Құқық мәні, қағидалары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Құқық түсінігі, мәні құндылығы
1.1. Құқық түсінігі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Құқық мәні,
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 11
2. Құқықтық нормалары мен құқықтық қатынастар
2.2. Құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..16
2.3. Заңды құқықтар мен
міндеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық
құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің,
мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар
ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары
қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы
юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар
қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге
тиіс деген сөз.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте
екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне замандағы ғалымдар
құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың
мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дүрыс, сапалы реттеп-
басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымының күн тәртібінен түскен
емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік,
социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи жэне мемлекеттің өмірімен байланысты
құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп
түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін
мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың
ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы
дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне
карсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория - бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-
сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған
мемлекеттің қатысы жоқ-деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи
бостандықтар мен кұқьтқтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесі.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,
іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден,
сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады,
өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы
негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi
туғызады. Құқық қорғаушы билік алдында, олардың жалпытанылған адамның
құқығы мен бостандығын сақтауды талап етіп сөйлейтін қоғам қайраткер.
Құқықтың шығармашылығы қызметін құқық салаларының және құқықтық жүйенің
даму үрдістеріне ұдайы мониторингке, нормативтік құқықтық актілерді қолдану
практикасын талдауға негізделетін болжамды-талдаулы қамтамасыз етуге ерекше
көңіл бөлу қажет. Бұл реттеу мазмұны мен әдістері бойынша норма түзушілік
және құқық қолдану қызметінің әрбір актінің - оны әзірлеу, қабылдау,
қолдану, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану немесе
жаңа акті әзірлеу жөніндегі барлық кезеңін айқын көрсететін қазіргі заманғы
жүйе жасауға мүмкіндік береді. Осындай рәсімдер мен тетіктер арқылы
мемлекеттік органдардың норма түзушілік қызметі оңтайланып, жүйеге түседі.
Бұл ретте құқықтық мониторинг кезіндегі әлеуметтік әдістерді кең қолдану
құқықтық саясатты жүзеге асыру барысында қоғамдық пікірді неғұрлым ескеруге
мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты – құқық түсінігімен, әлеуметтік маңызымен
және құқықтың негізгі элементтерімен танысу. Құқықтың мәнін толыққанды
түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі
ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты
нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері – құқық теориясы туралы түсінік беру және
оның әлеуметтік маңызы туралы толық мағлұмат беру,
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Құқық түсінігі, мәні құндылығы
1.1. Құқық түіснігі және оның маңызы
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса
маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық
ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға
құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану;
құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл
атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін
негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар
мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм
жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал
етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы
болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-
экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады:
реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық
ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың
қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға
(сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-
құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-
ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері
ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен
әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда
қалыптасқан мінез-құлық ережелері.
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты
құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек
— субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және
тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын"
негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып
тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі
(әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық
объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де
жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп,
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің
мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм,
интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі—
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар
жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары
мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен
ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз
ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті
тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-
дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы
интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгер-шілік) — адамның
жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін
көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді
қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның
игіліктеріне қамқорлык, жасау.
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің
өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы
жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға
болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот
үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп
танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль
да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік
қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің
құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі
— функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін
тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына
қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-
сатылары: функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында
тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық
білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше
өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық
катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық
катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін,
сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске
асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
1.2 Құқық мәні, қағидалары
Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке
келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық
нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың
күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен
қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті
нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен
байланысты;
Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық,
әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.
Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық
туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр
түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар
үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы
адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық
факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген
әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың
жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік
нормалар.
Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен
жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық,
теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай
отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні
мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ
құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың,
көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын
болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен
ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық -
қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.
Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен
ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті
факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар.
Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап,
өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі
анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат
тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық
жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-
келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас
түсінігі болуы қажет.
Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар
да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің
заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып
тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың
функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген
халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және
бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету
шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын,
құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім
құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.
Құқыққа мынандай белгілер тән:
-еріктілік сипаты болады;
-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;
-нормативтілік;
-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;
-жүйелілік;
-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.
Құқық термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып
қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші
мағынасында құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын
барлық құқықтық ережелердің жиынтығы, ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз
жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс
табуы.
Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.
1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың
заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар
жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының
арасындағы келістіруші ролін атқарады.
Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп
қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни,
ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық
мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік,
әлеуметтік теориялар бар.
Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:
· нормативистік;
· әлеуметтік юриспруденция;
· табиғи құқық теориясы;
· философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық
сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі;
мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан
мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды
өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)
Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және
бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде
танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік
шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының
жиынтығы.(Ромашов А.И.)
Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз
етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай
түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай
қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.
Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан
бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты
қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат –
билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды
басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың
арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.
Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын
құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі,
қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы
ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта
жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына
таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға
болады.
Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды.
Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне)
тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Заңды жауапкершілік
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық қағидалары.
Халықаралық құқықтың түсінігі
Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы
Құқық ұғымы туралы
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Пәндер