Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін тәрбиелеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Пәні: Дене шынықтыру

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін
тәрбиелеу

Орындаған: тобының студенті

Тапсырылған
күні ... ... ... ... ... ... .
Тексерген:
Оқытушы:
Бағасы: ... ... ... ... (қолы)
Күні ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Орал, 2015.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері
қасиеттерін арттыру
1.1 Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қимыл қозғалыс
ойындыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
1.3 Дене жаттығуларының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.Қимыл-қозғалыс ойындарының түрлері
2.1 Баланың қимыл белсенділігін дамытуда ойынның
маңызы ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қимыл – қозғалыс
ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18
2.3 Қимыл қозғалыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы – мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің
бірі.Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы
болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және
кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары
студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу
жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына,
санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс
уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына
мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн
мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде,
лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн
мектептер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру
мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға
тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және
қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi
балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды
ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi
жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы
органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Зерттеу мақсаты: дене шынықтыру пәнінде қимыл-қозғалыс ойын түрлері
арқылы балалардың ерік-жігерін қалыптастыру әдістерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектепке дейінгі дене шынықтыру пәнінің мақсаты туралы түсінік беру;

- қимыл-қозғалыс ойындар арқылы балалардың ерік-жігерін арттыру
әдістері;
- қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін көрсету.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін
арттыру
1.1 Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды.
Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай
кезінде қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қараапйым дене
шынықтыру жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру
шараларын қабылдауды үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып
табылатын күнделікті дене шынықтыру-спорт сабақтарына дағдыланады. Бұл
жастағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру ісі олармен
сабақтарды ойын түрінде, әдетте, ашық аспан астында өткізуді, және солардың
мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет етеді. Дене шынықтыру
жаттығулары сабақтарының негізін балалардың қызметтік мүмкіндіктерін
арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын жан-жақты дене
шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру және спорт
саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап аптасына
кемінде 10 – 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.
Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15
адамнан асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында сабақтар
өткізуге арнап Ксил балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы – Сәби
қайырымыдылық қоры);
- мекемелерде мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың дене шынықтыру тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын
әзірлеу және ендіру (орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың
басшылығы);
Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің
арасында салауатты өмір салтының бекуі.
2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер
санының көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.
3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.
4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР
ұлттық құрама командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың
спорттық резервінің көбеюі.
Дене шынықтыру пәнін оқыту бағдарламасының негізін құрайтын жеке
тұлғаға бағытталған ерекшеліктерге мынадай әдістемелік тәсілдер жатады:
- дене жаттығуларымен айналысуға балалардың қызығушылығын
қалыптастырудың жекелеген ерекшеліктерін қарастыратын жеке тұлғаға қатысты
себептер;
- дене жаттығуларының әр түрі бойынша сараланған тапсырмаларды іріктеп
алу жүйесін біріктіретін мазмұнды тәсілдер;
- дене жаттығуларының жекелеген бөліктерін дербес игеру біліктілігін
қалыптастыруды қарастыратын технологиялық тәсілдер (оқу бағдарламасының
негізінде);
- бағдарламаның талаптарына сәйкес практикалық іскерліктер мен
дағдыларды, теориялық білімдерді есепке алу мен бағалауды, бақылау
құралдарын біріктіретін бақылау-бағалау тәсілдері;
''Дене шынықтыру" пәні бойынша оқыту мазмұнына жеке тұлғаға
бағытталған тұрғыда келу мыналарды қарастырады:
- пән бойынша бағдарламаны балалардың меңгеруіндегі жекелілік себепті
есепке алу;
- табиғи қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мен жаңа қозғалыс-қимылдарды
меңгеру барысында балалардың қозғалысты өзі орындауы үшін жағымды жағдайлар
туғызу.
Жоғарыда айтылғандар осы бағдарламаны білім беру кезеңдеріне (циклға)
бөлуді қарастырады, олар:
- дене жаттығуларының негізгі түрлері;
- дене жаттығулары және салауатты өмір салты;
- мүсінді дұрыс қалыптастыру мен қозғалыс қасиеттерін дамыту;
- дене жаттығуларымен айналысудың жекелеген түрлері мен күн тәртібі
(осы бөлім мектептен тыс уақытта дене жаттығуларымен топпен және дербес
айналысу жағдайларына тән ерекшеліктерді айырып қарастырады).
1.2 Қимыл қозғалыс ойындыры.
Қимыл–қозғалыс ойындары – жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-
әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін
арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын
күшейтеді.

Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің манызды бөлігі екені сөзсіз.
Бала ойынмен өседі - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала
тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды
өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын
жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез
арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл–қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы
құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентің талғамайды. Олар
бүгінгі мектептеріміздегі дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие
жұмыстарына пайдалан-

уға қолайлы.

Қимыл–қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға
арнал-

ған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар,
жекпе-жек ойындары және қысқы ойындар.

Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысты күндері қар
үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар
ұйымдастыруға болады.

Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады.
Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды
мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін
өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус
10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың
киімдері жылы әрі қозғалуға ынғайлы болуы керек.
1.3 Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене
жаттығулары адамға жан жақты әсер етеді: олар адамның және еңбек
тәрбиелерінің міндеттерін жүзегу асыруға, сондай-ақ писхикалық қасиеттерді
дамытуға себепші болады.
Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.
Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің балық жүйесіне әсерін
тигізеді, дене қасиеттерін дамытады, сондай-ақ қимыл қзғалыстардың
жарасымдылығын, еркіндігін қалыптастырады.
Массаж. Теріге, бұлшық етке сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды
күшейтеді, қан айналымын жақсартады.
Іс-әрекетінің алуан түрлері қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың
компаненттері болып табылатындықтан адам организміне әсерін тигізеді. Бірақ
еңбек процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге
жетуге бағытталады. Организмге әсер ету қосарлы фактор болыт табылады.
Сондықтан алуан түрлі іс-әрекеттерді ұйымдасты кезінде денені дұрыс қалыпты
ұстауда денеге түсіретін ауыртпашылықты балалардың жас шамасын жеке басының
ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын скере отырып, мөлшерлеуді
қатаң қадағалаудың маңызы зор.
Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге
асырудың тиімділігі негізгі және қосамша құралдарды дұрыс үлестірген кезде
арта түседі. Мәселен бала өмірінің алғашқы айларында гигиеналық
факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан
кейін дене жаттығуларын және алуан түрлі іс-әрекеттің ролі артады.
Дене жаттығуларының сипаттамасы. Дене жаттығулары алдағы тұрған еңбек
әрекеттеріне алдын ала дене әсерлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда
болады. Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзерлеумен оның
нәтижелерімен арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл
қозғалыстық тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік
жасады. Мәселен, адам аң аулауға шығудан бұрын алдағы атқарылатын әрекетке
машықтанады. Аңның бейнесін жасап, соған дәл тигізуге талпынады. Осындай
әрекеттерді көп рет қайталау процесінде адам нысанаға дәл тигізе білушілік
қалыптасты. Көзбен шамалау, күш және басқа дене қасиеттері дамыды. Сөйтіп
дене жаттығулары алғашында еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды. Жалпы алғанда, қозғалыс тәртібі мен
салауатты өмір салты баланың толығымен дамып, келешекте тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен пайдасын тигізеді.
2.Қимыл-қозғалыс ойындарының түрлері
2.1 Баланың қимыл белсенділігін дамытуда ойынның маңызы
Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді қазақ халқы. Болашақтың
іргетасын салатын бала әуелі отбасында қалыптасады. Балдырғандардың негізгі
іс-әрекеті ойын болып табылады. Менің тақырыбым бейімдеу орталығы
жағдайында тәрбиеленушілердің белсенділіктерін жетілдіру үшінойын арқылы
баланың қимыл-қозғалыстарын дамытудың маңызы болғандықтан, негізгі
мақсатым: ойын арқылы және көңіл – күй арқылы балалардың тілін дамыту, ақыл-
ой белсенділіктерін қалыптастыру; оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді
әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін
жетілдіру, сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу,  әртүрлі ойын түрін
қолдану арқылы баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыру, көңіл –
күйлерін көтеру, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу. Бұл жерде
белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің айтқан ойы оралады: Ойын – баланы
ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге,
кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс - әрекетіне бағдар беретін зерттеу
тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы
өмірге, әлемді танып – білуге бағалауға үйренеді.
Жеке тұлғаның ақыл – ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің,
әлеуметтендіру мен жан – жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын
оқу – тәрбие үрдісінде балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере
отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.     
А.С.Макаренко: Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе,
үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да
көбінесе сондай болады. Сондықтан балалардың білуге деген ынтасы мен
мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып
отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру
үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек - деп атап кеткен.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский ойын туралы былай деді: "Ойын  баланың
алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз
ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес”-деседі.
Ойын демекші ол - адамдардың мінез–құлқын өзі басқарумен аңықталатын
қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-
әрекеттің бір түрі. Қандай ойын болсын,әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең
бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға
баулиды. Қай ойын болсын баланың алдына тиісті мақсат қойылады да, сол
мақсатты орындау үшін бала тиісті қимыл жасайды. Ойын баланың адамгершілік,
ақыл-ой жағынан да дамуына игі ықпал етеді. Ойын ережесін орындау кезінде
бала ептілік, икемдік, шапшаңдық көрсетумен қатар, тапқырлық, жігерлілік,
ұстамдылық көрсетіп өзін-өзі басқара білуге де үйренеді. Бейімдеу
орталығына уақытша орналастырылған тәрбиеленушілер әртүрлі ортадан
келгендіктенойын барасында оларға қойылар шарт - ойын барысындағы іс-
әрекеттерінің келісім бойынша жүргізілуін талап ету. Белгіленген ережені
дәл орындау ұжымдық дағды, жолдастық сезім қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын
барысында баланың қозғалу ырғағындағы қимыл шапшаңдығына байланыстықозғалыс
сымбатындағы жарасымдық пен әсемдік олардың эстетикалық сезімін де
тәрбиелейді. Бала бәрінен де бұрын оңға солға, алға, кейін деген сияқты
бағдарлау істерін тәжірибе жүзінде меңгереді.
Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын  айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірдекездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп
қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір
жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын
әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек
өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағыларды
қалыптастырады.
Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен
жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан)
тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің
озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен
байланысты халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б.
сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық
әдебиеттер арқылы танысып келеді. Ойынды сабақта қолдану балалардың ой-
өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп,
өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне
еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен
қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге,
Көкпар, Алтын сақа, Ханталапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, —
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
байи түседі.
Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді.
Балалар мен жасөспірімдердің дамуында қозғалыстың маңызы өте зор екені
айтпаса да түсінікті. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың
қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі
ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі
еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал
ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі, өзін-өзі күтуге
байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін
ұйымдастырылған қозғалыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Физикалық қасиеттерді дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін ойындар негізінде арттыру (дене тәрбиесі пәнін оқыту мысалында)
Салауатты өмір салты жайлы
Спорттың балаларға берері көп
Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау
Ойын әрекетінде баланы дамыту
Пәндер