Құқықтың түсінігі мен мәні



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Евразия гуманитарлық-экономикалық колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі

Орындаған: ПД-12 топ студенті
Науқанова Л.Қ
Тексерген: Бақтығалиев І.Б

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1-бөлім. Құқықтың түсінігі мен мәні
1.1. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен
жолдары ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Құқық типтері және құқық
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2-бөлім. Құқықтың әлеуметтік маңызы
2.1. Құқық әлеуметтік нормалар
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2.Құқық әлеуметтануы, құқықтың жалпы әлеуметтік
мәні ... ... ... ... ... ... ... 18

3-бөлім. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және
заң жүйесімен айырмашылғы
3.1. Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылымы және заң жүйесінен
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2. Қазақстандағы қазіргі құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... 33
Кіріспе

Құқық термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып
қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші
мағынасында құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын
барлық құқықтық ережелердің жиынтығы, ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз
жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс
табуы.
Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.
1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың
заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар
жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының
арасындағы келістіруші ролін атқарады.
Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп
қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни,
ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық
мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік,
әлеуметтік теориялар бар.
Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:
- нормативистік;
- әлеуметтік юриспруденция;
- табиғи құқық теориясы;
- философиялық құқықтүсінушілік.
Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық
сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі;
мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан
мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды
өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)
Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және
бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде
танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік
шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының
жиынтығы.(Ромашов А.И.)
Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз
етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай
түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай
қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.
Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар,
оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар
жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар
қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның
құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар
қызығушылықта тудырады.
Курстық жұмысымның мақсаты құқық негіздері және құқық нормасы мен
жүйесі туралы түсінік алу. Негізгі принциптерімен және түрлерімен танысу.
Курстық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында
төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
2. Құқық негіздері туралы түсінік беру;
3. Құқық жүйесі және оның түрлері туралы маұлүмат беру;
4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Құқықтың түсінігі мен мәні

1.1. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары
Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық,
теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.
Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай
отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні
мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ
құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың,
көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын
болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен
ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық -
қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.
Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен
ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті
факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар.
Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап,
өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі
анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат
тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық
жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-
келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас
түсінігі болуы қажет.
Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар
да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің
заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып
тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың
функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген
халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және
бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету
шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын,
құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім
құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.
Құқыққа мынандай белгілер тән:
-еріктілік сипаты болады;
-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;
-нормативтілік;
-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;
-жүйелілік;
-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.
Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына
екі түрлі көзқарас анықталған. Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында
басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең
деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің
алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір
жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік
байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға
тигізетін әсері туралы айтуға болады.
Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды.
Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне)
тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат
пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие.
Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.
Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал
етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа
тиесілі болады.
Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен
әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі.
Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара
әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе
ұқсас келеді. ¦қсастықтары мынада:
-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық
мүшелеріне таралады;
-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;
-қоғамнан бастау алады.
Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты
өзіндік ерекшеліктері де бар:
-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат
қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда
болған;
-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын
алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;
-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік
қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша
маңызды бөлігін ғана қамтиды;
-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен
сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі
нақты анықталады;
-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету
шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр
ету шараларымен қамтамасыз етіледі.
- ұлттық дәстүрлер және құқық. Еңбектік және отансүйгіштік дәстүрлер
және құқық.
1.2. Құқық типтері және құқық нысандары

Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге
асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан
анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер
алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік
қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да,
тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды.
Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және
социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен
(құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал
тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық
қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.
Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни,
арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге
байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:
1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи
құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.
2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және
оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық
жүйелердің жиынтығы.
Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-
германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және
тағы басқалар.
Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты
географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық
табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.
Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың
сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе.
Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық
жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.
Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай
отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен
прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған
құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз.
Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей
отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек.
Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың
әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.
Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін
ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық
әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады.
Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл
жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс
правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері,
заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды.
Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол
тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік
еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.
Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын
алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай
ерешеліктерімен айшықталады:
- азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-
экономикалық базиспен негізделеді;
- халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның
мүддесіне қызмет етеді;
Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық
құқық, нормативті акт, нормативті келісім.
Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша
қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде
қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа
бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.
Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-
ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын
құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық
жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған.
Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес
азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары
қолданысқа енуде.
Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе
жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның
актісі. үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.
Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс
беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін
реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның
белгілері.
- заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс
беруімен қабылданады;
- дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент
регламентімен анықталады;
- халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;
- барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;
- жоғарғы заңдық күші болады.
Ол мынадан көрінеді:
1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы
келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі
танылады;
2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет
етпейді;
3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе
өзгертуге хақысыз.
Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар,
заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса
маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік
(депутаттардың 23 бөлігінің) даусымен қабылданады.
Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып
қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын,
міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:
- Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
- Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;
- Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің
нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;
- Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен
шешімдері;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.
Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін
ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс
өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық
субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті
актілермен қатар қолданылуы мүмкін.
Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында
таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен
анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта
міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының
аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе
кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық
өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе
кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде
Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің
юрисдикциясы жүреді.
Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне
енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт
аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.
1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары
қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге
тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін
пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.
2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның
заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық
қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін
қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп
саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы
тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті
жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.
3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші
жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі
бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар
аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де
жол беруге болмайды.
Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен
айырылады:
-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;
-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.
Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда
айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары
оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме,
ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет
ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған
қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет
басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында
болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық
өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет
ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

2-бөлім. Құқықтың әлеуметтік маңызы
2.1. Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде
Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке
келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық
нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың
күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен
қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті
нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен
байланысты;
Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық,
әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.
Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық
туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр
түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар
үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы
адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық
факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген
әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың
жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік
нормалар.
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма
бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма -
заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым
салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-
әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық,
жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың
белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен
қатар, міндеттер жүктеу.
Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың
құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың
болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.
Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты
өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция -
құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне
сілтейтін заңдық норманың элементі.
Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция
әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың
кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те
атайды.
Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі.
Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін
пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі
осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі
көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:
а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;
б) ескертпелік әсер ету шаралары;
в) қорғау шаралары;
г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар
жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз
салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы
айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды
орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері:
абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.
Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық
түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған
байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. реттеуші;
2. қорғаушы.
Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін
реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық
қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін
нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.
Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті
құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың
әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың
теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің
келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .
а)реттеу пәніне байланысты;
б)қолдану аймағына байланысты;
в)бағыныштылығына байланысты;
г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;
д)нұсқау үлгілеріне байланысты;
е)әрекет етуінің шегіне байланысты;
ж)құрылуына байланысты.
Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық,
азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.
Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып
бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты
міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп
бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары
деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті,
ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін. Әрекет ету шегіне байланысты
нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт
аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне
байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының
құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың
әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады. Құқық нормасы мен нормативті-
құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес.
Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі.
Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық
нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы
оның нысаны болып табылады.
Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей
түрде болуы мүмкін:
- әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының
барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір
заң бабында бір құқық нормасы беріледі;
- нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де
мүмкін;
- құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше
баптарында беруі мүмкін;
- құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше
баптарында беруі мүмкін.
Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш
түрлі арақатынасы танылған:
1) тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында
тікелей және нақты мазмұндалады;
2) сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі
осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;
3) бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге
нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.
2.2.Құқық әлеуметтануы, құқықтың жалпы
әлеуметтік мәні
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып,оған мынадай анықтама
беруге болады: Құқық бұл-жалпыға бірдей міндетті,мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін , заңда және басқа да
ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма,ережелердің жиынтығы. Құқық
бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс.Оның бір бөлігі –табиғи құқықтың
мазмұны адам мен қоғамның табаиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен
анықталады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа
дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында
бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой
салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың
белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік
юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық
ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық
ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық
әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке
саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен,
бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы
әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке
бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы
құқықыты негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден, құқық –бұл міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Құқық қызметінің принциптері
Мемлекет пен құқық теория негізі
Құқықтың түсінігі және мазмұны
Мемлекеттің құрылым нысаны
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Пәндер