Қимыл – қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ОЙЫНДАР
1.1. ОЙЫНДАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛЫ ЖӘНЕ ӘДІСІ РЕТІНДЕГІ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІН
ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10
1.3. Бала дамуындағы қимыл – қозғалыс ойындарының
маңызы ... ... ... ... ... 16

ІІ. ҚИМЫЛ – ҚОЗАҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Қимыл – қозғалыс
ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
2.2 Дене шынықтыру пәнінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22
2.3 Ортаңғы топ балаларына арналған қимыл қозғалыс ойындары
... ... ... ...25
2.4 Ересек топқа арналған қимыл – қозғалыс
ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі.Қазақстан Республикасының келешекте даму
стратегиясының басымды бағыттарының қатарына қазақстандағы барлық қоғам
өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық дамуы мен азаматтардың әл – ауқатының жақсаруы
және білім беруді жетілдіру мәселелері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.
Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан – 2030 дамуы (1997)
жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы
жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамындағы этностық және конфессиялық түрлі
тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы
мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи
байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай
сәйкес келмейтінін айта кету керек.
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы – мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына
дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк
мектептер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары
студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу
жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына,
санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс
уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына
мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн
мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде,
лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн
мектептер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру
мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға
тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және
қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi
балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды
ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi
жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы
органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
Зерттеу мәселесі. Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде
жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана
емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын
факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің
қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады,
эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының
жақсаруынаәсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет
мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру
үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін
қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын
жасау қажет.
Зерттеудің мақсаты. Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама
негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты
ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты –
күш – қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық
жұмысқа құштар, жан – жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар
тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Қимыл-қозғалыс ойындары туралы түсінік беру;
2. Дене шынықтыруда қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар түрлерін
ұйымдастыру;
3. Қимыл – қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер, дене шынықтыру міндеттерін жүзеге
асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері,
жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірілсе, адамның
денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қимыл – қозғалыс ойындарымен жүйелі түрде
айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Қимыл – қозғалыс ойындарының
тигізетін әсерін біле отырып, еркін ырғақ, дұрыс орындау әдістерін
үйренеді.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедерде дене тәрбиесі пәнін
оқыту.
Зерттеу пәні: қимыл – қозғалыс ойындарының мектепке дейінгі балалар
денесін шынықтыру үшін маңызы.
Зерттеу көздері: Қазақстан үкіметінің ресми материалдары, ҚР
Конституциясы, Білім туралы Заңы, ҚР Қазақстан – 2030 даму стратегиясы;
ҚР Білім мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасындағы
халықтардың дене шынықтыру даярлығының президенттік сынамалары туралы
ережесі және т.б. ҚР Білім және ғылым министрлігінің отбасы, балабақша,
бастауыш мектепке байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары,
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдары), педагогиканың
ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; белгілі философтардың,
педагогтар мен психологтардың еңбектері, және т.б.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми - әдістемелік,
философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау
жасау; мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің тәжірибесі; балабақша
құжаттарымен танысу, балабақша жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және
әңгімелесу, педагогикалық бақылау, балабақша топтарында жүргізілген іс –
тәжірибелерді сараптау, т.б.
Жетекші идея: тәрбие беру процесіндегі дене тәрбиесі пәнін
сабақтастықта жүзеге асыру, баланың салауатты өмір салтының қалыптасуына
ықпал етеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыстар негізінде
бүлдіршіндердің қмыл – қозғалыс ойындары арқылы денесін шынықтыру тәрбиесін
қалыптастыру жүйесінің ғылыми – теориялық негізі айқындалды;
- дене шынықтыру тәрбиесі ұғымының мәні анықталды;
- балабақша бүлдіршіндерінің дене шынықтыру арқылы қалыптасатын
тәрбиесін қалыптастырудағы тәрбиеші – ұстаздардың міндеті анықталып, оның
тиімділігі тексерілді;
- бүлдіршіндердің қимыл – қозғалыс ойындары арқылы дамитын
денсаулығын қалыптастыруға арналған ұсыныстар практикаға ендірілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Мектепке дейінгі мекеме
бүлдіршіндерінің дене тәрбиесін қалыптастырудағы тәрбиешінің міндетіне
бағытталған жұмыстар кешені мен әдістемесі жасалып, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеу нәтижелерін не арнаулы педагогикалық оқу орындарында, мұғалімдердің
біліктілігін арттыру және жалпы орта білім беретін мектептердің білім беру
үрдісінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижесі. Зерттеу жұмысында қарастырылған теориялық және
практикалық жұмыстарды оқу тәрбие үрдісінде әдістемелік құрал ретінде
пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (теориялық және
практикалық), қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ОЙЫНДАР

1.1. ОЙЫНДАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛЫ ЖӘНЕ ӘДІСІ РЕТІНДЕГІ СИПАТЫ

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл –
қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі
құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру
және тәрбие – білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол
бала денесінің дамуына және сауығуына жан – жақты ықпал жасайды. Ойын
процесінде балалардың қозғалғыштық ширақтылығы бүкіл организмде жігерлілік
жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонусын арттырады.
Қимыл – қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру
тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың
психикасына ізгілікті әсер етіп жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын
туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімімен,
кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен,
тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу
қуанышы баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр түрлі кедергілерді
жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.
Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын
жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес
мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп және
сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсаттылықпен әрекет етеді. Сондықтан,
мысалы Апандағы қасқыр ойыны балалар жүргріп келе жатып ұзындыққа
секіруді игерген кезде өткізіледі.
П. Ф. Лесгафт былай деп жазды: Ойындарда жүйелі түрде жүргізілген
сабақ кезінде игерілгендердің бәрі қолданылады, сондықтан мұнда жұмсалатын
қимылдар мен әдістердің бәрі ойынға қатысатындардың күші мен икеміне толық
сай келуі және мүмкіндігінше өте дәлдікпен және ептілікпен жасалуы тиіс.
Бұл ереженің дұрыстығын кеңес педагогтарының (М. М. Конторвичтің, Л. И.
Михайлованың, А. И. Быкованың, Т. И. Осокинаның, Е. А. Тимофееваның, Н. Н.
Кильпионың, Н. В. Потехинаның, Э. Я. Степаненкованың, С. Я. Лайзаненің және
т.б.) жұмыстары дәлелдейді, олар балабақшадағы қимыл – қозғалыс ойындарын
жүргізудің әдістемесін талдап жасауға елеулі үлес қосты.
Қозғалғыш іс - әрекет ретінде қимыл – қозғалыс ойындары белгілі бір
ерекшелікке ие: ол баладан сигналды тез сезінуді және күтпеген жерден ойын
жағдайын өзгертуді талап етеді.
Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі ситуациялар қимыл мен әрекеттің
сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін
өзгерту қажеттігін туғызады. Мысалы, Ұстап алу ойынында әрбір бала
жетекшінің әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ол жақындаған кезде бала
қарама – қарсы жаққа тез қашып кетеді. Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін
сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтайды. Жетекші тағы да
жақындаған кезде ол қимылын тағы да тездетеді.
Әрбір қимыл – қозғалыс ойынында дерлік балалардың ойын әрекеттері мен
қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Мысалы, Ынтымақты, бағыт
пен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін балалардың тез сезінуін, қабылдауын
туғызады: бытыраңқы жеңіл жүгіріс бұрын белгіленген орындарға бірінің
артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен
өзгертеді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру және тежеу процестері
жетілдіре және теңестіре отырып баланың нерв системасын шынықтырады.
Қимыл қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу
дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан ситуацияға байланысты ол
қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу,
қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру,
батылдық, ептілік, инициатива, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау
қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

1.2. ҚИМЫЛ – ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІН ЖАСАУ

Қимыл – қозғалыс ойындары өзінің бастауын халықтық педагогиканың
тұңғиығынан алады. Сәби жасынан бала өзінің алғашқы жасаған қимылдарымен
байланысты айшықты әсем халықтық ойыншықтармен ойнап, әзілдері,
күлдіргілерді естіп, қызық ойындарға кенеліп тәрбиеленіп келеді.
Неғұрлым ересек балалардың өмірінен балалар үшін қызғылықты ойын
бастауларды, жеңіл өлеңдерді, санамақтарды қамтитын әр түрлі қимылдар
жасалатын халық ойындары орын алады. Бұлардың бәрі күні бүгінге дейін
өзінің ғажап көркемдігін, тәрбиелік мәнін сақтап келеді және бағалы,
қайталанбас ойын фольклорын құрайды.
Әйгілі орыс педагогы К. Д. Ушинский біздің орыс халық ойындарын тәрбие
берудің құдіретті құралы деп санап, оларды кеңінен пайдалануды ұсынады және
педагогтарды балалар үшін ол ойындарды жинауға шақырды.
Ушинскийдің пікірі бойынша балалардың бойында қоғамдық мінез – құлық
дағдыларын қалыптастыратын алғашқы қоғамдық қатынастар ассоциациясын
түйіндейтін ұжымдық ойындар ерекше тәрбиелік рөл атқарады.
ХІХ ғасырдың 60 – жылдарында прогрессивтік педагогика идеялары
Детский сад журналында көрініс тапты (шығарушылар – А. және Я.
Симонович). Алдыңғы қатарлы педагогтардың күш – жігері тәрбие берудің ресми
педагогика орнатқан Фребельдік жүйесін орыс топырағына сол қалпында көшіре
салуға қарсы бағытталды.
Детский сад журналында қимыл – қозғалыс ойындарының міндеттері мен
тәрбиелік мәні баяндалды, орыстың халық әуендерін пайдалану арқылы орыс
адамдарының еңбектегі өмірін бейнелейтін қимыл – қозғалыс ойындарын ойлап
табу қажеттігі туралы ойлар айтылды.
П. Ф. Лесгафтың қимыл ойындарының теориясы мен әдістемесін жасауы.
Әйгілі орыс педагогы Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік жүйесін талдап
жасады. Онда қимыл – қозғалыс ойындарына көп орын берілген.
Ойынды Лесгафт жаттығу ретінде тұжырымдайды, оның көмегімен бала өмірге
дайындалады. Ол дербес әрекет болып табылады, онда баланың жеке өзінің
инициативасы дамиды, оның адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Әрбір ойынның, - деп атап көрсетті Лесгафт, - белгілі мақсаты болуы
керек, ал ойынның формасы – сол мақсатқа жауап беруі керек. Ойын кезіндегі
әрекет баланың өзін - өзі билей білумен сай келуі және рақат сезімінің
шарықтауын туғызуы қажет; бұл әрекеттер жүйелі түрде өткізілетін
жаттығуларда алдын ала күшейтіледі
Ойындарды мазмұны және ережесі жөнінен біртіндеп күрделендіру қажет.
Лесгафт ойындардың жаңа шарттар, жаттығулар, әрекеттер варианттарын
енгізуді ұсынады. Осы арқылы неғұрлым жоғары талаптар қойып, өзі білетін
әрекеттерді қайталауға, сондай – ақ ойындарға баланың қызығушылығын сақтай
отырып, олардың балаға жүйелі түрде әсер етуіне жетуге болады.
Рөлдер мен әрекеттерді бөлуді Лесгафт ойнаушылардың қолына топтайды
(яғни ойын өзін - өзі билеу жолымен жүзеге асырылады). Ойын ережелеріне
балалардың бәрі бірдей саналы түрде және шын ниетпен бағынатыны заң ретінде
қарауы маңызды.
Лесгафт қимыл – қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің,
олардың адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын,
тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы деп санайды. Оның
мына сөздері белгілі. Біз ойындарды оларға (балаларға) өзін - өзі үйрету
үшін пайдалануымыз керек (яғни жағымсыз сезімдерді жеңу үшін). Ойын
кезінде оларды өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және сонымен
өз әрекеттерін санаға бағындыра білуге үйрету керек.
Лесгафт қимыл – қозғалыс ойындарының жүйелі түрде жүргізілуі балалардың
өз әрекеттерін басқара білуін дамытуға көмектесетіндігін, оның денесін
тәртіптілікке бейімдейтіндігін, яғни әр түрлі ауыртпалықты әрекет етуге
үйрететіндігін атап көрсетеді. Ойындар баланы жоғары ептілікпен,
мақсаттылықпен, тездікпен әрекет етуге, ережені орындауға, өзін - өзі
билеуге, жолдастық сезімді бағалауға үйретеді.
П. Ф. Лесгафттың барлық осы қағидалары қимыл – қозғалыс ойындарының
теориясы мен практикасын одан әрі дамыту үшін негіз жасады.
Лесгафттың негізгі теориялық қағидаларына сүйене отырып, кеңестік
педагогика сонымен бірге оның кейбір ұсыныстарына сын көзбен қарайды.
Өзінің белгілі Қосымша қоздырғыштар теориясында Лесгафт былай деп
дәлелдейді: балаға әсер ететін күшті қоздырғыштар әрдайым оның
сезімталдығын төмендетеді. Сондықтан ол көтермелеуді, жазалауды, снарядтық
гимнастика жаттығуын, күшті сезім туғызатын жарысты теріске шығарады.
Кеңестік педагогика П. Ф. Лесгафт айтқан қағидаларға дұрыс талдау
жасайды және олардың түрткі болатын себептерін ашады.
Көтермелеу қазіргі кезде баланы алға қойылған міндетке жеткізуге және
өз мүмкіндігіне сенімін нығайтуына ынталандыратын құралдардың бірі ретінде
қарастырылады. Лесгафт көтермелеуді адамгершілік тұрғыдан теріске шығарады.
Ол балалардың ойын қимылдарын мақтау күтпей, риясыз орындауға үйретеді.
Ойындағы жарысты да Лесгафт, баланың жеке басының жеңіске ұмтылысын
туғызады деген адамгершілік ой тұрғысынан теріске шығарады.
Қазіргі кезде олардың пайдаланылатын себебі, жарыс әдісі ретінде
қызығушылық, эмоциялық өрлеу, ойын қимылдарын өте жақсы орындауға ұмтылуды
туғызады, қозғыш дағдыларды жетілдіруге көмектеседі. Алайда, қазірдің
өзінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойындарында жарыс элементтері
балалардың дене күші мен мүмкіндіктері мұқият зерттелген және басшылық ету
әдістері ойластырылғаннан кейін барып рұқсат етіледі.
П. Ф. Лесгафт ережелерінің В. В. Гориневскийдің және Е. А. Аркиннің
еңбектерінде дамытылуы. П. Ф. Лесгафттың қимыл – қозғалыс ойындары туралы
негізгі ережелерін В. В. Гориневский жаңа қоғамдық – тарихи жағдайға сәйкес
дамытты.
Гориневский қимыл – қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың
қимыл әрекетінің негізгі түрі және жан – жақты тәрбие құралы деп есептеді.
Гориневский балаларға арналған ойындардың сюжетін қазіргі қоғамдық
өмірдің талаптарымен байланысты таңдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Қимыл
– қозғалыс ойындары процесінде балалардың моральдық ерік – жігер қасиеттері
қалыптасады, сондықтан ойын баланың өзіндік қасиетін қалыптастыру құралы
болып табылады. Балалардың ойын кезіндегі туған жігеріне сауықтыру
компоненті ретінде елеулі маңыз бере отырып, гориневский қуаныш пен
көңілділікті ойын әрекетінің міндетті шарттарының бірі, онсыз ойын балалар
үшін өз мәнін жоғалтады деп есептеді.
Гориневский тәрбиешіден жігерлілікті, қимыл эстетикасын, әр балаға жеке
өзіндік қатынасты, ойын ережесін дәл сақтауды талап ете отырып, қимыл –
қозғалыс ойындарын жүргізу әдістемесіне елеулі талап қойды. Ол ойынға
балаларға қолайлы, алайда, құмарлықты, өршеленуді, бір – біріне теріс
ниетті туғызбайтын жарыс элементтерін енгізу тиімділігі туралы мәселе
қояды.
Тәрбиеші тарапынан қажетті басшылық болған кезде жарыс, деп атап
көрсетті Гориневский, ойында жігерлілік сипат алады және балалардың
бойында жағымды моральдық қасиеттерді қалыптастыру мақсатына пайдалануға
болады.
Е. А. Аркин қимыл ойынын бала өсірудің қуатты әрі бірден – бір құралы,
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі тұтқасы деп есептеді.
Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларының ішінде ойынның артықшылығын ол
ойынға ерекше тартымдылық беретін, балалардың күшін жұмылдыратын, қуаныш
пен қанағат сезіміне бөлейтін мол әсерлілігінен, ірі бұлшық еттердің
(жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін
қозғағыштық қызметінің сипатынан, шаршау қаупін жоятын қимылдардың сан
алуандығынан, қимылдық қарқыны мен күш – қуатын балалардың өздерінің реттей
білу мүмкіндігінен, жеке инициативаның және батылдық, тәртіп, тапқырлық
және т.б. сияқты психологиялық қасиеттердің дамуының көрінісінен көрді.
Қимыл – қозғалыс ойындары, Аркиннің көзқарасы бойынша, қозғалтқыш
аппаратты дамыту және жетілдіру жолымен организмді күшейтуге көмектеседі.
Ойындар балаларды тәртіпке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді.
Бірақ ойынның сәби жастан пайдалы күшке айналуы үшін оған саналы,
тәжірибелі және шын ықыласты басшылық қажет.
Ойын ережелерін өз еркімен орындаудың, барлығының бір нормаға теңдей
бағынудың жеке бастың адалдығы мен әлеуметтік тәртіптің алғашқы мектебі
ретінде зор тәрбиелік маңызы бар.
Тәрбиеші мүмкіндігіне қарай ересек балаларға ойын өткізуде, рөлдерді
бөлуде, ережені сақтауда дербестік береді. Алайда, егер балалар бұл
міндеттерді қате орындаса педагогтың белсенді, әдепті араласуы қажет және
оның шынайы мүдделілігі ойынның дұрыс әрі қызықты өтуінде болып табылады.
Ойынның балаға жан – жақты әсерін ескере отырып, тәрбиешінің ойынды
мұқият таңдап алуы, байсалды және сонымен бірге жігерлендіре түсіндіріп,
рөлдерді бөле білуі, қажет кезінде ойынға қатынасуы, қорытынды жасауы – бұл
үлкен өнер, оны әрбір тәрбиеші игеруге тырысу қажет деп атап көрсетеді
Аркин. Сөйтіп, П. Ф. Лесгафттың қимыл – қозғалыс ойындары теориясын оның
ізбасарлары дамытты.
В. В. Гориневский мен Е. А. Аркин гигиенист – дәрігерлер ретінде, ең
алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктеріне назар аударды. Бұл
олардың эмоцияны ескеру қажеттігі туралы, балалардың дамуындағы жасқа
байланысты өзіндік ерекшелік және балаларды ойындарды өз бетінше
ұйымдастыру сияқты күрделі талаптарға біртіндеп тарту туралы ұсыныстарынан
көрініс табады.
Қазіргі кезде қимыл – қозғалыс ойындар проблемасы мектеп жасына дейінгі
балаларды жан – жақты тәрбиелеудің және дамытудың құралы ретінде ғылыми
және практикалық қызметкерлердің одан әрі зерттеу мәні болып отыр.
Мектеп жасына дейінгілер үшін қимыл – қозғалыс ойындарының жекелеген
мәселелерінің мазмұны, ұйымдастырылуы және әдістемесі жөнінде А. и.
Быкованың, М. М. Конторович пен Л. И. Михайлованың және басқа авторлардың
еңбектері бар. 1971 – 1977 жылдар ішінде 6 жасар балалардың қимыл –
қозғалыс ойындарындағы жарыстар мен шығармашылық тапсырмалардың әдістерін
тиімді пайдалануды (Л. М. Коровина), мектеп жасына дейінгі ересек балаларды
қимыл – қозғалыс ойныдары кезінде олардың жетілу кезеңінде негізгі
қимылдарды дамыту тиімділігін (Ен. В. Потехина); ересек жастағы балалардың
қимыл орындары кезінде кеңістікте бағыт ұстауын қалыптастыру тиімділігін
(Е. А. Тимофеева) анықтаған зерттеулер жүргізілді. Практикалық қызметкерлер
– В. И. Васюкованың, Н. Г. Кожевникованың, Т. К. Любованың спорттық ойындар
элементтері бар ойындардың мазмұны мен әдістемесінің проблемалары
жөніндегі, Е. А. Аронованың, К. В. Вербицкаяның, Н. Н. Кильпионың, Л. А.
Киселеваның және көптеген басқа қызметкерлердің қимыл – қозғалыс
ойындарының мазмұны мен әдістемесінің проблемасы жөніндегі озық тәжірибені
бейнелейтін мақалалары мен кітаптары қимыл – қозағлыс ойындарына арналған.

1.3. Бала дамуындағы қимыл – қозғалыс ойындарының маңызы

Ойын әрекеті қандай формада көрінсе де әрдайым баланы қуанышқа бөлейді,
ал қимыл – қозғалыс ойыны сан алуан күтпеген көңілді сәттерімен, әсіресе
балалардың игі сезімдерін көтеруге пайдалы әсер етеді. Бұл қуанышты
эмоциялардың қайнар көзінде ғаламат тәрбиелік күш бар.
Толып жатқан ойындар бар, олар дене күшін нығайтады, олар еңбек
дағдысын дамытады, олар көздің дәл барлай білу қабілетін күшейтеді,
ептілікті дамытады. Еңбек ету кезінде орасан зор маңызы бар, ептілікті,
күшті, нысанаға тигізе білуді жетілдіретін ойындар және кез келген сондай
әрекеттерді біздің мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізу ерекше
маңызды.
Қимыл – қозғалыс ойындарының мұндай маңызды рөлі олардың тематикасы мен
мазмұнына мұқият талдау жасауды және осыған сәйкес балалар үшін іріктеп
алуды талап етеді.
Қимыл – қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой өрісін кеңейтетін
және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген таным материалдары
енгізілген. Сюжетті ойындардың тематикасын адам өміріндегі кейбір оқиғалар,
табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Бұлардың бәрін балалар
өзіндік – шартты ойындар формасында бейнелейді (Саяхатшылар, Ұшқыштар,
Аққу – қаздар, Лашын және тауықтар, Ормандағы аюдың үйшігінде және
басқалар). Дегенмен, қоршаған дүниені баланың дұрыс қабылдауы үшін ойынның
барлық шарттылығы жағдайында ойынды ақиқат бейнелі сипаты және шынайы ойын
эмоциялы болуы керек.
Халық ойындары бұған тамаша мысал бола алады. Ондағы ойыннан туындайтын
барлық жағдай баланы тәрбиелейді және өзіне еліктіреді, ал кейбір ойындарда
кездесетін әңгімелесулер ойын кейіпкерлері мен олардың әрекеттерін тікелей
сипаттайды (Лашын және тауықтар, Аққу – қаздар және т.б.).
Балалар үшін ойындарды іріктеп алу кезінде олардың мазмұнына мұқият
талдау жасау қажет. Қазіргі кезде балаларға түсініксіз сиқыршылар,
патшалар, боярлар, көпестер, малайлар мен мырзалар ойын тақырыбынан шығып
қалды. Алайда қазіргі заманғы ойын тақырыбында да тәрбиелік міндетке әлі де
қайшы келетін ойын ережелері кездеседі (мысалы тәжірибеде кездесіп жүрген
Бақшадағы қояндар ойынының варианттарының бірінде, бақшаны қарауылдап
жүрген күзетші капустаны көміп тастайды, ал топтасып келген қояндар оның
бәрін жеп кетеді).
Сюжетсіз және белгілі бір ойналатын ойындарға ғана құрылған ойындарда
да баланың сезіммен байланысты өрісін, оның ойлау, бағдарлау қабілетін
дамытуға көмектесетін танып білуге қажетті материалдар көп (Лашын және
тауықтар, Сиқыр таяқша, Доп мектебі және т.с.с.).
Ойын ережелерінің зор тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын процесінің бүкіл
барысын айқындайды, балалардың қимыл әрекеттерін, олардың мінез – құлқын,
өзара қарым – қатынасын реттейді, моральдық – ерік қасиетін қалыптастыруға
көмектеседі.
Ереже ойын кезінде белгілі бір жағдайды туғызады, сол жағдай шеңберінде
бала тиісті басшылық жасалған жерде өз бойында қалыптасқан қабілетті
көрсетпей қала алмайды. Мысалы, Айлакер түлкі ойынында балалар түлкінің:
Мен осындамын деген сөзінен кейін шеңберден тұс – тұсқа тарап жүгіріп
кете алады. Бұл ереже баланың бойында зеректікті, өзін - өзі билеуді,
ұстамдылықты, сигналды сезу шапшаңдығын, кеңістікте бағдарлай білуді
қалыптастырады.
Сөйтіп, ойын процесінде өмір үшін маңызды моральдық және жігерлілік
қажеттерді көрсетуде бала шын мәнінде шынығады.
Тәрбиешінің ережені орындауды үнемі талап етуі баланың өзімшілдік
эмоцияны жою және ойын шартын орындау кезіндегі талпыныс қабілетін
қалыптастырады. Демек, баланың мінез – құлқының қажетті адамгершілік
белгілерін, оның балалармен өзара қарым – қатынаста көрінетін, ұжымдағы
қоғамдық мінез – құлқын қалыптастыруда ереже маңызды рөл атқарады.
Кішкентайлар тобындағы балалар ережені ойынның даму барысында оның
мазмұнынан туындайтын міндетті, қажетті ойын әрекетімен жауап қайыру
ретінде қабылдайды (қояндар аю көргенде ғана бұталардың түбінен қашады,
торғайлар автомобиль көрінген кезде ғана жолдан ұшып кетеді). Ойын ережесі
заң ретінде әлі де жете түсінбей жатып балалар дер кезіндегі әсерге: бір
жағынан, ойынның сюжеті бойынша әрекет етіп (қояндар аюдан қорқады), екінші
жағынан, белгілі бір сигналмен қалыптасқан шартты рефлекске қарай үйренеді.
Л. В. Артемованың деректері бойынша, ересектер тобында балалардың
ережеге және оларды міндетті түрде орындауға саналы түрде қатынасы
біртіндеп және ілгерілі – кейінді қалыптасады. Алғашқыда балалар оларды
педагогтардың басшылығымен, кейінірек ереженің қоғамдық маңызын жете
түсінетін, балалар ұжымының кейбір мүшелерінің ықпалымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Ересек топтарында қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Күш күштің түрлері
Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дене тәрбиесі педагогикалық процесс
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер