Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
1.1. Әдебиетке шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларға арналған азықтарды
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... 16
2.3. Етті бағыттағы ірі қара сиырларын
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4. Ет бағытындағы сиырларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.5. Мүйізді ірі қараны азықтандыру рационын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ІІІ. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу
жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал
өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал
организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді
кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді
біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі
қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және
энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін
зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар
оның игерімді түрі — бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-
ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де
басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-
жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы
қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан
бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар,
қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан
тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін
жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп,
күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру
тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап
малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер
өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып
келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен,
алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына
байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы
жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік
заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары
жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Әсіресе сүрлемдеу, пішендеме салу секілді азықтағы биохимиялық
өзгерістерге негізделген дайындау әдістерінде орын алатын құбылыстарды
зерттеп, оларды малға жегізгенде зат алмасуындағы метаболизмді қай жағына
жылжытатынын алдын ала болжап, мал физиологиялық жағдайы мен денсаулығын
қанының биохимиялық көрсеткіштері арқылы бақылайды.
Мал өнімділігі, оның ішінде сүттілігі, ең алдымен оны дұрыс және
құнарлы азықтандыруға байланысты. Өйткені, мал өнімділігінің тұқымдық ішкі
мүмкіндігінің жетіліп, іске асуына сыртқы ортаның, ең бастысы қоректену
факторлыраның, оңтайлы жағдайы туғызылуы қажет. Ондай оңтайлы жағдайлар
тудыру үшін малдың ас қорыту ерекшеліктерін жете білу керек.
Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген
жемшөбін алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз
қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдын-ала өңдеуден өткізеді. Күйіс
қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз
қуысынан таз қарынға көп мөлшерде сілекей құйылатындықтан, ондағы
микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни
микроағзаларға қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөпқоректік заттарына
бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен
қоректенетін микрофауна көбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен
қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі
қара малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді.
Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макроағзасы мең оның ас
қорыту жолдарындағы микроазғалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп,
пайда келтіруің синергистік биоценоз деп атайды. Соның нәтижесінде қарын
жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни
ауыспайтын аминқышқылдарымен және де бірқатар К мен В тобының
витаминдерімен байытылады. Демек, алдыңғы қарындардағы микробиологиялық
процесті неғұрлым өрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы ақуыз және маңызды
витаминдермен қамтамасыз ете аламыз.
Осыған байланысты күйісті малға күнделікті жегізілетін жемшөп түрі
(ассортименті) мен мөлшерін, яғни азықтандыру рационының құрылымын бірыңғай
сақтап, бұзбау керек. Мал азығына енгізілетін жаңа азықтарды біртіндеп, оны
өңдеуге алдыңғы қарын микроағзаларын бейімдеп барып, қолдану қажет. Мұны,
әсіресе, малға берілетін жемшөп түрі түбегейлі өзгеретін қысқы
азықтандырудан жазғы жайылымға шығарғанда ескерген жөн. Осы қағиданы ұстана
отырып, күйісті малдық алдыңғы қарындарындағы микроағзалар ассоциациясын
қиын қорытылатын, малдың өз ас қорыту жүйесі тіпті қорыта да алмайтын, мал
жемшөбінің негізін құрайтын жасұнықты ыдырататын целлюлоза ыдыратушы
нәсілдерімен (түрлерімен) байытуды жастайынан нысаналы түрде жүргізу қажет.
1.1. Әдебиетке шолу
Н.Ә.Жазылбековтың мәліметтерінде (1999 ж.) ірі қараны жайып семіртуді
ұтымды ұйымдастырса жайылымның тозуына жол берілмейді, өйткені сиырлар
жайылу барысында өсімдіктердің дәндерін тізелерімен қаққыштап түсіреді де,
тұяқтарымен жерге батырады жөне сонымен бір мезетте органикалық
тыңайтқыштарды да сіңіре отырып, шөптердің табиғи жолмен қайта қалпына
келуін қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде ет бағытындағы ірі қараны қашықтағы
жайылымдарға бағу елді мекендерге жақын жерлердегі жайылымдар мен
шабындықтардың тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік туғызатындығы жазылған.
Бұрынғы ҚазМШҒЗТИ-інің, казіргі МШжВ ҒӨО ғалымдарының (Н.Ә.Жазылбеков.
1995, 1998 ж.ж.) кешенді зерттеулері негізінде қуаттық және протеиндік
қоректендірудің, сондай-ақ ет бағытындағы санта-гертруда және қазақтың
ақбас тұқымды сиырларының физиологиялық жағдайларына сай келетін,
жергілікті жемшөптің нақты жұғымдылығы есепке алынып, мерзімдік азық
үлестерінің 15-17 көрсеткіші бойынша теңестірілген қант-протеин
арақатынасының қазақстандық жаңа мөлшерлері дүниеге келді. Қысқы мерзімдік
азық үлестерінің қолайлы нұсқалары және қуат пен протеиннің теңестірілген
жергілікті жемшөптерден алынатын тиімді, жеңіл қол жеткізілетін көздері,
сондай-ақ оларды қоректендіруді шектеуші ықпалдар табылды және жасалынды.
Н.Ә.Жазылбековтың (1990ж.) мәліметтері бойынша, жайылымдағы шөптердің
өсіп-жетілу кезеңінің аяғына таман, тамыз айында-ақ, малдың мерзімдік азық
үлестеріндегі қуаттың сиырларға тәулігіне қажетті мөлшермен салыстырғанда
15-20%-ға, протеиннің 16-18%-ға, лизиннің 35%-ға, және фосфордың 8- 12%-ға
кем екендігі анықталған. Мұндай деңгейдегі жетіспеушілік қыркүйектің
ортасына дейін сақталып, айдың екінші жартысынан бастап одан да азайып, 45-
48%-ға дейін жеткен.
А.П.Дмитроченконың (1970) зерттеулеріне сәйкес, шикі протеин құрамында
су мен тұзға еритін 40-50 % пртотеин бөліктері (СТЕПБ) болуы керек.
Сиырларға арналған, құрамында дәстүрлі азық жиынтығы бар мерзімдік үлес
СТЕПБ-нің талапқа сай мөлшерімен қамтамасыз етіліп отырғандығы көрсетіліп,
алайда, оған пішендеме мен шөп ұнын енгізу қолайлы жағдай туғызады. [13]
С.Ж.Арынғазиев, Д.Қ.Ахметжанов, т.б. (2006) ауыл шарушылығы
ғылымдарының саласына белсене үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған
анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, сиырлардың жақсы және
қолайлы деңгейде теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің
жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі
құрамындағы құрғақ заттың 0,14 – 0,18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс
екендігін ерекшелеген жөн.
Қ.Н. Бегімбеков., А.Ә. Төреханов., Ә.Б.Байжұманов., (2006) мәліметтері
бойынша, сауын маусымы ішіндегі сауылатын сүт мөлшеріне бірқатар
физиологиялық факторлар әсер етеді, олар сүт өнімділігінің сауын маусымы
басында күрт төмендеуіне себепші болады. Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары
мөлшерін сауын маусымының бірінші айының соңында және екінші айының басында
анықтайды. [2]
Н.И.Денисовтың (1969) деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен
(1 азық өлшеміне 80грамнан аз) болса, ол сауын сиырларының сүт өнімділгін
төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-
24 % көлемінде мөлшерленеді. [13]
Е.А.Новиковтың мағлұматтарына қарағанда, сиырлардың 300 күн ішіндегі
орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін 100 % деп қабылдасақ, сауым
маусымын 450 күнге дейін ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері
тек 85 % болады, демек, сауын маусымын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15 % кем
аламыз. Алайда сервис-кезең өте ұзаққа созылған жағдайда сүт шығыны бұданда
көп болады. Өйткені тұқым қуалайтын қасиеттері бойынша сүт өнімділігі аз
сиырлары сүт шығаратын азықтар жетіспеген жағдайда ұзақ сауын маусымына
төзбей, бұзаулауына 3-5 және оданда көп ай қалғанда-ақ сүт беруін
тоқтатады. [2]
Л.В.Куликовтың деректері бойынша, альвеолалық және цистералдық сүттің
арақатынасы сауым маусымының бірінші жартысында шамамен бірдей, ал екінші
жартысында альвеолалық үлесі шамасы едәуір артады. Алвеолалық үлестегі сүт
майының мөлшері цистералдық үлестегі сүт
майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады. [2]
Профессор П.Демченконың (1972) мүйізді ірі қара малмен жүргізген
арнайы распитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын
көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен
шығарылатын үлесі азайып, желінген азық көміртегінің игерілуі жоғарылайтыны
көрсетілген. [5]
Н. Омарқожаұлының (2005) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиыр рационын
сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып
құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55 % жеткізіледі.
Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер
жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен
шектеледі.
А. Росляков., М.Байтурин., М.Кенеев (1980) жинақтарында, республиканың
Солтүстік-Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларға рацион
құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар сауын
сиырлар рационына ірі азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи
шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл
сабанын беруге болады.
А.П.Калашников пен Н.И.Клейменовтың 1985 жылы шыққан анықтамалық
құралында әр түрлі ауыл шаруашылығы жануарларының, оның ішінде сүтті
сиырлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар
жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін
ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның өзі
алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Сүт
өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу
жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа
факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды. [2]
Н. Омарқожаевтың (1998) деректері бойынша, сауын сиыр рационын
құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін, экономикалық
тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп ұйымдастырады.
Рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталып нормалық
көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша
сәйкестіріледі.
Л.Гофман мен Р.Шиманн (1978) деректері бойынша рацион құрғақ затындағы
энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім
өндіруге жұмсауына ықпал етеді. [5]
А.Ә.Төреханов., Ж.К.Каримов., Ш.Д.Даленовтардың (2006) зерттеулеріне
сәйкес, әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да
айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты – жем-шөпті баптап беру
ісіне үлкен назар аудару керек. Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс
азықтандырумен қатар, олардың желініне, сауу әдісіне де ерекше көңіл
бөлінуі керек.
Д.Қ.Найманов пен Н.Ә.Жазылбековтың (2006) дәйектемелерінде, бұзаулаған
соң сиыр суды көп қажетсінбейтігіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40
минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Майда, жұмсақ, сапалы пішен
беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса
отырып 8-10 күнде жеткізеді.
В.И.Георгиевскийдің (1979) сиырларына жүргізілген зерттеулерінде,
рациондағы құрғақ
заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде, жануардық қоректік
мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатындығы ескертілген. [1]
Б.К.Бердібекованың (2005) мақаласында талқыланғандай, малды
азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі – толық рационды
балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см),
жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау. Жылына
3500-4000; 4000-4500 кг сүт беретін сауын сиырларға берілетін толық
рационды қоспа азық қатынасы: ірі және шырынды азықтар 66,0-70,0 %, құрама
жем 34,0-30,0 % болуы тиіс. [22]
Р.Ескендированың (2011) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек,
азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қаматамасыз
ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған
рациондар концентраттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы
құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде ас қорыту жүйесі
бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне
ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде
вертикальді азық араластырғыштар орналастырылған, ол – тамаша азық
қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді. [23]
К.Бексейітовтың (2011) мәліметтері бойынша, далалық қызыл тұқым
сиырларының жасы ұлғая келе, олардың сүтінің өнімділігі де артады екен,
әрине, осыған сәйкес олардың желіндерінің көлемі де ұлғаяды. Сүт сауыны
бірінші рет болып тұрған сиырларымен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың
желін көлемі сауынға дейін 3,7 % - ға артық болған.
Мал төлдерінің өсуіне және дамуына қоректендірудің түрлі деңгейінің
әсер етуін көптеген зерттеушілер ХІV ғасырда да зерттеген. Алайда, осы
мәселе бойынша экспериментальды жұмыстарды Н.П.Чириков (1891, 1909, және
1926) іске асырған. Ол жергілікті аз өнім беретін жануарларды жастайынан
жақсылап қоректендіру жолымен олардың шаруашылыққа пайдалы өнімділік
сапасын жақсартуға болады деп жазған.
М.Фалковскийдің (1974) бірқатар зерттеулерінің нәтижесінде азот
тыңайтқышы мөлшерін гектарына 100-ден 200 кг-ға жеткізгенде асты тұқымдас
шөптердегі кальций арта түсетінін көрсетті. Ал, бүгінгі күнгі ғалымдардығ
ізденіс нәтижелеріне зер салсақ, шөптің құрғақ затындағы кальцийдің сауын
сиырына қажетті орташа мөлшері килограмына 5-7,5 г аралығында болатыны
анықталды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларға арналған азықтарды дайындау
Мүйізді ірі қара малды сүт өндіру бағытында өсіргенде, сүттілік
өнімділігін алдын ала болжап, бағалай білу қажет. Сиыр сүттілігі бірқатар
жағдайларға байланысты өзгереді. Малдың басқа да өнімділігі секілді,
шаруашылықтағы сиыр сүттілігі ең алдымен оның шыққан тегіне, яғни тұқымына,
қанының тазалығы мен асылдығына байланысты тек тұқымында жоғары өнімділік
қасиеттері бар мал сол өнімділікті көрсете алады. Әрине, ол асыл тұқымдық
қасиеттерді жетілдіріп, мал басынан мол өнім алу үшін, малды жастайынан
бағып-күтіп, құнарлы азықтандыру қажет. Мал өнімділігінің тұқымдық
қасиеттерімен берілетін ішкі генотиптік потенциалы (мүмкіндігі) жан-жақты
дамып, көрінуі үшін жеке бас даму барысында, яғни онтогенезде, сол
қасиеттер дамуына себеп болатын сыртқы ортаның фенотиптік жағдайларының ең
бастысына - дұрыс азықтандыру, содан кейін күтіп-бағу, тіпті баптау
жағдайлары жатады. Осы жайттарды ескере отырып, сиыр сүттілігіне тұқымдық
тегі мен дене бітіміне, сырт пішініне қарап та біршама болжам жасауға
болады. Шаруашылыңта сиыр өсіріп, оның сүтінен пайда табам деген шаруа
иелері бұл мөліметтер мен белгілерді жете меңгеріп, өз ісінде орынды
қолдана білуге тиіс.
Мүйізді ірі қара малды азықтандыру өнімдік бағыты мен тұқымына, жасы
мен тірідей салмағына, физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне сәйкес ағзаның
қоректік заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасын анықтаудан
бастайды. Оның ішіндегі ең күрделісі - сүтті сиырдың азықтандыру нормасын
белгілеу. Өйткені, химиялық құрамы сан-алуан, биологиялық құндылығы жоғары
сүтті түзу - күрделі физиологиялық процесс. 1 л сүт түзілуіне желін
тамырлары арқылы 500-600л қан өткізілетінін атап өткенбіз. Демек, тәулігіне
10-12л сүт сауылса, оны түзуге 5000-7000л қан өткізіліп, онымен сүт
түзілуіне қажетті барлың қоректік, минералдың және биологиялық маңызды
қосындылар жеткізілуге тиіс.
Бүгінгі таңда сауын сиырды азықтандыру нормасын Мұншама көрсеткіштерді
қамтыған бұл норманы тетіктелген азықтандыру нормасы (детализированные
кормовые нормы) деп атайды. ІПаруашылық жағдайында малды азықтандыруда бұл
көрсеткішердің ішіндегі ең негізгілері болып табылатын, яғни азық өлшемін,
қорытылатын протеинді, калъцийді, фосфорды, каротинді бақылау жеткілікті.
Малдың жалпы энергетикалық мұқтаждығының көрсеткіші - азық өлшемі.
Азық өлшемі ретінде бүгінгі күні біздің елде 1 кг сұлы дәнінің
бордақылаудағы сақа өгіз денесіндегі 150г май байламына тең энергетикалық
қуаттылығы (қоректілігі) алынған. Сұлының азық өлшемімен қоса азықтандыру
нормасын және азық энергетикалық құндылығын мегаджоуль немесе
килокалориямен белгіленген алмасу энергетикалық құндылығын мегаджоуль (МДж)
номесе килокалориямен (ккал) белгіленген алмасу энергиясын да (АЭ)
келтіреді.
Шамалап есептегенде, тірідей салмағы 300-500 кг жылдың сауымы 3 мың л
буаз сиыр 5-8 а.ө., 600-900г, яғни 1 а.ө. 110-115г қорытылатын протеин
қажет етеді. Сауын сиырдың тіршілігін қамтамасыз етуге әр 100кг тірідей
салмағына шамамен - 1 а.ө. және де әрбір 1 кг сүт өндіруге қосымша - 0,5
а.ө. жұмсалады. Әр 1 а.ө. 105-110 г қорытылатын протеин, 8-9 г ас тұзы, 8-9
г Са, 5-6 г Р, 40-60 мг каротин жеткізілуі тиіс. Жас, өсуі аяқталмаған,
жетіліп келе жатқан құнажындар мен арықтаған сиырды азықтандыру нормасы
денесінің өсіп, қосымша салмақ қосып, қоңдылануына 1-2 а.ө.-не ұлғайтылады.
Мал ағзасының энергетикалық және қоректік, биологиялық пәрменді
заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасының көрсеткіштері іс
жүзінде малға берілетін жемшөп және қосындылармен қамтамасыз ету үшін
азықтандыру рационын құрастырады. Азықтандыру рационын малдың сүйсініп
жейтін, қоректенуіне бейім азықтарынан, белгілі физиологиялық-зоотехникалық
ережелерге сүйене отырып, келесі азықтар топтарынан құрастырады.
Мал азығы шығу тегі бойынша өсімдік және жануар тектес азықтар болып
екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері мен әрі, ет-
сүйек, қан және балық ұны түріндегі ет пен балыұ өңдеу кәсіпорындарының
қалдықтары жатады. Олар рационда қосымша протеиндік азықтар ретінде
қолданылады, ал төрт түлік рационының негізін өсімдік тектес азықтар
құрайды. Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк,
шырынды, ірі және құнарлы азықтар болып бөлінеді. Көк азықтарға (зеленые
корма) - өсіп тұрған немесе орылып берілетін табиғи және екпе жайылым оты,
шырынды азықтарға (сочные корма) -сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер, азықтық
бақшалық дақылдар, ірі азықтарға (грубые корма) — пішен, пішендеме, сабан,
топан, құнарлы азықтарға немесе жем-ге (концентрированные корма) - мал
азығына жұмсалатын (фураж) астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек,
күнжара мен шроттар, жем жатады.
Көк азық - мүйізді ірі қара малдың жазғы уақыттағы негізгі азығы.
Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 50-70 кг-ға дейін көк балауса шөп
жей алады Көк шөп ылғалдылығы жоғары (60-80%) болгандықтан 1 кг-ның жалпы
қоректілігі 0,16-0,2 а.ө. аралығында болады да, ал 20-30% құрайтын құрғақ
затының 20-25 К протеин, 10-18% жасұның, 4-5% май, 35-50% экстративті
заттар, 9-11 % минералды элементтерден тұрады. Көк азық құрғақ затының
құрамынды қорегіне қажетті барлық қоректік және биологилленген пәрменді
заттар керек мөлшерде және жеңіл қорытылып, сіңірілетін түрде
болатындықтан, құнарлылығы жоғары. Ол жалпы қоректілігі жағынан құнарлы
жету құрғақ затымен теңессе, биологиялық, витаминді құндылығы жағынан
олардан анағұрлым асып түседі.
Жазғы уақытта сиырды тәулігіне 14-16 сағат, әсіресс ертеңгі және кешкі
салқынды пайдалаңып, өріске жайған және жайылған сиыр жақсы серуендейді.
Онын үстіне терісі күн сәулесін қабылдап, витаминдер түзеді. (мысалы,
эргостериннен ультракүлгін сәулелер әсерінен; Д витамині түзіледі),
ширайды, дене қорын толықтырады. Сиыр өнімділігі артып, өнімінің сапасы
жақсарады. Мысалы, көк шөптен сүт құрамында каротин көбейетіндіктен одан
шайқалған май сары түеті, мол витаминді болып келеді. Сиырлардың күйі жақсы
келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.
Көктемде көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды.
Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы
қарындағы микробиологиялық процестің күрт өзгеруінен, көптеп іш газдары
пайда болады да сиырдың іші кеуіп, тимпанияга шалдығады, ас қорытуы
бұзылып, іші өтеді. Оған жол бермеу үшін малды жаңа шыққан көктемгі
балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп, үйретеді. .
Малдың өрісі мен суаты алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын ала
тастардан, былтырғы өсімдік қалдықтарынан, бөгде заттардан тазартып, мал
басын әрқайсысында бір аптадай жаятын өрістерге бөледі. Сонда осындай
қарапайым жайылым айналымы арқылы, бір жағынан, малды жайғанда жайылым отын
біртіндеп, өріс бойынша үнемді де тиімді пайдаланып, тақырламай, қайта
көктеу мүмкіндігін сақтап, екінші жағынан, апта сайын өріс өзгерту арқылы
ішек құрттарынан (гельминттерден) сақтандырып, үшіншіден, мал басын
мөлшерлі түрде көк шөппен қамтамасыз етуге болады.
Көк азық қоректілігі өсімдік түріне, олардың өсу кезеңіне байланысты
өзгереді. Беде, жоңышқа секілді бұршақ тұқымдастар құрамында протеин көп
болғанымен, астық тұқымдастармен салыстырғаңда, оларда жеңіл қорытылатын
көмірсулар, яғни қанттар аз болады. Ал мүйізді ірі қара малдың алдыңғы
қарындарындағы микробиологиялық ашытуға желінген азықтың қант-протеиндік
арақатынасы 0,8-1,2:1 аралығында болғаны қолайлы. Бұл арақатынасты мал
азығына бұршақ және астық тұқымдастардың аралас жайылымын пайдаланғанда
сақтау жеңіл.
1 кг-да, орташа, 0,20 а.ө., 25 гқорытылатын протеин, 3,0 г кальций,
0,7 г фосфор, 40-60,мг каротині болатын шалғын көгін, тірідей салмағы 450-
500 кг сауын сиыр, тәуліктік сауын 8л болса- 40-50 кг, 10-12 л болса- 55-65
кг, 18-20 л болса - 65-75 кг жеуге тиіс. Сиыр сүттілігі өте жоғары немесе,
өз ретінде, жайылым оты мардымсыз болып, сиыр көк шөпті мұндай мөлшерде
жайылымнан жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандыру қажет.
Жазда да сауын сиырды тәулігіне 3-4 рет таза сумен суарып, қажетті
мөлшерде жалайтын астұзымен қамтамасыз етеді. .
Шырынды азық - ірі азықпен қоса мүйізді ірі қара малдың негізгі қысқа
дайындалатын жемшөбі. Оларға көк шөп шырынын сақтап қалатын, ылғалды
(кептірілмеген) сүрлем мен тамыр жемістілерден - азықтық және қант
қызылшасы, азықтық сәбіз, түйнек жемістілерден - картоп, бақша дақылдарынан
- азықтық асқабақ, қарбыз, әңгелек жатады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды
қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз
етеді. Оларды мүйізді ірі қара мал сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр
рационындағы қант-протеиндік арақатынасын жақсартып, таз қарын
микробиологиялық процесін өрістетіп, қоректік заттардың қорытылуын
жоғарылатады.
Сауын сиырға қызылшаның 30 кг-ға жететін тәуліктік мөлшерін бірнеше
бөліп, ал картоптың 15 кг-га жететін тәуліктік мөлшерін екіге бөліп беруге
болады. Әсіресе, қанты мол қант қызылшасын бірнеше рет бөліп немесе,
сиырдың ас қорыту сөлінде лактоза ферментінің аздығынан берілген қант
мөлшері ыдырап үлгермей, ашып, іш (ішек) газдары пайда болады. Сиыр басына
жылына 10-15ц қызылша, 5-10ц картоп әзірленеді. Қызылшаны температурасы 1-
2°С салқын қамбада немесе арнайы қазылған орда саңтайды. Тамыр-түйнек
жемістілер ылғалды (суы 70-90%) болғандықтан жоғары температурада нашар
сақталып, ал - 2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе, ұрылып-соғылған,
қабығы түскен тамыр-түйнектер тез бұзылғыш келеді. Сондықтан сақтауға тек
зақымдалмаған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектерді батпақтан
тазартып, кептіріп барып салады. Малға берер алдында оларды тазартып,
турап, ал жас малға ыстық суға, буға бөктіріп барып береді.
Көк азық шырынына байланысты қоректік қасиеттерін қыста сақтаудың
тиімді шаруашылың әдісі - сүрлемге салу. Сүрлемдеу, негізінен, сүт қышқылды
ашыту түріндегі микробиологиялық процесс арқылы, консервіленген азық.
Сүрлемге жеңіл ыдырайтын қанты мол балауызданып піскен көк жүгері мен
күнбағысты, бұршақ және астық тұқымдастар шалғынын, жас құрақты, бақшалық
дақылдардың жапырағын, т.б. салуға болады. Қанты аз азықтарды сүрлемдеу
үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен, мысалы, тамыр-түйнек
жемістілермен қоса салып, құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе
тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгеріні дәні сүттеніп-
балауызданып піскен кезде, ал басқа көк азықтарды шырындалып, бойына
қоректік заттарды жинаған кезеңінде, бірақ қатая бастағаннан бұрын орып,
турап, нығыздап салады да әбден таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100
килограмына 15-20 кг сабан мен топан араластырып салса да болады. Сүрлем
салуға дайындалған орды 1-3 тәулікте, әсіресе қабырға түсын мұқият
нығыздап, қабат-қабатымен тапталған көкпен толтырады да, үстін полиэтилен
жарғақпен жан-жағын қымтай жауып, қалындығы 25-30 см етіп топырақпен
көмеді.
2.2. Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Азықтандыру нормасына сәйкестендіріп құрастырылған рацион азықтарымен
саууға арналған сиырды тәулігіне 3 рет азықтандырған жөн - ертеңгісін және
түсте жем мен шырынды азықтарды беріп, ірі азықтарды күні бойы салып қойған
дұрыс. Алдымен ұсақталған дәнді азықтарды құрғақ немесе быламық түрінде,
содан соң шырынды азықтарды, артынан ірі азық береді. Тамыр-түйнек
жемістілерді берер алдында тазартып, жуады. Сиырдың 100 кг тірідей
салмағына - 5 г, 1 кг сүт сауымына - 4 г келетін ас тұзы мен басқа да
минералды қоспаларды бөлек ыдысқа салып жалатып немесе жеммен араластырып
береді.
Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру нормалары
1-кесте
Тірілей салмағы
Көрсеткіш
400кг 500кг
Тәуліктік сүт сауымы, кг
8 10 12 12 14 16
Азық өлшемі 8,0 9,0 10,0 10,6 11,6 12,6
Алмасу 95 106 117 126 137 148
энергиясы, МДж
Құрғақ зат, кг10,7 11,6 12,6 14,1 14,9 15,8
Шикі протеин, 1170 1355 1540 1630 1785 1940
г
Қорытылатын 760 880 1000 1000 1100 1200
протеин, г
Шикі жасұнық, 3000 3250 3380 3310 4020 4110
г
Крахмал, г 900 1125 1350 1435 1570 1705
Шик май, г 225 270 320 340 370 405
Қант, г 600 750 900 955 1045 1135
Ас тұзы, г 57 60 62 73 81 89
Кальций, г 57 60 62 73 81 89
Фосфор, г 36 42 48 51 57 63
Магний, г 17 18 19 22 23 25
Калий, г 60 67 74 82 89 96
Күкірт, г 20 22 24 27 29 31
Темір, мг 640 720 800 850 930 1010
Мырыш, мг 440 520 600 635 695 755
Марганец, мг 440 520 600 635 695 755
Кобальт, мг 4,8 6,9 7,0 7,4 9,3 8,8
Йод, мг 5,6 7,5 8,0 8,5 9,8 10,1
Каротин, мг 320 380 400 475 520 565
Д витамині, 8 9 10 10,6 11,6 12,6
х.ө.
Е витамині, мг320 360 400 425 465 505
Сиыр ағзасының мұқтаждығын бөлшектеп, яғни тетіктеп 24 көрсеткішпен
белгілеген 1-кестедегі азықтандыру нормасы, тетіктелген (детализированные)
азықтандыру нормасы деп аталады. Шаруашылық жағдайында малды ондағы барлық
көрсеткіштерді қамтитын рационмен азықтандыруды ұйымдастыру мүмкін бола
бермейді. Сондықтан іс жүзіндегі азықтандыруды негізгі 6 нормалық көрсеткіш
- азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, калъций, фосфор, каротині
бойынша ұйымдастырады. Осы көрсеткіштерді бақылап құрастырылған рацион 1-
кестеде берілген.
Рациондағы кальций, каротиннің көптігі ағзаға зиян келтірмейді.
Кальцийдің пайдалану дәрежесін арттыру үшін фосфор нормаға жетіп, оның
кальциймен арақатынасы 1,5-2:1 аралығында болуы қажет. Каротин бауырда А
витаминінің қоры түрінде жиналады. Шаруашылықтың жемшөп қоры сапасыз болса,
көбіне азықтандыру рационының құрамында қорытылатын протеиннің
жетіспеушілігі жиі орын алады. Оны толықтыру үшін күйісті мал, атап
айтқанда, сауын сиыр рационына азоттың химиялық көзі болып табылатын
қосындыларды, негізінен, құрамында 42% азоты бар синтстикалық несеп нәрін
(мочевина), яғни карбамидті қосуға болады.
Таз қарында ыдыраған карбамидтің аммиак түріндегі азотын бактериялар
өз дене құрылысына игеріп, өз ретінде қорытылып, денесінің ақуызы
ыдырағанда малды аминқышқылдың құрамы байытылған құнарлы ақуызбен
қамтамасыз етеді. Осы микробиологиялық түзу жолымен 1г карбамидтен 2,6 г
қорытылатын протеин жеткізіледі деп саналады. Химиялық азотты қосындылармен
сауын сиырдың қорытылатын протеинге мұқтаждығының төрттен бір бөлігін,
яғни, 2.5% қамтамасыз етуге болады. Бірақ бұл деңгейде карбамид беруге
сиырды біртіндеп, қауіпсіздік шараларын ескере отырып, үйретеді. Аз
мөлшерде беріле бастаған карбимидтің түйіршіктенбей, рацион азықтарымен,
әдетте жеммен, әбден мұқият араласқанын қадағалайды.
Сиырдың сүттілігі ұлғайған сайын, рацион құрамы да күрделендіріліп,
қоректі азықтар мөлшерінің көбейтілуінен құнарлылығының да жоғарылауы шарт.
2-кестеде сүтті сиырдың физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне
байланысты қыстағы және жаздағы рациондар үлгілері берілген. Егерде
шаруашылықта кестеде келтірілген азықтар болмаса, оларды қоректілігі пара-
пар азықтармен алмастыруға болады. Сиырдың сүттілігі сауымы мен қоса сүттің
майлылығына да байланысты екенін ескеріп, оған оң ықпал ететін қысқы
азықтардан бұршақ тұқымдастар пішенін, күнжара мен шрот, кебек пен
ашытқылар, басқа да протеинді азықтар береді.
Тірідей салмағы 450-500кг, жылдық сауымы
2-кесте
Азықтар Суалған Сауылатын кездегі тәуліктік сауымы, кг
буаз
кезінде
Қыста
Түрлі пішен4 3 3 3 4
Сабан 3 3 3 2 1
Сүрлем 15 20 20 25 25
Қызылша, 3 - 5 10 20
картоп
Бидай 1 0,5 0,5 1 2
кебегі
Жүгері - 0,5 1 1 1
жармасы
Күнбағыс - - - 0,5 0,5
күнжарасы
Көкөніс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz