Құқық пен мемлекеттің арақатынасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы :
«Құқық пен мемлекеттің арақатынасы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Құқықтың заң танудағы жалпы түсінігі . . . 5
1. 1. Құқық туралы негізгі теориялық ұғым . . . 5
1. 2. Құқық түсінігі және белгілері . . . 7
1. 3. Құқықтың мәні . . . 12
2. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде . . . 17
2. 1. Құқықтың қағидалары мен функциялары . . . 17
2. 2. Құқықтың мемлекетпен өзара байланысы . . . 20
3. Құқықтық норма . . . 26
3. 1. Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері . . . 26
3. 2. Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық актілер бабының aрақатыстылығы . . . 30
3. 3. Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары . . . 31
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінгі аралықта тәртіп рулық, тайпалық әдет ғұрпы нормалары арқылы реттеп отырған. Орнатылған тәртіпті орындамағандарға өте қатаң жаза қолданылып отырған, ең ауыры рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндіргіш күштердің күрделенуіне душар болды. Сөйтіп бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендігі жерде бұрынғы тайпалық, рулық әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін емес. Солай келе, қоғамның обьективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын қатынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады.
Біздің қоғамымызда құқықтың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп айтуға болады.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады. Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтқан болар едім.
Жұмыстың мақсаты - құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсатты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады. Құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді шешудің негізгі және жалғыз құралы болып табылады.
Жұмыстың міндеті - өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуының барлық бағыттарын жұмыста терең зерттей отырып ғылыми баға бере отырып қарастыру.
Жұмыстың құрлымы. Мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырдым. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Құқықтың заңтанудағы жалпы түсінігі» деп аталады және осы бөлімді тереңірек ашу мақсатында құқықтың түсінігі, белгілері және мәні мазмұндағы тақырыпшалар көзделген. Екінші бөлім «Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде» деп аталады, сондай-ақ бұл бөлімде құқық қағидалары мен функциялары, құқықтың мемлекетпен өзара байланысы атты тақырыпшалар мазмұнын аштым. Үшінші бөлім «Құқықтық норма». Бұл бөлімде құқық нормаларының ұғымы тереңірек сараптадым.
1. Құқықтың заң танудағы жалпы түсінігі
1. 1. Құқық туралы негізгі теориялық ұғым
Құқық - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдәретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы[8; 93 б] .
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нор-маға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам коғамы мындаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?- деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар[7; 86
б] .
Табиғи теория - Бұл теорияның мазмүны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмүны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т. б. өте жақсы дамытқан. Дамыған слдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріые қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория - Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның - өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи, Фридрих Пухта, Штиль т. б.
Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады - деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің қүқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория - XX ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық тәртібін жан - жақты ғылыми түрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С. М. Муромцев, Г. Н. Шершеневич, Р. Паунд. Құқықтың әлеуметтік мазмүнын зерттеуге көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды [21; 2 б] .
Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым- қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде-мақсатын орын-дау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен иде-ологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышанда-рын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды үсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р. Штаммлер, Г. Кельзен, П. И. Новгородцев.
Психологиялық теория - XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмүны: құқық адамдардың психикасының ішкі қүрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оңжағымды (позитивтік) . Жеке тұлғалық құқық - жеке адамның ішкі үятынан қалыптаса-тын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық - басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын пси-хикалық көзқарас.
Материалистік теория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмүны екі элементтен түрады
- деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңі - Марксизмнің құқықтың мазмүнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы маңызы; екінші кезеңі - құқықтың бола-шағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезеңі - марксистік көзқа-расты бүрмалау.
Бірінші кезенде марксизмнің құқықтың мазмүнын түсінуі дұрыс еді - құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы. Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмұнын бір жақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезенде одағының басшылары марксизмнің мазмүнын сорақы түрде бұрмалап, өздерінің әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделіне айналдыруға тырысып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмады[11; 24 б] .
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бүрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
- құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашақ емес;
- құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
- құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі күш;
- құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауын-дағы қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.
Сонымен құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т. б. бостандығын, тендігін қорғайтын негізгі қүрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара қатынасын еттейтін негізгі күш-құрал.
Булгакова Д. А - ның еңбегіне сәйкес құқық туралы теорияның тағы бір түрі бар. Ол интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сәйкес шын мәнінде кемшіліксіз құқықтың болуына күмән келтіріледі, сондықтан, аталған бағыттың өкілдері әртүрлі теориялардан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып, құқыққа мынадай анықтама береді: «құқық - бұл еркін еріктердің өзара байланыстағы күресі мен келісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген және нақты бір қоғамда танылған теңдік пен әділеттілік нормативтерінің жиынтығы».
1. 2. Құқық түсінігі және белгілері
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалық) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқықтық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға қақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланды. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституция- сында былай деп жазылған: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, құқық дегеніміз - құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституцияда былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республика- ның халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтайды. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бірыңғай болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келеді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сататын мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени - әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. [17, 89б]
К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес" - деді. [11, 15б. ]
Құқықтың негізгі белгілері:
Жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік - құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. ( 15- бап) . Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен - бірі табиғи түрде байланысты, бір - бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез - құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс- әркетінің, мінез - құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге қақылы. Тұлғалардың мінез - құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, қажет болса қорғайды.
Формальды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида тұлғалардың мінез - құлқы туралы заң шығарушының ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz