Оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалану ерекшеліктері
Қазіргі білім беру жүйесінде интерактивті оқыту технологиясын қолдану
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазіргі білім беру жүйесінде интерактивті оқыту технологиясын қолдану
1.1. Оқытудың интерактивті әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалану ерекшеліктері
2.1. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Интерактивті әдіс бойынша өткізілген сабақ жоспары ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біз Өмір бойына жететін білім алу моделінен
өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту
және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу делінген. Ал, оқу мен
тәрбие – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Бала
тәрбиесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен
берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-
жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы білім-тәрбие бала
табиғатына ерекше әсер етіп өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын
толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,
түп қазығыда – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда
интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті
деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның
жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды
қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын
арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы
бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар
жасау керек деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық
оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Интерактивті әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізуді неден бастау керек
деген сұрақта мұғалімдерді ойландырады. Бұл әдіспен оқыту сыныптағы
жағдайдың өзгеруін талап етері сөзсіз. Сондықтан оқушылар да осы әдіспен
жұмыс жасайтын мұғалімде белгілі бір уақыт дайындықтан өтулері қажет.
Біздің пікірімізше мұғалім алдын ала біртіндеп интерактивті әдістерге
құрылған –жұппен жұмыс, шағын топпен жұмыс тағы басқаларын ұйымдастырудан
бастағаны абзал. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістерден артықшылығы
оқушыны қозғалысқа түсіру енжар тыңдаушы емес, белсенді өз бетімен білім
іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын өз бетімен ашушы рөліне енгізу. Осындай
тұрғыда тыныштықты бұзу қажет бұл-қозғалыс талдауға қатысу, пікірін
дәлелдей білу, өзге көзқарас, пікірлермен санаса білу тәртіпсіздікті емес,
ойлай білетін білімді, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу құралы. Сол себепті
интерактивті әдіспен сабақ жүргізуші мұғалім сабаққа қатысушы педагогтар
ата-ана т.б сабақтағы қозғалыс, дыбыстың мән-мазмұнына тереңірек қарау
керек деген пікірдеміз.
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне
толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі
қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ
оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі
нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара
әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын
береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы
болады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара
әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара
түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол
толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке,
қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін –
ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік
оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара
мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан
жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке
педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін,
мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру
тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді
жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр
технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ
ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру,
инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
Зерттеудің мақсаты: оқу процесінде интерактивтік әдісті қолдану
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: интрерактивті оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: интерактивті әдісті пайдаланып процесінде оқушылардың
сабаққа деген қызуғушылығын арттыру
Зерттеу болжамы: егер оқу-тәрбие процесі кезінде интерактивті
әдістерді пайдаланылса білім игеру жүйелі түрде және өзін-өзі жетілдіру
мүмкін болса, онда оқушылдардың сапасы артады.
Зерттеу міндеттері:
- ғылыми педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді
зерттеу;
- тақырыпқа ғылыми-теориялық әдебиеттерінің негізінде терминдік
анықтама беру.
- интерактивті әдісті қолданудағы тәжірибелерімен танысу;
- педагогикалық эксперимент ұйымдастырып, өткізу және оның нәтижесін
талдау арқылы көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді
пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту – оқушылардың
шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істей білуіне негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті
әдістерді пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту теориясы
мен оны практикада пайдалана білу туралы педагогикалық және психологиялық
тұрғыдан қарастырған тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша
еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Қазақстан–2030 стратегиясы, Қазақстан Республикасының
білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-
педагогикалық мерзімді басылымдар.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында
сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру,
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.
Зерттеудің практикалық маңызы және ғылымилығы: осы жұмыс аясында оқу-
тәрбие процесінде интерактивті әдісті пайдаланып оқушыларның қызығушылығын
оятуда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі дәлелденді.
Қарастырылған теориялық пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарды
интерактивті әдістерді пайдаланып оқушылардың қызығушылығын ояту үшін
қолдануға болады. Осы жұмыстың нәтижелерін студенттер курс жұмысын
жазғанда, мектепте педагогикалық практиканы өткенде, бастауыш сынып
мұғалімдері өз сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Орал қаласы, № мектебі
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазіргі білім беру жүйесінде интерактивті оқыту
технологиясын қолдану
1.1. Оқытудың интерактивті әдістері
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер
бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде
жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде
нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту
әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы
білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде
оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы
керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi
таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта
оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк
тәсiлдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте
жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның өзара әрекет деген сөзі. Демек, интерактивті
оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, жеке
тұдлғаны дамытуға бағытталатын қазіргі білім беру парадигмасын
қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып
табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана
қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік
сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті
ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі
өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін
басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа
жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын
қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін
мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып,
ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері
ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара
әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің
субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай
отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті
оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде
оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп,
өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын
айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары
қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады
екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі
жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім
жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр
түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу
кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі
ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық
ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын
анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ
ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын өзара
әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
Оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталуы
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы
арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе,
"интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда,
inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара
әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi
туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды
екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты
беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту
екендiгiмен байланысты.
Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат
беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте
сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы кө-термелеушi қор –
құрдастарының идеяларын пайда-лана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң
"бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын,
естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi
естимiз.
Бiздiң тәжiрибе - соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны
қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу
әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген
абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз
бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға
жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге
жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-
әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді
қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан
оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды
роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге
бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы
мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық
болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады.
Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң
негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар
үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар:
бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың
дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан
iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде,
олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды.
1.2. Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап
етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса
маңыздылары болып табылады.
Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың
маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз
бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдік ойындар, миға шабуыл, дебат,
дискуссия, жаттығу, топтық жұмыс).
Эвристикалық әңгіме – бұл әдіс бойынша әр түрлі сұрақтар мен мысалдар
арқылы оқушының өз бетінше дұрыс жауап беруіне мүмкіншілік туғызады.
Сократтың Эвристика әдісінен атын алған (гр – табамын, ашамын). Бұл
әдіс өзінің ежелгі гректік нұсқасында негізінен Сократтың әңгімесінен
алған оқыту жүйесін ұсынады. Оларда өнерлі құрастырылған бағыттағыш
сұрақтар мен мысалдар арқылы оқушыны қойылған сұраққа өздігінен дұрыс
жауап табуға талпындырады.
Психологиялық жағынан эвристикалық әңгіме – бұл мәселенің жауабын
іздеу ретінде ұжымдық ойлау немесе әңгіме. Сондықтан педагогикада бұл
әдісті проблемалық оқыту әдісі деп санайды.
Дискуссия – бұл арнайы жоспарланған еркін сұхбат, ол арқылы
теориялық сұрақтарды талқылайды. Дискуссия – сөз әрекетінің диалогты түрі.
Бұл әдіс арқылы әңгіме барасында туындаған әр түрлі ойлар алмасып,
пікірлер ортаға салынады. Дискуссия оқытудың интерактивтік әдісі ретінде
пікірдің плюрализмінен басқа, тұрмыстық, теориялардың мәселелерінен,
саясаттан тыйым салынғаннан кейінгі жылдары қолданыла бастады.
Дискуссия әдісі арнайы бағдарланған оқу басғдарламасының теориялық
сұрақтарын ашық талқылау. Әдетте ол сұрақты құрастыруданг басталады және
басында эвристикалық әңгіме ретінде ашыла басталады. Оның бірте-бірте
дисскуссияға айналуы – сабақтың қалыпты барысы.
Дискуссия әдісі сабақтың топтық формаларында семинар –
дискуссияларда, семинар – тәжірибелерде, лобароториялық және практикалық
жұмыстардың нәтижелерін талқылау кезінде қолданылады. Кейде лекция –
дискуссияда қолданылады. Мұнда лектор лекцияны түсіндіру кезінде
студентке қысқа жауапты талап ететін сұрақтар қойып отырады.
Миға шабуыл - бұл әдіс оқыту әдісі ретінде жоғарғы оқу
орындарында сабақ беру тәжірибесінде әлі толық қалыптасқан жоқ. Әдістің
атының өзі басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында
пайда болады. ол әсіресе мендежментте экономикалық басқару іс-әрекетінде
кең қолданылады. Осы әдістің негізі мамандық күрделі мәселенің жауабын
миға келетін қайсыбір ойлаврдың, ұйғарымдардың, кездейсоқұ ұқсастықтардың,
сонымен қатар күтпегенде пайда болатын қажет және қажет емес
ассоциаициялар арқылы табу.
* Шағын-лекциялар
* Топтардағы жұмыс
* Бақылау парағы немесе сынақ
* рөлдік ойын
* ойын жаттығулары
* жобаны әзірлеу
* жағдайлық тапсырмаларды шешу
* Сапаршыны (визитерді) шақыру
* Сарапшы топтарының пікірсайыстары
* Сұхбаттар
* Сахналау
* Жағдайдан жеңілу
* Оқушының рөліне ену
* Сюжеттік суреттерді талқылау
* Сұрақ – Квиз (бақылау) және т. б.
Миға шабуылдың ережесі – талқылауға қатысушылардың бірде бір сөзіне
қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай жеткізуді қамтамасыз ету.
Осындай жағдайда әр түрлі айлар пайда болып, күтпеген шындыққа келмейтін
ойлар айтылады. Сол үшін миға шабуыл жасалынады. Бірақ бұл ғылыми
зерттеулерде, менеджментте сәтті нәтижелерді іздеу үшін қолданылады.
Дөңгелек үстел әдісі – педагогикамен, саясаттану мен ғылымнан
алынған болатын: Дөңгелек үстелдер әдетте әр түрлі саясаттың және
ғылымилық бағыттардың өкілдерінің қандай-да бір мәселені талқылау үшін
ұйымдастырылады.
Оқытуда дөңгелек үстел әдісі әр түрлі мамандардың қатысуымен
теориялық мәселелерді эффективті игеруді арттыру үшін мәселені әр түрлі
ғылыми аспектілерде қарастыруда қолданылады.
Іскерлік ойыны - бұл әдіс алдымен білім беру жүйесінде емес,
басқарудың тәжірибелік аймағында пайда болды. Қазіргі кезде іскерлік
ойындарды түрлі тәжірибелік аймақтарда қолданылады: зерттеу жұмыстарында
проектілік зерттеулер процессінде сонымен бірге әскер ісінде.
Жоғарғы оқу орындарында әр түрлі кәсіптегі мамандарды дайындау
кезінде іскерлік ойыны басқару әрекетіне оқыту кезінде қолданылады.
Тренинг. Осы оқыту әдісінің жаңалығы біріншіден оның бізде көп
уақыт білмеді, ал сол уақытта Батыста оны психокоррекциялық жұмыстарды
жүргізу әдісі ретінде қолданылғанмен түсіндіріледі. Екіншіден ол
психология немесе басқа да оқу пәндерінің студенттерін көпшілік оқыту
әдісі ретінде қабылданбаған. Осыған қарамастан кейбір оқу орындарында
әлеуметтік психологияны оқытуда тренингті әрекет процесінде тұлғааралық
әрекеттесу жағдаятын модельдеу үшін қолданыла бастады.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар,
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар
айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру
жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар
үшін маңызы зор.
Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде
қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық
технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін
ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін
ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.
Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық-
компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары
деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз ақпараттық
мәдениеттілік ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту
арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа
түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік
модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді.
Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде
ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны
тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және
кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық
технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді.
Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал
және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы
кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері
байланысты қамтамасыз етеді.
Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның
өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту
жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Білім беру саласында оқытудың
ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу -
тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның
мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға
деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен
сипатталары сөзсіз.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне
жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде
қолдануды қажет етеді.
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс
материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде
беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет,
басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру
барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді
көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте
сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс
істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен
қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге
болады. Сонымен Автив экран бағдарламалық – техникалық кешенін қолдану
барысында оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі
Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын -
ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және
оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған
тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау
бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану
арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта
арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz