Қазіргі Қазақстан экономикасына жалпы сипаттама


Қазіргі Қазақстан экономикасына жалпы сипаттама.
Өкінішке орай, өмірдің бір орында тұрмайтыны бәрімізге аян. Былтырғы жылы АҚШ-тағы ипотекалық және инфляциялық дағдарыстан басталған қаржылық тоқырау халықаралық қаржы жүйесі үшін нағыз сын кезеңі болды. Бұл дағдарыс Қазақстан экономикасына да залалын тигізді.
АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы соңғы уақытта Еуроодақ, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қаржы нарығын тұралатып тастады. Ресейдегі, өзге де көршілес елдердегі қаржы дүмпуінің нақты экономикаға қалай әсер етіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл дағдарыс Қазақстанды айналып өтпейді.
″Бізге де қамданбаса болмайды. Үкіметтің 2009-2001 жылғы жұмысының басты бағыты осы болуы тиіс. Елде инфляциялық саясатты жүргізуді бастау керек, ″- деді өз сөзінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тұтастай алғанда 2009-2008 жылдары экономикаға қолдау көрсетуге 540 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 2008 жылы болжанып отырған ішкі жалпы өнім көлемінің үш жарым пайыздан астамы. Осы қаражаттың 175 миллиард теңгеден астамы тұрғын үй рыногын тұрақтандыруға жұмсалды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы бұл салаға 135 миллиард теңге қаржы бөлінді. Шағын және орта бизнесті дамытуға 165 миллиард теңге бөлінді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан үкіметінің негізгі саясатының бірі болып отыр. Соңғы кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бірнеше іс-шаралар іске асты. Жаһандық нарықта азық-түліктің күрт қымбаттауына байланысты Қазақстанда жетіспейтін өнімдер шығару қолға алынды. Ішкі нарыққа тамақ өнімдерін тұрақты жеткізіп тұру үшін өндірушілермен меморандум жасалды.
Қазақстанда осындай іс-шаралар жүргізіліп жатқанда, алпауыт мемлекеттердің қандай әрекетке барып жатқанына көз салсақ, АҚШ тығырықтан шығу жолын жанталасып іздеп жатыр. Бұл қаржылық дағдарыста, АҚШ тәрізді алпауыт соңғы 50 жылдағы ең ірі және өте қауіпті ″ұлы құлдырауды бастан кешуде. ″ АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі 1, 2℅-ға түсті. 13 ірі банкі құрдымға кетті. Қаржылық дағдарысты қалт жібермей қарап отырған орыс сарапшыларының ойынша, АҚШ та Еуропа да күресудің жалғыз жолын ұстанып отыр. Ол банктерге мемлекет тарапынан көмек көрсету және қаржы компанияларын мемлекет қарамағына алу.
Қаржы дағдарысының соққысын Қазақстан бірінші болып қабылдады. Ал бүгінгі таңда АҚШ, Ресей, Украина секілді елдер жасап жатқан әрекеттер біздің дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуде. Ресей тура Қазақстанның жолымен тұралаған құрылысты қолдап, үй салған инвесторлардың пәтерлерін сатып алып, оны әлеуметтік бағдарламаларға пайдалануға шешім қабылдағанын Ресей қаржы департаменті жетекшісі мәлімдеді.
Жаһандық экономикалық дағдарыс дүние жүзі мемлекеттеріне өте ауыр соққы боп тиді. Қаржылық дағдарыс Қазақстанды да айналып өтпейді. Қазақстандық банктер әлемдік дағдарысқа дейін бірнеше жылдар бойы сақ болу туралы ескертулерге қарамастан, сыртқы қарыздарын көбейте түсті. Қаржы дағдарысы туындаған кезде, олардың ісіне де дәл бүгінгідей ықпал ететіні анық. Бірақ бүгінгі ахуал тұрақты деуге болады. Барлық банктеріміз өз міндеттемелерін табысты орындауда. Мұндай дағдарыстар ұзақтығы шамамен 10 айға созылатындықтан, 2009 жылдың 2-ші жартысында экономикамыз қайтадан көтеріле бастауы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының дағдарысты сезініп отырғандығы еш байқалмайды. Еліміз осындай ықтимал күрделі жағдайларға алдын-ала дайындалып, оны өтейтін, қажетті деңгейде қор жинап алды. Бүгінде алтын-валюта, Ұлттық қор Қаржысы 51, 5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының нашарламауына кепіл бола алтын қаражат. Қазақстанда әлемдік қаржы дағдарысын еңсеруге резерв жеткілікті. Дағдарысқа қарамастан Қазақстан қалыпты экономикалық режимде жұмыс істеп жатыр. 17 инфрақұрылымдық жоба, 28 өндірістік жоба 50млрд долларға қаржыландыру қарсаңында тұр. Үлескерлер тұрғын үйге қатысты зардап шекті. Мемлекет 2-ші деңгейлі банктерге қаржы бөлу арқылы көмектесіп отыр. Қаржылық тұрақсыздықты болдырмау үшін шұғыл шаралар жасалып, Үкімет "Қаржылық тұрақтылық туралы" заң жобасын ұсынды. Осының арқасында қаржы секторындағы жағдай жеткілікті түрде тұрақтылығын сақтауда. Бірақ әлемдік қаржы дағдарысы әлі жалғасып жатқандықтан, мемлекет тарапынан қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты жүргізілуде. Банктер активтерінің сапасын жақсарту мен жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға бағытталған активтер қорын құруда. Қордың капиталы бюджет қаржысы есебінен 2008-2009 жылдары 1млрд АҚШ долларынан кем болмауы тиіс. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Оған ресурсымызда жеткілікті. Демек еліміздің тұрғындары тыныш ұйықтай алады. Бұл дағдарыстың негізгі себебі қаржы саясатының дұрыс жүргізілмеуі және инфляцияның күшті қарқын алуы болып табылады.
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық салдары.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша- несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздық күшейді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым- қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салдарына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша конъюктураны жандырады. Процестің ұшығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша- несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістердің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның Қазақстандағы экономикасындағы көрінісі
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өндірістерге байланысты.
Қазақстан Республикасы бюджет жобаында ішкі жалпы өнімге шыгындардың үлесі 2009 жылы - 1, 2%, 2010 жылы - 1, 1%, 2011 жылы - 0, 9% құрайды деп күтілуде. Елдегі инфляцияның деңгейін сақтау мен оны ұстап тұру айрықша мәселе. Бюджет жобасы бойынша тұтынушылар бағасының индексі 2009 жылы 7, 5 - 9, 5% аралығында, кейін 2011 жылы 6, 7 - 8, 7%-ға төмендейді деп болжанып отыр. Банктің қолданып шараларына қарамастан ағымдағы және кейінгі жылдары да инфляцияның жоспарланған деңгейден асу үрдісі байқалады. Бұл дегеніміз үкімет болатын жағдайды алдын-ала болжай алмай және туындаған жағдайларды қарастыруға мүмкіндігі болмай отыр деген сөз. Бүгінгі таңда үкімет қабылдап жатқан тиімсіз. Оған дәлел ағымдағы жылы инфляцияның өсу деңгейінің жоғарлауы, азық-түлік және тауарларға бағаның өсуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz