Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақ әдебиетінде салт-дәстүрлердің алатын орны
1.1 Абай жолы эпопеясындағы кездесетін салт-
дәстүрлер ... ... ... ... ... ... .. ...6
1.2 Абай жолы эпопеясындағы салт-дәстүр
қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8
2. Тұрмыс-салт жырларындағы халық дәстүрі
2.1 Қазақтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері танымдық,
тәрбиелік
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қазақтың салт-
дәстүрлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Патриот болу –
Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау деген сөздері терең ой салады. Өз
елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас ұрпақтың
бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде
мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі
талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің
азаматын, патриотын тәрбиелеу. Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық
ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың
батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа
тәрбиелеудің жолы болып табылады. Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы
болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи
ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан
күрделі үдеріс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан өз
дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында
патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Менің
пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар – ұлттық
патриотизм және қазақстандық патриотизм. Ұлттық патриотизмді
қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм
дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан
ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру.
Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде
жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің
жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал Қазақстандық патриотизм -
Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде
сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана
қалыптасады.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие
беруде қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Өйткені жалпы тәрбиелеу
үдерісі біріншіден отбасынан бастау алып, мектеп арқылы жалғасын табады.
Баланы отбасында патриоттық сезімге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық
мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата
тегін білуді таныту – ата-ана парызы болса, әдебиет пәні мұғалімнің міндеті
көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді
де тәрбиелейді, мінез-құлықты қалыптастырады. Оқырман жағымды кейіпкерлерге
еліктейді, одан үлгі алады. [1, 6 бет]. Ал мектеп оқушылары осы пән арқылы
өз бойына патриоттық сезімді ұялататыны анық. Ең бірінші әсер Тәуелсіздікке
қол жеткізген аға, әпкелеріміздің ерліктері болса, туған жерге деген
сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын оқиғалар барлығы әдеби
шығармаларда беріледі, әдебиетіміз тікелей тарихпен байланысты, ал
тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз.
Ұлы педагог Мағжан Жұмабаев Педагогика еңбегінде ұрпаққа ұлттық
тәрбие беруге зор көңіл бөлді. Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт
тәрбиесі болсын,-дейді. Сондықтан да ұлтжанды, Отанын сүйген патриоттар
салт-дәстүрін, тілін, дінін жетік білген азаматтар болмақ. Қазіргі уақытта
Қазақстандық керемет деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз
сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы,
адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып
жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару,
жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл
сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын
ерекше қасиет.
Қазақ әдебиеті- халқымыздың тарихы. Шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы
мен қуанышы. Әдебиет халқымыздың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек
ұрпағын, тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда
мәңгілік біріктіретін ең сенімді құралы.
Соғыс кезеңі мен онан кейіндегі жылдардағы әдебиеттегі таланттар тарихы
мен тағдырына қарап отырсақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас
кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгермей
кеткен. Туған халқына мәңгіліқ мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек
қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырындағы асқар белі – Абай болса, ХХ
ғасырындағы заңғар биігі – Мұхтар Әуезов болады. Әдебиетке ең қатал сыншы,
ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.
Жұмысымның тақырыбы Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ
әдебиетіндегі орны
Зерттеу мақсаты: әрбір салт-дәстүрдің мән-мағынасын терең ұғындыру.
Оқушылардың сөздік қорларын байыту. Әдебиет пәнін оқыту арқылы оқушыларға
қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі, өнері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеті: Егемендікке қол жеткізген таңда жоғала жаздаған салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, жас ұрпаққа жеткізе білу.
Зерттеу болжамы: егер де мемлекеттік емес тілде сөйлейтін оқушыларға
осы қарастырған мәселерімді жетерліктей түсіндіріп, одан мәнді бір
қорытынды шықса, онда ертеңгі Қазақстанның алға қадам басуы бірден-бір
көмекші болар деген ойдамын.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ әдебиетінде салт-дәстүрлердің алатын орны
1.1 Абай жолы эпопеясындағы кездесетін салт-дәстүрлер

Абай жолы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. М.Әуезовтың Абай жолы
эпопеясы ұшан – теңіз өмір ағымын, сан алуан оғиғаларды қамтып, тағдыры
қилы-қилы көптеген кейіпкерлерді бейнелеген, қазақ тарихының шындығын терең
ашып көрсететін кесек көркем туынды. Абай жолы - қазақ өмірінің айнасы,
үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп
берген, мазмұны-мағынасы, көркемдік бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да
үздік шығарма. 30-шы жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш
пікірлер айтылып жүргенде ақынның ұлылығын, қалдырған мұрасының аса
құндылығын тани білген Мұхтар Әуезов болды. Ол Л.Соболевпен бірігіп жазған
Абай трагедиясын 1939 жылы Мәскеуге бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін
бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий де жазды. Абай трагедиясында
ақын өмірінің соңғы кезеңі бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қалың ортасынан
шыққан қамқоршы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған
ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ М.Әуезов Абай жайында
роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазған Татьянаның қырдағы әні атты
үзінді романның таратуы ретінде жоспарланған болатын. Жазушы өз
шығармасында Абайдың ұлы Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастайды.
Бұл автодың ойынша романның негізгі идеясын айқындайтын өзекті
тақырыптардың бірі болатын. Кейін баспа сөзде жарияланған осы Татьянаның
қырдағы әнін оқушылар жылы қабылдады. Алғашқыда автор романға Телғара
деген ат бермекші болған. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын Абай,
онан кейін мұның жалғасы болып табылатын Абай жолы романын жазды. Төрт
томдық Абай жолы роман эпопеясы жарық көргеннен соң, ол Лениндік
сыйлықтың лауреаты атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық,
қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға
М.Әуезовтың мол дайындығы бар еді. Бұл жазушының дүние танымы, ойшылдығы
тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шындалып әбден жетілген
кез болатын. Әрине, бүгін бір тарихи дәуірді, бір халқымыздың ұлттық өмір-
салтын, көптеген оқиғаларды,сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, іс-әрекетін,
бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен
ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық
көркем прозасында зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір
шындғында терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам-танысына
үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделерімен сабақтастырғанда ғана
іске асатынын да жазушы жақсы сезінеді. Өзінің дарындылығы, ойшыл-даналығы,
халықтың тілек арманын, тарих тағылымын терең ұға алатын білгірлігі
арқасында М.Әуезов алдына қойған мақсатына жетті. Ақын, ойшыл, халық
мүддесін жақтаушы – күрескер, жас жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып,
айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде
жан-жақты ашады.

1.2 Абай жолы эпопеясындағы салт-дәстүр қатары
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына
байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда
болуы ХІІІ-ХIV ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса, сол дәуірден
бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып,
дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге
жетті. В.И Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: Әдет – ғұрып
замандар бойы сыңнан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке
мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.Олар халықтың сыртқы
бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін
тәрізді... - дейді.Әрине, әр халықтың өзіне тән салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы
болады.
Жалпы салт-дәстүр дегеніміз халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне
байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр.
Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық болмыс принциптеріне
бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері
жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деп дұрыс айтқан.
Осы таңдағы қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт –
дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген
белсенді жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының еңбектері бір төбе. Ел
есінен шығып бара жатқан бел көтерер, немеурін, құттық,
биеқыстырмақ тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып,
жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол Қазақ халқының салт-дәстүрлері
деген анықтамалы жинақ бастырды.
Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлерін өзара топтастыра білді.
1.Отау көтеру дәстүрлері : Той, Қалың мал, Киіт, Өлі- тірі
2.Тәрбие дәстүрлері: Шілдехана, Сүйіндір, Ат қою, Бауырына
салу
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: Ауызбастырық, Ат міңгізіп, шапан жабу
4.Еңбек дәстүрлері: Асар, Көген той, Қолкесер, Аңшылық
5.Наурыз дәстүрлері: Қыдыр ата, Әз, Наурыз бата
6.Ислам тағылымдары: Айт, Құрбан шалу, Намаз
7.Қаза ғұрыптары: Жаңаза, Көңіл айту, Естірту
Жоғарыда аталып өткен дәстүрлеріміздің кейбіреуі қазіргі өмір
салтымыздан шығып қалған. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші, мүмкін
бүгінгі күнге жарамсыздығынан кей дәстүрлердің жойылуы заңдылық та болар.
Бірақ ұлтжанды көп азаматтарымыздың біздің ұлттық құндылықтарымыздан
айырылып қалуымыздың басты себебі –отаршылдықпен байланыстыруы да негізсіз
емес. Бүгінде маргинал атынан жүрген, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрыптан,
ада қазақтардың жаңа тобының пайда болуы, рухани мәңгүрттенудің аз-ақ
алдында тұрған, ұлттық ассимиляцияға түскен қандастарымыздың барлығы-соның
салдары.
Енді кітап бойынша кездесетін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды мысалдар
арқылы айтсақ:
1.Тәрбиеге байланысты:
Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен
Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің
шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып:
- Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...Сәлем бер! –дейді.

1 том, 9-бет
2.Үйленуге байланысты :
- Алыңдар! Көрімдік сендердікі. Бірақ бізге баламыздың жүзін
көрсетіңдер, - деп үлкен бәйбіше қолына шашуын алады.

1 том, 183 бет
- Некеқияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап
бата қылысты.
1 том, 185 бет
3.Жоқтау – қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей
түрі.Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы
қасиеттерін паш ететін тұрмыс – салт дәстүрі, жыры, зарлы өлең.
- Арада он күн өтті.Қимылсыз, қаракетсіз жым – жырт. Ана жақ:
Құнанбайдың тауы шағылды, тауаны қайтті деп масайрап, жамырасып
жатыр.
1 том,159 бет
Қорыта айтқанда, Абай жолы эпопеясында салт-дәстүрлер тізбегі молынан
кездеседі. Жазушы Мұхтар Әуезов эпопея арқылы қазақ халқының көптеген салт-
дәстүрлерін көрсете алған. Осы дәстүрлерді не үшін пайдаланды – деген
сұраққа әркімнің берер жауабы әр басқа. Меніңше:
1.Салт – дәстүр арқылы халықтың ұлттық мінезін көрсете білді.
2.Ғасырлар бойы дамыған халық талантын, халық идеологиясын көрсетуге
тырысты.
3.Кейінгі ұрпаққа ерте заманғы салт – дәстүрлер ұмыт болмасын деген
мақсатпен де қолданды деген пікірім бар.
М.Әуезов сияқты ұлы жазушылардан үлгі алудың мәні зор.Оның ең бастысы –
жазушылық – шеберлік. Өз шығармалары арқылы осы шеберліктің шыңына жетті.
Сондықтан да қазақ әдебиетіміз М.Әуезов дәстүріне сүйене отырып, жаңа түр
мазмұнмен толығып келеді.Жазушыларымыз жаңа өмірлік құбылыстарды соны
көркемдік ізденістерімен игеруде.
Абай жолы романы өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың,
адамдар арасындағы құштарлықтың, халық тарихының өмірлік суреттерін
жинақтаған кітап.
Ал, осы романда кездесетін салт – дәстүрлер орны өз алдына бір бөлек.
Мемлекеттік тілде сөйлемейтін оқушыларға қазақ әдебиетін, тілін әр
қырынан, жан – жақты оқытып, қазақ халқының мәдениетін, ұлттық
ерекшеліктерін түсіндіруіміз абзал.
Мемлекеттік тілде аз да болсын басқа ұлт өкілдері сөйлеп тұрса, салт –
дәстүрлердің тіпті мағынасын білмей-ақ, атын атап, санап бере алушылық,
біздің шала қазақтарға өнеге болар. Олардың ар – ұяттары, намыстары оянар.
Көркемдік шығармашылық мұрасы өз әдебиетінде ғана емес, бүкіл кеңес,
тіпті әлеуметтік әдебиетте жеке дара өзгеше бір құбылыс ретінде
бағаланды.Жазушы шығармаларының әлемдік әдебиетте осылай бағалануы оның
жаңашылдығына байланысты.Ол Шығыс пен Батыс, Еуропа әдебиетінің классикалық
дәстүрін үйрене отырып, өзінің төл әдебиетінің алға басуына үлес қосты.
Өзіне дейіңгі және өз тұсындағы әдебиеттің озық үлгілеріне әбден қанықты,
кейіңгілерге мирас етіп қалдырды.
2. Тұрмыс-салт жырларындағы халық дәстүрі
2.1 Қазақтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері танымдық,
тәрбиелік маңызы
Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам
өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып
біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан
алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы – тұрмыс-салт жырларында өзіне
тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы – шындықтың шарықтау
белгісі. Адам баласының алға басуы, ой, сана-сезімінің өсуі, қоғамның
экономикалық, тіршілік жағдайларына байланысты рухани мәдениеті – жан
дүниенің табиғаты қаншалықты әсем болса, үлгісі де соншалықты жүйелі болып
келетінінің көрінісі емес пе?! Өз жанын пида етсе де, Отанымызды қарсылас
қатыгез жау қолынан қабырғасын қайыстырып қорғауға барлық жан-тәнімен ат
салысқан батыр бабалардың, он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлердің,
“айтылған сөзі атылған оқпен тең” халық көкейіндегісін ашып айтар зерек те
әділ би-шешендердің, терең ойлы, жүйрік шешімді, жылы жүректі жарқын
мінезді, мейірімді жүзінен от шашқан, жалынға толы көз жанарынан өмірге көз
қарасы мен дүниетанымы байқалатын, “келген адамға кет демейтін” қонақжай
халықтың қолынан өтіп, ісімен дәлелдеген, көзімен көрініп, жүрегімен
сезілген асыл да қымбат қазына келешек жас ұрпаққа өнеге-үлгі екенін
жүректің суықтығын жылытып сезінген неткен ғанибет десеңізші! Оның қазақтың
әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, күллі этнографиялық құндылықтарының біо
парасы іспетті болғаны Жағда Бабалықұлы сынды көрген-білгенін ақылға тоқып,
соларды өмір бойына насихаттап, дәріптеген абыз қарияның соңында қалған
асыл мұрасы – өте көлемді дүние екенінен байқаймыз. Баяғы бағзы замандағы
жан-дүниесі бай, көрген-түйгені мол, өткен өмірінде елге еңбек еткен
даналар, тарихы тереңде жатқан еліміздің бұл күндері ұмыт бола бастаған
әдеп-тәрбиесі және болашағы жайындағы мақсат-мұратын пайымдап қағаз бетіне
түсірді. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын руханияттың бастау бұлағы деуге мол
негіз бар.
Ауыз әдебиетінен кең орын алатын адам өмірінің үш кезеңінің, дүние
парағын жаңадан ашып, қолына қалам алып өмірдің белестерін алғаш жаза
бастаған кезінің, бас қосып үй болған, кейбіреуге шаттық әкелсе, енді
біреулерге шерлі мұң сыйлаған отау құруының, асарын асап, жасарын жасаған,
осы дүниеде сүрер ғұмыры аяғына тақап қалған жанның дүниеден өту кезеңінің
әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты, әр елдің өзіне тән дәстүрі
болатынына ешкімнің де таласы жоқ. Сол себепті еліміздің біртуар тұлғасы А.
Байтұрсыновтың ғылымға енгізуімен дүниеге келген әдет-ғұрып фольклоры ұлы
Абай ақынның рухани әрі түбіне үңіліп байқасаңыз ой мазмұнына толы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойынына кірер денең, - деген өлеңнің
аз да болса әдет-ғұрыптың бір ұйытқысы болған үзіндісінде көтерілген мәселе
тұрмыс жырларықазанның құлағы болса, адам өмірі – қазанның өзі екенінің
бүкпесіз дәлелі. Ғасырлар бойғы тәрбие-тағылыммен, тіл және дінімізбен,
көңілге қонымды өткір тілімізбен, әр ғұмыр жолында ұрпақтан келесі өренге
жалғасқан өшпес мұра, әрі қайталанбас шежіремен өрнектеліп өрілген халықтың
жоғары рухына толы әдет-ғұрып жырлары бар халық текті де теңдессіз болып
саналады. Ендеше, М. Әуезовтің “Қазақ халқының эпосы” атты еңбектер
жинағындағы: “Жалпы мағынасы, тұрақты образдар жүйесі, ортақ қайғылы
сарыны, ой-түйіні орайлас болғанымен, “тұрмыс-салт жырларының” әр
саласының, әр өлеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі
жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады” деп қосылған пікір оның
мазмұн тереңдігі көркемдік ерекшелігіне сай екенін білдіреді.
Еліміздің әдет-ғұрып жырларымен егіз болып айырылмай жүретін,
халықтың аса қадірлеп, барынша бейнелеп отыратын, қазақтың күн көрісінің,
шаруашылығының негізгі саласы болған, сонау ескі заман елесі суреттелген,
адамның тылсым табиғат сырын түсінбеген кезінде, сауса – сүт, сойса – ет,
кисе – киім, мінсе – көлік тәрізді халықтың ғұмыр кешу мүмкіншілігінің
негізіне айналған төрт-түлік малдың әрқайсысының өз иесі, мәселен,, жуастық
пен момындықтың символы болған қой малының:
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы –
Қойлар бассын үйіңді!..
Қоймай бассын үйіңді! – дегендей Шопан ата тәрізді,
ер қанаты және жеті қазынаның бірі – жылқының:
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі...
Қамбар ата баласы –
Жылқы бассын үйіңді! – демекші Қамбар ата сияқты,
күллі әлемді ақпен қамтыған сиыр төрт-түлігінің:
Зеңгі баба баласы –
Сыймай бассын үйіңді! – деген тұрмыс-салт жырларының
бір парасында айтылғандай зеңгі баба секілді, күй талғамайтын, төзімділік
қасиетімен бүкіл елді бас идірген түйе төренің Ойсылқара деген атасы
болатыны бізге мәлім. Қай тұсынан алып қарамасақ та, ұшан-теңіз, сан қырлы,
бір сырлы мәнге толған Л. Н. Гумилевтің “Көне түркілер” баспасындағы:
“...Түркілердің ұлан-ғайыр жерлерге ие болуы олардың қисапсыз көп мал
өсіруіне мүмкіндік туғызған. Малдың өнімінен түрлі тағамдар даярлап, терісі
мен жүнінен киім-кешек жасаған. Көрші елдерге жылқы, қой малдарын, сүт, ет
тағамдарын, аң терілерін сататын” деген пікір, бір жағанан, баяғы кездегі
адамдардың өмірі мал атаулысымен тығыз байланысты болғаны, екіншіден, сауду-
саттық кәсібімен айналысқан екендігі– осы ойымның айғағы.
Төрт-түлік мал өмір сүру үшін маңызды болып қана қоймай, сонымен
бірге мейірімділік пен сүйіспеншілікте де алатын орыны ерекше. Кішіге
әрқашан ізет көрсетіп жүретін, көпті көрген қарт жандар өмір өткелінен,
жолынан өтетін ойы әлі алдында жүрген, үлкенге құрмет көрсететін жастарды
немесе жүрегі аққудай пәк, риясыз, күнәсіз періштедей сәбилерді төрт-
түліктің төлдеріне сыпайылық мағынасында теңеумен өзінің оған деген жақсы
көру сезімін білдіруі – қазақ халқының бұрыннан келе жатқан баланы
еркелетудің дәстүрлік жолы екенін ескерсек, “қоңыр қозым”, “лағым”,
“ботақаным”, “құлыншағым” және сол тәріздес мал төлдерін атайтын сөздерде
алып бір тылсым күш пен мағыналы сыр жатқаны айдан анық.
Дүниеде сан – алуан оқиғалар ғасырлар шеруінен өтіп, өзгерістерге
ұшырағанымен, кейбір саусақпен санарлық нәрселер, соның ішінде,
шаруашылықтың шығар көзінің қолданысы еш уақытта жойылмайтындықтан және
“қой өсірсең өнімі көл-көсір” болатын, “тоқтышақтың терісі тоғыз қабат
торқадан артық” болатын тәрізді әрқайсысының ерекшеліктеріне сипаттама бере
алатынстөрт-түліктер бұрынғы ықылым заманда қанша керекті болса, бүгінгі
таңда да сонша маңызы зор болғандықтан, оның негізінде пайда болған өлең-
жырлар бір айдың емес, тіпті, бір жылдың емес, талай-талай ғасырлар жемісі
екенін ескеру қиыншылық етпейді. Олай болса, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай”
түйінін Сұлтанғали Садырбаев сынды ауызымен айтылған әрбір сөзі балдай
болған ақын-жазушыларымыздың: “Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде
қазақ халқының да негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болған” деген ойынан
аңғаруға болады.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінен шыққан үлгілі де ғибратты сөздер
мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре
орындайтын және еліміздің әрбір азаматының рухани жан-дүниесінің негізінде
туындайтын, әрқашан жақсылығы мен жамандығы, ащысы мен тұщысы егіздес
жүретін өміріне қажетті үгіт-насихат алатын, болашағының қандай жағдай
болмасын қол жеткізуге ұмтылатын алға қойған арман-мақсатының тірегі болған
салт-дәстүрі адамның патриотизмдік сезімін білдіріп, оны іспен дәлелдеуіне
мүмкіндік етеді. Қазақ еліндегі “мен – қазақпын” деп айта алатын ұлтжанды
жанның осы белгісінен оның ішкі дүниесінің қыр-сырын, тарихи бітім-болмысын
бұлақтың мөлдірінен, сүттің ақтығанан, айдың жарықтығынан анық аңғара
аламыз.
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі
жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта
өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен,
тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай
батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-
қатерге ұшырағанында Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр!
Ақсарбас! деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда Ақсарбас! деп үш
рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма
ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой),
көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын
айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Ақ құйып шығару. Халқымызда: Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады
деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың
өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына
сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген
жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.
Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық
болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне
атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда
қойылатын аттардың кейбірі мынандай: Мырза қайнаға, бай атам, би аға,
тентегім, еркежан, шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым.
Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса сұңғақтым, жайбасар
болса жүйрігім деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке,
Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне
деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант
айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды Ант атқан деп жек
көріп, Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда? - деп,
кінәласады.
Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату,
сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұндай жанжалда
ауылдың, елдің абыройлы абызы Араша! Араша! деп айқайлап, от шыққалы
тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.
Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден
өтіп бара жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-
жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды.
Арыздасуда бақилық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік,
күнә, кінәлары үшін жиналғандардан, олар одан кешірім сұрайды.
Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп
шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару
үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе
қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі
жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға
келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.
Асату. Оны С.Мұқанов өзінің Халық мұрасы деген кітабында кең
насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында,
төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға
асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында
жүретін-ді.
Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын
күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.
Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ
болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне баламыз осы атасына
тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын деп балаларын ауна тып
алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері не
келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына
аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған
орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Ауыз тию. Алыс сапарға аттанарда сол адам ауылындағы немесе әулетіндегі
үлкен үйге кіріп дәм татып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалары
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық салт- дәстүрдегі тәрбиенің маңызы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс
Пәндер