Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы

Орындаған:Идрисова.А.Б
Жетекші: Бақытжанқызы.С

Орал – 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың
теориялық мәні
1.1. Қиял туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7
1.2. Баланың қиялды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ бөлім. Ертегі арқылы мектепке дейінгі балардың қиялын
дамытудың ерекшеліктері
2.1. Қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі –
қиял-ғажайып
ертегілер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14
2.2. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуға
арналған
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде
стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз
деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді
одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған
әлеммен бірге қатар жүрері анық. Баланың қиялын дамыту мақсатында
ойындарды, ертегілерді пайдалануға болады. Баланың кез-келген пәнге
қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап
жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді
және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-
бір қасиетті міндеті.
Мектеп жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады.
Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы
іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала
қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге
ұмтылады. Тәрбиеші балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта
пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді.
Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы
құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз
күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол кұралдар заттар, схемалар,
макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, өлендер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі
кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын,
графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне
белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақгары
арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және
қиялдай алу кабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан
пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар
мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық кабілетінен
шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп
бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да
тудыра алады. Ең бастысы — тапсырманы орындаудағы қиындықгы жеңу, дос табу,
жарыкқа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны
өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердін
әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті
шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала
шынайы өмірдегі қиылдықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды
тығырыкқа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп
қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол
қатты қиналған кезінде өз қиялыңда ең керемет, мейірімді де ер жүректі
әкеге ие бола алады. Киял өз мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз
нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің
нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе
қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын
жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға карағанда баланын өмірінде үлкен рөл
атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек
қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны
тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің
шеңберінен шығып кетуте жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол
шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және
әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке
тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншшігімен тікелей жұмыс істеуте
мәжбүр етеді.
Зерттеу мәселесі - мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытудың
маңызын және қиялын дамытуда ертегілердің бала өміріндегі рөлін көрсету.
Зерттеу болжамы - мектеп жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз
қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып
көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Қиял өз
мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып
көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала
өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы қалыптасады.
Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ертегілерді қияли әңгімелерді пайдаланса,
баланың дүниетанымын қалыптасып, қиялын шыңдалып, зейіні, жадыны
қалыптасып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту.
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі балалар
Зерттеу мақсаты - мектеп жасындағы балалардың әртүрлі жағдайларды өз
қиялында бейнелей алуы. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып
көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысу жүйесіне талдау
жасау. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамыту әдістерімен танысу. Оқу
процесінде қиялды дамытуда ертегілердің рөлін анықтау.
Зерттеу міндеті:
➢ Мектепке дейінгі мекемелерде қиялды дамытудың балалар
өміріндегі рөлі туралы;
➢ Мектепке дейінгі мекемеде балалардың қиялын дамытудың әдістері
мен тәсілдері;
➢ Оқу-тәрбие жұмысында қиялды дамытуға арналған ойындарды,
ертегілерді қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
➢ Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістердің түрлері мен
маңызын зерттеу.
➢ Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін
салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердін әрекетін тоқтату және
оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық
қызмет ретінде жаттықтыру.
Зерттеу көздері - мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу әдістері - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері - мектепке дейінгі балалар (орта және ересек топтағы
балалар).
Ғылыми жаңалық:
1. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуға арналған әдістердің
маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
2. Қиялды дамытуға арналған ойындар, ертегілердің рөлі және отбасы
тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
3. Бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
4. Балалардың қиялының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық
тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы - эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың теориялық мәні
1.1. Қиял туралы жалпы түсінік
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял
ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада
суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан
тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген
инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді
ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат,
жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың
қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында,
хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп,
желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті.
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен
тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге,
сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік
ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы
шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде
шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа
шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы,
болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу,
яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді
бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер
қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның
бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке
басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір
салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан
басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің
олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял
арқылы былайша суреттейді: Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы ,
оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі
секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін
тасбақанікі сияқты. Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру
арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы
бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын
кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі
баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов Үйде
деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген
жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына
әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: Кәрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты
кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте
жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір
ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек
ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп,
шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де,
құстар да, қоқыраулар да қалмаған.... Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің
оған күшті әсер еткендігі сонша, бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап
отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...—
деді ...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі
адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты
орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді.
Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ
ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен
тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
1.2. Баланың қиялды дамыту жолдары
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны
бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны
шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға
өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс
жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да,
бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе,
қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға
бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды
(тіпті ол ұқсамайтын болса да).
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді.
Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің
қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген
үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы
адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті
жазушысы Дени Дидро: Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам
да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес деп тегін айтпаса
керек.
Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы
ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды,
келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді.
Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.
Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да
кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял
мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі
бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология
оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын
тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап
бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де,
қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия
дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте
жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар
негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.
Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл —
теріс пікір. Қиял — психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану — көңіл
күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық
қүбылыстар да қатысады.
Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді
де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру —
психикалық процесс емес. Ол үйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің
қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе
көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде
жиі қолданылып келе жатқан Сізде қиял бар ма? деген тест арқылы анықтауға
болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп,
ұпайлар жинау керек.
Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз
ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе
мұңданумен айырбастауға болмайды. Бүл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс.
Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе
де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы
зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс
Айтматов: Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де
адам биік, адам ұлы деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы
әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да
үмытпайық.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын -
бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық
талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға
әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша
жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын
көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала
психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын
пәннің мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін,
немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде
мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала
ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай,
құлағымен еститіндей күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын
талдағанда, әңгімелерде, балаларлардың түрлі ойындарында қиял процесі әр
қырынан көрініп отырады. Төменгі топ балаларында алғашқы кезде қиялдың
дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не
оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы
жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ,
біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың
қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра
түскен дүрыс. Осы салада тәжірибешінің істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен,
тәрбиеші балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда балалар
әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды,
білмегендерін бірінен-бірі сұрап не тәрбиешіден біліп алады. Ертеңіне
тәрбиеші оқу сабағында балалардан көрмеген ормандар туралы айтып беріндер
десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір
тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта
түседі. Мәселен, балаларға сурет сабағында алдында тұрған заттардың
бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді.
Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін
қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен,
сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың
осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту олардың эстетикалық
сезімдерін оятады. Мәселен, музейлер мен галереяларға бару, кино көру,
ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт
қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де,
балаларның ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына
әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Балалардың жас, дара
ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс
жүргізу, табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі
тапсырмаларды балаларға дербез орындатып отырғызу, балаларда кездескен
қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын
тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
ІІ бөлім. Ертегі арқылы мектепке дейінгі балардың қиялын
дамытудың ерекшеліктері
2.1. Қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі –
қиял-ғажайып ертегілер
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі -
ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны
халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің
ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан
басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап
бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты -
тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру.
Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль
атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты
етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды,
қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-
төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр.
Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі.
Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың
ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі,
анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным–сенімдер). Қиял-ғажайып
ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен
әсер еткен.
Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде
болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. Ұшқыш кілем, Адам жеңбес
Айыртөс батыр, Аңщы бай, Керқұла атты Кендебай т.б. қиял-ғажайып
ертегілерінің де өзінше мәні үлкен.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһармандарды
Күн астындағы Күнікей қыз, Ай астындағы Айсұлуларды іздеп, жеті қат
көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады. Олардың
алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан
кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де
болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара құс, самұрық, алты
айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған
бейнелер. Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді
жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім
білдіреді.
Ер Төстік ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті,
құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады.
Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге
көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау
күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып
кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші
жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі.
Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты− табиғаттың сыры мәлімсіз
күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан,Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын
жауыздық иелерінен үстем шығып оларды қалайда өздеріне бағындыру
болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер
Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды
алсақ, қайсысы болсын адам баласының өмір-тіршілігіне керекті жандар.
Өзінің әлі жетпейтін табиғат күштерін адам баласы қия туғызған күшті
адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі жауыздықтардың
ұясыболған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір
хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті айлакер болса да, Ер
Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз
дегеніне жетеді. Халық оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
Ер Төстік ертегісі осыны көрсетеді.
Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі-Ер Төстіктің жер бетіне шығып,
Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешімі болып
саналды.
Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. Ер Төстікертегісі де
осыны дәлелдейді. Ер Төстікке көптеген бөгет, қиындықтар кездеседі.оның
әрқайсысы- жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас
қаһармансол бөгеттердің бәрін жеңіп шығады да, барша мұратын жетеді.
Бұл−барлық ертегілерге тән түйін және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын
көрсететін тұрақты шешім. Осы ертегі оқи отырып балалар үлкен қияға
береледі. Өздерін Ер Төстіктің орнына қойып, ойша жаңа образдар жасап,
бөгеттерден өтуге тырысады.

2.2. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуға
арналған жұмыстар

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты:
1) баларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі
кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
2) балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;
3) балаларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа,
елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, қақпа,
кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, тапсырмалар,
бейнетаспа.
Барысы.
Тәрбиеші: Ата -аналар, лагерь қонақтары, балалар! Бүгінгі "Ертегілер
еліне" саяхатқа қош келдіңдер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Саяхатты Қызыл телпек бастайды. Қызыл телпек ертегілер еліндегі әжесінің
үйіне жетуге асығуда. Әжесінің үйіне дейін бірнеше кедергілер бар. Сол
кедергілерден сүрінбей өтсе ғана әжесіне барып, жақсы ертегіні достарымен
бірге тыңдайды. Балалар Қызыл телпек кім ол?
Балалар жауап береді.
Қане ендеше бәріміз бірге саяхаттайық! Қызыл телпекті ауырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Мектепке дейінгі бала өмірінің даму сатылары
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Баланың қиялы
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Пәндер