Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері

Орындаған: Жанұзақов М.
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Мазмұны

Кіріспе
1.Қорғаншы мен қамқоршы ұғымы
1.1 Балаға қорғаншы мен қамқоршы тағайындау
1.2 Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және
орналастыру туралы заңы
2. Қорғаншылар мен қамқоршылар құқықтары мен міндеттері
2.1 Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу тәртiбi
2.2 Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық
жағдайы
2.3 Қорғаншылар мен қамқоршыларды олардың өз мiндеттерiн атқарудан босату
және шеттету
3. Қамқоршыларға (қорғаншыларға) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағу үшін жәрдемақы тағайындау мен төлеу
3.1 Жәрдемақы тағайындау тәртібі
3.2 Жәрдемақының мөлшері
3.3 Жәрдемақыны төлеуді тоқтату негіздемелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қорғаншы (қамқоршы) деп - қорғаншылық пен
қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңда белгiленген
тәртiппен тағайындалған адамды айтамыз.
Қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке
қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi) деп таныған адамдардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да
құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің
құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? —
деген сұрақ туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.
Бұның мәні мынада: қорғаншы — өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық
және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі
әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар — ішінара әрекет
қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп,
бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ
иянаттардан қорғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің
кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра
алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық
деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде
қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге
асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке
толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық
жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі
мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе
мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi
басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.
Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен
қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды)
тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және
бiлiм беру жағдайларын, патронат тәрбиешiнiң құқықтары мен мiндеттерiн,
патронат тәрбиешiге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың мiндеттерiн,
сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негiздерi мен салдарларын көздеуi тиiс.
Бала патронат тәрбиешiге аталған шартпен белгiленген мерзiмге
тәрбиелеуге берiледi.
Патронат тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған
балалар санына қарай берiлетiн жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi.
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелдi себептерi (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық
жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар арасындағы
жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешiлердiң бастамасы
бойынша;
2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар
туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарып берiлген немесе бала асырап алынған
жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
Шарт бойынша оны патронат тәрбиешiлерге беру үшiн баланы (балаларды)
алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы
(балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) ажыратуға жол
берiлмейдi, бұған олардың мүдделерiне сай келетiн жағдайлар қосылмайды.
Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле
отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келiсiмiмен
ғана берiлуi мүмкiн.
Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) өзiне тиесiлi
алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге
құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй
заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуiне құқығы бар.
Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59-
баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қорғаншылар мен қамқоршылар туралы түсінік
және оның құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: қорғаншы мен қамқоршы ұғымы туралы балаға
қорғаншы мен қамқоршы тағайындау туралы және ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды анықтау және орналастыру, қорғаншылар мен қамқоршылар
құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қосымшалардан тұрады.
1.Қорғаншы мен қамқоршы ұғымы
1.1 Балаға қорғаншы мен қамқоршы тағайындау
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін
қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды
қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады (Неке және
отбасы туралы заңның 113-бабы).
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып
табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және
қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік
қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары
арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар
бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы
мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе,
қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым
құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса,
бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ,
балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке
толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар
және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының
(қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық
(қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың
арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға
деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі
ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп
тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.
Неке және отбасы туралы Заңының 108-бабында көрсетілгендей, сот
әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған
адамдар, сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана
құқықтарын сот шектеген адамдар және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді
тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден
шеттетілген адамдар, сонымен қатар егер сот олардың кінәсінен бала асырап
алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар, денсаулығының жай-
күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мәндеттерін жүзеге асыра
алмайтын адамдар қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайды.
Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты
жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының)
тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мџмкін.
Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және ғамқоршылық
жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.
Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-
бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа
алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік
төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге
асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған
кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы
тағайындайды.
Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық
тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы
қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық
кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен
айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып
тоқтатылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған
жағдайда тоқтатылады.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті
болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен
бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай
ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның
кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін,
қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін
қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы
мен қамқоршы органның алдын ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы
жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз,
қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен
қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-
аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдьн ала берген рұқсатынсыз
қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле
жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін
айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға,
оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге,
қамкорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі
құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауғ, оның мүлкін
бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін
азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ,
аталған мәмілелер нәтижесінде корғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға
тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде
пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары
мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ
мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе
қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот
ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ (Неке
және отбасы туралы Заңының 114-бабы).
Қорғаншы немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған
жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке
басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны
қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншьшы немесе қамқоршыны осы міндетгерді
атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін
қажетті шаралар қолдануы мүмкін.
1.2 Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және
орналастыру туралы заңы
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен
мүдделерiн қорғау.
Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы,
олардың ата-ана құқықтарының шектелуi, ата-анасының әрекетке қабiлетсiз деп
танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-
аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғаудан жалтаруы, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа
да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-
аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен
мүдделерiн қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледi.
Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды анықтайды, осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып,
балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды (осы Заңның 102-бабы), сондай-
ақ оларды асырау тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау
жасауды жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың
қызметiне жол берiлмейдi.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке
алу.
Осы Заңның 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәлiметтер
бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi бiлiм беру, жалпы бiлiм беру, емдеу және
басқа да мекемелердiң) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар
туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн
хабарлауға мiндеттi.
Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш
күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және ата-аналарының
немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде
баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен
мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу
және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн
екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы
мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға
мiндеттi.
3. Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында
аталған мәлiметтер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды
қамтамасыз етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге
беру мүмкiндiгi болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшiн және
кейiннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем
көрсету үшiн осындай бала туралы мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiстiң бiлiм беру басқармасының органына жiбередi.
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мiндеттердi орындамағаны
үшiн, сондай-ақ бала туралы көпе-көрнеу жалған мәлiметтер бергенi үшiн
лауазымды адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына
тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша,
ал мұндай мүмкiндiк болмаған кезде, жетiм балаларға немесе ата- аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгiдегi (тәрбие, емдеу
және басқа да) мекемелерге берiлуге тиiс.
Баланың мүддесiне сай оны орналастыру кезiнде оның этникалық шығу
тегi, белгiлi бiр дiнге және мәдениетке жататындығы, ана тiлi, тәрбие мен
бiлiм берудегi сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкiндiгi ескерiлуi мүмкiн.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, осы баптың 1-
тармағында аталған отбасына немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға
дейiн балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) мiндеттерiн атқару қорғаншы және
қамқоршы органдарға уақытша жүктеледi.
2. Қорғаншылар мен қамқоршылар құқықтары мен міндеттері
2.1 Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу тәртiбi
Қорғаншылық және қамқоршылық белгiленетiн адамдар
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (осы
Заңның 101-бабының 1-тармағы) балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және
бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес
құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.
Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк
емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн де белгiленедi.
Қорғаншылық
Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық
аурудың салдарынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен сот әрекетке қабiлетсiз
деп таныған адамдарға белгiленедi.
Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешiмiмен өлдi немесе
хабарошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке
қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамның
мүлкiне тағайындалады.
Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгiленген адамның басқа жерде
мүлкi болса, онда осы мүлiктi басқару үшiн қорғаншы және қамқоршы органдар
мүлiктiң тұрған жерiнде қорғаншы тағайындай алады.
Қамқоршылық
Қамқоршылық он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға,
сондай-ақ спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан
сот әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарға белгiленедi.
Денсаулығының жай-күйiне байланысты өзiнiң құқықтарын өз бетiнше
жүзеге асыра алмайтын және мiндеттердi орындай алмайтын кәмелетке толған
әрекет қабiлеттiлiгi адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгiленуi
мүмкiн.
Қорғаншы және қамқоршы органдар
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiндегi өз функцияларын:
- кәмелетке толмағандарға қатысты бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың
жергiлiктi уәкiлеттi органдары арқылы;
- кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтiк қорғаудың
жергiлiктi уәкiлеттi органдары арқылы жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер
адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргiзуге және зерттеу
актiсiн сотқа табыс етуге мiндеттi.
Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерiнiң мiндеттерiн осы органдар
туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ереже негiзiнде жүзеге
асырады.
Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу
Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет
ететiн адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық
белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының
(қамқоршының) тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн.
Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе оның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот
бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгiлеу үшiн сол адамның
тұрғылықты жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi.
Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу қажеттiгi туралы
тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық
және қамқоршылық белгiленедi.
Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен
шағымдануы мүмкiн.
Қорғаншылар мен қамқоршылар
1. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп
таныған адамдарды;
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана
құқықтарын сот шектеген адамдарды;
3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн
қорғаншылық (қамқоршылық) мiндеттерден шеттетiлген адамдарды;
4) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойған болса,
бұрын бала асырап алушыларды;
5) денсаулығының жай-күйiне байланысты (осы Заңның 80-бабы 2-
тармағының 6) тармақшасы) баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге
асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екi жыныстың да кәмелетке толған
адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келiсiмiмен ғана тағайындалуы
мүмкiн.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе,
қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының, ата-анасының,
туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым
құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылық болмаса,
бiр қорғаншыны немесе қамқоршыны бiрнеше адамға тағайындауға жол берiледi.
Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бiрақ
балаларының тәрбиесiн жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке
толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалатын кезде,
қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып
тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезiнде қорғаншының
(қамқоршының) адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық
(қамқоршылық) мiндеттердi орындау қабiлетi, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың
арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерiнiң балаға деген
көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етiп тағайындалатын
адам некеде тұрса, оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететiн және тиiстi тәрбие,
емдеу мекемелерiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан
адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердiң әкiмшiлiгi болып
табылады.
Қорғаншының (қамқоршының) осындай мекемелерге баланы уақытша
орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық
(қамқоршылық) құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен
мүдделерiн қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның iшiнде сотта арнайы
өкiлеттiксiз қорғай алады.

2.2 Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық
жағдайы
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың құқықтары
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың:
1) өздерiнiң адамдық қадiр-қасиеттерiнiң құрметтелуiне;
2) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;
3) осы Заңның 112-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, онымен бiрге тұруға;
4) өздерiне тиесiлi алименттерiн, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және
басқа да әлеуметтiк төлемдердi алуға;
5) тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйдi пайдалану құқығын
сақтауға;
6) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушiлiктен қорғануға құқығы
бар.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар осы баптың 1-тармағында
келтiрiлген құқықтардан басқа:
1) қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену;
2) оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, бiлiм беру және жан-жақты дамытуы
үшiн жағдайлардың қамтамасыз етiлу;
3) тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу
құқықтарына да;
4) осы заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға ие болады.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие және емдеу
мекемелерiндегi балалардың құқықтары.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие, емдеу және басқа да
мекемелерiндегi балалардың:
1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға,
өздерiнiң адамгершiлiк қадiр-қасиеттерiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң
қамтамасыз етiлуiне;
2) өздерiне тиесiлi алименттердi, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және
басқа да әлеуметтiк төлемдердi алуға;
3) тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй-заңдарына
сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы заңдарда
көзделген жұмысқа орналасу кезiндегi жеңiлдiктерге ие болуға құқығы бар.
Қорғаншы және қамқоршы органдар осы баптың 1-тармағында аталған
мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға бiлiм беру
жағдайларын бақылауды жүзеге асырады.
Осы мекемелер түлектерiнiң құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы
органдарға жүктеледi.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және осы баптың 1-тармағында
аталған мекемелерде тұратын балалар осы Заңның 52-54, 59-баптарында
көзделген құқықтарға да ие болады.
Қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз мiндеттерiн атқаруы.
Қорғаншылар заң жүзiнде қамқоршылыққа алынғандардың өкiлдерi болып
табылады және барлық қажеттi мәмiлелердi олардың атынан және олардың
мүдделерiн көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше жасауға
құқығы жоқ мәмiлелердi жасауға келiсiм бередi, қамқоршылығындағылардың өз
құқықтарын жүзеге асыруына және мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi,
сондай-ақ оларды үшiншi бiр тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан
қорғайды.
Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiндегi мiндеттер тегiн атқарылады.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебiнен асырап
бағуға мiндеттi емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа
алынушының алатын жалақысы, алиментi, зейнетақысы және басқа да әлеуметтiк
төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктер есебiнен жүзеге
асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған
кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы
тағайындайды.
Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерiнiң қамқорлығына алынғандарды асырап-
бағуға, оларды бағып-күту мен емдеудi қамтамасыз етуге, олардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғауға қамқорлық жасауға мiндеттi. Аталған мiндеттер сот
әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған кәмелетке толған адамдардың
қамқоршылығына жүктелмейдi.
Спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан
әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған адам
жөнiндегi негiздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны
әрекетке қабiлеттi деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты
алып тастау туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құқықтары мен мiндеттерi
Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы)
баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және
рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және мiндеттi.
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пiкiрi мен қорғаншы және қамқоршы органның
ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Заңның 64-бабында көзделген
талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы
тәрбиелеудiң әдiстерiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғаншылық және қамқоршылық түсінігі
Қорғаншылық және қамқоршылық туралы
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
Қорғаншылық және қамқоршылық
Отбасы құқығы ұғымы
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Неке және отбасы құқығы жайлы
Қорғаншылардың және қамқоршылықтың міндеттерін атқару
Баланың туу туралы куәлігі
Ата-аналарды құқығынан айырудың негіздері мен тәртібі
Пәндер