Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
«Педагогика және психология»
кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы:
«Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері
2. Қорқыныш, үйрей сезімдерін жеңу тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімдері» деп таңдауыма негіз болды.
К. Д. Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды. К. Д. Ушинский балаларда ержүрек мінезді қалыптастыруға ерекше мән берді. Қорқыныш, ұяңдық мінездерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас болған сайын, солғұрлым оның бойында қорқыныш тез қалыптасады және солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын қорқынышты жою, солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Бастауыш сынып мұғалімі - баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай аймалап, бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша берудің қорытындысы - бағбанның жақсы ағаштан жинаған сапалы жемісі іспеттес.
Негізгі бөлім
1. Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері
Қорқыныш - адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік (эмоционалдық ұшыққан) бейнеленуі, үрейлену - алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрбыларымен өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі. Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік және невротикалық қорқыныш түрлері болады. Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады:
- ата-аналарда қорқыныштың болуы;
- баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу;
- сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары;
- сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды;
- ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану;
- үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялык бой алдыру.
Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен; ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен, мінез-құлықтың және тұлғаның қалыптасуына кері әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылулармен және күйзелістермен өзара байланыстылығымен, қорқыныш нысанынан, сондай-ақ барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен, қорқынышты жоюдың салыстырмалы қиындығымен сипатталады.
2. Қорқыныш, үйрей сезімдерін жеңу тәсілдері
Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері. Ол тынышсызданудан, оқу жағдайындағы, сыныптағы қатты мазасызданудан, өзіне деген нашар қатынасты күтуден, педагогтар, құрбылары жағынан кері бағалауды күтуден байқалады. Бала өзінің басқаларға тең емес екендігін, толымсыздығын сезінеді, өзінің мінез-құлқы мен шешімдерінің дұрысты-ғына сенімді емес. Педагогтар мен ата-аналар әдетте баланың мұндай ерекшеліктерін былай деп атайды: "бәрінен қорқады", "жараланғыш", "күмәншіл", "тым сезімтал", "кез келген нәрсеге тым салмақты қарайды" және т. б. Әйтсе де бұл әдетте үлкендер тарапынан қатты мазасыздануды тудырмайды. Ал негізінде үрейлену, оның ішінде мектептегі де, - невроздың алғашқы белгілері және оны жою жолы - невроздың алдын-алу жұмысы болып табылады.
Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р. Тэммл, М. Дорки, В. Амен) .
Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:
1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру;
2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.
1-сынып оқушыларының мектептен үрейленуін жеңуі үшін мыналар қажет: - оқушының ішкі ұстанымымен байланысты қажеттіліктердің күшін жеңілдету, азайту. Бұл тек қанағаттануды - қанағаттанбауды басынан кешіру үшін ғана емес, сонымен қоса тым үлкейтілген қажеттіліктер, өте күшті эмоциялық реакция тудыру арқылы іс-әрекеттің, қарым-қатынастың жемісті біліктерінің қалыптасуына кедергі келтіреді; - жаңа неғұрлым жоғары біліктер балаларға түрткілерді жүзеге асырылуының қате қалыптасқан тәсілдерінен бас тарту үшін мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың үнемі қолданыстағы біліктерін дамыту жэне байыту қажет; - жеке адамда үрейдің конфронтациялық сипатта пайда болуын ескере отырып, оған бәсекелес басқа біліктерді барынша "нығайту", мектептегі шектен тыс қысымды босату жөнінде жұмыстар жүргізу керек.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушьілардың үрейленуін жоюға арналған тұтас әдістер, жаттығулар жинақтары бар. Бірақ солардың ішіндегі негізгісі екі әдіс (А. М. Прихожан) :
1) бірізді десенсибилизация - баланы мазасыздану мен қорқыныш ұялататын жағдайға қалдыру; оны сәл мазалайтынынан бастап, күшті үрей, қорқыныш тудыратын жағдаймен аяқтау керек. Қысымды жою үшін балаға кәмпит сорып отыруды ұсынуға болады;
2) қорқынышты, мазасыздануды, қысымды "басынан өткеру": "Өте қорқынышты, құбыжық мектеп" деген ойын-драма жүргізіледі; алғашқыда қуыршақтар арқылы, одан кейін қуыршақсыз, балалар өздері театр этюдтары түрінде мектеп өмірінде оларды қорқытатын жағдайларды бейнелейді жэне де бұл сәттердің барлығы шарықтау шегіне жетуі қажет.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz