Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық
рациондары ... ... ... ...12
2.2. Қойлар саулығын азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .15
2.3.Қозылы қойларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
2.4. Қойларды азықтандырудағы протеиннің
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
КІРІСПЕ
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің
ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой
азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын
өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін
негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін
рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару
керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай
қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа
еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-
салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте
де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды
оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана
алатындығы мүмкіндік туғызады.
Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі
шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері
тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары
дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен
бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт,
ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана
әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның
салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық
жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс
бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына,
қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы
өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы
азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық
институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде
көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап
айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 –
17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май
жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін
техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық –
дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда
рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды
жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі –
туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды
жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын
жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір
жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір
жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып
тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым
тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін
пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта
жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін
еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің
құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің
малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан,
әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі
жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық
өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің
шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң
жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек
болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір
азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның
шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
1.1. Әдебиетке шолу
П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),
М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан
түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені
барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет
өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі
биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға
болады.
М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи
сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі —
қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен
Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының
материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар
екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының
шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге
өте шыдамды.
И. Наурызбаевтың (1975ж) айтуынша,азықтағы қоректік заттар мал
организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші
көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына
бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары
ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар
энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау
керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне
байланысты басқа да қызметке жұмсалады.
Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне
байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок
азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын
мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар
аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс
қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының
энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады [1].
Ж. Мырзабековтың (2005ж) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу
ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты
шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп,
түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып
берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті
әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан
кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық
таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45
минут, арпа мен басқа жемді 1-1,5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды
азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық
мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ
жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі
азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті
мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де
ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [2].
В.И. Гершунның, Р.К. Туякованың (2007ж) әдебиеттеріне суйенсек, рацион
құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а.ө. не АЭ
бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды.
Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру
типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы
қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең,
оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления)
қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін
шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады.
Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-
тратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды,
т.с.с. азықтандыру типтерін ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық
өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына
негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады [3].
Беляков,И.М. (2004ж) мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға
мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде
олар организмде атқаратын фи-зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша
топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі
қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу)
бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі жасунық пен азотсыз экстрактивті
заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға
қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі
қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде
әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда
болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай
қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге келді.
В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға
алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.
А.И.Лопыриннің (1929) деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы
жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40 күндігінде -
3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г,
120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми
деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда
буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз
болса, 2,5-3 есе артық қажет етеді.
Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж.
ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген, сол
үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылымдарында
өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге
бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі
қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД
бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында
қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп
малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.
Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000 метрден
астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.
П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына
байланысты тарихи шолу жасады.
Д.А. Кисловский(1936) дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен
тәжірибесі жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі болып
табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына
сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен
техникасы деп санады.
В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный (1931)
Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа
тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс істеді.
Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында
жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының тәуірлері іріктеліп
алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен шағылыстырылды.
Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы
азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына,
салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің
ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды
құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу
технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның
ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды.
Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ
сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек.
Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 –
3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге,
минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті
шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп,
қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты
ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы
кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің
биологиялық құндылығын жақсартады.
Қ.Сәбденовтың (2002) мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін
сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық
құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің
мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс.
Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір
өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм
қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады. Азықтандыру деңгейі
бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды,
сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы
азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым
бөлігін май басып кетеді де еті аз болады.
А.В. Модяновтың (1989) тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ
затының қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып,
жиналғанда -51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының
қорытылуы 60,3, ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған.
Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай
құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен
бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі
мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой
организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың
желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоғарылатуға
ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет.
Профессор А.С.Солун (1996) буаз және сүтті саулықтардың рационында
жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың
өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін
төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың (1983)зерттеулері,
жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы
микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт
жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері
бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың
пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен
организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады.
Жүгеріде кобальт аз, осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс
азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтың (1983)
тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы
кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның сапасы да
жақсарған.
Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық рационында шамамен
1400-1700 г құрғақ зат болуы қажет. Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан
құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы
қорытылады. Мысалы бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен
жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ
тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ -145 грамнан салмақ қосқан.
Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін
жұмсайды: сақа қойлар -10-12, алты айға дейінгі қозылар -4-5, бір жасқа
дейінгілер -7-9,1 кг жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін
алу үшін -132 азық өлшемі жұмсалады.
Н.Омарқожаұлының (2001) зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың
сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта
өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал
шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы
қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы
үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені
шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың
аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын
зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық
рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік
заттың қорытылуын нашарлатады
М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан
жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың
сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол
жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен
қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға
мүмкіндік береді.
Б.Құлатаевтың (1998) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі
қой күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг
шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл
нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін
анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына,
жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға
күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып
шығады. Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға
маусымына 588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой
тегіс, жей алмайды, тек 60 – 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30
– 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде
жайылым 0,8 – 1 га – дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0,5 –
0,7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс.
Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз деген халық мақалы
осыны дәлелдейді.
Б.Әкімбековтың (2007) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі
қара малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға
болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне
байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан,
көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа
малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең
арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің
өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы
көп.
Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол
– жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы
альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды жайылымдарға
жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстық жайылымдарына
жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен, жаздық дақыл сабаны, ал
мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал
қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді.
Н.Омарқожаұлының (2007) әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз
қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын,
аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта
алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал
жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады.
Б.Медеубековтың (1996) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан
қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына,
витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем
азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік
заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың
бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы
бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін
шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл
азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне
кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері
жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген
азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.
Сарбасовтың (1984) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына
әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен
азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық
өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда
азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың
азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық
аз жұмсалады.
М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан
жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың
сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол
жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен
қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға
мүмкіндік береді.
Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне
ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда
оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз
болады.
Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде
жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден
де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр
уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет. Бордақылаудағы
сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе
жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.

Андрюс пен Орсовтың
(1978) мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг қозылар үшін
протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына шағып
есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу керек. Малдың
қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей түседі.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік
азық рациондары
Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір,
еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға
бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан
шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой
жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен
бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын
жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қойдың осы жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа
ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым
–екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс,
талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың
азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың
биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші
екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде
туғандығын дәлелдейді.
Қой азықтың бір түрімен (жайылымнан басқа) ұзақ уақыт азықтандыруға
төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті
мен өнімін, әсіресе жүн өнімінің мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді.

Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей
қалады. Ал организмге түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне,
өсіп-жетілуіне қажетті процестерге жұмасалады да, артылса ғана жүннің
өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен
фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың
жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл
кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді.
Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы
анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы
жүнді немесе жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген
сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді.
Нормамен азықтандырудың негіздері
Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа да
көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге назар
аудару керек:
-Мал организміндегі зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және
өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни
азықтандыру нормасы;
- Азықтандыру рационы;
- Азықтандыру типі (жүйесі);

1-кесте
Салмағы 50кг бір қойдың күндік рационы

Көрсеткіштері Етті майлы саулық Қаракөл елтірі саулық
қойы
Бойдақ және Соңғы 7-8 Бойдақ және Соңғы 7-8
алғашқы 12-13 апталық алғашқы 12-13апталық
апталық буаз буаздығы апталық буаз буаздығы
кезеңінде кезеңінде кезеңінде кезеңінде
Жайлымдағы шөп, кг 4,7 - 3,5 2
Дәнді дақылдардан,
әр түрлі шөптерден - 2,6 - 1
дайындалған пішен,
кг
Аралас құрама
азықтық жемдер 0.2 0.4 0.15 0.3
концентрат

Азықтандыру нормасы. Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы
жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-
жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп,
сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дұрыс жетілуі үшін
олардың организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру
нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім
алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына,
тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген
тәуліктік мұқтаждылығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған
азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі
– азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин және
микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың
физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, саулықты алатын
болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде, қозысынан айырғаннан
кейін азықты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол
мерзімнің бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керек
екендігін білдіреді.
Азықтандыру рационы. Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге
ыңғайлап, есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы
–ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын
протеині, минерал заттары мен каратиннің мөлшері жағынан азық нормасына
сәйкес келетін әр түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде,
рацион жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарайц
тексеріліп, анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет қайтадан
жасап отырады.
Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін
белгілеу шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың
қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде
әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың қандай түрінің барлығы, оны
пайдаланудың экономикалық жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі.
Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп дейтіндей етіп турап,
булап, ашытып, өндеп, малға алдын ала даярлап беру ісін ұйымдастыру керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын
өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу қабілеті
азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың
дұрыс азықтандырылуы үшін зоотехниялық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып,
нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің сапасын
ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.
2.2. Қойлар саулығын азықтандыру ерекшеліктері
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі саулықтар үлесіне тисе ғана
қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой
басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді.
Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы
жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы, жыл
мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиолгиялық ахуалына байланысты
өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетті деңгейде және жан – жақты толық
қамти қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда
саулықтардың дер кезінде күйі келммей, ұрықтандыру нәтижесі төмен болуынан
қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен
саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп,
саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы нашарлайды. Осының бәрін ескере
отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмінің
қоректілік мұқтаждығы өсетін күйікке түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер
кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылығын күшейтіп,
биологиялық құндылығын жоғарылатады.
Күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын саулық қоңдылығын көтеріп, күйін
келтіру үшін азықтандыру деңгейін 1 кг қосымша салмақ қосуына есептегенде 5
а.ө, 500 г қорытылатын протеин көлемде жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі
ұрықтанған саулықтың одан кейінгі буаздық кезеңінде де сапалы азықтандыруын
жалғастырады.
Дер кезінде ұрықтанып, мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды
дұрыс кұнарлы азықтандыру қажет. Олай болмаған жағдайда саулықтардың күйі
келмей, нәтижелі ұрықтанбай, нашар жетілген жалқы қозытуады. Оны уызға,
сүтке жарытпай, өздерінің жүнділігі төмендеп, қырқылған жүн сапасыз болады.
Осыны ескере отырып, саулықтардың азықтандырылуын күйекке түсерден 1—1,5 ай
бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1кг қосымша салмаққа 5 азық
өлшемі, 500г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын
жоғарылатады. Күйі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Еліміздегі қой шаруашылығы. Қолдан ұрықтандыру. Күтіп бағу
Микроэлементтер жəне əр түрлі жануарларды азықтандыруда олардың рөлі мен маңыздылығы
Мал азығы
Қозылы қойды азықтандыру
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Төлдерді өсіру әдістері
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
А витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Шөп дайындау курс
Пәндер