Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Құрманғазы атындағы саз колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақтың ұлттық ойындарының тарихы
1.1 Қазақтың ұлттық ойындарының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 8
2. Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
2.1 Қазақтың ұлттық ойындарын
насихаттау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Ұлттық ойындардың танымдық-тәрбиелік
құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .33

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын
құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке
тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал
етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Аламан бәйге, Алтыбақан, Арқан тарту, Ақ сүйек, Теңге алу,
Аударыспақ, Қыз қуу, Жамбы ату... Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық
ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға
тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз
бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын
түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша
пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ
басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың
зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты,
алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке,
батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар
қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады.
Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып
қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын
арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып,
шынықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды
өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба
білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, Аламан бәйге,
Аударыспақ, Арқан тарту ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-
жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың
тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі
епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық,
бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің
мәңгі мәні ретінде қабылдаған.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және
әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан
ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар
арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына
келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы
ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге
бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді.
Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал
енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба
білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие
айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің
таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз
маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын (Аламан бәйге,
Көкпар, Алтыбақан) ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың
ұлттық ойындарының ішінде Тоғызқұмалақ, Жамбы ату, Аударыспақ,
Көкпар, Хан дойбысы секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына
қысылмай-ақ қосуға болады.
Зерттеу мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарының шығу тарихын зерттеп, оны
насихаттау.
Зерттеу міндеттері:
- қазақтың ұлттық ойындарының тарихы туралы түсінік беру;
- қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін айқындау;
- қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау жұмыстарына сипаттама беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақтың ұлттық ойындарының тарихы
1.1 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі
тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балада жалпы адамзаттық
құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын
халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер,
табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас
ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы
танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта
қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл
мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің
арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім,
білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден
келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен
еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың
іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет
түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар,
Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ т.б. балалардың
еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын
жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір
айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов,
Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский,
А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды
делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай
және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде
ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
1.2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық
арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және
құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының
ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)
аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-
жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Халқымыз ұлт
ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен
әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің
желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған
белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе
көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл
бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп
салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да
балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне,
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың
бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді,
демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи
түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген
еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен
бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар,
он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың
ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға
лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ
серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ,
тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз
қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Мысалы, Соқыр теке ойыны (Ақ сандық, көк сандық Құраст. Ш.Ибраев.А.,
1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші Тентек
текені ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын! - деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал
Соқыр теке олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына
тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге
жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген.
Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері
ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан
тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы
да осы ұлт ойындары еді.
Халық арасында Денсаулық – зор байлық деп тегін айтылмаған. Бұл
арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы
ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек,
кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас
организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын
ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет
етуге бағыт алады.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал
шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің
негізгі мақсаты, сондықтан да халықтың бар байлығы малда болды. Қазақ
халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын
алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму
ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты
болды.
Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы,
қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір
сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар
дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан
серігі екендігін шабыттана жырлаған.
Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек
қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің,
соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі
бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын ақбайпақ, көк сиыр, түйе-
түйе, соқыр теке т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.
Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір
сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам
баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген
ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың
көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз
төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай Ақбайпақ ойынында,
жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп,
жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен
жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің
бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.
Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси
әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік
арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді.
Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің,
мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.
Бесік жырынан бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі.
Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге
аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-
талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп
айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас
кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-
өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы
болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ
қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды.
Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп
қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-
жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға
қалыптастырады.
Ұлттық ойынның бірі – Ұшты-ұшты. Бұл ойынға ересек балалар мен
кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.
Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне
қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін
түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші Ұшты-ұшты бөдене ұшты
деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа
олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын
жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын
затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан
ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын
жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи
да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын
айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы,
ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты,
көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға
ұшты деп жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел,
жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі,
ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та
күшейе түседі.
Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананың
ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің
жанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен.
Мысалы, Тоғызқұмалақ ойыны:
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген мал жайы,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,
Екі қазан – үлкен келген іші отау.
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ
Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.

Әрқайсының сегіз ұя – ойы бар,
Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.
Екі ойыншы – екі қойшы кезекпен
Түсіреді ұяға қой есеппен.

Бір-бірінің ұясына айдайды
Қой – құмалақ санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса қой – құмалақ
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

Солай талай қой қазанға түседі
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде-кімнің қазаны тез толады,
Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

...Қызықтырған бүгіндерде ойлыны
Міне, осындай бабалардың ойыны.
Қорытынды
Ұлттық ойын - баланың білім білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие
құралы
Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті
ол - баланың еңбегі,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі
кәдімгі еңбек. Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардың
күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы,
күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты
балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас
уақытындағы ойын. Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық,
құмалақ (түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұның бәрі осы балалар
еңбегінің құралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптың түп негізінің
өзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б.
ойнауларда жатыр. Ендеше халықтың бұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге
болмайды.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде
дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек
балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше
бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық
ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды
тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен Қобыланды,
Алпамыс, Ер Тарғын сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың,
жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық
ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда
өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері
айтылады. Домбырамен күй шерту, Аттың құлағында ойнау, Аударыспақ,
Күлкі ойыны, Балалар ойыны, Ақсүйек, Тоғызқұмалық, Жұмбақ айтыс,
Асық ойнау өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-
бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын
көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын Ақсүйек ойыны байқағыштыққа,
қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын
дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – Он бір қара
жұмбақ. Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау
қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол.
Санамақ, Жылдам айт, т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз
салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл
табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ
бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей
емес.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-
тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу,
қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс
шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар
да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер
айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады.
Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің,
тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын
емес.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш
рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай
отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл
жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып,
өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек,
қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер
жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның
ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс
ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және
Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері
уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын
түрлері, тәртібі зерттеледі. Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық
дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына
қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген
авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және
дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі
еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең
бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті
мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы
туынды Казахские национальные виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл
зерттеуінде ізденуші қазақтың Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін
таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да
ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп,
құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене
тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене
мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп
көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан
қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар
кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық
өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде
таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай
зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми
тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан
басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі
ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым
Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде
дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар
үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар
арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін
зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың
авторлығымен жазылған ғылыми монография Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде
пайдалану (Алматы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Дене мәдениеті және спорт
Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру
Ұлттық спорт түрлері туралы
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Мектептің педагогикалық кеңесі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Пәндер