Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Педагогика және психология
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Теориялық бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
1.1. Қорқыныш сезімінің пайда болуы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қорқыныш, үйрей сезімдерін жеңу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 11
ІІ. Педагогикалық-психологиялық негізі
2.1. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш сезімінің пайда болу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Бастауыш сынып оқушылардың коррекциялық
қорқынышы және мектеп
мазасыздығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ. Әдістемелік бөлім.
3.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектептік
мазасыздық деңгейін анықтау
тесті ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2. Оқушылардың бойындағы алаңдаушылық, қорқыныш сезімдерінің деңгейін
түсіруге септігін тигізетін
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34
Кіріспе
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген
сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті
тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе
келмейді деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық
сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу
көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына
мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы
жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі
жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін
ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын Бастауыш
сынып оқушыларының қорқыныш сезімдері деп таңдауыма негіз болды.
К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі
сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз
өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды. К.Д.Ушинский балаларда ержүрек
мінезді қалыптастыруға ерекше мән берді. Қорқыныш, ұяңдық мінездерді
тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас
болған сайын, солғұрлым оның бойында қорқыныш тез қалыптасады және
солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын қорқынышты жою,
солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу
бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің тәрбиелеу туралы
ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына
төмендегілерді жатқызды:
1) оқыту (бұл жағдайда оның оқу кітаптарының мәні орасан ерекше,
оларды тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды
ұштасады);
2) мұғалімнің жеке басының үлгісі (“бұл жас рух үшін ешнәрсемен
өзгертуге болмайтын күн көзінің жарқын сәулесі”) - сендіруге ерекше мән
берді және оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт);
3) ескерту шаралары;
4) мадақтау және жазалау.
Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған
сенімділікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынас жасай
білу. Соқыр, таяқ тәртібіне қарсылық білдіре отырып, Ушинский былай деп
жазды: “Ескі мектептегі тәртіп марапаттау мен жазалауды бөліп беретін
мұғалімге деген қорқыныш пен үрейге негізделді. Бұл қорқыныш балаларды
оларға тән емес, зиянды жағдайға бағынуға мәжбүр етті: қозғалмауға, іш
пысушылыққа және жауыздыққа үйретті”. Егер Ушинскийдің адамгершілік
тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі
көзқарасында адамгершілік тәрбиеде басты орынды азаматтық міндеттерге,
қоғамдық борыш сезімі билеген өз отанының белсенді азаматын даярлауға
берілді.
Бастауыш сынып мұғалімі – баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай
аймалап, бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша берудің
қорытындысы – бағбанның жақсы ағаштан жинаған сапалы жемісі іспеттес.
Зерттеудің өзектілігі. Қорқыныш - адамның санасында оның өміріне және
аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік (эмоционалдық ұшыққан)
бейнеленуі, үрейлену - алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну.
Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол
қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз
сезінетін бала тұлғасының психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-
анасымен және құрбыларымен өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де,
қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Зерттеу объектісі. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімдерін
жою.
Зерттеу пәні. Қорқыныш сезімін жоюдың жолдарын педагогикалық
процесте қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімін
жоюдың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу міндеттері.
1. Қорқыныш сезімі туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой -
пікірлерді анықтау;
2. Қорқыныш сезімі жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой -
пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімінің әсерін анықтау
және оны жоюдың тәсілдерін белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімін жоюды
педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу әдістері. Педегогикалық, психологиялық, этно -
педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш
әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық
талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып
мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық
тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
әр бөлім екі бөлімшеден, практикалық бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І. Теориялық бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының
қорқыныш сезімі
1.1. Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері
Қорқыныш - адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген
қауіптің аффективтік (эмоционалдық ұшыққан) бейнеленуі, үрейлену - алда
тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда
үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу
ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының
психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрбыларымен
өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі.
Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін
тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде
мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе
керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының
психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік және невротикалық қорқыныш түрлері болады. Жас ерекшелік
қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық
даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың
негізінде пайда болады:
- ата-аналарда қорқыныштың болуы;
- баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс
қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу;
- сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа
жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге
отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары;
- сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл
балаларда болмайды;
- ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді
психикалық жарақаттану;
- үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде
қорқынышқа психологиялык бой алдыру.
Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен;
ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен, мінез-құлықтың және тұлғаның
қалыптасуына кері әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылулармен және
күйзелістермен өзара байланыстылығымен, қорқыныш нысанынан, сондай-ақ
барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен, қорқынышты жоюдың
салыстырмалы қиындығымен сипатталады.
Невротикалық қорқыныштар ұзаққа созылған және шешілмейтін
күйзелістерден туындауы мүмкін. Көбіне бұлайша ата-аналарымен карым-
қатынасында эмоционалдық қиыншылықтар сезінетін, отбасындағы немесе
қақтығыстық сәттердегі эмоционалдық күйзелістерінің әсерінен өзі туралы
пікірі бұрмаланған сезімтал балалар қорқады. Бұл балалар үлкендерге
қауіпсіздіктің, беделдің және махаббаттың көзі ретінде карай алмайды.
Жауапкершілік, парыз, міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік
ұстанымы, "ондай бола алмау" қорқынышының пайда болуына алып келеді. Бала
үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюға, айыпталуға және жазалануға
қорқады. Бастауыш сынып жасынада "ондай бола алмау" қорқынышы шарықтау
шегіне жетеді, себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің
оқушылық міндеттеріне салмақпен қарайды және баға алу жөнінде уайымдайды.
Оқу жуктемесін әртүрлі себептермен игере алмай жүрген бірінші сынып
оқушылары, уақыт өте келе үлгермеушілер қатарына ілігеді, ол өз кезегінде,
невроздарға, мектептен қорқушылыққа алып келеді. Мектепке дейін үлкендермен
және құрбыларымен қарым-қатынас жасаудың тиісті тәжірибесін алмаған, өзіне-
өзі сенімсіз оқушылар, үлкендердің күткен нәтижелерін ақтай алмай қалуға
қорқады, мектеп ұжымына бейімделу қиындықтары мен қорқыныш сезінеді. Бұл
қорқыныштың негізінде қателік жасауға, ақымақтық қылуға және сол үшін
күлкіге ұшырауға деген қорқыныш жатыр. Мұндай балалар көбінесе тақтаның
алдында жауап беруге қорқады. Әсіресе осы тақтаның алдында олардың
қорғансыздығы толық көрінеді.
Кейбір балалар үй тапсырмасын орындағанда қателік жіберсе, зәре-құты
қашып қорқады. Бұл ата-анасы оларды шұқшия тексеріп және қателікке драмалық
мән берген жағдайда болады. Ата-анасы баланы жазаламаса да, психологиялық
жазалау бәрібір сезіліп тұрады.
Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-әрекеттің нақты нәтижесін ғана
бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын бағалау деп түсінеді. "Сен жамансың,
өйткені сен жаман оқисың",- деген сөздер айтылады балаға. Ол онымен
келіседі, соның негізінде беймәлімдік, сенімсіздік сезімдерімен және
әртүрлі қорқыныштармен жалғасқан шешілмейтін ішкі қайшылық пайда болады.
Бірқатар жағдайларда мектептен қорқу, құрбыларымен қақтығыстан, олар
жағынан шығатын дене қара күштен қорқудан туындап отыр. Әсіресе бұл
эмоционалды сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар
балаларға тән.
Жас өсе келе осы тәрізді қорқыныштар өзінің сипатын өзгертеді, кейде
мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ ұзаққа созылу сипатына қарай олар балада
әлсіздік, өзінің сезімдерін игеруге, бақылауға қабілет-сіздікті тудырады.
Мектептік қорқыныш баланың психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен
қоса балалар неврозының дамуына да ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен
бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады.
Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің
әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады:
Мен мектеп туралы ойласам...
Мен мектепке келе жатқанда...
Қоңырау соғылған сәтте...
Мен мұғалімді көрсем...
Бізде бақылау болғанда...
Сабақ аяқталғанда...
Тақтада жауап бергенде мен...
Мен екі алғанда...
Мұғалім сұрақ қойғанда, мен...
Берілген сөйлемдердің аяқталуында баланың, мұғалім білугетиісті өте
маңызды эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді.
Суреттерді зерттеу баланың қызығу-шылықтарын, әуестіктерін,
темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы
тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және
қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің
темендігін, баланың өзінің шамасы келмейтін қорқыныштардың көптігін
білдіреді. Керісінше ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір
тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен салғандағы кең кұлаш,
көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі
жоқ сурет сенімділікті және нық шешімділікті білдіреді. Жоғары қозушылық
және әсіресе шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан,
көмескілігінен немесе сызықтардың нақты, бірақ бір-бірімен қиылысып
жатқандығынан байқалады. Тежелуі және мазасыздығы бар балалар суретті аз
салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Әрбір сабаққа
тақырыбы кезекпен ұсынылатын топта сурет салу ерекше бағалы: "Мектепте",
"Аулада, көшеде", "Отбасы", "Маған қорқынышты не кіреді түсіме немесе мен
күндіз неден қорқамын?", "Менде қандай жақсылық немесе жамандық болды?",
"Менің кім болғым келеді?".
Сурет сала бастағанда түрлі-түсті қарындаштармен салған ләзім. Сурет
салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады,
ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру үшін қажет.
Оның болмауы психикалық дамуды жүдетеді және қандайда бір қиыншылықтың
барлығын білдіреді.
Алғашқы екі сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды. Ол үй,
көлік, ағаш, қонжык, ит, кұс, адам және т.б. болуы мүмкін. Балалар үстел
басында кіммен отыратындарын өздері тандайды, бұл олардың симпатиясын және
антипатиясын көрсетеді. Дайындалу сабақтарынан кейін тақырыптық сурет салу
сабақтарына көшуге болады. Бір немесе екі тақырыпқа арналған 30 минуттан
аспайтын сабақтар аптасына 2 рет жүргізіледі. Егер балалардың біреуі сурет
салудан бас тартса, оған көп мән беруге, басқалардың жетістігін де баса
айтуға болмайды. Мұндай сабақтарды оқудан тыс уақытта жүргізген жөн.
Тақырыбы "Мектепте" деп аталатын суреттерде сурет авторы мен
құрбыларының бейнелерінің өзара орналасуының маңызы бар. Истерикалық мінез-
құлық сипаты бар балалар өзінің нақты қоғамдағы орнына қарамастан, әдетте
өздерін топтың ортасында бейнелейді. Невротикалық реакциясы бар балалардың
суреттерінде құрбыларының саны аз немесе олар мүлдем жоқ, бұл олармен өзара
қарым-қатынаста туындайтын мәселелерді бейнелейді. Бұл "Аулада, көшеде"
тақырыбына арналған суреттерге де қатысты. Мұның барлығы достық, сенімді
қатынастарды орнатудағы қиындықтарды және отбасындағы шектен тыс аялауды
көрсетеді.
1.2. Қорқыныш, үйрей сезімдерін жеңу тәсілдері
Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл
көріністері. Ол тынышсызданудан, оқу жағдайындағы, сыныптағы қатты
мазасызданудан, өзіне деген нашар қатынасты күтуден, педагогтар,
құрбылары жағынан кері бағалауды күтуден байқалады. Бала өзінің
басқаларға тең емес екендігін, толымсыздығын сезінеді, өзінің мінез-құлқы
мен шешімдерінің дұрысты-ғына сенімді емес. Педагогтар мен ата-аналар
әдетте баланың мұндай ерекшеліктерін былай деп атайды: "бәрінен қорқады",
"жараланғыш", "күмәншіл", "тым сезімтал", "кез келген нәрсеге тым салмақты
қарайды" және т.б. Әйтсе де бұл әдетте үлкендер тарапынан қатты
мазасыздануды тудырмайды. Ал негізінде үрейлену, оның ішінде мектептегі де,
- невроздың алғашқы белгілері және оны жою жолы - невроздың алдын-алу
жұмысы болып табылады.
Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі
мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш
айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық
көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы
сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды
анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен).
Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын
бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:
1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін
қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін
әдістерді игеру;
2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын
дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.
1-сынып оқушыларының мектептен үрейленуін жеңуі үшін мыналар қажет: -
оқушының ішкі ұстанымымен байланысты қажеттіліктердің күшін жеңілдету,
азайту. Бұл тек қанағаттануды - қанағаттанбауды басынан кешіру үшін ғана
емес, сонымен қоса тым үлкейтілген қажеттіліктер, өте күшті эмоциялық
реакция тудыру арқылы іс-әрекеттің, қарым-қатынастың жемісті біліктерінің
қалыптасуына кедергі келтіреді; - жаңа неғұрлым жоғары біліктер балаларға
түрткілерді жүзеге асырылуының қате қалыптасқан тәсілдерінен бас тарту үшін
мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың үнемі қолданыстағы
біліктерін дамыту жэне байыту қажет; - жеке адамда үрейдің конфронтациялық
сипатта пайда болуын ескере отырып, оған бәсекелес басқа біліктерді барынша
"нығайту", мектептегі шектен тыс қысымды босату жөнінде жұмыстар жүргізу
керек.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушьілардың үрейленуін жоюға арналған тұтас
әдістер, жаттығулар жинақтары бар. Бірақ солардың ішіндегі негізгісі екі
әдіс (А. М. Прихожан):
1) бірізді десенсибилизация - баланы мазасыздану мен қорқыныш
ұялататын жағдайға қалдыру; оны сәл мазалайтынынан бастап, күшті үрей,
қорқыныш тудыратын жағдаймен аяқтау керек. Қысымды жою үшін балаға кәмпит
сорып отыруды ұсынуға болады;
2) қорқынышты, мазасыздануды, қысымды "басынан өткеру": "Өте
қорқынышты, құбыжық мектеп" деген ойын-драма жүргізіледі; алғашқыда
қуыршақтар арқылы, одан кейін қуыршақсыз, балалар өздері театр этюдтары
түрінде мектеп өмірінде оларды қорқытатын жағдайларды бейнелейді жэне де
бұл сәттердің барлығы шарықтау шегіне жетуі қажет. ("Көрермендерге сондай
қорқынышты болуы қажет"). Сонымен қоса, "Қорқынышты суретке салу",
"Қорқыныш туралы эңгімелер" әдістерін қолдануға болады, бұл жерде мектеп
тақырыбына ден қою керек. Бұл жұмыс барысында әзіл-сықақ, сайқымазақ
бейнедегі жағдайларға қолдау көрсетіледі.
Үрейі бар балалармен жұмыс істегенде, олардың сәттілікке, сәтсіздікке,
бағалауға және нәтижеге қатынасын ескеру қажет. Олар өз іс-әрекетінің
нәтижесіне өте сезімтал, сәтсіздіктен қорқады және одан қашады; бір нәрсені
дұрыс және бұрыс істегені жөнінде шешім шығара алмайды, ол бағаны
үлкендерден күтеді.
Мұның барлығы, бір жағынан, сәтсіздіктен туындаған жоғары жарақат-
танушылыққа алып келуі мүмкін, оны жоғары мектептік үрейленуі бар балалар
көбінесе өзінің толымсыздығынан, қабілетінің жоқтығынан көреді. Екінші
жағынан - баланы үлкендерге тым тәуелді етіп қояды, үлкеннің, мұғалімнің
бейнесін бала алдында шектен тыс үлкейтіп жібереді. Бұл негізінде "мақтау
есту үшін, мұғалім қалай айтса, солай істеу керек" деген ұмтылыс оқушының
түрткісіне де әсер етеді.
Үрейленуі бар балаларға қатысты бағалаудың арнайы нысандары
қолданылады: оның критерийлері неғұрлым кең ашылады (яғни мазмұнды бағалау
қолданылады) және бағалай пікір айту аумағы тарылады және нақтыланады
(барлық іс-әрекет бағаланбайды, оның жеке, әсіресе жемістілері бағаланады).
Сонымен қоса, басқалар баланы оның мінез-құлқына және жетістіктеріне
қарамастан бағалайтындығын сезінуі үшін сыныпта бірін-бірі қолдау,
қауіпсіздік ахуалын ұстап тұруға көп мән беріледі. Үлкен адамның,
құрбыларының бағалауы арқылы қолынан не келетінін, не келмейтінін, нені
үйренуі қажеттігін түсінеді.
Мұндай қатынастың қалыптасуы тек қана баға ғана емес, одан да кең
маңызы бар: сәттілікке, ұтысқа, ұтылысқа-білімді, біліктерді игеру
жолындағы кез келген нәтижеге де қатысты. Бұл нәтижеге ғана бағытталуды
жойып, назарды іс-әрекетке салуға мүмкіндік береді. Ол үшін жеңу және
жеңілу салыстырмалы түрде қарастырылатын әзіл түріндегі жарыстар жүргізуге
болады. Үлкендердің бейнесін "төмендету", "босату" - "үлгі" ореолынан,
"төрешіліктен" айыру оның ұстанымының өзгеруіне әсер етеді.
Бала іс-әрекетінің, мінез-құлқының берекесіздігіне, қатты қысымға әкелетін
мектеп талаптарының жоғары мәнділігі әртүрлі әдістер арқылы төмендетіледі
("Сайқымазақтар мектебі"). Бұл жұмыстың маңызды бағытының бірі, оқудың
негізгі түрткілерінің бірі біліктілік түрткісін дамыту, басқалардан кем
болмауға тырысу, өзінің "толымсыздығымен" келіспеу болып табылады.
ІІ. Педагогикалық-психологиялық негізі.

ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының сабақ айту алдындағы қоқыныш нағыз
кедергілерінің бірі болып табылады. Психодиагностардың айтуы бойынша,
қорқыныш сезімі бойын билегендердің нәтижелері басқаларына қарағанда
нашар болады. Зерттеушілердің айтуы бойынша нәтиже мен қорқыныштың
арасындағы байланыс өте күрделі келеді.
Зерттеушілердің ойынша:
- Қорқыныш қорқақтардың нәтижесіне кері әсер етеді;
- Әрбір сабақ, ойын немесе зерттеу түрінде болмаса, қорқыныш
тудырады, біреулері басқаларға қарағанда сабақты жеңіл орындап
шығады, ал керісінше әсер еткендерге қиын болады;
- Қорқыныш сезімі ұялаған оқушыға тапсырманы орындау кезінде, уақыт
жетпегенде қорқынышты күшейтеді.
Кейбір мұғалімдер мен ата-аналар оқушының ішкі жан-дүниесіне
үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды.
Мұндай жағдайларда бала өзін еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын
талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында
өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Мінезі тұйық, жасқаншақ балалар болады.
Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді, олардың іс-әрекеттері ата-
анасына ұнамай жатады немесе сынға ұшырайды. Осы кезде ересектер балаға
орынды, орынсыз кінәләулар тағады. Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай
жала жапқандығы баланы ашындырады, қарсы шығуға итермелейді.
Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті
аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға
деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала
үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға
ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік
сезім пайда болады. Сондықтан баланың түр-сипатына емес, ішкі жан дүниесіне
өте қатты көңіл бөлейік.
Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау – адамға ғана арналған басты
байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да
қолданатынымыз жасырын емес. Кейде аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз.
Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар
балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі. Әйтседе осы
жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай
баулып, теріс ықпал етіп барады.
Ойынды бірге ойнайтын ауладағы балалар арасында, мектепте үзіліс
кезеңінде қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман
сөзбен бірін-бірі сыбап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады.
Қай тілде айтылса да балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен,
еріксіз жаман әдетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс
сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан
аттап кетеді. Сондықтан да екі жақтан дау-дамай туып, дөрекі сөздер
айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып,
бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып,
бұлардың әдеп пен мәдениеттің аулынан алыстап кеткенін көреміз.
Қыз бала тәрбиесіндей емес, ұл бала тәрбиесі аса күрделі де
педагогикалық құрылымы жағынан да өзгеше. Егер ұл баланы әкесіз
тәрбиелейтін болса, ана қаншалықты күш салғанымен, оның бойында тәрбиенің
кейбір тұстары кемшін соғатыны бүгінгі өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. Ұл
баланың бойында ер-азаматқа тән намыс, батылдық, казақы кеңпейілділік, рух
күші, жауапкершілік, ұлттық өршілдік бір-біріне біте қайнасып, байланысып
жатса ғана тәрбие түгел болмақ.
Бала ержетіп, ой түйіп өскен сайын оның дүниетанымы кеңейеді,
айналасын басқа тұрғыдан танып, біле бастайды, сол себепті ол ешкімге
тәуелсіз, еркін болғандығын қалайды. Ал біз сол кезде оның теріс іс-
әрекеттерін тұсаулай бастаймыз. Осыдан келіп, бала өзінің ата-анасын алдай
бастайды, өтірік айтады, сөйтіп екі арада түсініспестік туындайды. Ал бұл
жағдайда ұл бала ересектер тарапынан айтылған ақыл-кеңесті, қолдауды
қажетсінеді.
Ер бала қашанда әкесіне еліктегіш келетінін ұмытпағандарыңыз дұрыс. Ер
баланың келешек азаматтық дара тұлғасын қалыптастыруда әке мінезі, сөйлеу
мәнері, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, тіпті шаш қою үлгісіне дейін ерекше
мәнге ие. Балаңызға қоятын талаптарыңыздың нақты әрі орынды болғаны дұрыс.
Осы жаста олар ұзақ-сонар ақыл айтып, құрғақ кеңес бергенді жаны сүймейді.
Ұл балалар табиғатынан бір-біріне жақын тұрады. Олар кездескен жерде
тез тіл табысып, ойнап кетіп жатады. Ұл балалар ойнайтын футбол, түрлі алыс-
жұлыс ойындарының пайдасы өте көп. Осы ойындарда ер балалардың ер тұлғалы
мінез-құлықтары ашылады, шыңдалады. Сонымен қатар бойларында бір-біріне
көмек жасап, қол ұшын созу, шыдамдылық сияқты адамдық құнды қасиеттері
қалыптасады. Олар бір-біріне дос тауып үйренеді, бауыр басады. Ал балалар
бір-бірімен келіспей қалса, ондай сәттерде балаңызға басу айтып, ақылға,
сабырға шақырғанның артықтығы жоқ.
Балаңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын
спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың
ағзасын дамытумен бірге, назарының басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды.
Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі,
үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.
Осы жаста балаларды әйел мен ер адамның ара қатынасы оларды қызықтыра
бастайды. Сол себепті ата-ана баласымен жыныстық тәрбие туралы әңгіме
жүргізудің ретін қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы ойланғаны жөн. Тым
асырып, әсірелеп әңгімелеуде бала сезімін өз жасынан ерте оятып,
құлшындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жыныстық тәрбие туралы сөз қозғағанда
абай болған жөн.
Тәрбиенің ордасы отбасынан басталады десек, отбасындағы тәрбие
жеткіншектің бүкіл өміріне өз кедергісін жасайтын кездері жиі кездеседі.
Тіпті отбасындағы әртүрлі конфликтілі жағдайлардың болуы да бала бойында
жағымсыз қасиеттердің қалыптасуына себепкер болуы мүмкін. Жеткіншек
жағымсыз, агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы мүмкін, және де әртүрлі
топтарға еліктеп өмірден өз орнын табуға тырысады.
Кейбір балалар апатияға ұшырайды. Өмірге немқұрайлы қараудан, сезімнің
көмескілеуінен болады. Апатияға салынған бала туған-туысқандарына, жақын
дос-жораларына селқос қарайды, мәдени дағдылардан арылады, эмоциялық
сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды. Бойынан енжарлық, селқостық,
сылбырлықты көруге болады.
Ал, агрессияға ұшыраған баланың бойынан кереғар күйді, еңсесі
түсушілікті, қорқыныш, үрейге әкелетін құрылымсыз мақсатқа бағытталған
мінез-құлықты көреміз. Агрессиялық іс-әрекет белгілі бір мақсатқа жету
тәсілі ретінде, психикалық ушыққан жағдайдан кету жолы, тұлғаның шектелген
қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызметінен ауытқып кетуі, жеке
даралыққа сенушілік және өзін-өзі дамытатын форма ретінде қалыптасуы
мүмкін.
Осындай жағдайлардан шығудың жолы ол- қарым-қатынас, өмірге деген
дұрыс көзқарас, жақсы көру және біреуді жақсы көрушілік, үлкен қуаныш. Осы
іс-әрекеттер баланың бойындағы агрессияны жеңе алады.
Олар өте сезімтал, нәзік, ата-анасының жылы жүзін, күлімсіреген көз
жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған
бала ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық
денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.
Оқушының жігерін жасытатын, намысына тиетін сөздерді айту, баланың
бүкіл жан дүниесін терең жаралау деген сөз. Осыны естіген баланың
психологиялық дамуы дұрыс дамымай шектеле береді. Мұндай әрекеттер арқылы,
баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да
байқамай қалады. Баланың жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі
жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте- бірте тұрақтанған қарама-
қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай
психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады. Тәрбиедегі
психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға
әкеп соғады. Ал түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді
де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz