ҚР-да кедейшілік пен жұмыссыздықты реттеу жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«ҚР-да кедейшілік пен жұмыссыздықты реттеу жолдары»
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2013
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Жұмыссыздық және кедейшілік түсінігі
1. 1 Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы . . . 5
1. 2 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері . . . 8
1. 3 Тұрғындарды жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қорғау мәселелері . . . 10
2 тарау. ҚР-да кедейшілік пен жұмыссыздықты реттеу жолдары
2. 1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі және оны реттеу жолдары . . . 11
2. 2. Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары . . . 15
2. 3. Қазақстанда Кедейлік пен теңсіздікті реттеу . . . 18
Қорытынды . . . 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.
Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:
Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін - жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі - экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.
Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен туындауын жатқызады, алдымен циклдық жұмыссыздықтың екінші тобына жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін жатқызады.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды; егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
1 тарау. Жұмыссыздық және кедейшілік түсінігі
1. 1 Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздықтың - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.
Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.
Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2010-2011 жылдары жұмыс орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш өндіру, машина жасау сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2009 жбірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7, 5 млн. адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200, 9 мың адамға не 2, 8 % kөп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64, 5 %-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34, 6 %. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде - 81, 3 % -ды құрады.
Кесте 1
Қазақстан Республикасындағы 2010-2011жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер
1. 2 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол - жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам, .
Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
Адамды жұмыcтан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл - капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К. Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады. «Артық» еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол - арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық - тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды
Жұмыссыздық - капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де «артық» еңбек ресурстарының көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті көбейтіп кетеді.
1. 3 Тұрғындарды жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қорғау мәселелері
Жұмыссыздық - нарықтық экономиканың әрдайымғы серігі, ол қоғам үшін нақты шығындармен байланысты. Сондықтан да қоғам бұл үшін шығындарды азайтуға тырысуы қажет. Ең алдымен, амалсыз жұмыссыздық кезеңінде, тұрғындардың жұмыссыз тобы қалайда өмір сүретіндей жағдай жасау қажет. Бұл кезде қоғам тек адамгершілікпен мейірім ғана көрсетпейді, сонымен бірге, нақты бір әлеуметтік нәтижеге жетеді:
- әлеуметтік тұрақтылықты қолдайды, бұл әрі қарай дамуға негіз болады;
- уақытша бос жұмысшы күшінің психикалық және табиғи денсаулығы сақталады, бұл оның өндірістік процеске қосылуына мүмкіндік береді.
Бұл дегеніміз, еңбек ресурстарының экономикалық потенциялы келесі пайдалану үшін сақталады.
Жұмыссыздарға бірнеше жолдар бойыншы көмке көрсетіледі.
Ең алдымен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жүйесі арқылы. Бұл жәрдем ақы мына үш қаржы көзінен қаржыланады:
- Кәсіпорындардың міндетті жарналары.
- Жұмысшылардың жарнасы.
- Бюджет фоциясы.
Сондай-ақ, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алудың мерзімі біткеннен кейін, жұмысқа орналаса алмағандар үшін көмек көрсетудің басқа да формалары бар. Мысалы, бір жолғы ақшалай немесе натуралды жеңілдіктер қоғамдық транспортта жүру, пәтер ақы төлеу жеңілдіктері және т. б. Сонымен бірге, қоғам өз қаржысынан көмектесудің әлеуметтік бағдарламасын құрады. Бұл бағдарлама, сондай -ақ оқуға төленетін шығындары өте жоғары студенттерге бағытталған.
Социологтар және еңбекті ұйымдастыру бойынша мамандардың бірінші: жұмыспен қамтылғандар санынан жұмыссыздардың 15 % жоғары өсуі қылмыстық жағдайға байланысты пайдалы нарықты қол жетпестей етеді. Еңбек нарығын ұйымдастыру саласында мемлекеттің экономикалық саяси одағы бар, ол бір уақытта екі тапсырманы шешеді.
- Жұмыссыздарды қайта оқыту, жаңа маман дайындау есебінен ұтымды жұмыспен қамту қамтамасыз етіледі. Жұмысшы нарықтың жаңа талаптарына бейімделуге мүмкіндік алады;
- Қайта оқыту процесі, тұрғындарды әлеуметтік қорғау амалсыз жұмыссыздықтың уақытын кемітеді.
2 тарау. ҚР-да кедейшілік пен жұмыссыздықты реттеу жолдары
2. 1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі және оны реттеу жолдары
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде экономиканың тұрақтандырып, жұмыссыздықты жою мәселелеріне шындап кірісе бастады.
Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Бұл - мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің жарлығымен іске қосылады. Онда күрделі мәселелер өте көп.
Жұмыссыздық және кедейлік - бұлар экономикалық және әлеуметтік түсініктер. Баланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13, 5 %, ресми тіркелгені -3, 9 %, ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгейі әлде қайда жоғары. Жұмыссыздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктердің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол.
Жоғары да айтып өткендей, жұмыссыздық -бұл әлеуметтік экономикалық құбылыс. Қазақстан республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң бойынша, жұмыссыз деп мынадай еңбекке қабілетті адамдар саналады: еңбекке жарамды жасқа жеткен, өздеріне байланысты емес себептерден еңбек қатынасында, еңбек ақысы (еңбек табысы) жоқ адамдар. Жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер және осы орган лайықты жұмысты ұсынысын жасаиаған, жұмыс іздеп жүрген, еңбек еткісі келетіндер.
Жұмыссыз болу дегеніміз - бұл тұрақты жұмысы жоқ және соның ізденісінде жүргендер. Жұмыс іздеумен айналысқандар жұмыссыздар қатары болып саналады, ал оны іздемегендер -жұмысшы күшіне қосылмайды.
Жұмыссыздықтың ресми деңгейі - бұл экономикалық белсенді тұрғындарға % жүзіндегі жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздардың саны.
ҚР статистика жөніндегі агентігінің мәліметтері бойынша жұмыссыздықтың ресми деңгейі 1994 ж - 1, 1 %, 1996 ж -4, 2 %, 1997 ж - 3, 8 %, 1999 ж -3, 7 % құрады.
Елімізде, соңғы жылдары нарықтық саясатқа көшумен байланысты еңбек қатынасының реттелмеуінен жалпы әлеуметтік экономикалық - құлдыраушылықтар орын алды. Ендігі кезекте адам үшін осынау ең маңызды да абыройлы міндеті мемлекеттік тұрғыдан шешу еліміздің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағытымен үкіметіміздің іс-қимыл бағдарламасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздегі осы мақсатта жүргізіліп жатқан еңбек қатынастарын реттеу мен жұмыспен қамту саласындағы сандық және сапалық өзгерістер соңғы кезде экономикалық қызметпен айналысушылардың азаюымен, жеке меншік түрлері бойынша жұмыс істейтіндердің қайта бөлінуімен, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының белсенділігімен, сондай-ақ еңбек нарығында шетелдік жұмысшы күшінің басымдылығының төмендеуінің және басқада факторларымен сипатталады. Бұның бәрі айналып келгенде жұмыссыздықтың сақталуына, халықтың бір бөлігінің әлі еңбекке қатынасының толық шешімін таппауына әкеліп соғып отыр.
Нарықтық экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz