Қой қораларының зоогигиеналық негізделуі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қой қораларының зоогигиеналық негізделуі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5
2. Негізгі бөлім
2. 1 Қойларды ұстауға арналған ғимараттардың негізгі типтік жобаларының ветеринарлық-санитарлық және гигиеналық бағалау . . . 14
2. 2. Қойлар өсіру гигиенасы және оларға қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар . . . 21
2. 3. Қойларды ұстау жүйелері мен ұстау орындары . . . 23
2. 4. Ұдайы өндіру және қозыларды өсіру кезіндегі зоогигиеналық талаптар. 27
2. 5. Қой қораларындағы микроклиматы жне қойларды қырқу гигиенасы . . . 32
2. 6. Қойларды жайылымдарда ұстау гигиенасы . . . 34
3. Қорытынды бөлім . . . 36
4. Қолданылған әдебиет тізімі . . . 37
1. Кіріспе бөлім
Зоогигиена - мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon - жануар және hygieinos - сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Ауылшаруашылық жануарларының гигиенасы - жалпы профилактика негізі, бағу, күту, азықтандыру мен ұстаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту, олардың табиғи резистенттілігін жоғарылату тұрғысындағы ғылым. Бұл ғылым жануарлар ауруларын болдырмау бойынша гигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитарлық шаралар легін оқытып, құрастырады.
Пәннің басты мақсаты - қоршаған ортаның алуан түрлі факторларының жануарлардың физиологиялық жағдай-күйі мен өнімділік сапасына тигізетін әсерін зерттеу. Зоогигиена нысаны болып жануарлар мен оларды қоршаған орта табылады, ал пәннің алдына қойған мақсаты студенттерге, мамандарға жануарлардың табиғи резистенттілігін жан-жақты оқып-зерттеуге көмек жасау.
Мал шаруашылығы алдында тұрған басты мәселе жануарды құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп, оларды асылдандыру бойынша үздіксіз жұмыстар өткізумен қатар, күн сайын фермалар мен өзге малшаруашылық нысандарындағы санитарлық-гигиеналық ұстау, азықтандыру, суару, күту және пайдалану жұмыстарын жақсарта түсу екені белгілі.
Жануарлар денсаулығы мен өнімділігі бір-бірімен тығыз байланысты, сол себептен жануарлар организмінің табиғи резистенттілігін үнемі жоғарылату мал шаруашылығы қызметкерлерінің күнделікті міндетіне айналуы керек.
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты: жануарлар өнімділігін төмендететін және организмнің ауруларға төзімділігін әлсірететін факторларды уақтылы анықтап, жою үшін мал шаруашылығы мамандары зоогигиеналық зерттеу әдістерін өздігінен жасап, орындауға үйрену, қой қораларының зоогигиеналық негізделуімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері : қой қора-жайларында ауа ортасының факторларын, топырақты, суды, азықтарды, малшаруашылық нысандарының құрылысы, ондағы желдету мен жылу шамаларын зерттеу әдістері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы : кіріспе, әдебиетке шолі және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
А. П. Онегов, И. Ф. Храбустовский, В. И. Черных /1977/ айтуы бойынша ауа организмге өзінің газдық құрамымен, физикалық қасиеттерімен, сондай-ақ механикалық қоспаларымен, микроорганизмдерімен әсер етеді. Оның бұл элементтері сыртқы тітіркендіргіштер ретінде орталық нерв жүйесі арқылы организмге әсер ете отырып, түрлі жауап қатушылық реакцияларын, бейімделу өзгерістерін тудырады. Өзге сөзбен айтқанда, организм өзінің қорғаныс күштерін жұмылдырады (мобилизация) . Егер бұл күштер қоршаған орта факторларының қандай да бір қорғаныс күштеріне қажетті, жеткілікті түрде қарсы тұра алса, ауру мүмкіндігі жойылады. Егер организм қоршаған орта жағдайларының күрт өзгеруіне қарсы тұра алмаса, бұл жайт жануар өнімділігінің төмендеуінің, тіптен ауруының себебі бола алады. Ауа ортасымен байланысты, оның гигиеналық маңызын жақсырақ түсіндіре алатын кейбір мәселелерді қарастырайық. Химиялық тұрғыда ауа деген неден құралады. Оның физиологиялық қасиеттері қандай, оның сапасы жануар организміне қалай әсер етеді, мал денсаулығын сақтау, өнімділігін жоғарылату үшін ауа ортасы қандай болуы керек. [1]
Г. К. Волков /1979/ мағлұматтары бойынша дезинфекция екі кезегімен орындалатын жұмыстардан құралады:
1) механикалық тазарту;
2) залалсыздандырғыш заттармен дезинфекциялау. Механикалық тазартудың мақсаты залалсыздандыратын ғимарат пен аумақты қидан, төсеніштен, қоқыстан және өзге ластанулардан тазарту, өйткені олар қолданылатын дезинфекциялағыш заттар тиімділігін төмендетеді. Ғимараттар дезинфекциясын алдын алу мақсатында, яғни жұқпалы ауру пайда болуына дейін, сондай-ақ лажсыз - ауру пайда болғанда өткізеді, көктемде жайылымға шығарғаннан кейін және күзде тұраққа қояр алдында. Барлық жануар қораларының қабырғалары мен төбелерін жаз айларында (егер мал жайылымда болса) айына бір реттен емес реттілікте жаңа өшірілген әкпен ақтайды, өзге уақытта ластануына орай, ал жас малдар тұратын жерлерді жиірек ақтайды. [2]
А. М. Горбачев /1989/ зерттеулерінде қойлар мен ешкілер үшін құрғақ, шаңды емес, шөбі төмен, қалың, әр түрлі өсімдікті жайылымдар жақсы. Орманда қой-ешкілер үшін үлкен, жақсы жарықтанған ғана жарамды алаңқайлар. Қой мен ешкілер тау, дала жайылымдарын жақсы пайдаланады. Оларға төмен орналасқан батпақты алқаптар мүлдем жарамсыз. Мұндай жерлерде оларда жиі түрде тұяқ зақымданулары мен құрт инвазиясына шалдығулар ұшырасады, әсіресе фасциолез, диктиокаулез аурулары зиянын тигізеді. Қойлар үшін дөрекі, тікенекті жайылымдарды пайдаланбаған жөн, олар жүнін ластайды. Қойларды селеу өсімдігі дәнін шашу, бүршігін жару мерзімдерінде селеулі алқаптарда бағу қауіпті (маусымның бірінші жартысы) . Жүнге түскен селеу дәндері теріні жаралап, тері асты шеліне, ішкі ағзаларға өтіп, мал өлімін де тудыра алады. [3]
Кузнецов А. Ф., Баланин В. И. /1982/ деректерінде қой фермаларында келесі топтар бөлінеді: айыруға дейінгі қозылы қойлар отары; енесінен айырған қозылар отары; қаштырылатын саулықтар отары, сектер отары. Санитарлық-қорғау аймағына мал шаруашылығының сыртқы қабырғалары немесе олардың қоршауы мен аймақ (мекен-жай) аралығындағы аумақ енеді. Бұл аймақ тұрғындардың малдарынан фермаға немесе кешенге жұқпалы аурулар енуінен қорғайды және мал шаруашылығы мекемелерінің кейбір зиянды жайттарының (шаң, микроорганизмдер, жағымсыз иістер) тұрғындар мекеніне әсерінен қорғайды. Малшаруашылық кешендері мен құс фабрикаларын оларға қызмет көрсетпейтін елді мекендерден - 3 км кем емес, қалалардан, өндіріс мекемелерінен, демалыс орындарынан - 5 км, өзен-көл, өзге су қоймаларынан 2 км кем емес қашықтықта орналастыру керек. Малшаруашылық мекемелері мен өзге нысандар арасындағы зооветеринарлық қашықтықтар 50-3000м шамасында ауытқиды. Мысалы, ірі қара мал кешенінен шошқа, жылқы, қой фермаларына дейінгі қашықтық 150м, авто-теміржолдан 300м, Республикалық, облыстық тұрғыдағыдан 150м, жергілікті жолдан 50м болуы тиіс. [4]
Кондратьева М. И., Кельдюшева И. Я. /1985/ деректерінде ферма телімін дуалмен қоршайды, аумағын өндірістік және әкімшілік-шаруашылық аймақтарға бөледі. Өндірістік аймақта қора-жайлар, серуендеу алаңдары, ветеринарлық нысандар (оқшаулағыш пен карантин ғимаратынан өзге) орналасады. Осы шаруашылыққа жатпайтын көліктер мен бөгде тұлғалардың аумаққа енуіне тыйым салынады. Өндірістік аймақпен байланыс тек ветеринарлық-санитарлық өткізгіш арқылы өткізіледі. Санитарлық-қорғау және зооветеринарлық қашықтықтар қорға сақталатын аумақ емес, яғни оларды кеңейту үшін пайдалануға болмайды. Алайда, олар жер пайдаланымына енеді, сондықтан ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану қажет. Қосалқы шаруашылықта 3-аймақ бөлген жөн:
1 Таза аулалы тұрғын үй;
2 Шаруашылық-мал қора-жайлары;
3 Серуендеу алаңдары [5]
В. И. Гершун, Б. М. Муслимов /1994/ зерттеулерінде жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады. Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі - шөп жайылымдарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 - 55 %, құйрықты қойлар 42 - 50 %, ірі қара 33 - 35 %, жылқы 27 - 34 % қана жейді. Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы. Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады. Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан құралатын қойдың қысқы рационында 25 - 30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз. [7]
В. И. Гершун, Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов /2005/ деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы төлі 20 күндігінде - 0. 05 г, 30 күндігінде - 0, 77 г, 40 күндігінде - 3, 8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2, 5-3 есе артық қажет етеді. [8]
А. Ф. Кузнецов, М. С. Найденский, В. М. Кожурин /2006/ деректерінде жануарларды жайлымда ұстаудың едәуір артықшылықтары бар:
- Малшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны төмендейді;
- Жануарларды сауықтырады;
- Жақсы жайылымдар - арзан әрі құнды азық көзі;
- Ұдайы моцион, күн инсоляциясы, қолайлы ауа ортасы - зат алмасуы мен организмнің ағза, жүйелерінің жұмысы жақсарады;
- Жануарлар өнімділігі жоғарылайды;
- Түрлі ауруларға төзімділігі жоғарылайды (әсіресе туберкулез, мешел, остеомаляция, авитоминоздар) ;
- Ұрықтандырылу мен төлдеу жоғарылайды;
- Төлдердің денсаулығы мықты болып туады.
Жайылымда ұстау тиімділігі жайылым құнарлығына, оны тиімді пайдалана білуге және ветеринарлығына, оны тиімді пайдалана білуге және ветеринарлық - санитарлық режимдер ұсталынуына байланысты. [9]
А. И. Чикалев /2006/ деректетерінде табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі - қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927- 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды. [10]
В. И. Гершун, Р. К. Туякова /2007/ мағлұматтарында Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының тәуірлері іріктеліп алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен шағылыстырылды. Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып - күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан - жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1, 5 - 17, 5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай - ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 - 3% - ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық - дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 - 500 - ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі - туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады. [13]
Аликаев В. А., Онегов А. П., Старов Т. К. /1960/ зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады. [15]
Ануш З. /1979/ зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға маусымына 588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой тегіс, жей алмайды, тек 60 - 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30 - 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде жайылым 0, 8 - 1 га - дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0, 5 - 0, 7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс. «Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз» деген халық мақалы осыны дәлелдейді. [16]
