Құқықты реттеу механизмінің түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Евразия» академисы

МҚТ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Құқықты реттеу механизмі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 тарау. Құқықты реттеу механизмінің түсінігі

1. 1. Құқықты реттеу механизмі . . . 6

1. 2. Құқықты реттеу механизмінің мақсаты . . . 9

2 тарау. Құқықты реттеу механизмінің элементтері

2. 1. Құқықты реттеу механизмінің элементі - құқық нормасы . . . 11

2. 2. Құқықтық қатынастар . . . 17

2. 3. Заңды құқықтар мен міндеттер . . . 20

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Құқықтық реттеу механизмі - бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында ұйымдастырылған заңды құралдарыдың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмі мынандай элементтерден тұрады:

1) құқық нормасы;

2) құқықтық қатынас;

3) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

4) қорғаушы, құқық қолдану актілері;

5) ұйымдастырушылық әрекеттер.

Құқық нормасы - құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп. Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, құқық және т. б. ) құқық нормасының жиынтығы. Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.

Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т. б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты.

Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т. б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.

Міндеттеу әдісі - мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18-баптары) .

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

  1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
  2. заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;
  3. азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
  4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
  5. өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
  6. басқа жаққа зиян келтiру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
  7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
  8. заңдар азаматтық - құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады. Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге да осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Құқық қорғаушы билік алдында, олардың жалпытанылған адамның құқығы мен бостандығын сақтауды талап етіп сөйлейтін қоғам қайраткер. Құқықтың шығармашылығы қызметін құқық салаларының және құқықтық жүйенің даму үрдістеріне ұдайы мониторингке, нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын талдауға негізделетін болжамды-талдаулы қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл реттеу мазмұны мен әдістері бойынша норма түзушілік және құқық қолдану қызметінің әрбір актінің - оны әзірлеу, қабылдау, қолдану, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану немесе жаңа акті әзірлеу жөніндегі барлық кезеңін айқын көрсететін қазіргі заманғы жүйе жасауға мүмкіндік береді. Осындай рәсімдер мен тетіктер арқылы мемлекеттік органдардың норма түзушілік қызметі оңтайланып, жүйеге түседі. Бұл ретте құқықтық мониторинг кезіндегі әлеуметтік әдістерді кең қолдану құқықтық саясатты жүзеге асыру барысында қоғамдық пікірді неғұрлым ескеруге мүмкіндік береді.

Қорғаушы деген сөздің мағынасы кең. Оған адвокат, сондай-ақ, сезікті мен айыпталушының және сотталушының қорғаушысы деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінген тұлға да (зайыбы, жұбайы, жақын туысы) кіреді. Қылмыстық іс жүргізу заңы «қорғаушы» мен «адвокатты» нақты бөліп, ажыратып көрсетпейді. Кодекстің баптарында аталған екі термин араласып келе береді. Бұл бір жағынан тәжірибеде де, теорияда да шатасу тудырады. Өйткені, іс жүзінде қорғаушы мен адвокаттың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.

Қорғаушы - шақырылмайды, тағайындалмайды және оның еңбегіне ақы төленбейді. Ол өзінің бастамасымен өзін қорғаушы деп тану туралы өтінішпен жүгінеді және сот өтінішін қанағаттандырған жағдайда қорғаушы деп танылады, сондай-ақ, оның іске міндетті түрде қатысуы қарастырылмаған. Қорғаушы процесс барысында адвокатқа қосалқы субъект ретінде қатысады.

Ұйымдастырушылық қызмет деп - адамдарды басқару, олардың ортақ әрекетін келістіру мен басқаруға қатысты практикалық қызметті атады.

Курстық жұмыстың мақсаты - құқықты реттеу механизмі түсінігімен және құқықты реттеу механизмінің негізгі элементтерімен танысу. Құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерімен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттері - құқықты реттеу механизмі және элементтері туралы толық мағлұмат беру,

Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 тарау. Құқықты реттеу механизмінің түсінігі

1. 1. Құқықты реттеу механизмі

Құқықтық реттеу механизмін мен құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы. Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.

Сонымен, құқықтық реттеу механизмі - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын құқықтық қатынастарға ықпал ететін құқықтық құралдар мен амал-тәсілдердің жиынтығы

Құқықтық реттеу механизмі мынадай элементтерден немесе кезеңдерден тұрады:

1) ҚР нормативті-құқықтық актілерінде белгіленген -құқықтық нормалар;

2) Құқықтық қатынастар;

3) Құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

Құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері

Кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады.

Құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1) Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2) Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3) Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Құқықты реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру, құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.

Құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4 ) қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.

Құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.

Құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Заңнамада қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.

Құқықтық нормалар мыналарға міндеттейді:

1) белгілі бір әрекеттер жасауға;

2) басқа әрекеттер жасауға тиым салуға;

3) өзге де әрекеттерді жасауға рұқсат беруге реттеу үшін мына ықпал ету нормалары тән:

1) Әрекет жасауға бұйрық, жарлық (алдын-ала жазылған) ;

2) Рұқсат беру;

3) Әрекет етуді қолдау;

4) Тиым салу.

Құқықтық нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.

Құқықтық нормалардың құрылымы - дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.

Құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1) гипотеза;

2) диспозиция;

3) санкция.

Гипотеза - бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар - құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады) . Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет) .

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция - бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

Санкция - бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

Құқықтық мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.

1. 2. Құқықты реттеу механизмінің мақсаты

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады

Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

Құқық - бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатасында пайда болады. Құқық - адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды) ; в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.

Құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.

Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип) .

Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада) : нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т. б.

Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатынастардағы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.

Құқыққа процедуралық тән. Процедураны уақытында талдайтын тәртіп ретінде өз мөлшерінде барлық әлеуметтік реттеушілер пайдаланады. Бірақ құқықты процедура (нормативті ретінде) тереңірек көрінеді: құқық жүйесінде көптеген процедуралық салалар бар (азаматтық процессуальдық, қылмыстық процессуальдық) . Процедура іске асыру ретінде және заң нормаларын басып шығаруға қолданылады.

Құқық интелектуальды - еріктегі реттеуші ретінде әрекет етеді. Құқық арнайы - заңдылықтағы таза құқықтық тетік ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тетік: ол адамның еркін, тек оның санасына байланысты реттейді. Белгілі жағдайда, құқықты билік сипаты бар ақпарат жүйесі ретінде қарауға болады, себебі, субъектілердің еркін, тәртібін саналы түрде басқара алады.

Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті - құқықтық актылар шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни «заңға айналдыру». Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік - күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мұнда әңгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр) .

Құқықтық түсінігі құқықбұзу түсінігіне кіргізіледі: Құқықтың қажеттігі сонда керек, егер адам құқықпен белгенген тәртіптің қоғамға қауіпті деген жерін бұзса. Яғни, құқықтың белгісі ретінде оның әруақытта тәртіп нормасынан асып кеткендік жағдайға кез болу мүмкіндігін атауға болады.

Құқықтың түсінігін анықтайтын теориялар өте көп. Мұның өзі заңдылыққа жатады. Себебі, ешқандай анықтама толығымен түсінігінің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.


2 тарау. Құқықты реттеу механизмінің элементтері

2. 1. Құқықты реттеу механизмінің элементі - құқық нормасы

Құқық нормаларының мынадай түрлері бар:

1) мазмұны бойынша:

а) материалды құқық нормалары - құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін заңды түрде бекітетін нормалар.

б) іс жүргізушілік (процессуалдық) құқық нормалары - бұл мемлекеттік басқару органдары қалай және қандай тәртіпте әрекет ететінін, мемлекеттік басқару сферасында істерді қарау және шешу тәртіптерін анықтайтын нормалар. Бұл нормалар материалды нормалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін нормалар болып табылады.

2) ұйғарымының сипатына қарай:

а) міндеттеуші - белгілі бір жағдайдарда нормада көрсетілген әрекеттерді міндетті түрде істеу керек екендігі бұйырылады (алдын ала жазылып белгіленеді), мысалы, азаматтың шағымын алған орган оны 30 күн ішінде қарауы қажет;

б) тиым салушы - нормамен берілген әрекеттерді істеуге тиым салу қарастырылған;

в) өкілеттілік етуші - құқық нормасы талабының шегіндегі өз қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат етеді.

3) мерзімдік әрекеті бойынша:

1) мерзімді- алдын-ала әрекет ету мерзімі анықталған нормалар;

2) мерзімсіз - алдын-ала әрекет ету мерзімі белгіленбеген нормалар.

4) ұйғарымының нысаны бойынша:

а) императивті - бұл нормалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бірден қалыптастырады және құқық нормасымен реттелетін қатынастардың қатысушыларының қалауы бойынша өзгертілмейтін нормалар болып табылады

б) диспозитивті - құқықтық қатынастардың қатысушылары құқықтары мен міндеттерін өздері норманың шегінде белгілейді.

в) ұсынушы - нақты кеңес, ұсыныстар түрінде болатын нормалар және сол немесе өзгеде әрекеттерді жасаудың мақсатқа сәйкестігін көрсетеді.

5) Кеңістіктегі әрекеті бойынша:

а) Республика шегінде әрекет ететін нормалар;

б) жергілікті (локалды) - қала, аудан, облыс шегінде әрекет ететін нормалар;

в) салалық - мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласында әрекет ететін нормалар.

г) сала аралық - мемлекеттік басқарудың бірнеше салаларында қолданылатын нормалар. Кеден ісі, стандартизация облыстарында әрекет ететін нормалар.

6) Субъектілері бойынша:

а) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметтерін реттейтін нормалар;

б) мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;

в) қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;

г) мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар.

Жалпы нормалары - жауапкершіліктік жалпы шарттарын, .

Дефинитивті нормалар - анықталған, тұрақты - заңды ұғымдардың анықтамаларынан тұрады, сондықтан міндетті түрде орындалуы қажет.

Декларативті - ресми түрде мәлімдеу (нормалар, қағидалар) - басқару органдарын ұйымдастыру және оның қызметін ұйымдастыруда басшылық ететін қағидаларды құрады.

Оперативті - іс жүзінде әрекет ететін нормаларды жояды, олардың қолдану сфераларын өзгертеді, жаңа заңның шығуына байланысты күшін жоғалтқан нормалардың қажетті жағдайда әрекеттерін ұзартады.

Локалды - жергілікті - жергілікті билік органдарымен берілген актілер.

Сонымен, - құқықтық нормалар - бұл атқарушы билік пен мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін, басқару субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтайтын мінез-құлық ережесі.

Құқықтық қатынастар - бұл тараптары құқықтық нормалармен белгіленген және кепіл болатын өзара құқықтар мен міндеттердің тасушысы ретінде қатысатын - құқықтық нормалармен реттелген басқарушылық қоғамдық қатынастар аталады.

Құқықтық қатынастардың ерекшелігі не де ?

1) Осындай қатынастардың тараптарының біреуі әр уақытта мемлекеттік биліктік - ұйымдық сипаттағы басқарушылық өкілеттіліктер берілген тиісті атқарушы билік органы немесе оның лауазымды тұлғасы болып табылады;

2) Көп жағдайда тараптарының теңсіздігі болатын биліктік қатынастар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық реттеу механизмі
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Құқықты реттеу механизмі. Құқықтық құрал: түсінігі және түрлері
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқық жүйесінің түсінігі
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz