Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қойларға қойылатын гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптар . . . 14
2. 2. Қойлардың қора-жайларының зоогигиеналық негізделуі . . . 17
2. 3. Қойларды дұрыс азықтандыру гигиенасы . . . 20
2. 5. Қойларды өсіру кезіндегі қойылатын зоогигиеналық талаптар . . . 24
2. 6. Қой қораларындағы микроклимат шамалары . . . 27
3. Қорытынды бөлім . . . 28
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
1. Кіріспе бөлім
Мал шаруашылығы алдында тұрған басты мәселе жануарды құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп, оларды асылдандыру бойынша үздіксіз жұмыстар өткізумен қатар, күн сайын фермалар мен өзге малшаруашылық нысандарындағы санитарлық-гигиеналық ұстау, азықтандыру, суару, күту және пайдалану жұмыстарын жақсарта түсу екені белгілі.
Ауылшаруашылық жануарларының гигиенасы - жалпы профилактика негізі, бағу, күту, азықтандыру мен ұстаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту, олардың табиғи резистенттілігін жоғарылату тұрғысындағы ғылым. Бұл ғылым жануарлар ауруларын болдырмау бойынша гигиеналық талаптар мен ветеринариялық-санитарлық шаралар легін оқытып, құрастырады. Мал шаруашылығы алдында тұрған басты мәселе жануарды құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп, оларды асылдандыру бойынша үздіксіз жұмыстар өткізумен қатар, күн сайын фермалар мен өзге малшаруашылық нысандарындағы санитарлық-гигиеналық ұстау, азықтандыру, суару, күту және пайдалану жұмыстарын жақсарта түсу екені белгілі.
Қой шаруашылығы Австралия, Жаңа Зеландия, Англия, Түркия, Үнді, Иран, Бразилия елдерінде жақсы дамыған. Қой саны бойынша Қазақстан әлемде екінші орында.
Қой еті жоғарғы дәмдік сапаларымен ерекшеленеді, ақуыз, минералды заттар мөлшері бойынша сиыр етінен кем түспейді, ал калориялығы жағынан асып түседі, онда 3 есе холестерин аз, міне сол себептен негізінен қой етін тұтынатын халықтардың атеросклероз ауруына аз шалдығатынын түсіндіру қажет шығар. Қой етіне тән өзіндік иіс құрамында гирсин қышқылы болуына байланысты. Қой сүтінде 1, 5 - 2 есе ақуыз көп, ал май шамамен 7% құрайды, ол әсіресе козеинге бай, осының арқасында ірімшік мен сүзбе ірімшік алу мүмкіндігі туындалады. Басты мақсат - мал шаруашылығында жануарларды ветеринариялық санитариялық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта жалпы гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шараларды мал шаруашылықтарында мүлтіксіз жүргізудің мәні орасан зор. Әсіресе дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезодарация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру-малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі. Санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтаудың маңызы бұл тарауда кеңінен қамтылған.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты -қойларға арналған қора-жай жобасының зоогигиеналық негізделуі және қойларға қойылатын гигинелақы талаптармен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері - қойларға қойылатын гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптар және қойларды ұстау жүйелері және маулық қойлардың қора-жайларының зоогигиеналық негізлделуі туралы түсінік беру, қойларды жайылымдарда ұстау гигиенасы мен және саулық қойларды азықтандыру ерекшеліктері және азықтандыру гигиенасы туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөліммен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
В. И. Гершун /1994/ қойды жайып - семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді. [1]
Ж. Б. Мырзахметов /1992/ зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады[2]
А. П. Онегов, И. Ф. Храбустовский /1984/ айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %- жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек және т. б. жұта алады [3]
Волков Г. К., Репин В. И. /1986/ әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады. [4]
Мырзабеков Ж. Б., Сағындықов К. А. /2006/ пікірінше, қора жай қабырғалары қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн. Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора - жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық - гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып - жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс [5]
Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш. /2006/ айтуынша таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора - жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы [6]
Храбустовский И. Ф., Демчук М. В. /1984/ деректерінде таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0, 4 - 0, 5 м2 болуға тиісті. Құсты бағып - күтетін қора - жайлар тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың ық жағында орналасады [7]
Ж. Б. Мырзахметов, К. А. Сағандықов /1994/ деректерінде ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп - бағу қажет. Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар. [8]
З. И. Ануш /1979/ зерттеулерінде көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. [9]
Г. К. Волков /1980/ мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына шағып есептегенде, тиісінше 17, 5; 15; 12, 5 және 12, 5% болу керек. Малдың қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей түседі. Тоқтыларды бордақылағанда олардың рационындағы жасұнықтың мөлшеріне көңіл аудару керек. Жасұнықтың тым көп болуы қоректі заттың қорытылуын төмендетеді, өнім үшін жұмсалған мөлшерін жоғарылытып жібереді. Сондықтан да рационда ірі азықтың (пішен, сабан т. б. ) мөлшері 25% аспағаны жөн. Бордақылауға алынған тоқтылардың рационындағы майдың да мөлшерін бақылап отыру қажет. Рационға қосымша май қосу тоқтының салмақ көрсеткішіне, азықты өтеуіне және бордақылаудың экономикалық тиімділігіне игі әсерін тигізгендігі байқалады. Бордақылау қойларына берілетін минералды заттардың да жеткілікті болуы қажет. Азық рационында кальций, натрий, фосфор және басқа да элементтердің жетіспеуінен малдың салмақ қосуы төмендейді. [10]
Г. К. Волков, В. Н. Гущин /1980/ зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады. [11]
А. Ф. Кузнецов, М. С. Найденский /2001/ айтуынша, қойды жайып - семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді. [12]
Антонов П. П. /1975/ пікілері бойынша жануарларға өсіруде вет - санитарлық нысандарға қойылатын өлексені өтелдейтін орын және т. б. олардың санитарлық беріктігін сақтайтын шараларды белгілеу. Мысалы мал өлгенннен кейін оларды жинап алып өртеп жіберуі керек. Олардан аққан слекей т. б. ларлың болмауын қадағалау, орнын дизенфекциялау. Егер орнын дұрыс залалсыздандырмаса түрлі шыбын - шіркей арқылы жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Тасыған машина, орнын бәрін залалсыздандыру. Әр алуан мал шаруашылығының нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық санитарлық-гигиеналық жұмыстарын уақыты жүргізіп тұруымыз керек. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс. Сонымен қатар құлын өсіретін қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2, 6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады [13]
Баланин В. И. /1988/ деректері бойынша, әсіресе республиканың оңтүстік аудандарында эхинококкоздың күрделі эпидемиялық өршуі сақталған. Мұнда хирургиялық стационарларды әр жыл сайын 400-ден астам адам операция жасалады, республика бойынша тіркелеген эхинококкоз жағдайының 70-%-ын құрайды. 1980-1995 жлыдары адамадардың эхинококкозбен ауыруы Республикалық СЭС мәліметтері бойынша 50-%-ға өскен. Жануарладың зақымдалуы мен адамдардың ауыруының жоғары деңгейі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында белгіленген, мұнда халықтың аурушаңдық көрсеткіші 100мың тұрғынға 2, 4-6, 0-н келеді, ал жануарлардың зақымдалуы 58, 5-60, 1%. Аралық иелерінің көптігіне қарамастан эхинкоккоздың эпизоотологиясы және эпидемиологиясында қойлар маңызды орын алады. Жануар және адам эхиноккозымен зақымданудың көзі-иттер болып табылады, соның ішінде қараусыз, отарлық және шабан иттері. Инвазиянцың таралуына жануарлардың жеткіліксіз азықтануы, сонымен қатар шаруашылықта ветеринарлық санитарлық шаралардың қанағаттанарлықсыз болуы әсер етеді. Адамдар эхиноккозбен эхинококктармен залалдандырылған иттермен байланыста болу арқылы және эхинокок жұмыртқаларымен зақымданған көкөнісермен жеу кезінде зақымданады [14]
Голосов И. М. /1982/ деректері бойынша ветеринарлық станция қызметкерлерінің зерттеуінің арқасында белгілі болғаны көп жеке шаруашылықтағы малдардың эхинококкозға шалдыққан пацызы 40-60-қа жеткендігі көрсетілген. Жамбыл облысының Талас, Сарысу секілді шалғай аудандардың біраз шаруашылықтарында бұл көрсеткіш 80 %-ға дейін көтеріледі екен. Иттерге келсек олардың эхинококпен ауыруы да жоғары деңгейде сақталып отыр. Кейбір шаруашылықтардың отарларында олардың 30-48 %-ы эхинококқа шалдыққан. [15]
Голосницкий А. К. /1979/ мағлұматы бойынша тоқтыларды жеделдете бордақылаудың нәтижесін арттыра түсу үшін оларды витаминдермен, керекті мөлшерде каротинмен толық қанағаттандырған жөн. Жем - шөпте каротин жетіспеген жағдайда А витаминін қолдануға болады. Тоқтылардың А витаминіне деген қажетсінуі 2, 9 мың халықаралық өлшемге тең Рационды жан - жақты теңестіріп малды құнарлы азықтандыру - бордақылаудың негізі болып саналады. Бордақылаудың барысында малдың жасына, салмағына, қоңдылығына қарай олардың қоректік заттарға деген қажеттілігі өзгеріп отырады. Тоқтылардың өсу қарықыны бәсеңдеген сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны жоғарылай түседі. Тоқтыдан бір килограмм салмақ алу үшін 6 айлығына дейін 4 - 5 азық өлшемі, бір жасына дейін - 7 - 9 азық өлшемі, ересек қойларға - 10 - 12 азық өлшемі қажет. Сондықтан қозыларды жедел бордақылап 6 - 8 айлығында етке өткізу, ет өндірудің тиімдігін арттырып, сапасын жақсарта түседі. [16]
Данилова А. К., Найденский М. С. /1987/ былай деп көрсетеді, көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі [17]
Долгов В. С. /1984/ деректетерінде табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі - қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927- 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды [18]
Закомырин И. А. /1987/ деректері бойынша деректерінде Табиғатта белгілі витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай екі үлкен топқа - майда еритін және суда еритін витаминдерге бөлінеді. Майда еритін витаминдер. А витамині (рецепт№10) (ретинол, антиксерофалмалық) . А витамині құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Ол суда ерімейді, бірақ түрлі майлы еріткіштер мен майда ериді. Рационда А тобындағы дәрмендәрілер жетісиесе организмнің өсіп-жетілуі бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті әлсіреп, ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. А тобындағы дәрмендәрілер ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, өкпе, бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта Аг, А3 дәрмендәрілері де кездеседі. А витаминнің негізгі көзі - каротинге бай көк шөп болып табылады. Азықтың әр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары жоңышқа шөбінде 40-90 мг, қызылша жапырағында 30-50, жүгері сүрлемінде - 20-30, сапалы пішенде-20-40, пішен ұнтағында-5-20, шөп ұнтағында- 100-300, сәбізде-50-100 мг каротин болады. А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді, көздердің торлы қабықшаларының көру қызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық үлесінде А витамині жетіспесе. эпителий тіні өзгеріп бүзылады, көздер қабынады, ағзаның жүқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі тоқтайды. Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А каротин бар. Көк азықта, әсіресе бүршақтүқымдас өсімдіктердің жапырақтарында, сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішеңдемеде каротин көп болады [19]
Ивашура А. И. /1989/ айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады [20]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz