Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Құқықтық психология және заңды мінез-құлық ұғымы
1.1. Құқық бұзушылық және құқықтық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Құқықтық сана және заңды мінез-құлық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Құқықтық мінез-құлық белгілері
2.1. Құқықтық мінез-құлық және заңды
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... .12
2.2. Мінез-құлықтың ауытқуының алдын алудағы қылмыстық-
құқықтық
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясында -
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз
үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
Конституциясының 1 – бабында: Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деп
баян етілген [1].
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық
мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің
қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы
мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру
ұжымдары десек қателеспейміз.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық
мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта,
құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға
сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары
деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол
адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың
басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың
жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда
егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан
немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін
принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық
мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-
физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның
мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік
жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің
әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін
адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың,
азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға
апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды
мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға
қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-
жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа
қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу
шараларын қарастырады.[1]
Курстық жұмыстың мақсаты: құқықтық мінез құлық ұғымымен танысу және
азаматтық тұлғалардың мінез ерекшеліктері туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттер: құқықтық психология және заңды мінез-құлық
ұғымы туралы түсінік беру және құқықтық мінез-құлық белгілерімен таныстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық
бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі
шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде Құқық
бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян
келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы
әрекеті немесе әрекетсіздігі, - деп көрсетілген [4, 181 б]. Қоғамда
тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге
белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті
бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың
орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне
тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым
заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың
ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және
биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық
тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын,
атсалысатын субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу
орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық,
құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру
процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік
пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және
алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең
ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс
түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты
тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда
құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды
құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу, - деп
анықталған [5, 163 б].
Қазіргі Білім туралы Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген
экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды,
құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды
тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан
мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа
алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану
жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа
технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді
шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан
тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш
топқа бөлінеді:
Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру,
дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде
мазмұндай білуге байланысты. Осының нәтижесінде оқушылардың ұғымы дамиды,
әр түрлі іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма,
жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына
мүмкіншілік туғызады.Ынталандару және тежелу әдістер тобы: ынталандыру
әдістері (сенім, жағымды баға, мадақтау, мадақтаудың түрлері: алғыс
айту, әр түрлі сыйлықтар, шарапаттар т.б.); тежелу әдістері (жазалаудың
бірнеше түрлері: ұялту, сөгіс, ескерту) [6, 192 б].
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік,
патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен
қатар ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен,
салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен
байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы
дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық,
орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік
нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың
құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине
қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып,
елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық
нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын,
намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады.
Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады,
соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау
болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады [7,
197 б].
1.2. Құқықтық сана және заңды мінез-құлық түрлері
Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян
келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын
қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді.
Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де
болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе
ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң
белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге
негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық
белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-
құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар,
юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне
қарай да бөлу жүргізіледі. [6, 16б]
Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде
қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми немесе көркем
шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды атқару және
т.б.) болады.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек
ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар
мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе
жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б.
түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген
заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың
мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың
мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің
қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір
көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-
құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық
сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің
экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы
негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен
зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану
тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-
тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен
теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық
жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы,
кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс
конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын
қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу
әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі
елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып,
құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді,
дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық
санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға,
бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат
құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің
идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын
Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын
және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан
жоқ. [14, 11 б]
Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы
қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы
құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық
қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса "қарсылық көрсетті”.
Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани
даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі
екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан
қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән
психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа
және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік
пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс
жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне
қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу
болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке
адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын
ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір
ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге
қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап
өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау
ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті
әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны
сондықтан. [15, 181 б]
Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені
ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен
көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық
сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты
тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік,
сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы
және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу
туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы
ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің
заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын
көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы
реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін
айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе
істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының
көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей
алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын
қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру
процесінің міндеті.
2. Құқықтық мінез-құлық белгілері
2.1. Құқықтық мінез-құлық және заңды жауапкершілік
Құқықтық мінез - құлық – адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы.
Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық
қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді.
Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден,
қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол
адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-
құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар
жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана
құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы
құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа
жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады.
Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы
жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.
[23, 131 б]
Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа
қарсы, заңды бей-жай құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан
бағаланбайды. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген,
мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан
қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.
Белгілері:
1. Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай
келеді (мазмұндық жағы).
2. Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты (субъектілік жақ).
3. Заңмен белгіленген көлемде болады (формалды жағы).
4. Мемлекетпен қорғалады.
5. заңдық салдар туындатады.
Құқыққа сай әрекеттердің түрлері:
1) Әлеуметтік белсенді, пайдалы әрекет (құқықтық сана мен мәдениеттің,
жауапкершіліктің және еріктіліктің ең жоғарғы дәрежеде болуы).
2) Конформистік әрекет (тұлғаның сыртқы жағдайлар мен өзгелерге
бейімделуінің нәтижесі; терең және жан-жақты сезінусіз орындау).
3) Маргиналды әрекет (қорқынышқа немесе жеке есепке негізделген
әрекет).
Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті
адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті. Белгілері:
1) Іс-қимыл (әрекет немесе әрекетсіздік);
2) Кінә;
3) Құқыққа қарсылық;
4) Қоғамға зияндылық, зиянды нәтиже;
5) Іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;
6) заңды жауапкершілік.
Құқыққа қарсылық пен қоғамға зияндылық - негізгі объективті белгі
болып табылады. Құқық пен құқыққа қарсылық ажыратады. Қоғамға зияндылық -
адамзат қоғамының құндылықтарына қол сұғады, жеке және қоғамдық мүддеге
зиян келтіреді. Ол типтілігі, кең таралғандығымен де қоғамға зиянды.
Қоғамдық қарсылық 2 жақты:
1.қоғамға зиянды (қауіпті)әрекет заңмен ресми түрде құқыққа қарсы деп
танылуы керек. Құқыққа қарсылық қоғамға зиянды әрекеттің объективті формасы
(сыртқы жағы);
2.құқыққа қарсылық құқық бұзушылықтың объективті жағы. Объективті болу
себебі: құқық бұзушылық құқықтағы мәндікке зиян келтіреді, яғни қоғамдық
құрылым негіздеріне, адам және азамат құқықтарына қол сұғады. Заңдық форма
мен әлеуметтік мазмұн арақатынасы мынадан көрініс табады:
1.заңдық форма құқық бұзушылық ретінде қоғамға аса қауіпті және зиянды
әрекетті бекітеді. Бұнда қоғамға қауіптілікпен зияндылықпен қатар тікелей
топтық - саяси мүдде де үлкен роль атқарады. Сондықтан әлеуметтік мазмұнға
сәйкес;
2. заңдық форма қылмысты анықтау барысында салыстырмалы дербестік
көрсетеді;
3. экономикалық саладағы әлеуметке қарсы көріністерді бекітуде заңдық
форма үлесі аз. Бірақ ол оның әлеуметтік мәніне сай келеді;
4. Мемлекеттік-саяси, әкімшілік қатынастар аймағында заңдық бекітілуге
тиісті билікті қолдау міндеті жатады.
Құқық бұзушылық 4 құрамдас бөліктен тұрады: субъект, объект,
субъективті жақ, объективті жақ.
Құқық бұзушылықтың объектісі – құқыққа қарсы және қоғамға зиянды
әрекет бағытталған қоршаған ортаның құбылыстары. Объект үшке бөлінеді:
текті объект, онда қоғамдық қатынастардың барынша үлкен тобы қарастырылады;
түрлі объект адам өмірі, денсаулығы, мүлкі, намысы т.б. және тікелей
объект болады ол қылмыс нақты бағытталған құбылыс.
Құқық бұзушылықтың объективті жағы құқыққа қарсы және қоғамға зиянды
әрекеттің анықталған актісі ретінде сипаттайтын элементтерінен құралады.
Оған үш түрлі элемент кіреді:
- әрекет немесе әрекетсіздік;
- зиянды нәтиже;
- әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянды нәтижемен себеп салдарлы
байланысы.
Құқықбұзушылықтың субъективті жағын оны жасаудың әлеуметтік-
психологиялық механизмін сипаттайтын, жеке тұлға санасының элементтері
құрайды. Субъективті жақ кінә ұғымымен анықталады. Ол қасақана және
абайсыздық болып бөлінеді. Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің
қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе
тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді.
Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын
алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді,
бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді
немесе оған бейжай қарайды.
Абайсыздық өз алдына екіге бөлінеді: қылмыстық өз-өзіне сенушілік
немесе менмендік және қылмыстық немқұрайдылық немесе салғырттық. Қылмыстық
өз-өзіне сенушілік тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін алдын ала
біледі, бірақ негізсіз өзін-өзіне сену арқылы оның алдын аламын деп
ойлайды.
Қылмыстық салғырттық тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін көре
білмейді, бірақ тиісті және көре білуі мүмкін болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі деликт қабілетті жеке тұлғалар мен
әлеуметтік ұйымдар.
Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі зияндылығына байланысты екі
топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық.
Қылмыс қылмыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz