Қазақстан Республикасының Патент заңы: 1-тарау - Жалпы ережелер (1-5 бап)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТ ЗАҢЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 - бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер

Осы Заң мақсатында мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) бюллетенъ - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;

2) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері;

3) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы;

4) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану кұқығын беру шарты;

5) интеллектуалдық меншік объектілері- интеллектуалдық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді дараландыру құралдары;

6) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнер табыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері;

7) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген алдын ала патентгер мен өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер;

8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса алғанда, 1893 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;

9) патенттік сенімді өкілдер - жеке және занды тұлғалардын уәкілетгі орган және сараптама жасау ұйымы алдывдағы екілдігіне завдарға сәйкес құкык берілген Кдзакстан Республикасының аза-маттары;

10) патент иеленуші - корғау кұжатының иесі;

11) қызметтік өнертабыс - кызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері;

12) патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтык қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.

2 - бап. Патент заңы реттейтін қатынастар.

1. Осы Заңмен өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

2. Интсллектуалдық меншіктің өзге объектілерін (селекциялық жстістіктер, иитегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердің атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.

3 - б а п. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заңның ережелері қорғау құжаттарын уәкілетгі орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негізінде патенттер берілген өнеркәсіптік меншік объектілеріне колданылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады

4 - б а п. Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетгі мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы мемлекетгік реттеуді жүзеге асыратын мемлекетгік орган.

2. Уәкілетті органның құзыретіне:

1) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді құқықтыққорғау саласындағы мемлекетгік саясатты іске асыруға қатысу;

2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын беру;

3) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланушы жеке және занды тұлғалардың қызметіне бақылау;

4) хаттамаларды жазу және әкімшілік құқық бұзушылық, туралы істерді қарау, әкімшілік жазалар қолдану;

5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

4 -1 - б а п. Сараптама жасау ұйымы

1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым.

2. Сараптама жасау ұйымының құзыретіне:

1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдау;

2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге сараптама жүргізу;

3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізу;

4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер туралы мәліметтерді жариялау;

5) өзіне Қазақстан Республикасыньщ зандарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

5 - бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтык қорғау

1. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқық алдын ала берілетін патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады.

2. Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент, пайдалы модельге патент өтінімге үстірт сараптама өткізілгеннен кейін беріледі.

Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге мәні бойынша сараптама өткізілгеннен кейін беріледі.

Аддын ала патент және патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады.

3. Өнертабысқа алдын ала патент өтінім келіп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушісінін, өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек.

Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы күшін сақтайды.

Зандарға сәйкес пайдаланылуы үшін қүзыретті органның рұқсаты талап етілетін өнертабыс патентінің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бес жылдан аспауы керек.

Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ, ол үш жылдан аспауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы - 1-тарау: жалпы ережелер және негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңы (1999 ж. N 453-1): жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар
7-9 сыныптарға арналған жаңартылған химия пәні үлгілік оқу бағдарламасы - 1-тарау: жалпы ережелер және мазмұнды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы: Жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бөлім, 1-тарауындағы негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы: жалпы ережелер, субъектілер және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы №360-VI Кодексі: Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі - конспект (1-бөлім: Жалпы ережелер және негізгі ұғымдар)
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы: жалпы ережелер, анықтамалар және мемлекеттік реттеу (2002 ж., өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы: жалпы ережелер мен мәслихаттардың құзыреті
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы №278 Заңы: жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz