ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Орындаған: экл-31 топ студенті
Бегалиева А.А.
Тексерген: Амиргалиева А.М.
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚР табиғатты қорғау туралы
заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Табиғат байлығын қорғау мәселелері туралы заңы
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3. Табиғатты пайдалануды болжау және басқару қоршаған
ортаны қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...17
2. Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау
мәселелері ... ... ... .23
2.1. Экология құқығы түсінігі және экологиялық құқықтық қатынас және қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2. ҚР экология құқығының нарықтық экономика жағдайында дамуы ... ... .25
2.3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи
ресурстарды пайдалану құқығы туралы заңы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылатын әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
Кіріспе
Қазақстанда экология мәселесіне, елдің жасыл желегін молайтуға,
аңқұстарын қорғау ісіне айрықша мән беріліп отыр. Осы орайда бұған дейін
көптеген заңдар мен кодекстер қабылданды. Өткен жылдың аяғында Үкімет
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы,
жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің
қарауына берген болатын. Заң жобасы орман шаруашылығын, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды дамытуға және жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін
молайтуды және пайдалануды жақсартуға жәрдемдесуді мақсат етеді.
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене
түскені мәлім.
Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық
проблмалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы
екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі
мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық
реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау
саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп
соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы
қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде
экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып
келді.
Астана қаласының айналасындағы орманды алқапты көргенде көңілің
қуанышқа бөленеді. Оның аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған іс. Тек өткен жылы ғана
мұнда 71 мың гектар жерге жасыл желек егілді. Қаланың ішінде егіліп
жатқандары өз алдына. Жасыл ел қозғалысының мүшелері, ел жастары жыл
сайын 51 мың гектар аумаққа ағаш отырғызады. Біз келер ұрпаққа жасыл
орманға оранған әдемі ел қалдыруымыз керек. Тәуелсіздігімізді орнаттық,
мемлекетті нығайтып жатырмыз. Қазақстанды әлемге таныттық. Енді өзімізге,
халыққа жайлы, таза, ауасы денсаулыққа шипасын тигізетін Қазақстан
жасауымыз керек. Бұл мақсаттағы жұмысымызды ең бірінші, міне, елордамыз
Астанадан бастап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.
Алдағы мақсат – Астанадан Бурабайға қарай, ондағы орманды жасанды
орманға әкеліп қосып, біртұтас ету. Сонда Бурабай мен Астана арасындағы
өңір орманды алқапқа айналады. Орман болғаннан кейін, оның ішінде неше
түрлі аңқұстар мен жәндіктер болады. Жасанды орман Астананың ауа райын
өзгертті. Аса ыстық та болмайды, бұрынғыдай тым суық та емес. Оттегінің
молаюы денсаулықты нығайтады. Бүкіл Қазақстандағы қалалар, ауылдық жерлер
жасыл желек егумен шұғылдануы керек. Қазақстанның 20 жылдығына қарай таза
облыс, таза аудан, таза ауыл – көгалданған өлкеге айналады деп отырмыз.
Сондықтан бұл бастамамызды ел халқы қолдауы қажет,– деді Елбасы. Жасыл
ел бағдарламасы бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылуда.
Аталған заң жобасында Орман кодексіне бірқатар нормалар енгізу
ұсынылып отыр. Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күресу
жұмыстарын жүргізу ормандардың санитариялық жайкүйіне игі ықпал етеді. Бұл
орман зиянкестерімен күресу шараларын жүргізу арқылы олардың жаппай көбейіп
кету дүмпуіне дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1. ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары

Мемлекеттік орман иеленушілердің орман өрт сөндіру станциялары (ОӨС)
туралы ережені бекіту олардың жұмысын нақты регламенттеуге мүмкіндік
береді. ОӨС–іні өрт сөндіру-техникалық жабдықтармен және өрт сөндіруші
жасақшылардың тұрақты штатымен жасақтауға мүмкіндік жасайды. Бұл орман
өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға алып келеді.
Орман өрттерін сөндіру жөніндегі тиімді шаралардың және аса қауіпті
зиянкестермен күресу шараларын жүргізудің нәтижесінде ормандарды сақтау
ормандарды орнықты дамытуды, биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз
етеді, мұның өзі экологиялық жағдайға игі ықпал етпек.
Сирек кездесетін құстарды өсіру олардың табиғи таралымын сақтау
бойынша ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабын шығару республикадағы биологиялық әртүрліліктің жайкүйі
жайында халықтың хабардар болуын арттыруға жәрдемдесетін болады.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы
Заңға жануарлар дүниесі объектілерін жасанды жолмен өсіру мәселесі бойынша
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Қызыл
кітабына енгізілген ұлттық аң аулауда пайдаланылатын бүркіт, ителгі, лашын,
ақсұңқар секілді қыран құстарды өсіру жөнінде жеке адамдардың питомник
құруына мүмкіндік береді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су
қоймаларында әуесқойлық, мелиоративтік балық аулауды ұйымдастыру дәстүрлі
түрде балық аулаумен айналысатын жергілікті халықты әуесқойлық балық аулау
мүмкіндігімен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Бұл олардың әл-ауқатын
жақсартудың маңызды әлеуметтік факторы болып табылады. Балықтың тұншығып,
қырылып қалуының алдын алады, браконьерлікті азайтады, аналық басты балық
ресурстарын жасанды жолмен өсімін молайту және ғылыми зерттеулер үшін
пайдалануға мүмкіндік туғызады, әуесқойлық балық аулау мен туризмді
дамытуды қамтамасыз етеді.
Заң жобасының жекелеген нормалары республикалық бюджеттен қосымша
қаржыны талап етеді. Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және
ауруларымен күресу жөнінде жұмыстар жүргізуге 131,4 млн теңге бағытталатын
болады.
Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде
жұмыстар жүргізу мемлекеттік орман қорының сақталуын, ормандардың
санитариялық және экологиялық жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Орман зиянкестері саланың елеулі проблемасы болып табылады. Өйткені
олардың ошақтары жыл сайын 150-200 мың гектарға дейінгі алқапта тіркеледі.
Бұл орман көмкерген барлық жердің 1,5-2,0 пайызын құрайды. Зиянкестер
жаппай көбейіп кететін жылдары олардың ошақтарының алқабы 350-400 мың
гектарға дейін жетеді (1986-1987 жж.).
Орман аурулары мен зиянкестерінен сүректің жыл сайынғы шығыны жалпы
құны 50 млн. теңгені құрайтын 1,0 мың гектарға дейін қылқан жапырақты және
жапырақты тұқымдыларды құрайды.
2010 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша республикада орман зиянкестері
мен аурулары ошақтарының алқабы 197,0 мың гектарды құрады.
Орман зиянкестерінің ошақтары негізінен Шығыс Қазақстан (128,3 мың
гектарға – 65 пайыз), Қостанай (19,1 мың гектарға – 9,7 пайыз), Алматы
облыстарында (16,4 мың гектарға – 8,3 пайыз) орналасқан.
Еліміздің ормандарында жүргізілген көпжылдық мониторингі көрсеткендей,
көптеген зиянкестер 3-4 жылдық кезеңмен дамиды. Ошақтары әлі болымсыз
мөлшердегі және 100-300 гектарды құрайтын бірінші кезеңде олар соншалық
қауіпті болмайды. Өйткені энтомофагтармен, басқа барлық зиянкестермен
теңгерімдік сатыда болады. Сондықтан зерттелу мен мониторингке жатады.
Зиянкестер ошақтары 1 мың гектарға дейін ұлғайған кезде оларды мемлекеттік
орман иеленушілердің күштерімен дербес өңдеуге болады.
Тізбесін Қазақстан Үкіметі бекітетін орманның аса қауіпті
зиянкестерінің ошақтарын өңдеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін
болады.
Бірінші кезеңде бюджеттік бағдарламаға 1 мың гектардан астам алқапты
құрайтын қазіргі орманның аса қауіпті зиянкестерінің ошақтарын өңдеуге
қаражат енгізу ұсынылады. Бұл санатқа зиянкестер қарағай жібек құртының,
жұлдызшалы кесінді құрт пен сыңар жібек құрты ошақтарының жалпы көлемі 85,0
мың гектарға енеді.
Көрсетілген орманның аса қауіпті зиянкестерінің ошақтарын өңдеуге есеп-
қисапқа сәйкес едәуір қаржы бөлінбек.
Орман зиянкестері мен ауруларының орын алуына тұрақты мониторинг жасау
бастапқы кезеңнің өзінде-ақ олардың дамуына болжам жасауға, орманды корғау
іс-шараларын дер кезінде жоспарлауға және олардың таралуына жол берілмеуге
мүмкіндік туғызады.
Жүргізілетін жұмыстар балықтың тұншығып, қырылып қалуының алдын алады
және браконьерлікті азайтады, аналық басты балық ресурстарын жасанды жолмен
өсімін молайту және ғылыми зерттеулер үшін пайдалануға мүмкіндік туғызады,
еліміздің өңірлерінде әуесқойлық балық аулау мен туризмді дамытуды
қамтамасыз етеді.
Балық аулаудың жоғарыда аталған түрлері көзделген мемлекеттік ұлттық
табиғи парктердің су қоймаларының тізбесі айқындалды. Су қоймаларында балық
қорларын анықтау және балық аулаудың жыл сайынғы лимитін белгілеу үшін
биологиялық негіздеме жүргізіледі. Табиғатты қорғау мекемелері бойынша
республикалық бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар анықталып отыр. Табиғат
қорғау мекемелерінің су қоймаларында ғылыми негізделген балық аулау
және мелиоративтік жұмыстар балықтың тұншығуына жол бермейді және соның
нәтижесінде балықтың қырылып қалуын болдырмайды. Сондай-ақ дәстүрлі түрде
балық аулаумен айналысатын жергілікті халыққа әуесқойлық балық аулауға,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді жан-жақты дамытуға мүмкіндік
береді.
Заң жобасын қабылдау қоғамдық қатынастардың ортақ объектісі –
биологиялық әртүрлілікті қамтитын үш заңның: Орман кодексінің, жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы Заңдардың нормаларын үйлестіруге және олардың әртүрлі
түсіндіру жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.
Заң жобасы орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
заңдардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіп бұзушылықтар туғызуы мүмкін
құқықтық нормаларды жоюды ұсынады.
Ертіс өңірінің көне жалды ормандардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде
қосымша шаралар енгізілді. Семей орманы және Ертіс орманы мемлекеттік
табиғи резерваттарының аумағында заңсыз ағаш кесумен күресу шараларын
күшейту мақсатында мемлекеттік табиғи резерваттардың және олардың күзет
аймақтарының аумағында бөрене тілетін құрылғылар орнатуға және олардың
жұмыс істеуіне тыйым салуды енгізу ұсынылады.
Браконьерлермен күресу шараларын күшейту мақсатында Қылмыстық және
Әкімшілік кодекстерде заңсыз аң аулау кезінде қылмыстық әрекеттер объектісі
болып табылатын мүлікті, қылмыс жасау қаруын немесе құралын міндетті түрде
тәркілеу қолданылады. Бұл осы санаттағы қылмыстарға қарсы тұруға неғұрлым
тиімді түрде әсер етеді.
2008-2010 жылдарға арналған Жасыл ел бағдарламасында ормандарды
сақтауды қамтамасыз ету, орман көмкерген алқаптарды біртіндеп көбейту,
ормандарды өрттерден қорғау, оларды зиянкестер мен аурулардан сақтау,
ормандардың сапалық жай-күйі мен санитариялық жағдайын жақсарту, елді
мекендерде жасыл екпелер алқаптарын көбейту, олардың төңірегінде жасыл
желекті аймақтар құру және кеңейту көзделген.
Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күресу нормаларын
қабылдау және заңсыз ағаш кесумен күресуді күшейту мен мемлекеттік орман
иеленушілердің орман өрт сөндіру станцияларының қызметін регламенттеу
Жасыл ел бағдарламасын тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді.
Аталған заң жобасын қабылдау еліміздің экологиялық жағдайын
жақсартуға, халқымыздың денсаулығын арттыруға қызмет етеді деген сеніміміз
бар.
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта
Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді,
мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып
табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық
ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ
Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны
қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің
бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша
қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі
– Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу
тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет
және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге
бұзылғаны анықталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін
іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-
шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты
Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты
дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған
орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27
қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47
Жарлығымен күшін жойды.
Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған
ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924
қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық
бағдарламасында көзделген.
Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген
мәселелер түрінде 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық
бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-
қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде: қызған
газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат
аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну
қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейін
төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын
басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру,
қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол
жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа
алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру
жолымен жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын
жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі
жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта
сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын
қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген.
Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау
саласында бірқатар нормативтер әзірлеп бекіту қарастырылған. Алайда, 2009
жылы қоршаған ортаны қорғау саласында әзірленіп бекітілуге тиісті 34
экологиялық норматив пен ереженің тек 1-уі ғана бекітілгені бақылау
барысында анықталды. Дәл осындай жағдай 2010 жылы да қайталанған, яғни
жоспарланған 38 нормативтің тек тоғызы ғана бекітілген.
1.2. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі
мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуы мен
әлқуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған
ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін
белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,
шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды
әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды
пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара
қарымқатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда,
табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді
ісқимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік жіне қоғамдық шаралақ
жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаны қорғау заңдары
мен қорғалатын құрамдас бөліктері.
Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, және мәдени басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және тағы
басқа қызмет прцестерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де табиғи ресурстарды
пайдалану.
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасық ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді
қалпына келтіру, биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми,
мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтаудың
қамтамасыз ету, сонымен қатар халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен
жергілікті өзінөзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына
белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы қоршаған ортаны қорғаудың
негізгі принциптері болып табылады.
Жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман мен өзге де өсімдіктер,
жануарлар дүниесі. Табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды
қабаты қорғалуға тиіс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта
объектілері, сондайақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорғалуға тиіс.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекететтік мониторингі
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін
атқаратын арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырылды және
онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жайкүйіне, сондайақ оларға
антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша
жүргізілетін бақылау;
2) аталған бақылау обьектілерінің жайкүйін бақылау;
3) олардағы өзгерістерді болжау қамтылады.
Шаруашылық және өзге де қойылатын эколиялық талаптар. Жерді, жер
қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктерді,
жануарларды ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілері, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды
пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдар мен және өзге де
нормативтік құқықтық акктілермен белгіленеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорғауға алынған жерлер,
экологиялық, ғылыми және мідени жағынан ерекше құнды, Қазақстан
Республикасының ұлттық байлығы болып табылады. Осы заң ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық
негіздерін белгейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар
не мемлекеттік табиғи – қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз
ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер
қойнауы учаскелері.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар,
уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне,
туризмге және рекреацияға арналған зат болмыс ретінде экологиялық, ғылыми
және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған
обьектілердің жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншікте болады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері.
Азаматтардың:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен
пайлдалануға, мемлекеттік табиғи – қорық қорын қорғау және қалпынакелтіру
жөніндегі шараларға қатысуға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоғамдық бірлестіктері мен
қоғамдық қорларын құруға;
- ерекше қорғалатын дамыту мен орналастыру схемаларын әзірлеу, оларды
құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға
қатысуға;
Қоғамдық бірлестіктер саласындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы құқықтар мен міндеттер.
Қоғамдық бірлестіктердің:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзірлеп
насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық
ісі саласындағы белседі қызметке ерікті негізде тартуға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша дамыту мен орналастыру
схемаларын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісіне ұсыныстар
енгізіп, оған қатысуға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар
жүргізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүргізуге;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік табиғи қорық
қорын қорғау, қалпына келтіру мен пайдалану ісін ұйымдастыруға белгілі бір
тәртіппен қарауға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық қорларын құруға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері.
Қазақстан Республикасының мақсатына, қорғау режиміне және пайдалану
ерекшелігіне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадпй түрлері
бөліп көрсетіледі.
1. Биоөрістік аумақтарды қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтар
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
3.Мемлекеттік табиғи парктер
4. Мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
5. Мемлеттік қорық өңірлері;
6. Мемлекеттік табиғи заказниктер;
7. Мемлекеттік зоологиялық парктер;
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік диндралогиялық парктер;
10. Мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды
су қоймалары;
12. Халық аралық маңызы бар сулы батпақты аумақтар;
13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан
ерекше құнды учаскеплері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі
не шаруашылық қызметінің реттелген режимі енгізіледі.
Ерекше құқықтық режимі: қорқ режимі, заказник режимі болып бөлінеді.
Қорық режимі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы
бөлінген учаскелерде кезкелген шаруашылық қызметке, сондайақ қоршаған
ортаның табиғи жайкүйін бұзатын өзге де қызметке тиым салуды көздейді.
Заказник режимі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы
бөлінген учаскелерде кезкелген шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір
маумысда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи қорық
учаскелер қорығын сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын
нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, мәдени ағартушылық, оқу,
туристік және рекреациялық, шектелу шаруашылық мақсаттарында пайдалануы
мүмкін.

Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік
басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады.
Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және
шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи
қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын
қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына
жағдай жасау.
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын
органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық
атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын
қызметіне жататындар:
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі
стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік)
экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы
Президентінің бекітуіне ұсынады;
• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де
қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін
белгілейді;
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін
белгілейді;
• табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану
түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
• қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің
құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz