Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшеліктері
1. 1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшелігі . . . 7
1. 2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың салауатты өмір салтын валеология құралдарымен қалыптастыру . . . 10
1. 3. Балалардың гигиеналық тәрбиесі . . . 12
ІІ. Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері . . . 20
2. 2. Мектепке дейінгі мекемелерде және отбасында балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі . . . 27
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен - күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.
3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты.
Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т. С. С. бағытталған» делінген.
Салауатты өмір салтының балалар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір тіршілігі -денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі) ; көңіл күйдің жылдам ауытқуы, ауаның, судың бұзылуы және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі - қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол - қимыл - қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады.
Ата-ана ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу үшін мінез-құлқын тәрбиелеуі керек.
Мінез-құлық кемшіліктерінің көзін міндетті түрде балалық шақтан іздейміз.
Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды болады. Бала басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін, тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.
Тәрбиенің бірінші шарты: ата-ананың баласының мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне, өзгерістеріне үнемі әрі уақытылы назар аударып отыруы: Құптау, құптамау, жұмсақ немесе қаттылау дауыспен өз пікірін білдіріп отыру.
Бұл құлықтық - имандылық тәрбиенің негізі десек болады. Қоршаған ортаның әсері арқылы имандылықтың өлшемі қалыптасады. Құлықтық - имандылық тәрбие баланың қоршаған ортадан алатын, көретін жағымды - жағымсыз байланыстар, әр түрлі жағдаяттарға байланысты беріледі.
Тәрбиенің келесі шарты: баланың мінез-құлқының бір жақты, бірегей бағалануы. Бала бірте-бірте болжау механизмін меңгереді: бұлай істесем - осылай болады, ал басқаша - басқа болады. Бұл механизм өз мінез-құлқының құлықтық - имандылығын реттеуші негіз болады.
Жасөспірімнің өзіне де ата-анасына да «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі, соматикалық дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі, әсіресе өзге жыныс өкілімен қарым-қатынасының ерекшеленуі.
Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиялық қиындық: жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынасының өзгеруі. Осы кезеңде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік - ақаулары анықталып, көріне бастайды.
Ата-аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген:
- қорғау және моральдық қолдау,
- бақылау және көңіл-күйі, жалпы жағдайын қарау,
- қарым-қатынасының тұрақталуына жағдай жасау: қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым-қатынас жасаса да туған үйі мен ата-анасы ол үшін әрдайым - құндылық болуы керек.
Тәрбиенің тағы бір шарты: тыйым салуға деген дұрыс қараушылықты қалыптастыру.
Ерте жастан бала үшін барлық « тыйым салулар» негізделген болуы қажет. Тыйым салуға деген ата-ана құқығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өкінішке орай, негізделмеген тыйым салулар арқылы ата-аналар жасөспірім алдындағы өз беделінен айырылып жатады. Өйткені тыйым салулар көп болып кетсе, әйтеуір біреуін бұзуға тура келеді емес пе. Ал бұл бала кезінен бастап тыйым салуларды бұзушылыққа, тілазарлыққа әкеледі, қалыптастырады.
Балада ата-ана бәрін де кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың «кешірімі» жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс.
Зерттеу обьектісі: мектепке оқыту және тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні : Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі.
Зерттеу мақсаты: Балалардың салауатты өмір тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін ашу.
Зерттеудің болжамы - егер балалардың денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізіп, оған қоса ата-ананың рөлін анықтап, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептерінің ұстаздарын жұмылдырса, балалардың салауатты өмір салты қалыптасып, денсаулықтары нығая түспек.
Зерттеу міндеттері:
1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;
2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру;
3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;
4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
5) Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде болып отыр.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшеліктері
1. 1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшелігі
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен - күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.
Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар: Ж. Ембергенова, Д. В. Хухлаева, А. И. Левшин, З. М. Богуславская, Е. О. Смирнова және т. б.
Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж. Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:«Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі», -дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады[1] .
Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:
Д. В. Хухлеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс әрекеттің символы болып табылады[2] .
А. И. Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: « қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкр болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен»-деген[3] .
З. М. Богуславская, Е. О. Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді. Аталған авторлардың айтуынша: «бала ның ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу -тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан[4] .
3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.
Қимыл-қозғалыс ойындары, мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.
Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.
Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға үйретеді. Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа, яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.
Балардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрік қайраты арттады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішіндеұллтық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында, эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.
Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ширақтылықты, тапқырлықты, шапшандылықты, өжеттілікті және т. б. қасиеттерді талап етеді.
1. 2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың салауатты өмір салтын валеология құралдарымен қалыптастыру
Бұл сәби жастан басталуы мүмкін бе? Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында, күнделікті өмірде балаға жеткізе білу керек. Адам бала кезінен бастап өз ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға жауапкершілікпен қарайды. Егер бала бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді. Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне қызығушылық туғузу қажет. Бірақ бала денсалығын нығайту үшін ұмтылмайды. Ол үшін жеке тұлғаға тиісті белгілі бір жасына сәйкес өзін өзі дамыту және өзін өзі сақтау техналогия қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен. Денсаулықты сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді қозғалысқа, қуатты ынталандыру, ақыл - ой және эмоционалдық белсенді болып табылады. Нақтырақ тоқталсақ денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары мен іскерлігін қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде валилогия негізі қалыптасты. Осы негізге сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы ең басты құндылық болып саналады.
Мектепке дейінгі мекемеде валиология пәнінің мақсаты гигиеналық тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек, рационалы демалыс, шынықтыру процедурлары, дене тәрбиесі мен өзін -өзі дамыту, рационалды және дұрыс тамақтану, жеке дара гигиена, уақытында дәрігерге көріну т. б.
Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:
1. Адам табиғат пен қоғамнның бір бөлігі деген жүйелік бойынша балаларды тәрбиелеу.
2. Баланың өлі және тірі табиғатпен үйлесімді қарым қатынасын орналастыру
3. Жеке тұлғаның қалыптасуы
4. Жеке дара гигиеналық тәрбиесі
5. Баланы шынықтыру және оның белсенді қозғалысы
6. Зиян қылықтарды жою және оны алдын - алу.
Валиология курсын ата- аналармен бірлесіп өткізу өте тиімді. Ата-анамен бала арасындағы қарым -қатынастын проблеммасын ойын және әртүрлі методикалық ойындар арқылы шешуге болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде денсалық бұрышын «Дені сау балақай!», балалармен жеке дара жұмысқа қоса альбомдар ашуға болады. Мысалы: «Есіне сақта балақай!», «Назар аудар балақай!», «Таңғажайып лабиринт». Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады.
1. 3. Балалардың гигиеналық тәрбиесі
Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрысқалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті білім мен дағдыларын үреніп - орындауларынан, олардың ғана денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге басқа балалардың, ересектердің денсаулықтары да тәуелді, байланысты болады.
Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілулері керек.
Әуелі балалар қарапайым ережелерді орындауға үйрену керек: тамақ алдында, дәретханадан, ойыннан, серуеннен, т. б. іс-әрекеттен кейін қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана. Ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек.
Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру - баланың үнемі ұқыпты боуын, киіміндегі ақаулықты өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық тәрбиесі тығыз байланысты. Сондықтан сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану кезінде үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары үйретіледі.
Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу міндеттерін шешуге көптеген педагогикалық тәсілдерді баланың жас шамалық ерекшеліктеріне қарай қолданылады. (Тура үйрету, көрсету, іс-әрекеттерді орындау жаттығулары, дидактикалық ойындар, т. б. )
Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды біртіндер күрделендіру қажет. Жәнеде әрекеттерді нақты да дәл орындауына бірізділікпен жету керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды сәбилер тобының балалары арнайы бағытталған ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды каринкалар, белгілер арқылы үйретіледі. Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие, айналамен таныстыру және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиеші (кезкелген ересек адам) үлгі екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан ересектердің жағынан балаларға қойылатын талап бірдей болуы керек.
Салауаттану - тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама - қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден - дені сау адам, екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден - аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz