Қазақстанның әлеуметтік жүйесі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және ӘГП кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақстанның әлеуметтік жүйесі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Қазақстан Республикасын әлеуметтік жаңғырту саясаты
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары ... ... ... .7
1.3. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының
басты
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІІ. Қазақстанның әлеуметтік жүйесі
2.1. Әлеуметтік жаңғырту - Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін
дамытудың негізгі
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .18
2.2. Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің
жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34

Кіріспе
Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан
бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ
және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.
Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму
сапасы деңгейіне нақты жақындады.
Тақырыптың өзектілігі: Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ықтимал сынақтар
мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық
деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік
жаңғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс.
Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды
жүруі тиістігін ескеруіміз қажет.
Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты
дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту қазақстандықтар санасында үлкен
өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін
дер кезінде түзетуді талап ететін болады.
Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері
азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әлеуетінің
ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен
бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейіп, қоғамның өзін
өзі ұйымдастыру дәрежесі жоғарылайтын болады.
Үшінші. Қазақстанда мемлекет - әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің
бастамашысы және басты қозғаушы күші.
Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін
аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-шексіз донор емес,
азаматтар әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным
қалыптастыру маңызды. Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан
әлеуметтік прогреске бағытымен құрылады. Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді
білдіреді.Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын
еңсере алады.
Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жолындағы айтарлықтай кедергі әлеуметтік
инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады.
Оның негізінде 90-шы жылдардағы жабайы капитализмнің өтпелі бастапқы
кезеңінде жабысқан еңбекке өңі айналдырылған, теріс көзқарас жатыр.
Бұл игілікке жетудің алдамшы формуласы - аз жұмыс істеп, көп табу,
ауадан ақша жасау және тағы басқаларды абсолютке көтерді.
Әлеуметтік инфантилизммен зорайтылған дөрекі тоғышарлық жаңғыртудың
тежегіші болуға қабілетті.
Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту БЭК шеңберіндегі
интеграциялық үдерістер аясында жүруде.
Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қатерлерді жай ғана есепке алып
қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның әлеуметтік жүйесні теориялық тұрғыда
негіздеп, іс-тәжірибеде анықтау және әлеуметтік жаңғыртуда атқарылған
қызметтер туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс теориясын кешенді
талдау,оның елімізде қалайша қолға алынып жатқандығын ашып көрсету;
- Әлеуметтік жұмыс теориясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене
отырып әлеуметтік модельдері мен ерекшеліктерін қарастыру;
- Әлеуметтік жұмыстың, оның ішінде әлеуметтік теорияның мәнін ашып,
оның қоғамдағы рөлін анықтау;
Зерттеу пәні: Қазақстанның әлеуметтік жүйесі.
Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақстан Республикасын әлеуметтік жаңғырту саясаты
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні
Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің
қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің
спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы тұрғыдан,
ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс
теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы
мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған
байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен
практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал
ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы
деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі
университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп
көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс
институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік
жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер
философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік
философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында
мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда
Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік
жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі
жүйелі – функционалдық көрінісі күшейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени
дамуының философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды
да, ол әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс
ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген.
Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.
Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай,
И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары
бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе
Соломон, Мария Гахери, Элизаветта Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл
кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-
ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық
басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің
психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты
әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі
күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы
деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда
педагогтардың қосқан үлес зор.
Профессор Х.Сведнердің теориялық, зерттеу, білім беру аумағандағы
қызметі әлеуметтік жұмыс туралы жүйелі, философиялық, гуманистік ойлардың
тек Швецияда ғана емес, сондай-ақ өзге де Скандинавия елдерінде, Шығыс және
Батыс Европада, Жапония мен Қытайда таралуына үлкен ықпал етті.
Х.Сведнердің беделі, белсенді ғылыми оқытушы қызметі әлеуметтікжұмыс
теориясының жүйелі бағытының, позициясының күшеюіне негіз болды.
Тағы бір мысал келтірейік. Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың
когнетивті теориясы кең таралды, әрине, бұл объекті жағдайлардың әсерінен,
қазіргі заман адамының әлеуметтік қорғаудың технологиялары мен
заңдылықтарының теориясының өзіндік дамуы ХХғ. Адам өміріндегі
интеллектуалды компоненттерінің өсу тарапынан жүреді. Сонымен қатар,
әлеуметтік жұмыс теориясы әсерінің өсуін қамтамасыз етуде индивидуалды
тұлғалық фактор үлкен роль атқарды, 80 жылдары Э.Гольдштаймнің белсенді
теориялық қызметі және кең тараған когнетивті гуманистік теориялары
айтарлықтай тиімді болды және кең таралды, В.Франке жасаған логотерапияның
әлеуметтік-психологиялық негіздері европалық әлеуметтік-мәдени дәстүрі бар
көптеген елдерде әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясының таралуына ықпал
етті. Жоғарыда келтірілген мысалдардан әлеуметтік жұмыстағы белгілі
теоретиктердің әлеуметтік білім тармақтары сәйкес келетін әлеуметтік дамуда
осы аумақтың дамуына әсер еткендігі байқалады, ХХғ. әлеуметтік жұмыс
теориясының даму тенденциясының қазіргі заманғы қалыптасуына базалық ғылыми
пәндері, әсіресе психология мен социология белді мамандары ықпал
етті.Әлеуметтік жұмыстың көптеген әлеуметтік және психологиялық бағытталған
теорияларының дамуына әлеуметтік жұмыстың таза емес теоретиктерімен қатар,
социология және психология мамандары, сондай-ақ педагогтар мен
психотерапветердің қосқан үлесін атап өту қажет. Білімнің жаңа
тармақтарының қалыптасыуның алдыңғы сатыларына жоғарыда келтірілген
жайттардың тән болуы заңды да, себебі, біріншіден, жаңа ғылымды зертеушілер
өте аз, ал екіншіден, әлеуметтік жұмыс үшін базалық пән болып есептелетін
аралас пәндер білімнің жаңа аумағына табиғи түрде өз өкілдерін тартуда,
әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының аталуы жағынан социологиялық
және психологиялық концепциялары жақын болуы да кездейсоқ емес (жүйелік,
функционалды, әлеуметтік-психологиялық және т.б)

1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары

Қазіргі кездегі ғылымдарды, социология ғылымын, негізгі сілтемелерді,
әлеуметтік білімнің жеке тарихтарының пайда болуының шарттары мен
факторларын, ғылыми пәндерді үш топ біріктіреді.
Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың пайда
болуы, Оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа
проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілкті,
өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды.
Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік
аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады.
Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі
ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі
ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына
түбегейлі ықпал етеді.
Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының
субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы
ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің болуының
өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын сипаттайтын –
обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін, мінезін,
қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі маңызды. Бұл
қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің мен мінездемесі мен
масштабын анықтайды.
Аталған топтарды негізге ала отырып, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыс
териясының прогрессивті дамуы мен қалыптасуының негізгі сілтемелерін және
ғылыми білімнің дамуын анықтайтын шарттары мен факторларын қарастырайық, ең
алдымен жаңа ғылыми пәннің зерттеу объектісіне айналған қазіргі кездегі
адам өмірінің шындықтарына тоқталайық, әлеуметтік жұмыс тарихы және
әлеуметтік жұмыс тарихының көптеген мамандары арнайы теориялық негіздері
мен ерекше теориялырдың жасалуын қажет ететін қоғамдық құбылыс ретінде
әлеуметтік жұмыстын қалыптасу кезеңін анықтаудың қажеттігі бар екен деген
қорытындыға келді. Өткен ғасырдың соңғы ширегі әдетте осы кезеңмен аталады.
Дәл осы кезенде көптеген индустриялды дамыған мемлекеттерде әлеуметтік
жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы пайда болды, Әлеуметтік
жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды, университеттерде алғашқы
әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Осылайша, ХІХ ғ 90 жылы басында-ақ
АҚШ-тың колумбиялық уневерситетінде әлеуметтік жұмыс факультеті ашылды.
Әлеуметтік жұмыс теориясын ғылым және пәні ретінде дамуына, кәсіби
әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау қажеттілігіне не негіз болады? ХІХ ғ ІІ
жартысында адамның қоғамдық және индивидуалды өмірдің қандай шындықтары
кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді жаппай дайындау қажеттілігін, халықты
әлеуметтік қорғау мәселелерінің ғылыми зерттеу қажеттігін, "әлсіз”
әлеуметтік топтарды қолдау қажеттігін тудырды?
Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер
көрсеткендей, әлеуметтік тұрмыстық проблемамикалар негізі, глобальды
мәселелер тобына кіреді, экономикалық, саяси және әлеуметтік – мәдени
процесстердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Ең алдымен, жаппай
урбанизациялану сияқты қоғамдық құбылысты бөліп көрсетсек болады.
Урбанизация нәтижесінде индустриялды дамыған мемлекеттердің интенсивті
өндірісі дамыды.
Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуы қоғамдағы маргинальды
топтардың көбеюіне себепші болды. ХІХ-ХХ ғғ интенсивті жаппай
урбанизациялану нәтижесінде көптеген индустриялды дамыған және орташа
дамыған мемлекеттерде қала халқының саны өсті. Адамдарды өмір сүру салтына
байланысты алшақтық, ұяттық, территориялық кесінділерге ғана бөліп қоймай,
тұрғылықты жеріне қарай бөлуде кең етек алды (үлкен қала, орташа немесе,
кіші қала типтес қоңыс, аудан, ауыл, және т.б.)
Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі,
жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның
жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби
қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс
күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне,
өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті.
ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі
фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді
түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде
индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және
техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды.
Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы
тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі
кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату,
Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің
кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың
қалыптасуын талап етеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның
қоғамдық жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына
тағы бір фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз
құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар
тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, кәсіподақтар
буржуазиялық үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын
әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді.

Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды.
Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт,
эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді
шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі
формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде
әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің
негізгі жолы болып есептеледі.
Осы тұрғыдан ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ.бірінші жартысында адамзаттың
жолында пайда болған бірқатар глобальды мәселелерді де назарға алған жөн.
Олар көп жағдайда әлеуметтік жұмыстың қоғамдық құбылыс ретінде
қалыптасуында сондай-ақ, оның теориялық және әдістемелік негізінің
жасалуында маңызы зор, төмендегідей глобальды мәселелер үлкен маңызға ие
болады: қоршаған ортаның ластануы, демографиялық жарылыс қаупі, әлсіз
дамыған мемлекеттер мен аумақтардағы жаппай ашаршылық, жаппай қырып – жою
қыруын қолдау, нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою қаупі, моральды деграция
мәселесі, әлеуметтік – мәдени қарама-қайшылықтар, дәстүрлі әлеуметтік
институт ретінде отбасының бұзылуы,т.б.
Әлеуметтік дефференцияның өсуі, түрлі мемлекеттердің халықтарының
өмірлік деңгейлеріндегі айырмашылықтың ұлғайюы, миграция мәселесінің
өткірлілігі, индустриалды дамыған және дамушы елдердегі өмірлік маңызды
бағдарларды таңдау,т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы әлемге мынадай сипаттамалар тән:
Әлеуметтік қорғау мәселесінің тұрақтануы, оның теориялық әзірленуі,
сауаттылар санының өсуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, сондай - ақ қоғам
мен адамның іс - әрекетерінің қиындауы, жаңа тарихи жағдайда қауіптің
күшею. Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби шеберлікті, адамдарға әлеуметтік
қолдау көрсетудің теориялық негізденуін талап етеді. Сонымен қатар, адамзат
жәрдем қажет етушілерге әлеуметтік және индивидуалды көмекші күшейту үшін
жаңа мүмкіндіктер алды.

1.3. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының
басты бағыты
Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз
ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар.
Әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды.
Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық
тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай
болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді.
Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған
тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.
Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше
көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық
туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.
Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге
асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады
және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады.
Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары
Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін
берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі қабаты
ғана ашылды. Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді.
Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар
басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін
айқындау маңызды. Және бұл түсінік барша халыққа қолжетімді болуы тиіс.
Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа
индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан,
Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең
көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен
әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден
тұрады.
Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай маңызды міндеттерді шешу қажет?
Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн.
➢ Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті
заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік
қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан
ұтымды.
➢ Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби
біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың
арасында жасап енгізу міндеті тұр.
➢ Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің
әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-
қатынасының тиімді моделін құру маңызды.
➢ Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде
жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып,
азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік
болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын заманалыққа
айналдыру керек.
➢ Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама
жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды
ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты
кері байланысын нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр.
➢ Орта таптың үздіксіз өсуіне, инновациялық экономиканың басты
қозғаушы күші - креативті таптың пайда болуы мен дамуына жағдай
жасау маңызды.
➢ Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды
еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық
еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-
қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа
тартымдылық енгізу қажет.
➢ Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық
деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен
тігінен және көлденеңінен құрылған әлеуметтік үдерістердегі
тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.
Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы
тиіс.
Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар
бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.
Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты.
Ешқандай да алға озу болмауы тиіс. Әлеуметтік саладағы барлық
өзгерістер даму деңгейімен Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне
сәйкесуі тиіс.
Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді,
әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму
көрсеткіштеріне тартуға арқаулануы тиіс.
Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидаты.
Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек
мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік
құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.
Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы
өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік
жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге
болады.
Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты.
Барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы
негізінде құрылуы тиіс. Бұл жерде биліктің міндеті - мемлекет, қоғам мен
жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Шынайы әділеттілік дегеніміз, міне, осы.
Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес
секторын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту
үшін жағдай жасау маңызды.
Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты.
Мемлекет қазақстандықтар өз бетінше өзінің өмір сапасын жақсарта
алулары үшін жағдайлар жасауда. Мемлекеттік әлеуметтік қолдау адресаттарға
олардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін оятуға бағытталып
отыр.
Иә, мемлекет көмектеспеуге болмайтын жерлерге көмек қолын созатын
болады. Бірақ азамат өзінің қолынан келетін шаруаны өзі атқаруы тиіс.
Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты.
Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік
тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына
отырып қабылдануы тиіс. Міндеттер мен қағидаттарды нақ осылай түсіну
әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің негізіне жатқызылғаны жөн. Әлеуметтік
жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір
қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге
бағытталған нақты қадамдарды талап етеді.
Әлеуметтік жаңғырту тіптен де мемлекет үшін жасалмайды, ол әрбір
нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуі тиіс. Бүгінде әлеуметтік салаға
әшейін түпсіз қаржылық құюлар маңызды емес. Қоғамдық қатынастардың,
сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат
ету мақсатында заңнамалық, ұйымдастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал
етудің нақты шаралары қажет.
Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес
жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі
индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға
негізделген жағдайда ғана табысты болады. Индустриялық-инновациялық дамудан
тыс ешқандай жаңғырту мүлдем мүмкін емес.
Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес негізгі
басымдықтар бойынша енгізу қажет
1. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік заңнамалардың ауқымды
арқауы құрылды.
Барлық маңызды салалар - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет,
спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. - арнайы
заңнамалық актілермен реттеледі.
Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберінде тұрғындарды әлеуметтік
қорғау жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық жүйеде
проблемалар да бар.
Қазақстанда қолданылатын әлеуметтік заңнамалардың резервтері
жеткілікті деңгейде іске қосылмаған.
Мәселен, Білім беру туралы Заңға сәйкес, міне, елімізде 9 жылдан
бері Біртұтас ұлттық тестілеу жұмыс істейді. Оны өткізу қоғамда түрліше
бағалануда.
Жыл сайын БАҚ-тар лауазымды адамдар тарапынан да, сондай-ақ ҰБТ-ға
қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады.
Оның үстіне мәселенің өткірлігі тек күшейе түсуде.
Мұндай жағдайдың себептерінің бірі - тек министрлік белгілеген өткізу
ережелері негізінде жүзеге асырылатын ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық
реттелуінде.
Сонымен бір мезгілде, ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия жұмысына кедергі
жасағаны, тестілеу өткізуге оқушылардың ата-аналары, педагогтар, лауазымды
адамдардың араласқаны, тестілеу кезінде емтихан тапсырушыларға көмектесу
мақсатында байланыс құралдарын пайдаланғаны және т.б. үшін құқықтық
жауапкершілік туралы ереже жоқ. Ал мұндай фактілер бар екені даусыз! Демек,
мұндай жағдайды шешімді түрде түзету керек.
Басқа мысал: 2011 жылы даулар мен жанжалдарды соттан тыс қарауды
қамтамасыз ететін Медиация туралы Заң қабылданды. Алайда оның резервтерін
еңбек жанжалдарын сейілту үшін қолдануға болатындығына қарамастан,
медиацияның жалпыұлттық жүйесін құру жөніндегі нақты шаралар әзірге
байқалмайды.
Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескірген немесе көрнекілік қана
сипаты бар. Осы жағдайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбір
салаларын тиімді реттей алмай отыр. Жағдайды іштей жақсы түсіне отырып, мен
мынаны айтқым келеді: жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін
кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс.
Мәселен, Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ
мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын
жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда
белгіленген мерзім ішінде сынақтан өтушілер есебінде ешбір еңбекақысыз
жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа
салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады.
Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының
біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады.
Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке
құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады.
Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе!
Бірақ мемлекеттік еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын
бұзудың бірде-бір оқиғасын аша алмай отыр.
Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбір әлеуметтік сала өзінің
заңдық базасының тиімділігін арттыру үшін елеулі резервтерге ие екендігіне
сенімдімін.
Осыған орай тек қазір ғана емес, сонымен қатар, орта мерзімдік
перспективада да әлеуметтік заңдарды олардың тиімділігін анықтау мақсатында
мұқият тексеру талап етіледі.
ІІ. Қазақстанның әлеуметтік жүйесі
2.1. Әлеуметтік жаңғырту - Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін
дамытудың негізгі факторы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің еліміз өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары болып табылады. Бұл принциптер елді дамытудың, оның
ішінде халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын айқындаушы болып
табылады. Сонымен қатар оның дамуы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелердің
басты жетістіктерін алу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жүр­гізген реформаларының нәтижесі,
негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік
қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құру болды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы жаңадан құрылған халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға, нарықтық эко­номика талаптарына
және әлеуметтік бағдар­ланған мемлекет параметрлеріне сәйкес келеді.
Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Саяси жүйенің функциялары
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесінің кезеңдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
Пәндер