Бабов Д. М., Надворный Н. Н. /1976/ зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады. [19]
Бессарабов Б. Ф. / 1983/ мағлұматы бойынша қора-жайларды пайдаланымға қабылдау кезінде желдеткіш құрылымдары-ның бақылау сынамасын өткізеді. Табиғи желдету кезінде мынаған көңіл бөлінеді - сору шахталары құрылымын олардың герметикалығына, жылытылуына, өнімділігіне, клопандар мен дефлекторлар құрылымына, келіп түсу каналдары орналасымы мен құрылымына. Механикалық желдету қолданымында мына жайттар қажет: желдеткіштер болуы мен олардың жұмыс істеу сапасы; нақты өнімділігі; желдеткіштер мен электрсымдарының ылғалдан сақтығы; қыздырғыш құралдарының жылу өнімділігі. [20]
Брандт Г. /1985/ деректері бойынша қой қораларындағы оңтайлы микроклимат қалыптастыру құрылыс материалдарының гигиеналық қасиеттері мен сыртқы қоршаулардың жылу ұстағыштығы сапасына байланысты. Қора-жайлар қыста құрғақ, жарық жылы, жазда салқын болатындай етіп салады. Құрылыс үшін айтарлықтай арзан және ұзаққа шыдамды материалдар пайдаланылады. Гигиеналық тұрғыдан олардың жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сіңіруі, гигроскопиялығы, бу өткізгіштігі, ауа өткізгіштігі маңызды. Қыста еден температурасы 27, 5°С болғанда бордақыланатын шошқа салмағы өсуі 653г, ал 10, 3°С-да, азықтар шығыны 4, 08 ден 4, 66 азықтық бірлікке ұлғаятынын айтуға болады. Еден арқылы жылу 12-48%-ға дейін жоғалады, сондықтан олар ғимараттың жылу режиміне әсерін тигізеді де, оларды жылытуға көп көңіл бөлінеді. Еденнің маңызды қасиеті-су өткізбеушілік ылғал өткізгіш едендер ауа ылғалдылығы жоғарылауының себебі болып табылады. Еден арқылы өтетін зәр ыдыраған кезде, зиянды газдар пайда болып, ауаны ластайды, мұндай едендер астында жер жеңіл инфицирленеді де жер бойын қажетті тереңдікке алып тастамайынша тиімді дезинфекцияланбайды. Едендерді жарақат болмауы үшін бұдырлы етіп салады. Еден сұйықтық ағуы үшін еңкіш болуы керек (еденнің әр ұзындық метріне 1-2см) . Еден жамылғысының абразивтілігі жануар тұяқтарының қажалуына әсерін тигізеді. Еденнің беткейлік қабатының материалы қажағыштық шамасы бір ай ішінде тұяқ өсуі шамасына тең болатындай таңдалады, өйтпегенде тұяқ мүйізі тірі ұлпаға дейін қажалады. Малшаруашылық ғимараттарында негізінен ағаш, бетон, асфальт, тапталған балшықты, торлы едендер қолданылады. Ағаш едендерін шошқа станоктарында, сиырлар мен жылқы тұрақтарында, туу бөлімдерінде, профилакторий мен бұзау қораларында қолданады. Бұлар жылы, тегіс, қатты емес, алайда ылғал сіңімді, су жібермейтін болады, дезинфекциялауға нашарлау көндігеді және пайдалану мерзімі қысқа (сиыр қорада 2-3 жыл, шошқа қорада 1-2 жыл) . Бетон едендерін қоралардағы өткелдер мен қосалқы ғимараттарға төсейді. Олар малдар тынығатын аймақтарға жарамсыз, өйткені қатты әрі жылу өткізгіштігі жоғары. Қора-жайлардың қабырғаларының ішкі түсінің де маңызы зор. Ақ түсте көмкерілген немесе әктелген қабырға 85% жас ағаш пен кірпіш 40%, ластанған ағаш 20% сәулелерді ашықтандырады. Сол себептен мал қораларында, сауу залдарында, жуу бөлмелері мен зертханаларда қабырғалар мен төбелер ашық түске, ал қолдан ұрықтандыру бөлмелерінде ашық-жасыл түске боялуы керек. Еденнен терезе жоқтауына дейінгі қашықтық немесе биіктік төмендегідей болғаны жөн: байлаудағы ірі қара мал қорасы мен бұзау қорада 1, 2-1, 3м, байлаусыз ұстайтын қорада 1, 8-2, 4м, қолдан ұрықтандыру бөлмесінде 0, 8м, шошқа қораларында 1, 2м кем емес, қой және құс қораларында 1м кем емес. Терезелердің осылай орналасуы кезінде малдар аз суынады, ғимараттар жақсы жарықтанады. [21]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz