Құқықтық қатынастардың объектілері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет
Тарих және құқық факультеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Құқықтық қатынастардың объектілері

Ғылыми жетекші:оқытушы
Базаргалиева Ж.А.
Орындаған:08102 топ студенті
Кәрімова А.Б.

Орал – 2012 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Құқықтық қатынасар ұғымы, түрлері
1.1 Құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
1.2 Әкімшілік құқықтық қатынастардың мазмұны мен
түрлері ... ... ... ... .13

2. Құқықтық қатынастардың объектісі мен субъектісі
2.1 Құқықтық қатынастардың
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Құқықтық қатынастарды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс
тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын
күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан
қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді.
Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне
байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі
айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік
қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық
экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық
өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды.
Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы
қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы
болады, өндіріс орын алады.
Жұмыстың мақсаты: Құқыұтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік
байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін
тағы да басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Зерттеу
барысындағы негізгі мақсат - алынып отырған тақырыптың мән-мазмұны мен
негізгі белгілерін, оның қамтыған проблемаларын білу, талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- құқықтық қатынастардың пайда болу түсінігіне тән маңыздылығын ашып
қарау;
- қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңыздылығын анықтау,
- құқықтық қатынастардың құқықтық нормадағы орнын анықтау, реттеу.

Жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысымның құрлымы 2 (екі) бөлімнен, 6
(алты) бөлімшеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Құқықтық қатынасар ұғымы, түрлері

1.1 Құқықтық қатынастар

Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-
қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары
болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтық болуы
мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әр
түрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал.
Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы,
отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-
қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта
болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде
заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық
нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық
құбылыстар объективті түрде заңды бола алмайды. Қатынастар құқықтық сипатты
тек әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналғанда ғана алады. Ал,
оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды
табиғаты туралы айтудың да қажеті жоқ.
Құқықтық қатынас – тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық
қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов
айтқандай, ғылыми зерттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы
бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін,
заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен,
қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет. [1.130б]
Құқықтық қатынас – жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды
(объективтік құқық) белгілі (субъективтік) құқыққа және қоғамдық
қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады.
Құқық объективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын,
жекеленіп белгіленбеген субъектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда
құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субъективтік жағынан алғанда, жекеленген құқық, ондағы жалпы
заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны
құқықтық қатынас арнасына көшіреді.
Құқықтық қатынас – мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда
болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық
қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның
қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде болатын
қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-
бірімен әр түрлі қатынастарда болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік,
достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше
болуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік
қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен
реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі – моральдік, қоғамдық
ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар. [2.12б]
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы: құқық
нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе,
құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне
айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі
адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса, яғни құқықтық қатынастарға
кірсе іске асады. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық
құқықтарымен және міндеттермен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда
қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық
нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады.
Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды
құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың
бір субъектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі.
Мысалы, сату-сатып алу шартына байланысты, сатып алушы, сатушыдан сапалы
затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К.Маркс құқық міндетсіз
болмайды, міндет те құқықсыз болмайды, - деп тұжырымдаған.
Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы-ерікті сипатта болады. Жеке
адамдардың еркінен тәуелсіз объективті пайда болатын экономикалық
қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта
болады. Сапалы-еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі
бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда
болған сапалы-еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық шығармашылықтағы
органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субъектілері құқықтық
нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті,
саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне алынады және қажет
болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық нормаларын толық
іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік жіне басқа да жағдайларды
қарайды.
Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді:
1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-
құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;
2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс
жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және
т.б.) құқықтық қатынастар;
3) құқықтық функциялары бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық
қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт
негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік
мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
4) қатысушылардың құрамына қарай – жай және күрделі құқықтық
қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды
(сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар
бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық
қатынастары);
5) субъектілердің анықталу дәрежесіне қарай – абсолюттік жіне
қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік-құқықтық қатынастарда тек бір жақ
қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал өатысты құқықтық
қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне
қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар
заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің –
әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің – нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект,
субъективтік құқық, заңды міндеттер.
Құқықтық қатынастар құқық субъектілерінің арасында пайда болады.
Арнайы міндеттер мен құқықтарға ие болушыларды құқықтық қатынастардың
субъектілері деп атайды. Қоғамда ешкім иемделмейтін құқықтар мен міндеттер
болмайды. Сондықтар құқық субъектілері құқықтануда ең маңызды және негізгі
ұғымдар болып табылады. Ал, құқық субъектілері бола алатындарды құқық
нормалары айқындайды. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың субъектілері екі
түрге бөлінеді:
1. Жеке тұлға.
2. Заңды тұлға.
Жеке тұлға – қоғам мүшесі, индивид ретінде құқық субъектілік
қабілетіне ие болу. Жеке адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде –
мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ сол жер
көлемінде тұратын адамдар жатады. Құқықтық қатынастың жекелеген субъектісі
адам ғана емес – объективтік құқықпен құрылған оның тек бір ғана қасиеті.
Азаматқа арналған барлық еркіндік және міндеттердің жиынтығын құқықтық
мәртебе деп атайды. Құқықтық мәртебе атауы толығымен адамның құқықтық
жағдайын сипаттауға пайдаланылады. [4.55б]
Құқықтық мемлекеттің азаматтары құқықтық заңдармен белгіленген барлық
толық құқықтағы еркіндікпен және міндеттілікпен анық пайдаланады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құқықтық қатынастың қатынасушылары
ретінде, басқа мемлекеттің жерінде, өздерінің құқықтық жағдайларына
байланысты, оның меншікті азаматтарымен теңестіріледі. Олар толық құқықты
мүліктік, қаржылық және көптеген басқа да теңдікте көрсетілетін құқықтар
және еркіндіктер кепілденеді, соған қосымша, өздерінің жекелеген, мүліктік,
отбасылық және басқа құқықтарын қорғау үшін, сотқа және басқа мемлекеттік
органдарға арыз беруге құқықтары бар. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың құқықтық қабілеттілігін тежеу мемлекеттік өмірдің арнайы
жақтарына байланысты болады. Мысалы, олар шет мемлекетте әскери борышты
өтемейді, белгілі мемлекеттік лауазымды орындарда істемейді, мемлекеттің
өкімет органдарына сайлануға және сайлауға құқықтары жоқ.
Құқық субъектілігі деген – тікелей немесе өзінің өкілі арқылы
құқықтары мен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру қабілеттілігі. Құқық
субъектілік жалпы, салалық және арнайы болып бөлінеді және құқықтық
қабілеттілік және әрекет қабілеттілігі ұғымдарын қамтиды.
Құқыққабілеттілік– құқық субъектісінің азаматтық құқықтар мен
міндеттерге заң негізінде ие болу мүмкіндігі. Адамдарды құқықтық
қабілеттілігі туған сәттен пайда болып, қайтыс болумен аяқталады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі
мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға
ие болу; мүлікті мұрагерлікке өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап
алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-
қатынас жасауға т.б. құқықтары бар. Құқықтық қабілеттілік сот үкімімен
немесе шешімімен қажет болған жағдайда шектелуі де мүмкін. Мысалы, судья
дәрігерді қылмыстық әрекеттері үшін үкіммен медициналық қызметпен
шұғылдануына тыйым салуы мүмкін.
Әрекетқабілеттілік – тұлғаның өз әрекеттері арқылы құқығын пайдалана
алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау
қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттәк немесе құқықтық нормада
белгілі жасқа толу болып табылады. Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:
1. Толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған
субъект. Бұл жасқа толған адам өз атынан, өз әрекетімен құқықтар мен
міндеттерін іс жүзіне асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге,
мүліктерін сатуға, айырбастауға және т.б.
2. Шамалы әрекет қабілеттілігі – 14 және 16 жас аралығындағы
жасөспірімдерді қамтиды. Олардың әрекет қабілеттілігінің мүмкіндіктері
бойынша өз аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстық мәміле жасауға құқықтары
бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастауға құқық бар.
3. Шектелген әрекет қабілеттілігі – жеке тұлғалардың құқықтарының
сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған
адамның өз бетімен айлық табысын алуды шектеу, психикалық ауруға шалдыққан
адамдарының құқықтарының шектелуі және т.б. шектеулер.
Құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтқабілеттілік) – құқықтық
субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық
жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі. Бұл мүмкіндік Республиканың
қылмыстық істер заңы бойынша 16 жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр
қылмыстар жасаған жағдайда 14 жастан басталады.
Құқықтық субъектіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге
негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық
әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке
толмаған 14 жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары,
асырап алушылары не қамқоршылары жасайды.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған
тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың
әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:
- кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы,
үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық жауапкершілікке тартуға, жұмысқа
орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым
салынған (шектеудің түрлері):
- адамдардың денсаулығының нашар болуы;
- туысқандық-қандас болу;
- егерде азамат сотталған болса;
- діни нормаларға шектеу.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалардың
құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі мемлекеттік органға
тіркелген сәттен пайда болады. Заңды тұлғалар субъектілердің түрлері
бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді. Мемлекеттік заңды
тұлғаларға мемлекет, мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жатады. Ал
мемлекеттік емес заңды тұлғаларға діни ұйымдар, жеке фирмалар, қоғамдық
ұйымдар жатады.
Мемлекеттік ұйымдар және мекемелер (парламент, үкімет, сот, милиция,
мемлекеттік мекеме, жергілікті өкімет органдары және басқалар) әдеттегідей,
жалпы, көпшілік мақсатын көздейді. Бұл олардың үлкен тұрақтылығын, сонымен
бірге жекелеген адамдардың тәеулсіхдігін қамтамасыз етеді, себебі олар
заңды тұлғалардың қатарына кіреді. Көпшіл-құқықтық сипаттағы заңды
тұлғалардың өмір сүруін тоқтата алмайды, тіпті барлық министрлер
кабинетінің мүшелері отставкаға кеткен жағдайда да үкімет сақталған.
Мемлекеттік оқу орындары, оның басшысының зейнеткерлікке кетуіне
байланысты жабылмайды. Отставкаға кеткен министрлер кабинетінің орнына жаңа
кабинет құрылады, оқу орнын басқа жаңа адам басқаратын болады, сот жаңа
адамдармен өз құрамын толтырады – тек осылай ғана, көрсетілген ұйымдар
қызметтерін заңды тұлға ретінде және жалпы құқықтық қатынастардың
субъектілері болып жұмыстарын жалғайтын болады.
Құқықтық қатынастардың арнайы субъектісі – мемлекеттің өзі болады. Ол
мемлекеттік-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастардың басты
қатынасушыларының бірі болып табылады. Қылмыспен күресу жолында, мемлекет
қылмыстық-құқықтық қатынастардың субъектісі болады. Халықаралық аренада
елдің арнайы өкілі ретінде, мемлекет халықаралық-құқықтық қатынастарының
негізгі субъектісі болады.

1.2 Әкімшілік құқықтық қатынастардың мазмұны мен түрлері

Әкімшілік-құқыктық катынастар құкықтық катынастардың бір түрі болып
табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтык қатынастардың барлық негізгі
белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның
арқасында құкықтық қатынас тиісті кұкыктык норманың тиісті қоғамдық
қатынасқа, оған зандык нысан беретін, ретгеушілік ыкпал жасауының нәтижесі;
осы қатынас тараптарының іс-қимылдармн (мінез-құлықтарын) кұқыктық нормамен
реттеу: құкықтык нормамен белгіленетін құкыктық қатынас тараптарының өзара
міндеттері мен қүқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
[6.155]
Сонымен, әкімшілік-қүкыктық катынастар — бұл әкімшілік құқык
нормаларымен реттелінген басқарушылык коғамдык қатынастар, ондағы тараптар
әкімшілік-құкыктык нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара
байланысты міндеттер мен кұкықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құкықтык катынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда
жалпылык пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін
тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құкыктың
нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық кызметтен ту-ыңдайтын
ерекшеліктері бар.
Бұл құқыктық катынастардың катысушылары (тараптары) мыналар болуы
мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік
баскару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес
ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одактар т.с.с.); еңбек ұжымдары;
жергілікті өзін-өзі баскару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке
кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-кұқыктық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері
әркашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының
бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-кимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе
лауазымды адам болып табылады.
-құқыктық катынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
1.Басты ерекшелік — тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа
тарапқа катысты әркашанда зандық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай
тарап, мысалы, баскару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол
себепті екі азаматтың арасында, екі коғамдық бірлестіктің арасында, егер
тараптардың ең болмаса біреуінін биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік
құқықтык катынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-қүкықтық катынастар тараптардың қайсысының болса да —
басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың — ынтасы бойынша
пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда
болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне
қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды
азаматтык-құкыктык қатынастардан ерекшелейді. Мемлекеттік басқару
органдарының әкімшілік-кұқыктык қатынастарға түсуі тек кана мүмкіндігі
емес, сонымен катар, көпшілігіне, олрадың тікелей міндеті екендігін ескеру
керек.
3.Тараптардың арасындағы әкімшілік-құкыктык даулар, қағида бойынша,
әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті баскару органының немесе лауазымды
адамның тікелей зандык биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтык нормалардың талаптарын әкімшілік-құкыктық
қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының
жауапкершілігі екінші тараптың аддында емес, мемлекеттің, оның атынан
уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамнын) алдында пайда болады.
Әкімшілік-құкыктық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі
қолданылып жүрген зандарда жиі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Аграрлық құқықтық қатынастар
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі
Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі
Құқықтық қатынастар
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
Пәндер