Құқық мәдениеті ұғымы және құрылымы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

МҚТ пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құқық мәдениеті ұғымы және құрылымы

Орындаған: 08101 топ студенті
Багытов А.А.
Тексерген: оқытушы
Базаргалиева Ж.А.

Орал, 2012ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-БӨЛІМ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
1.1. Адам құқығы мен бостандықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Құқықтық мәдениет
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11

2-БӨЛІМ. Құқықтық мәдениеттiң түсiнiгi және маңызы
2.1. Құқықтық сауаттылық – құқықтық мәдениеттің алғы
шарты ... ... ... ... ...12
2.2. Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық
тәрбиенiң
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Тақырыптың өзектiлiгi – отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы,
меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi
құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап
етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп
өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi
болып табылады.
Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым
мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын
құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары,
құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық
мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп
ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен
басқа орыстардың, т.б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық
мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т.б. діни құқықтық мәдениет
қалыптасқан.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін
жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің жөне қоғамдық өмірдін құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық
негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет
етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
- жеке адамның, бүкіл жүртшылықтың мәдениетін котеру;
- заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасынын кіршіксіз
таза болуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей
мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне
баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен
айқындалады.
Талантты педагог В.А.Сухомлинскийдің "қоғамды мазасыздандырып отырған
құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық
мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған
жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты
мағынасыз өткізу" деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi
төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың
мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық
идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда
келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық
мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек,
бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси
құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде
мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра
алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi;
оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы,
ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз
жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа
шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады.
1-БӨЛІМ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
1.1. Адам құқығы мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы
өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында:
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары, - деп баян етілген [1].
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық
мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің
қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы
мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру
ұжымдары десек қателеспейміз.
Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде
қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары,
оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа
ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты:
алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар
(эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.
Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің
арасындағы өзара қатынасын айтамыз,- дейді М.Новицкий [№2, 9 б].
Заңгер ғалымдарымыз: Адам құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-
құлықтың) өлшемі (шамасы) - деп анықтама берген [№3, 198 б]. Адамның
құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген,
ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік
құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау
және қорғау мемлекет функцияларының бірі.
Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқытық мемлекет пен
азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам
құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі
құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын
қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп
түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез - құлқын реттейтін
қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды
қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар
негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні
белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті,
түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-
әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық
бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі
шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде Құқық
бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян
келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы
әрекеті немесе әрекетсіздігі, - деп көрсетілген [4, 181 б]. Қоғамда
тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге
белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті
бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың
орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне
тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым
заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың
ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және
биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық
тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын,
атсалысатын субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу
орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық,
құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру
процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік
пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және
алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең
ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс
түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты
тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда
құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды
құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу, - деп
анықталған [5, 163 б].
Қазіргі Білім туралы Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген
экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды,
құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды
тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан
мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа
алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану
жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа
технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді
шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан
тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш
топқа бөлінеді:
Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру,
дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде
мазмұндай білуге байланысты. Осының нәтижесінде оқушылардың ұғымы
дамиды, әр түрлі іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма,
жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына
мүмкіншілік туғызады.
Ынталандару және тежелу әдістер тобы: ынталандыру әдістері (сенім,
жағымды баға, мадақтау, мадақтаудың түрлері: алғыс айту, әр түрлі
сыйлықтар, шарапаттар т.б.); тежелу әдістері (жазалаудың бірнеше
түрлері: ұялту, сөгіс, ескерту) [6, 192 б].
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік,
патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен
қатар ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен,
салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен
байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы
дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық,
орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік
нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың
құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине
қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып,
елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық
нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын,
намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады.
Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады,
соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау
болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады [7,
197 б].
Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы
гуманисі А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде көрініс тапқан.
Ол: Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге
тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана
нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың
жапырағын жұлмайды, бірде - бір гүлді үзбейді, бірде - бір жәндікті
басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған
көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта
отырғанды дұрыс көреді - деп адамгершілік қасиетті бағалайды [8, 19 б].
Демократияны дамыту мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл процесс мемлекеттік
маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі – жеке
адамның, бүкіл жұрттың мәдениетін көтеру, қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір
азамат, бүкіл халықты жұмылдыру.
1.2. Құқықтық мәдениет ұғымы
Қоғамның мәдениеті бірнеше түрлерге бөлінеді: саяси, құқықтық,
әлеуметтік, парасаттылық т.б. мәдениет жүйе - салалары. Олар қоғамның әр
саласындағы қатынастарды реттеп, басқара отырып, қоғамның әлеуметтік -
экономикалық жағдайын жақсартуға, нығайтуға ықпал етеді. Мәдениет
ұғымына Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері
мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани
құндылықтардың жиынтығы, - деп түсінік берілген [9, 173 б].
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі – халықтың құқықтық
мәдениетінің болуы. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің негізгі
салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың
мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Адамның жалпы мәдениеті мен
құқықтық мәдениет, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана өзара тығыз
байланысты. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен салыстырғанда
әлдеқайда кең ұғым . Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың
қолданыстағы заңдар жөніндегі білімінен байқалады. Барлық заңдарды
білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды
реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн.
Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін
біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей
түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі
құптарлық іс. Заңгерлер Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева өз еңбектерінде
Тұлғаның құқықтық мәдениеті – құқықты білу, ұғыну (түсіну) және
құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп
барып орындаудан білінеді (көрінеді) - деп атап көрсеткен [10, 175 б].
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды
баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын,
бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі,
екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде
пайдалана алуы тиіс [11, 20 б].
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын
айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы
құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті,
құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік - құықықтық
құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды
үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық
қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді.
2-БӨЛІМ. Құқықтық мәдениеттiң түсiнiгi және маңызы
2.1. Құқықтық сауаттылық – құқықтық мәдениеттің алғы шарты
Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі
мен тәуел­сіздігіміздің үшінші он жылдығында білімді, тәрбиелі, өнегелі
жастарды қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі
екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дәрісінде елімізде құқықтық
білімді, құқықтық сана мен тәрбиені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру
қажеттілігі баса айтылды.
Өйткені Қазақстан Республикасы — демократиялық зайырлы, әлеуметтік,
құқықтық мем­лекет.
Құқықтық мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық
салаларын заң, әділетті құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет
көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам,
қоғам, мемлекет мүддесіне адал қыз­мет атқару болып табылады. Өйткені,
құқықтық норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің
үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Осыған орай
Президент дәрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде
алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты,
тәрбиені, сананы же­тілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға
аян. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын,
міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын
берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық,
әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.
Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың
қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.
Құқықтық сана дегеніміз – тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын
құқық нормала­рына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше
баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.
Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология және идея
жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құқықтық психология қолданыстағы
құқық нормаларын жетіл­діруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау
қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың
өз дәрежесіне көтерілуінің нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін
қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.
Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне
сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды
ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып
табылатындығында. Құқықтық мәде­ниет болса – құқық нормаларын білу, толық
түсіну, оларды басшылыққа ала отырып, адамзаттың ортақ мүддесіне қызмет
істеуді білдіреді.
Құқықтық мәдениет құқықтық сана-сезіммен тығыз байланысты және содан
негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық
нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін,
дәрежесін білдіреді.
Құқықтық тәрбие – қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық
мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың
іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге
ерекше мән берсе – құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік
дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым
– тәртіптің қайнар көзі, бастауы.
Тәртіп — барлық жетістіктердің қайнар көзі, негізі Президент
дәрісіндегі осы айтылған идеяларды жүзеге асыру үшін не істеуіміз керек
деген сұрақ тұындайды. Ол үшін – отба­сында, балабақшада, орта мектепте,
жоғары оқу орындарында құқықтық тәрбие, білім беруді заман талабына сай
жетілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып
заңдарының тиімді жақтарын ұрпақтар санасына сіңіріп, оларды заңды
құр­меттеуге, әділеттілікке, турашылдық жолға түсетіндей етіп тәрбиелеуі
қажет.
Балабақшаларда – еліміздің Ата Заңы Конституцияда көрсетілген –
адамның, азаматтың басты құндылықтары – құқықтары мен бостандықтары туралы
айқындалған түсініктердің мазмұнын мемлекеттің, мемлекетіміздің
рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылы­сының негізгі ұғымдарын түсіндіру
қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пәнін қайта сапалы түрде
дайындап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіздеп шығару керек,
осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дәріс
беретін пән мұғалімінің арнаулы заң білімі болуына талап қойған жөн.
Өйткені, білім сапасы ұстаздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениет ұғымы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Құқықтық мемлекеттің негізгі тұжырымдамалары
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Құқықтық сананың жалпы түсінігі
Құқықтық сана
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Пәндер