Тарихи даму белестерінің бір кезеңінде тіл тек қарым-қатынас құралы
қызметінде ғана емес, ерекше әлеуметтік саяси экономикалық өрлеудің де
қызметін атқарады. Ол тілді пайдаланушы халықтың еңсесі биік, озық ойлы
мәдениеттің белгісі. Ал тілдің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі халық ұлт
тілінің таным болмысын жаңа сапаға ие болуының көрінісі.
Қалайда халық тілінің ұлт тіл болуы – тілдің жазба әдебиетке әсер
етуіне кең жол ашады. Халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, ғылым, мәдениет
туралы көзқарастары қалыптасады. Осылардың нәтижесінде жазба әдеби тіл
халық тілінің жоғарғы формасы болып, әбден кемелденген сөздік құрам,
синтаксистік құрылым, нормаланған дәрежеге ие болады.
Қазақ тілі білімінде әдеби тіл – жазба әдебиет арқылы жалпыға бірдей
ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтары сараланған, қоғамдық
қызметі әр алуан халық тілінің жоғары формасы ретінде қарастырылып жүр.
Олай дейтініміз, қазақ тіл білімінде әдеби тіл, оның тарихи арналары,
қалыптасу тарихы туралы көзқарастар, жалпы сипаттамасы, зерттелуі жөнінде
ғылыми зерттеу жұмыстары мен пайымды пікірлер төркіні сан қилы.
Р.Сыздықова, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов,
А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, С.Исаев,т.б. зерттеуші ғалымдардың
әдеби тіл тарихына қатысты ғылыми еңбектерін басты назарға ала отырып,
қазақ әдеби тілі тарихының зерттелуі жөнінде жалпы мәселелерді қарастыруды
мақсат еттік. Осы мақсат үшін мынадай міндеттерді басты назарға алдық.
- Әдеби тілдің жалпы сипаттамасын анықтау;
- Қазақ әдеби тілінің зерттелуін айқындай;
- Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы пікірлерді салыстырып,
саралау;
- Әдеби тілдің ауызекі тілге және диалектизмге қатыстылығын көрсету;
Ғылыми жұмысты жазу барысында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Олар:салыстырмалы сипаттау, ғылыми пікірлерді жинақтап, саралау әдістері.
Ұлт болмысының бір көрінісі ретінде танылатын қазақ әдеби тілі тарихының
зерттелуі жайында талданған бұл ғылыми көзқарастар – қазақ
1.Қазақ әдебиеті тілі тарихының теориялық мәселелері
1.1 Әдеби тіл туралы түсінік
Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында
көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында,
білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын
тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде
зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу
тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан.
Мысалы: Жазушы О. Бөкеевтің Ұйқым келмейді әңгімесінен үзінді
келтірейік ... Мен ойладым ...
Өмір деген ғажап дейді, түк те ғажап емес, әншейін осындай автобусқа
мініп белгілі бір аялдамада түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің
тоңып секіруі. Әлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажып
ұйықтамайды, әлдекімдер ішіне тарс бүркеніп, уайымсыз тоқ ұйқыға басады.
Сайып келгенде, өмір дегеніміз - өзгенің бақытына қызығып өту ғана ... Ал
мынау жанымдағы тойған қозыдай томпиып отырған қыз ше? Оны ертең не күтіп
түр? Бақытты ма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба ала ма? Не ойлайды?
Жігіті, ұнатқан біреуі бар ма? Тіпті мен туралы қандай сезімде келеді.
Адамдарға сене ме? Аты кім? Қайтіп кездесер ме екенбіз? ...
Жазушы кейіпкердің ішкі сезім дүниесін ашу үшін әдеби жатық тіл мен
көркемдік тәсілдерді қолданады. Әсіресе, ішкі монологқа, ішкі тебіреніс-
толғанысқа жиі ерік береді. Мұнда басы артық сөз, оралымсыз тіркестер
атымен жоқ. Бәрі де орнықты, ой дүниесіне байланысты өз орындарын тауып,
әдеби нормаға сай берілген. Көркем әдебиет тілінде ғана емес, ауызекі тілде
де әрбір сейлеуші өз сезімін осындай әдеби жатық тілмен еркін жеткізе білу
керек.
Тіл жатықтығын жүзеге асыру үшін тілдік норманы үш түрлі принципте
қолданамыз:
1) Тілдік норма қоғам мүшелерінің барлығына түсінікті, ортақ сипатқа
негізделеді.
2) Тілдік нормаға тән екінші принцип - тұрақтылық.
3) Тілдік материалдарды қалай болса солай ала салмай, іріктеп екшеп
қолдану. Сөйтіп, тілдің сымбаттылығын көрсетіп сөз өнерінің қадір-қасиетін
үздіксіз жетілдіріп, тілдік ортаны, сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың
жауапкершілігін, ұқыптылығын арттырып отыруға түрткі болуымыз керек.
Тілдік норма - қоғамның барлық топтары үшін қолайлы қатынас құралы.
Ол - мемлекет орындарының, ғылымның, көркем әдебиеттің, газет-
журналдардың, театрдың, кепшілік алдында сөйлейтін, лектор, диктор, үгітші-
тілшілердің, қала берді жазу арқылы қағаз бетіне түскен ресми тіл. Әдеби
тілдің осы ерекшеліктері мен жұмсалу аясының кеңдігі тіл жұмсаушылар үшін
жалпыға ортақ жүйе, тұрақты норма болуды керек етеді.
Тіл мәдениетінің әдеби тілдің талаптары тұрғысынан алғанда жазуда ғана
емес, сөйлеу тілінде де белгілі нормалары болуға тиіс. Әдеби тілдің түрлі-
түрлі стильдерге қат-қабаттарынан негіз болатын нәрселері де жалпы сол
халық екшеген нормалары. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделеді, олар
жалпы халыққа бірдей түсінікті, көңілге қонымды болуы тиіс. Сөздердің
айтылу нормасы мен жазылу нормасы бірдей бола бермейді. Дүрысында: ішсе,
сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, кез салды, бара алмады, Қонысбек, кім
келді? Жаңақорған, асшы, тұз сал, түнгі, Жанқожа, айта көр - дегендердің
осы жазылуындай етіп айтудағы түрін нормаға жатқызуға болмайды. Оның
себебі, сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы әр уақытта бірдей емес.
Бұл - қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығымен тығыз байланысты. Дұрыс сөйлей
білу тілдің жатықтығын көрсетеді.
Жоғарыдағы мысалдарды сөздің айтылу нормасына сәйкес қолданатын
болсақ, ол былайша естіледі және солай айтылуға тиісті. Мысалы: ...ішше,
сембе, ағешкі, сақ пол, құлн, өрүк, көс салды, баралмады, Қоныспек, кім
гелді? Жаңағорған, ашшы, тұс сал, түңгү, Жаңғожа, айта гөр, т.б.
Көркем әдебиет тілінде әдеби тілдің нормасына жатпайтын, көпшілікке
түсініксіз, экспрессивті-эмоциялы бояуы басым, белгілі бір шағын әлеуметтік
топтардың тілінде кездесетін жаргондар, варваризмдер, дөрекі, жергілікті
ерекшелігі бар диалектілер мен кәсіби сөздер жиі ұшырасып отырады. Бұл -
заңды құбылыс. Өйткені автор шығармасындағы кейіпкер өмірімен қоян-қолтық
араласып, мінез-құлқы, кәсібі, ортасы, білім дәрежесі жағынан жан-жақты
бейнеленуі керек. Шығармадағы кейіпкер суреттеліп отырған сол ортаның
адамы.
Бірақ әдеби шығармада бар екен деп оны өз ортамызда қолдануға
тырысатын болса, үлкен ағаттық жасаған болар едік (Мұндайлар қазіргі өмірде
жиі кездесіп қалады). Диалектілер - жергілікті тіл ерекшеліктері, олар өз
ортасында айтуға бейімді болып келеді. Жалпы қауымға таныс әдеби тілге
жатпайды. Мысалы: Сіріңке - кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, им, оттық,
шаңпақ; Шылапшын - леген, жам, кірлен, кірші; Кесе - самал, пиала, кәсе,
тасаяқ, шыныаяқ; (Осындағы: шырпы, кесе, шыныаяқ - сөздері әдеби тілге
еніп, жалпы халықтың тілге айналып келеді).
Дей тұрғанмен де, белгілі бір кәсіпке байланысты, жергілікті жердің
ерекшелігін көрсету үшін арнайы бадырайтып, ашып жазатын, әдеби тіл
байлығын молайтуға себепші болатындары да толып жатыр. Олар белгілі бір
стильдік мақсатта кейіпкер тілін көрсетеді.
Мысалы: Қариялар айтпақшы, Қауғабаевтың пешенесіне солай жазылса, бұл
қайтпек? (0, иә, басқарушы жолдастың тұрмысы жаман емес екен, зеңкиген бес
бөлмелі, шатырлы үй-жай мынау (О.С.).
Бүгін мені емешегің үзіліп, неғып қонаққа шақыра қалдың, әуелі соны
айтшы, қызталақ! (О.С.).
Әдеби тілдің нормасын, тіл мәдениетін сақтау дегеніміз - тілді тек
бірізділікпен қатып қалған қағида бойынша қолдану емес, оның тәсілдерін
орынды пайдаланып, әр сөзді өз орнына қоя білу, оқырманын жалықтыратын бір
сарындылық емес, ойнақы бейнені дәл қолдануды талап етеді. Тілдік
элементтердің орны дегенде, оның сөйлемдегі қызметін, қай сөзбен тіркесіп
тұрғанын ғана түсінбеу керек, сонымен бірге оның қай жанрда, әдеби еңбектің
қандай түрінде қолдануға болады деп қарау керек. Мысалы: Жүректің саусағы,
көңілдің жайлауы, көңілдің қаймағы, сенімнің шырағы, шындықтың оты, мазасыз
жүрек деген тіркестерді таза ғылыми, ресми мәтіндерде қолданса, өз орнын
таппаған тіркестер болар еді. Ал өлең тармақтарында мұндай тіркестер өз
орнын тауып, көркемдік тәсіл ретінде құбыла түрленіп, құлпырып жүре береді.
Мысалы: Шындықтың оты жанымда,
Шалықтар жүрек барында,
Шағала сынды шарқ ұрам,
Шабытым жанған шағымда.
Жайқалған гүлден, шайқалған жасыл теректен,
Іздедім сені, осылай ету керек пе?
Бәрі де тұрды қоңырқай ғана мұңайып,
Жыр толды содан мазасыз мынау жүрекке. (А. Таубай)
Бұл - әр жанрдың өзіндік нормасы, өзіндік сөз қолданысы болады деген
сөз.
Өзге тілдік нормалардан (диалект) әдеби тіл нормасының өз ерекшелігі
бар. Әдеби тіл нормалары оқулықтарда, сөздіктерде, көпшілік қауымның
қажетіне айналып отырады. Ал, тиісті әдебиетте көрсетілген қағида,
ережелерді сақтамау - нормадан ауытқу болып саналады. Бірақ сөздіктерде
тіркелмеген, түрлі оқулықтар мен анықтағыштардан ұшырата алмайтын сөздерді
де күнбе-күн кездестіреміз. Әрине, әңгіме бұл жерде қоғамдық өмірдегі сан
алуан жаңалықтарға байланысты пайда болып, жаңа мағыналық сипат алған
сөздер жайында болса бір басқа. Тиісті әдебиеттерде тіркелмеген сөздерді
кітаптардан, күнбе-күнгі газет-журналдардан оқып, радио, теледидардан да
естіп жүрміз.
Бір кездерде жаңа сөз болып, өз ортасына бейімделіп кете алмай жүрген
мына сөздер бұл күндері арнаулы сөздіктерге еніп, жалпыхалықтық тілге
айналды. Себебі әрбір жаңа сөз тіл жұмсау дүкенінде сыналып байқалады,
ауызекі тілде халық тәжірибесінен өтеді. Олардың құбылысты дәл, дұрыс
бейнелей алатындары өміршең қалады да, лингвистикалық зерттеу елегінен
өткен соң, сөздіктерде тіркеліп, оқулықтарға енеді.
Мысалы: Ардагер, тәлімгер (наставник), баспагер, басылым, ғарыш,
теледидар, әрлеуші, лездеме (жоспарлау), айдар (рубрика), ғарышкер,
құқұқтану, құжат, ұжым (коллектив), ұшақ, тікұшақ, көгілдір экран,
өкім, мәслихат, құрылтай, құрылтайшы т.б.
Тіл жұмсау дағдымызда жиі қолданылатын сөздің бірі - ұстаз.
Бұл сөз - оқытушы, мұғалім дегенмен синонимдес. Ал, қазір жас
ұрпақты мамандыққа баулу ісінің елімізде өрістеп, кеңінен қанат жаюына
байланысты жастарды мамандыққа, еңбекке баулушы, тәрбилеуші адамдарды да
ұстаз, ұстаз-жетекші, ақылшы ұстаз деп атай бастады. Кейін тәлімгер
деген сөзбен орын алмастырды. Қалай десек те жетекшілік ететін, белгілі бір
кәсіпке үйретіп, баулитын адамдарды тәлімгер, ұстаз-тәлімгер деп атау
дағдыға айналып, күнделікті тұрмыста жиі қолданылып келеді. Әдеби тілге
еніп, жалпы халыққа таныс болғаннан кейін де көңілге қонымды, тілге жатық
естіледі. Сөз жаттықтығына қойылар талаппен мүлде сыйыспайтын ағат
қолданыстардың көзге шыққан сүйелдей болып баттиып тұратыны да, бидай
арасында өскен бидайықтай көзге бірден шалына қоймайтындары да болады. Сөз
мәдениеті үшін, әсіресе, соңғысы қауіпті. Өйткені ондайлар ет үйрене келе
кейбіреулердің дағдысына сіңеді. Мысалы:
Адамның кенет толқуы не дұрысқа, не бұрысқа көнбейтін өліара сәт қой.
Екі қолын қайда қоярын білмей абыржып қалмасы бар ма? Ақыры арқасына
айқастырып салды да, бұтағын сыпырып, сылып алған сырғауылдай сыйдия қалды.
Сол мұң екен, үстіңгі еріннің сол жақ құйрығы өстіп жоғары шапшып қалушы
еді. Костюм үстіне түскен алақаны матаны уыстап мыжғылай берді (газеттен).
Таңсәріде. Жайма шуақ болмайтынын білмейді-ау деймін. Жайма шуақ
деп кешегі, не болмаса бүгінгі күннің сипатын айтады. Тегінде мал жаюға
болатын қысқа күннің шуағын айтады. Таңсәріге де, тұтас алғанда түн
мезгіліне де мұның қатысы жоқ - дейді.
Сөзді бұлай қолдану дұрыс, бұлай қолдану бұрыс деп баға беру оп-оңай
шешіле салатын да шаруа емес. Оны кейде газет-журнал беттерінде ара-тұра
айтылып жүрген тартысты пікір-таластардан да байқаймыз. Тіліміздегі бір
алуан сөздердің жұмсалуын кейбіреуіміз даулы деп білсек, екінші біреуіміз
ондай сөздерді өз мағынасына сай қолданылған деп танимыз. Сондай сөздердің
бірі - паш етті. Осы сөздің мағынасы кейбіреуіміздің түсінігімізше мүлде
бұрмаланған. Паш ету деген - әшкерелеу, қылмысының, не айыбының бетін ашу
деген мағынада. Ал кейбір сөз қолданушылар оны дәріптеу деген мағынада
қолданады.
Парсы тілінде паш ету дегеннің мағынасы айыбын бетіне басу дегенді
білдірсе, қазақ тілінде - жария ету, әйгілеу, білдіру дегенді
білдіреді. Көркем сөздің көрнекті зергерлері бұл сөзді осы мағынада
қолданған. Мысалы:
Тауының Шыңғыс, биігінің Хан аталғаны сол, Шыңғыс ханның мекен еткен
қонысы екенін паш етеді. Сылдыраған шолпысы әлдеқайда былдыраған тілмен
Тоғжанның келуі мен кетуін паш етеді (М.Ә.).
Паш етуге байланысты осындай мысалдарды өзге де суретшілердің
шығармасынан кездестіруге болады. Егер де паш ету сөзінің мағынасын парсы
тіліндегідей түсінетін болсақ, Тоғжанның келері мен кетерін шол-пысы
масқаралап, қылмысын ашып түр деп ұғар едік. Осы мысалдың өзінен-ақ паш
ету сөзінің мағынасы әйгілеу, жариялау, білдіру екендігін байқаймыз.
Атақты әнші, сазгер Жаяу Мұсаның Зорлығын Мұстафаның паш қыламын деуін де
жұртқа жария етемін, әйгілеймін деген мағынада екендігін түсінуіміз
керек.
1.2 Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілі – көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарында,
ғылым салалары мен іс қағаздарында қолданылатын жалпыхалықтық тілдің
нормаға түскен нұсқасы. Қазақ әдеби тілініңтарихын зерттеушілер бастапқы
кезде әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде, сөйлеу тіліне қарама-қарсы
құбылыс деп түсінді. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке, әдетте, жазба тіл
дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер тәжірибесі негіз
болды. Зерттеушілердің кейбірі тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам
мүшелеріне ортақ қасиетінен іздеді. Мұндай көзқарасты ұстанушылар Қ. ә. т.
халықтың поэтик. сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазба
әдебиетке дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Бірсыпыра
зерттеушілер Қазақ әдеби тілініңтарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық
тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған
кезеңімен байланыста қарайды (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев). Зерттеушілердің енді
бір тобы Қазақ әдеби тілініңтарихын 19-ғ-дың 2-жартысынан алғашқы кітап
басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармаларымен
ұштастырады (Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, т.б.). Ғалым Р.Сыздықова
15 – 18 ғ-лардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың
шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері ретінде таниды. Сөйтіп,
бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі Қ. ә. т. деп атайды.
Қазақ әдеби тілініңбастау алған кезеңдерін анықтау алдымен қазақтың төл
әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларымен тығыз байланысты. Бұл
ретте қазақ көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері (Орхон-Енисей, Талас
жазбалары (5 – 8 ғ.), “Құтадғу білік” (11 ғ.), “Мұхаббатнама” (14 ғ.), М.
Қашқари, “Диуан лұғат ат-түрк” (11 ғ.), “Кодекс куманикус” (13 ғ.), “Оғыз-
наме” (14 ғ.) Қазақ әдеби тілініңбастау алған арнасы болып саналады. Қазақ
халқының өз алдына ел болып қалыптасу кезеңіндегі шағатай немесе
ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтеуде үлкен
рөл атқарды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне
негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Қазақ
қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл,
кейбір зерттеулерде ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Аталған тіл бергі
дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, 19 ғ-дың аяғына таман
жалпы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Мұсылманша
оқыған кейбір ақындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексик. қорды
пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ Қазан төңкерісінен
кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл белгілерін бірте-
бірте мүлдем ығыстырып шығарды. Қазақ әдеби тілініңтарихын зерттеушілер
тарапынан да 15 – 18 ғ-лардағы ақын-жыраулар шығармаларының тілін Қазақ
әдеби тілініңалғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алып, қазіргі
оның қалыптасуы 15 ғ-дан басталады деген нақты тұжырым жасалды. Ол кезде
(15 ғ.) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа
бағынған қазақ хандығының құрылуы Қазақ әдеби тілініңқалыптасуына тарихи
қолайлы жағдай туғызды. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері –
жыраулар мен ақындар халық қолданатын тілдік жүйелерді, сөз асылдарын
шығармаларына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдебиеті тіл нормаларын
қалыптастырды. 15 – 18 ғ-ларда ауыз әдебиетінің құрылымық жүйесінде тағы
бір тармақтың – публицистик. стильдің ауызша түрі қызмет еткендегі
байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді
шешудегі атақты билердің шешендік сөз, толғауларында мақал-мәтелдер,
қанатты сөз толғамдары мен фразеол. тіркестер молынан қолданыла, сомдала
келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін
анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік
материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде
игеруі, олардың жаңа сапада жұмсалуы, бөгде тіл белгілерін әдеби тіл
мүддесіне жарату тәрізді жәйіттер тірек болды. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі
қазақ тіл білімінде Қазақ әдеби тілініңтарихы төрт кезеңге бөліп
қарастырылады. Олар: 1) 15 – 17 ғ-лар арасы. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Доспамбет, Жиембет, т.б. жыраулар толғаулары, ел арасына ауызша тараған
шежірелер, шешендік сөздер, немесе билер сөздері осы кезеңдегі әдеби тілдің
үлгілері ретінде танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексик.-граммат.
ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мыс., Шалкиіздің “сындыра арқа”,“сырт
соқпақ”, “түнде жүріп түлкі өтер” сияқты сөз тіркестері мен “сақалына сары
шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап” тәрізді шыншылдық суреттерді
айтуға болады. Сол сияқты астана, жұрт, қом су, алаң, жұрт сияқты
фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат
(жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі.
15 – 17 ғ-лардағы ауызша әдеби тілдің лексик. құрамы негізінен жалпы
халықтық тіл есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл
айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла
тәрізді араб тілі сөздерінің болғаны байқалады, бірақ олардың саны, әдеби
тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда, тым аз. Сол тұстағы граммат.
норма мысалы ретінде шығыс септігінің “-дың-дің” ретінде келуін (“Бұл
кеткендің қайтпассың”), ілік септігінің “-ым-ім” тұлғасында (бізім,
менім), етістіктің өткен шақ мағынасы “-ғай-гей” түрінде (“қалға қабылан
жау тигей ме?”) берілуін, екінші жақ бұйрық райдың “-ғыл” түрінде ұшырауын
келтіруге болады. 2) 18 ғ-дан 19 ғ-ға дейінгі аралық. Мұндағы әдеби тіл
үлгілеріне Бұқар, Тәтіқара жыраулардың шығармалары жатады. Олардағы әдеби
тілдің лексик. құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі
күнделікті тұрмыс-салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар белсенді
жұмсалады [“Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар” (Бұқар); “Көз
болып қой-бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың” (Шал), т.б.].
Осы уақытта бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып өрісін
кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау өріс алды. Кірме
сөздердің көбі араб, парсы тілдерінен алынды. 3) 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл
кезеңде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың әдеби өмірінде кең қолданыс
тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері
көбейді. Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. 19 ғ-дың 2-
жартысы Қазақ әдеби тілініңдаму бағытын айқындау (көне жазба әдеби тіл
негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдебиеті негізінде ме деген) кезеңі
болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев жалпы
халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен
ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын
арттырды. Ұлттық жазба тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапада
дамуына жол салды. 4) Қазан төңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа
білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналып,
қоғамның барлық салаларына тегіс қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен
қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының
тұрақталуына, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби
тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдында (жиналыста, радио мен
теледидар алдында, сахнада, т.б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі
кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы
тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикасы жазылып, емле ережелері
белгіленді, орфогр., орфоэп. және түсіндірме сөздіктері құрастырылды.
Қазіргі дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеум. ұжымдары
қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін толық өтейді. Осыған
сай қазіргі жетілген ұлттық жазба Қ. ә. т. төрт-бес әдеби стильге бөлінеді.
Олар: көркем әдебиет стилі, публицистика немесе газет-журнал стилі, ғыл.
әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі.
2.Қазақ әдеби тілінің тарихи арналары
2.1 Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар
Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді
бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан
айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының
мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы
мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл
қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке
жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз
– әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына
қажет болған құралдың бірі. Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи
жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе.
Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның
барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие
үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы
әдеби тілдің саласы ғана. Ал, әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе –
халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм
ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму
жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи
дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы
жетуі бар.
3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне
айналуы бар.
Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары
жарық көрген бес – алты мақаласында Әдеби тіл мен Әдебиет тілі
атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, Әдеби тілдің
әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің
жоғары формасы екендігін айтады. Біз кезде әдеби тілдің жасалуын жеке дара
дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру дағдыға айналған кезде Абай,
Ыбырайларды мақтаудың реті осы екен деген тұрғыдан әдеби тілді
жасаушылар, әдеби тілдің негізін қалаушылар деген пікір үстем болғандығы
белгілі. М.Әуезов: Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе
жатқан мол эпостарындағы, ұзынды – қысқалы салттық, тарихтың жырларындағы
шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда немесе
ХІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, ХІХ ғасырда асыл,
әсем, бай тілмен халықтың асқақ, ескек жырлар тудырған Махамбетте қазақтың
әдебиеттік тілінің үлгі - өнегелері жоқ деуге бола ма– деп жазды.
М.Әуезов. Абай өзінен бұрыңғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі
сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен және өз шама – шарқынша қазақ
әдебиет тілін жасауда белгілі бір дәрежеде Қазақстанның көп өлкесінің тіл
қазыналылығын кеңінен пайдаланып, халықтың әдебиет тілін биік белге шығара
түскен классик ақын дейміз, - деген.
Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер
айтқан. Ол: Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып,
белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы
адымы, нәрестелік дәуірі, - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының
себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі
ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және
сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы
Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:
1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі
дәуір.
3. Советтік дәуір.
Ғ.Мұсабаев Әдеби тіл деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет
нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет
мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған,
жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін
тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:
1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь
ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби
тіл.
2. Қазіргі әдеби тіл.
М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:
1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.
2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.
3. ХІХ ғасырдың басы.
4. Совет дәуірі.
Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген
Қазақ әдеби тілінің тарихы деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі
болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай
дейді: Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет
ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік
құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл
белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады.
А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі
кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл жарыса өмір сүредi, оның
бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың
өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған түркі
тілі, яғни кітаби тіл.
Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне
жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған Қазақ тілінің
әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның
негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана
бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз.
Р. Сыздықова өзінің ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы деп
аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі
ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ
ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің
әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік
ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби
тіл болды деген пікірді ортаға салады. Р. Сыздықова Ашып алар жайыттар
көп атты мақаласында мынадай қортындыға келеді: Сөйтіп, қазақтың тілі:
ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген
түрлерге бөлінеді. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби
тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептейді. Сөйтіп, Р. Сыздықова
әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды:
1. Ауыз әдеби тілі;
2. Жазба алдындағы әдеби тіл;
3. Жазба әдеби тілі.
Соңғысын ішінара тағы екіге бөліп қарастырады:
А. Орта азиялық түркі әдеби тіліне сүйенген кітаби тіл.
Б. Қазақтың қолтума әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл.
С. Исаев Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері деген
еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б.
проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде
үш дәуірге бөледі:
1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір,
яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.
2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ
әдеби тілінің туып, даму дәуірі.
3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.
Р.С. Әміровтың сөйлеуі әдеби тілінің сыр – сипатын, өзіндік белгілерін
синтаксистік тұрғыдан қарастыратын зерттеуінде: Ауызша сөз: 1) ауызекі
сөз; 2) лекция тілі; 3) шешендік сөз - деп қарастырады.
Б. Әбілқасымов шамамен Х - ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір
жағынан шағатай немесе түркі деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші
жағынан, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында
сол түркі әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады деген
пікір айтады. Сөйтіп, - дейді Б. Әбілқасымов,- қазақ қаламгерлері ХІ
ғасырдан өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба әдеби
тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты, кейбір көркем әдебиет
үлгілерін жазды.
Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді қазақтың көне
әдеби тілі деп атайды. Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің кітаби тіл
деп жүргенін Б. Әбілқасымов көне қазақ жазба әдеби тілі деп атайық дейді.
Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі
алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды.
Сөйтіп, Б. Әбілқасымов қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби
тілі өз алдына дамып отырды деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол қорыта
келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:
1.Қазақтың көне жазба әдеби тілі;
2.Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;
3.Қазақтың қазіргі әдеби тілі.
Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі –
Қ.Өмірғалиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: Қазақ әдеби тілі тарихы,
қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби
тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана. Әдеби
тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын
дәлелдей түсу үшін ол В.В. Виноградовтың әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің
кең мағынасында, әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты, - деген пікіріне
сүйенеді. Қ.Өмірғалиев Абайға дейінгі тілді ауызша әдебиет тілі деп
атайды. Әдеби тілді жазбамен ғана байланыстыру бар халықтар үшін шартты
емес дейді де, ол әдеби тілге мынадай анықтама береді: әдеби тіл – кең
мағынада алғанда ауызекі сөйлеу тіліне қарама – қарсы тұрған, өзіндік жүйе
– желісі, тақырыбы, формасы бар және өзіндік айту тәсілдері мен үлгілері,
сөз өрнектері бар бір бүтін творчестволық туындының тілі, әдеби тіл – жеке
бір индевидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой қортындысынан, пікір
түйіндеуінен өткізіп барып, өзгеше бір үлгі – формада беру тілі. Ал, бұл
тіл ауызша жасала ма, я жазбаша жасала ма? – ол шарт емес.
Көп жылдар фольклор тілімен шұғылданып келе жатқан Е. Жұбанов халық
ауыз әдебиеті шығармаларының тілін ауызекі әдеби тілге жатқызды. Ол өзінің
Эпос тілінің өрнектері атты монографиясында эпостық жасампаз дәстүрі
арқасында замана әуеніне талмай үн қосып отырған мұндай шығарма қазақ
халқының ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол
біздің кейінгі жазба әдебиет тілімізге де нәр берген арна дейді. Ал,
қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары деген жинақтағы
редакция алқасының атынан жазылған кіріспеде былай делінген: Қазақтың ұлт
болып қалыптасуына дейінгі жазба әдеби тілін ескі әдеби тіл, одан соңғы
әдеби тілді жаңа әдеби тіл деп қарағанымыз жөн бе дейміз. Сонда ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы ұлттық жазба әдеби тіліміздің
қалыптасу дәуірі болады. Совет дәүірі сол әдеби тіліміздің мейлінше өсіп,
өркендеген, жетіліп кемелденген кезеңі болып есептеледі.
Жалпы, қазақ әдеби тілінің басталуын ХХІ ғасырдың екінші жартысы деп
жүрген, оны Абай мен Ыбырай шығармаларынан, алғашқы қазақ газеттерінің
шығуымен байланыстыратын пікір басымдау. Бір топ зерттеушілер Әдеби тіл
ұғымын кең мағынада қолданса, енді бір топ зерттеушілер, әсіресе, жазу,
сызумен байланыстырушылар бұл атауды, тармағынада қолданып келеді. Толастың
туу себебінің бірі – кейбір мамандар әдеби тіл тарихын, оның белгілі бір
дәуірін жазу сызумен байланыстырып, жазу мәдениетімен бірлікте қараса, енді
біреулер әдеби тілді жазу сызумен байланыстырмай, бұл ұғымға ауыз әдебиеті,
халық творчествосының туындыларын да қатыстырады.
Қазіргі әдеби тіліміздің екі түрі бар екенін зерттеушілер мойындап
жүр. Оның бірі жазба әдеби тілде, екіншісі әдеби тілдің ауызекі сөйлеу
түрі. Бірақ олардың пайда болуы генезистік арналарына келгенде ғалымдардың
пікірі түйіспейді. М.Балақаев әдеби тілдің ауызекі сөйлеу түрі тек жазба
әдебиетімен байланысты пайда болды десе, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы
тарихымен даму жолдары деген еңбектегі беташар кіріспе мақаланы жазған
редакция алқасының мүшелері: әдеби тіл, бір қырынан алып қарағанда, жазба
тілге тәуелді болса, екінші жағынан одан дербес бағытта қалыптасады, өз
бетімен дамиды. Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихын тек қазақ
баспасөзінің шығу тарихына келіп қараудың қажеті жоқ сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Ескі қыпшақ тілі
Академик Р. Сыздық және әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Пәндер