Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Автомобильдердің негізгі
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2. Қоректендіру жүйелеріне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12
ІІ. ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ ДИЗЕЛЬДЕРІН ЖӨНДЕУ
2.1. Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ..13- 17
2.2. Іштен жанатын қозғалтқыштардың негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... 18-20
2.3. Автомобильге техникалық қызмет көрсету
станциялары ... ... ... ... ...21-25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26-2 7
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-
29
КІРІСПЕ

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады.Адам баласы өз жұмысын
жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің
нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде
– бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр
жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны
ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда
пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды
тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы,
автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып
бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке – жеке түр – түрге
бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір
түрімен мүлде болмайды.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды
заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді
двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль
двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері
пайдаланылады.
Карбюраторлық (отын аппаратурасының) — карбюраторда анықталған
ақауларды жоя отырып бөлшектеу, жиклерді таңдау, қалтқы камерасындағы отын
деңгейін тексеру, сонымен қатар отын сорғылары мен басқа да қоректендіру
жүйесі аспаптарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен жөндеу. Жөндеуді
қажет ететін түйіндерді бөлшектеу алдында арнайы ваннада жуады, ал
жөндеуден кейін стендтарда немесе қондырғыларда сынайды.
Двигательдің қоректендіру жүйесі сору түтіктері жатады. Ауа тазартқыш
двигатель ішіне сорылып ауаны шаңнан мұқият тазартады. Тазарған ауа сору
түтіктері бойымен сору клапаны арқылы цилиндр ішіне кіреді. Кейбір
двигательдерде сору тактісі кезінде ауаны қысым арқылы айдап өткізеді. Сол
үшін арнаулы трубокомпрессорлы двигательдер деп атайды. Бұл кезде де ауа
мұқият тазартылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Автомобильдердің қоректендіру жүйесінің
аспаптары және дизелдерін жөндеу туралы мағлұмат алу. Білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері: автомобильдердің жалпы құрылысы және
қоректендіру жүйесі туралы, қоректендіру жүйесінің аспаптары және
дизельдерін жөндеу жөнінде толық түсіндіру.
І. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Автомобильдердің негізгі құрылысы

Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.
Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың
құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен
жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан,
құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 – суретте,
ал жеңіл машиналардікі 1.4 – суретте көрсетілген.

Автомобиль негізіне үш бөліктен тұрады.Олар: кузов. Двигатель және
шасси.
Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған.Сондықтанда ол таситын
жүктің түріне қарай әртүрлі болады.
Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші
отыратын кабина жасалады.Ал адам таитын жеңіл машина мен автобустардың
кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз
ететін қондырғылар орнатылады.
Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті
қуатты тудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін
( көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру
болып табылады.Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильдің
жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, автомобильді
қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік
береді.
Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан
айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал
генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін.
Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше
қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады.
Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін
дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш
қондырғылар кіреді.
Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше
механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Трансмиссия – двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне
жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны
машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға
жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе
керісінше.
Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда
автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп трансмиссия
көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.
Алдыңғы және артқы белдемелер – негізінен автомобильдің салмғын
дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол
белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.
Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с.
бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару
механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 –
суреттерде белгіленген.
Машина тұғыры – автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен
қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы.Ол өздерінің
құрылысына қарай әртүрлі болады.
Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек
қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады.Осы
ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін
біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.
Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына
бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту
қызметін атқарады.
Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше
түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.
Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа
келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады.Сөйтіп оның жұмыс
өнімділігіне кері әсерін тигізеді.
Басқару жүйесі – көптеген механизмдерден құралады.Олардың негізгісі –
машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.
Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория
арқылы бағыттап отырады.
Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып,тіпті тоқтату
қызметін атқарады.
Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс
дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс
жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы
мүмкін.Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту
болып табылады.
1.2. Қоректендіру жүйелеріне қойылатын талаптар

Қозғалтқыштың техникалық жай-күйі мен оның жабдығы жеңіл және сенімді
іске қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыстық температураға дейін қыздырылған
қозғалтқыш барлық режимдерде орнықты жұмыс істеуі тиіс.
Қозғалтқыштың, қалқалық жабдықтың және капот асты кеңістігінің бетінде
отын және майлау материалдарын сіңіруге және жинауға бейім ескі шүберекті
немесе өзге де мақта-мата және синтетикалық бұйымдарды тығыздағыш ретінде
пайдалануға рұқсат етілмейді.
Қалқалық жабдық (қоректендіру және от алдыру жүйесінің стартері,
генераторы, тораптары және бөлшектері) ретінде автокөлік құралының, не
ұқсас параметрлері бар олардың баламаларының нақты маркасына (үлгісіне)
жасаушы зауыт конструкторлық құжаттамада көздеген тораптар мен бөлшектерді
ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Клапан қақпақты, картер табандығын, май сүзгісін (центрифуга), сондай-
ақ май радиаторы мен құбырларын бекіту орындары герметикті болуы және
майдың ағу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Қозғалтқыштың майлау жүйесінде май
ұстамайтын резеңке-техникалық материалдардан жасалған жалғастырғыш
келтеқұбырлар мен құбырларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Салқындату жүйесіндегі жалғастырғыш келтеқұбырлар радиатормен, су
сорғысымен, термостатпен, ұлғайтқыш кеспекпен, сондай-ақ салонның
(кабинаның) қыздыру жүйесімен, салқындатқыш сұйықтықтың ағу мүмкіндігін
болдырмайтын герметикалық қосылуды қамтамасыз етуі тиіс.
Қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтық температурасының, май қысымының
датчиктері және олардың көрсеткіштері жарамды күйде болуы тиіс.
От алдыруды және отын бүркуді басқару шағын процессорлық жүйесі бар
қозғалтқыштың (иінді білік айналысының жиілігінің, иінді біліктің бұрылу
бұрышы бойынша күйінің, жіберу құбырындағы қысымның, дроссель жапқышының,
ауа температурасының, пайдаланылған газдардағы уытты заттар құрамының)
жұмыс режимінің датчиктері жарамды күйде болуы тиіс.
Қозғалтқыш картері желдету жүйесінің герметиктігін бұзуға жол
берілмейді.
Барлық жетек белдіктерінің тартылуы пайдалану жөніндегі нұсқауда
(конструкторлық құжаттамада) автокөлік құралының нақты маркасы (үлгісі)
жасаушы кәсіпорын үшін белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Бензиндік және дизельдік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесінде
отынның ағуы мен ауаның сорылуы болмауы тиіс.
Шығару жолы жүйесі (шығару коллекторы, қабылдау түтігі, резонатор,
сөндіргіш, нейтрализатор және құбыр) герметикті және тораптар сенімді
бекітілуі тиіс.
Сұйытылған мұнай немесе сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін
автокөлік құралдарының қоректендіру жүйесінде куәландыру мерзімі өткен газ
баллондарын пайдалануға, сондай-ақ газдың шығуына рұқсат етілмейді.
Сұйытылған мұнай және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік
құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ерекшеліктері
Сұйытылған мұнай және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік
құралдарына (бұдан әрі - газбаллонды автокөлік құралдары) ТҚк бойынша
жұмыстар кезеңділігі карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштары бар
автокөлік құралдарына арналған ТҚк бойынша жұмыстардың кезеңділігіне сәйкес
келеді.
Газбаллонды автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жүргізу кезінде газбен және бензинмен қоректендіру жүйелеріне ТҚ
және ТЖ бір мезгілде орындалатын технологиялық процесі сияқты газ
аппаратурасы үшін ТҚ және ТЖ өз бетінше технологиялық процесі
ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстар мамандандырылған учаскеде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, бірінші жағдайда, мамандандырылған учаскеге екі дербес пост
кіреді, оларда жұмыс бензиндік (дизельдік) және газдық қоректендіру
жүйелері үшін бөлек орындалады. Екінші жағдайда, газбен қоректендіру
жүйесінің ТҚ және ТЖ бойынша жұмыстар мамандандырылған учаскеде орындалады,
ал бензиндік (дизельдік) қоректендіру жүйесінің жұмыстары жалпыпосттар мен
желілерде орындалады.
Автокөлік кәсіпорындары мен техникалық қызмет көрсету станцияларында
газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ және ТЖ ұйымдастыру кезінде ашық
алаңда орналасқан, газ аппаратурасының герметиктігін тексеру посттары
көзделу тиіс. Газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ және ТЖ постарына
қойылуы, сондай-ақ сақталуы газ аппаратурасының жарамдылығын тексеруді
жүргізгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте газ қоректендіру
жүйесінен шығарылуы тиіс және қозғалтқыштың ТҚ мен ТЖ және сақтау
аймағындағы одан арғы жұмысы бензиндік (дизельдік) қоректендіру жүйесін
пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ және ТЖ бойынша жұмыстары
аяқталғаннан кейін сонымен қатар газ аппаратурасының герметиктігін тексеру
жүргізіледі. Герметиктігін тексеруден жоғарғы қысымды газ құбырларының
барлық қосылыстары, газ баллондарының ауыздары, шығыс және магистральдық
вентильдер (жабық және толығымен ашық күйде) өткізіледі.
Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарының ТҚ және
ТЖ бойынша жұмыстарын орындауға арналған үй-жайлар, сондай-ақ газ
баллондарын алуға және орнатуға арналған посттар ауа кеңістігіндегі
көмірсутегілердің үздіксіз болуын бақылау датчиктерімен, бір датчик үй-жай
ауданының 40 шаршы метріне деген есеппен, жабдықталған сигнал беру
жүйесімен жабдықталуы тиіс. Ауа кеңістігіндегі көмірсутегілер шектік рұқсат
етілген шоғырланудан асқан кезде жүйе үй-жайдың авариялық вентиляциясын
қосуы тиіс.

Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау тұрақ ауданының әрбір 200
шаршы метріне бір пост деген есеппен, өртке қарсы сигнализациямен және
өртке қарсы посттармен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиіс.
Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды,
конструкциясы оларда қойылған газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін
болдырмайтын қыздыру жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі.
ІІ. ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ
ДИЗЕЛЬДЕРІН ЖӨНДЕУ
2.1. Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі

Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын
дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның
араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу
жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай
талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды
заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді
двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль
двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері
пайдаланылады.

Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш
бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі
ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктер. Осылайша
құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 2.14 –
көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
Двигательде жанатын жанар май қоры арнаулы ыдысқа (8) құйылады (2.14 –
сурет).
Карбюраторлы двигательдерде жанар май үшін көбінесе мұңайдан алатын
ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол
ыдыстағы бензин майда сүзгі (14) арқылы бензин насосымен (19) сорылып
алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте
экцентрик орнатылған. Ол айналған
Кезде насостың тұтқасын әрі – бері қозғайды да насос жұмыс істейді.
Насоспен (2.15 – сурет) сорылған бензин енді карбюраторға (3) (2.14 –
сурет) беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс
жасалған. Қалқыма осы қуыстағы (4) бензин деңғгейіне байланысты жоғары –
төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға
әсер етеді.
Бензин насосының құрылысы 2.15 – суретте көрсетілген Газ – 53
автомобилінің мысалынджа қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7)
орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы
қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік
бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары
қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген
жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен
итереді.

Ауа мен жанар майды араластыру процесін “карбюрациялық” процесс деп
атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы
карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық
схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал
двигательдерге орнатылған крбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады.
Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша
двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану
қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына
қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың
өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг
ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты
жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда
байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа
мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты
жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a1,0 ден болса, онда
байытылған, ал a1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай
байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер
a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал
a0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына
дейін аздап кедейлетілген, ал a1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады.
Сонымен, двигательдің жұмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай
қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс.Сол үшін оның құрылысына
бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жұмыс
жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру
кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (a=0,6 –
0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жұмыс істеген кезде
аздап кедейлетілген жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап
байытылған (a=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жұмыс
жағдайынан екінші жұмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған
жану қоспасы жасалуға тиіс.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану
қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен
жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш
қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш
насос.
Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация
дейді. Двигательдің осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені
поршеньге, поршень саусақтарына, шатунға және түпкі подшипниктерге соққылы
күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың
жануымен, түтін шығуымен, двигатель қуатының төменделуімен және жанармай
шығынының артуымен қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен
цлиндрдің қалпақшасында күйеніңғ қалыңдауы, ерте от алу әсер етеді.
Жанармайдағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын
жанармаймен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы
Қоректендіру аспаптары және узелдерін жөндеу
Өндіру ұңғымаларының пайдалану қор, ұңғыма
Башқұрт қабатының қалыңдығы 204 метр
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №4 зауытының басты компрессорлық станциясының автоматтандырылуын жобалау
Альфа теңіз кен орнының мұнай және газдың сипаттамасы
«Автомобильдердің электр жабдықтары»
Нарық экономикасындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің маңызы
Технологиялық байланыс құралдарын техникалық тасымалдау кезіндегі жұмыстарын бөлу
Сығымдағы машинамен сығу процесін жобалау
Пәндер