Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.


Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

2. Негізгі бөлім

2. 1. Жылқылар гигиенасы, ғимараттарға, азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар . . . 13

2. 2. Жылқыларды ұстау жүйесі күту гигиенасы . . . 17

2. 3. Құлындардың қора жайларында азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар . . . 22

2. 5. Төсеніш, канализация жән қи сақталуы және жылу тепе-теңдігі . . . 27

3. Қорытынды . . . 30

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


1. Кіріспе

“Гигиена” сөзі гректің hygienos, яғни “дәрулік, денсаулыққа ықпалдаушы” мағынасындағы сөзінен бастау алады.

Зоогигиена - мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon - жануар және hygieinos - сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Жануарлар гигиенасы- жануарларды ұстау, азықтандыру, бағып-күту, пайдалану және өсірудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту тұрғысындағы ғылым.

Жануарлар гигиенасын ғылым ретінде жалпы және жеке гигиенаға бөледі. Жалпы гигиена ауа, су, топырақ жағдай-күйлерін; азық, азықтар, ғимараттарға, сонымен қатар жануарларды күту ережелері мен оларды ұстау тәртібіне қойылатын талаптарды зерттеп, оқытады. Жеке гигиена осы мәселелерді нақты бір жануар түріне орай қарастырады.

Жануарлар денсаулығы- организмнің табиғи физиологиялық жағдайы, ол денсаулықтың қоршаған ортамен тепе-теңдікте және қандай да бір кеселді өзгеріс байқалмауымен сипатталады, яғни организмнің құрылымдары мен қызметі бір-біріне сәйкесіп, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ету қасиетіне ие бола алуы. Міне осыған орай жануарлар гигиенасын тәжірибелік физиология деп те атап жатады. Жануарлар денсаулығы немесе олардың организмінің табиғи резистенттігі ағзалар мен ұлпалардың (жекелеп және тұтас организм бойынша) қоршаған орта жағдайларына үнемі бейімделуі мен реактивтілігі нәтижесінде физиологиялық процесстермен қамтамасыз етіледі.

Гигиена жануарлар организмі мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттейтін ғылым ретінде профилактикалық ветеринария деп те аталады. Ол көптеген ветеринарлық, зооинженерлік,

Жалпы клиникалық тексерулермен қатар сауалнама жүргізілді, оның көмегі арқылы өздік сұхбаттасу, тәуліктік маниторлы артериальды қысымы (ТМАҚ), психологиялық дәрежесі және жеке алаңдаушылық (ЖА) кардиоинтервалография (КИГ) тексерілді және өмір сапасы бақыланды.

Жүрек қан тамыр жүйесінің екі тобының патологиясында әсіресе 1 топта өзгеріс ерекше байқалды. Апатты тежегендерде мейлінше ЭКГ-белгілері жүрек ырғағы және өткізгіштігі жиі кездеседі. Жүргізілген ТМАҚ қорытындысы тәуліктік профилдің тексерілген тобында айырықша өзгерісін көрсетті сонымен қатар, АҚ таңертеңгілік жылдамдығын 1-інші топта, 2-іншімен салыстырғанда жүрек қан тамыр тәуекелдігі жоғары және церебральды асқыну қаупі басымырақ, АҚ тәуліктік ырғағы ерекше болғанын көрсетті.

Ұзақ мерзім ішіндегі ауа-райы жағдайын климат деп атайды. Құрғақ, ылғалды, теңіздік, тау, ыстық, суық, орта деңгейлік және континенталды климаттарды айырады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен жануар және өсімдік әлеміне тигізер әсері болады. Климат әсерінен жануарлар организмінің өзіндік ерекшіліктерін иеленеді. Мәселен, тау климаты жағдайларында өсірілген жануарлардың тыныс алу ағзалары, бұлшық ет бітімі, сүйектері жақсы дамыған болады.

Жануарларды жаңа климат жағдайларына ауыстырған кезде оларға жерсіну үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет. Жануар организмінің жаңа климат жағдайларына толығымен бейімделуі- жерсіндірілу деп аталады. Осы кезде жануарларға ерекше күтім қажет, оларға толыққанды азықтандыру, жақсы бағып-күту жасалынуы шарт.

Курстық жұмыстың мақсаты - зоогигиена пәнінен алған білімді тереңдету, құлындардың қора-жай жобасының зоогигиеналық негізлуін зерттеу. Ауыл шаруашылық малдарының ішіндегі құлынның ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.

Курстық жұмыстың міндеті - Құлындарға арналған қора жайдың зоогигиенасын зерттеу және құлындардың гигиенасы мен азықтандыру ерекшеліктері және олардың мерзімді жетілуіне ене сүтімен қоса қосымша азықтармен азықтандыру туралы түсінік беру. Құлынды азықтандырудың рациондарымен танысу. Құлындарға қойылатын зоогигиеналық талаптармен танысу.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. Әдебиетке шолу

А. Н. Ахметов /2010/ деректерінде мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады. Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері - температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады. Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. Құрал қолданып жүргізілетін әдіс микроклиматты жүйелі зерттеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Микроклиматтың кейбір көрсеткіштерінің жағдайын бақылауды үнемі және қажетті талаптарды қатаң сақтап жүргізу керек. [1]

А. Ф. Кузнецов, М. С. Найденский, В. М. Кожурин /2006/ Ғылыми-педагогикалық қызмет етуі барысында ол теориялық жұмыстарды ауылшарушылығы өндірісінің тәжірибелерімен ұштастырып отыруға әрдайым тырысқан. Соның бір дәлелі ретінде бұзау өсіру гигиенасына арнаған еңбегін атау орынды. Ол бұзауларды ұстау және суару технологиясын құрастырып, тәжірибеге ұсынған жоба бірден қабылданған. Осы технологияны тәжірибеге енгізу еңбек өнімділігін едәуір жоғарылатуға және мал бастарын сақтауға көп септігін тигізген. XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізгені туралы, атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп-бағу деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмағаны баяндалады [2]

Бегенова А. Б., Жумакаева А. Н., Ахметов А. Н., Тлеуметов Ж. М. /2006/ Нәсіпбаевтың «Жануарлар физиологиясы» оқулығында мал шаруашылығының жетілуі, өсіп - өнуі туралы баяндалады. Жануарлардың денесі жасушалар мен жасушасыз құрылымдардан (синцитий, симпласт) және жасушааралық заттардан қалыптасқан делінеді [3]

Богословский С. И. /1991/ Мал қораларын салғанда оның қандай материалдан жасалуы өте маңызды. Тіректі элементтердің орналасу ерекшеліктеріне қарап, ғимараттың мынадай түрлерін анықтауға болады. Каркассыз түрі (тіректі қабырғалары бар) . Ол - өзара байланысқан қабырғалар мен жабындылардан тұратын қатты да берік қорап. Ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары төбе жабындыларының салмағын көтеріп тұрады. Ғимараттың мұндай түрлері құс шаруашылығы обьектілері мен басқа да құрылыстарын салуда кеңінен қолданылады. Ал каркасты түрі - тіректерден, кеспелтектерден, негізгі және қосымша құрылыс фермаларынан немесе тіреулерден, ригельдер мен плиталардан құралған ауқымды жүйе. Каркас - ғимараттың негізгі тірегі, ол ендік және бойлық элементтерден тұрады. Каркас типті қора - жайға тән сипат олардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай нақты бөлінуінде (тіректі және қорғаушы) . Қорғаушы элементтер (ішкі - сыртқы қабырғалар, едендер, қоршаулар, еден - терезе ойықтары) қора - жайдың ішін ауаның зиянды әсерлерінен сақтайды. Осылардың көмегімен қора - жайлардың ішінде қалыпты температура мен ылғалдылық, акустикалық жағдай сақталып тұрады. Сонымен қатар осы екі элементтер бірігіп, ортақ қызмет атқаратын жағдайлар да болады. Оған қабырғалар, каркассыз қора - жайлардағы жабыныш материалдары жатады. Қора - жайдың негізгі конструкциялық элементтеріне табан, ірге тас, қабырғалар, еден, төбе, шатыр және т. б. жатады. [4]

Борисенко Е. Я., Баранова К. В., Лисицын А. П /1984/ еңбегінде жылқы шаруашылығының көзі - ет пен сүт өндіру деп көрсеткен. Олай болса мал шаруашылығының басқа салаларымен бірге жылқы шаруашылығын өркендетуге де баса назар аудару керек. Жылқы шаруашылығының бүкіл резервтерін толық пайдаланып, оның барлық тұқымының сапасын барынша жақсарту қажет. Күтіп - бағу, азықтандыру мәселелерін жақсартып, тұкым асылдандыру жұмыстарын жетілдіре түскен жөн Мал өнімдерін өндіру және оның сапасын көтеру үшін осы салада істейтін қызметкерлер әрбір малдың өзіне тән құрлысы ерекшелігін, жасын, қоршаған ортамен байланысты тіршілік ету қабілетін білуі жөн. Өнім сапасы малдың арғы тегіне де байланысты болады. Мал өндірісінде қызмет атқаратын кәсіпкерлердің негізгі мақсаты - өзіндік құны төмен жоғары өнім өндіру. [5]

В. И. Гершун, Р. К. Туякова /2007/ зерттеулерінде ветеринариялық гигиена оқулығында жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена {грек, zoon - мал, hygieinos - дені cay) - малды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп - күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым екені айтылады. Ветеринариялық гигиенаның негізгі міндеттерін атап көрсетуге болады: қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына тигізетін әсерінің заңдылықтарын зерттеу, қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормативтер, нормалар мен ережелерді жасау және ұйымдастыру, мал қораларының жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелерді жасайтын санитариялық құрал - жабдықтарды іріктеу, табиғи ортаның бірқалыпты сақталуын қамтамасыз ету, зоогигиеналық нормативтер мен ветеринариялық-санитариялық ережелерді енгізу есебінен экологияны сақтау. Ветеринариялық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек екені туралы баяндап студент жастарға баяндайды. Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады жиынтық әсерін айтып береді. [6]

Д. Ф. Лэсли /1982/ зерттеуінше, малды суару, азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда күтуді қажет етеді, осы күтудің арқасында мал организмі өзіне қажетті табиғи тітіркендіргіш қабылдайды. Мұндай тітіркендіргіштер организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне, организмнің функционалдық қызметінің өсуі мен қалыптасуын арттыруға, сондай-ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын тигізеді. [7]

Дмитриев Н. Г., Басовский Н. З., Александров Б. В. /1988/ деректерінде Мал терісі, оның рецепторлық аппараты, бұлшық ет, жүйке жүйесін шынықтыру нәтижесінде түгел организмге және жекелей органға тура және жанама әсерін тигізеді. Мұндай жағдай гемостазды сақтап қана қоймай әрбір органдардың және жүйелердің функциональдық қабілетін арттыруға ықпалын тигізеді, түгел организмнің де жағдайын жақсартады және өнімділік қабілетін көтереді [8]

Есенғалиев Қ. Ғ. Нысанбаев /1998/ пікірлері бойынша, қора - жайдың табаны. Әрбір шаруашылық құрылыстары үшін негіз болып табылатын ірге тастың асты мен жан - жағындағы топырақ қабаттары бар, ғимарат салмағын көтеріп тұратын оның берік болуына әсері тиетін топырақ қабаттары болып табылады. Кез келген құрылыстың беріктігі мен мықтылығы ең алдымен осы аталған табанға байланысты. Табаны берік, біркелкі, құрғақ, кем дегенде 2 - 3 сантиметрдей отыратын және жылжымайтын болуы керек. Ірге тас. Бұл салынытын ғимараттың барлық тіректі элементтерін ұстап тұратын жерастындағы бөлігі. Оған қойылатын негізгі талаптар: беріктігі, мықтылығы, атмосфералық құбылыстарға шыдамдылығы, ұзаққа жететіндігі, үнемділігі. Цоколь (ірге тас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігі) - ірге тастың қабырғамен жалғасатын жері. Цоколь негізінен ірге тастың топырақ бетіне шығып тұратын жоғарғы бөлігі десе де болады. Себебі, цоколь да, ірге тас та біртекті материалдан жасалады. Цоколь қабырғаларды ауа мен топырақ ылғалдарынан қорғап тұрады. [9]

Жебровский Л. С. /1987/ ғылыми қызығушылығының ауқымдылығы оның Целиноград ауылшаруашылық институтында еңбек етуі кезеңінде айқын көрініс тапты, осы оқу ордасында ол үлкен ғылыми-ұйымдастыру еңбектер атқарады. Зоогигиена ғылым ретінде ерте дәуірде туындала бастаған, алайда, бұл жылдар бойы жинақталған, байқау-бақылауларға негізделген тәжірибелік машықтанулар ғана еді, бұл жайлы Рим, Греция, Қытай, Үнді мал шаруашылығының даму тарихы көрнекі мысал бола алады. Ерте дәуірдегі және орта ғасырлық өзге елдер ветеринариясы айтарлықтай жоғары деңгейде болған. Ол клиникалық, індеттанымдық, паталогоанатомиялық дерек - мәліметтер негізінде өзіндік ауру жіктемесін жасаған, түрлі аурулардың ағымы мен барысы тұрғысында дұрыс түсінік қалыптастыра алған, сондай-ақ ауруларды балау, алдын-алу, емдеу тәсілдерін де біліп орындаған. Осы институт қабырғасында ауылшаруашылық малдарының табиғи резистенттілігін зерттеумен айналысқан зерттеушілер тобы ұйымдастырылған. Оның жетекшілік етуімен Солтүстік Қазақстан өңірі жағдайына түрлі малдарды жерсіндіру дәрежесі мен табиғи резистенттілігі деңгейін жоғарылату бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулердің халық шаруашылығындағы маңызы зор. [10]

Жуленко А. П. , Король А. Б. /1985/ зоогигиена адам гигиенасымен тығыз байланысып жатыр, өйткені оның мәселелеріне қора-жайларда, малшаруашылығы нысандарында қызмет ететін адамдардың денсаулығын сақтау және тағам өнімдерінің жоғары сапада болуы үшін күресі енеді. Зоогигиеналық шаралар мен нормативтер құрастырылуы физиология мен микробиология сынды ғылымдардың жетістіктері мен әдістеріне сүйенеді. Ол сонымен қатар эпидемиология, паразитология, токсикология, зоология, топырақтану, ботаника, метеорология, химиямен тығыз байланысады. [11]

Кенеев М. А. /2002/ Қазақстанға тән климаттық және табиғи-экономикалық жағдайлар қазақ малшы-қауымын, жайылымдарды мерзімге қарай пайдалануға мәжбүрленген: қыстау, жазғытұрымғы жайылым, жайлау, күзек. Қатаң тәртіптегі, малдар, көшіп-қонуы едәуір індеттанымдық маңызға ие болғандығын атап өту орынды. Індет орын ала қалған жағдайларда, ауруға шалдыққан малдарды сол орында сойып, сауларын өзге қолайлы жерлерге айдап отырған, ал ауруға күдікті дегендері 3-5 шақырым қалдырылып отырған. Егер ауру малдар тым көп болса, оларды сол орында қалдырып (жарты бөлігі сауығады деген үмітпен), бұл жайлы көшіп-қонып жүрген ауылдарға хабар таратқан. Мал тұрақтары мен жайылымдарын жиі ауыстыру ауру жұққан табында ірі қара мал обасы ауруы таралуын 30-35%-ға төмендеткен. Қазақ малшы-қауымы сібір жарасы болып өткен, яғни осы кесел бойынша қолайсыз аумақтарды ескеріп, тек боранды мезгілде ғана малдарын айдап апарып отырған. Осы тәжірибені олар әсіресе тері аурулары болған уақыттары кезінде қолданған, мал өліктерін өрттеген немесе терең етіп көмген. Тері аурулары байқалғанда, іші құрғақ қора-жайларды пайдаланған. Жылы қора-жайларды тек арыған малдар мен төлдерге қолданған. Қазақ халық ветеринариясы түрлі мал аурулары кезінде оңтайлы орын алғанымен, осы ауруларды түбегейлі жою үшін Қазақстан аумағында мемлекеттік ветеринарлық мекемелер ұйымдастыру мен арнайы дайындалған мамандар шығаратын арнайы оқу орындары қажет еді. Осы тұрғыда Қазақстанға жіберілген орыс ветеринар дәрігерлері орны толмас көмек жасады. Ресей ветеринариясына жауапты іс жүктелді - ол көшпелі қазақ мал шаруашылығына ғылыми және тәжірибелік тәлім енгізу мәселесі еді.

Кеңес заманында зоогигиена бөлімдері бар зоотехникалық және ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелері құрылып, зоогигиена кафедралары бар ветеринарлық және зоотехникалық институт, факультеттер ашылды. [12]

Керімбаев, /1968/ зерттеулерінде мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмір қышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұруы керек немесе қалаң қамыс немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану; мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану. Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады. Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған. Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз етуілгендігі жазылған. [13]

Кикебаев Н. А. /2006/ деректерінде топыраққа органикалық және неорганикалық (патогенді және шарттың патогенді вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, геогельминттер жұмыртқалары) түскен кездегі оның экологиялық жағдайын бағалау жөніндегі гигиеналық нормалар ғылыми тұрғыдан негізделген. Топырақты экологиялық тұрғыдан қорғау жұмыстарын іске асыру кешенді шараларын жүргізуді керек етеді. Олар екпе дақылдар егу, бұларды жойып батпақты учаскелерді қорғату, екпе өсімдіктердің қолайлы жағдайлар туғызады. Топырақ індеттері мен геогельминтоздардың алдын алу үшін ондай қауіп бар өрістерге мал жаю тоқталып, өрістер қоршалып, ауруға тез шалдығатын малға вакцина егіледі. Эпизоотиялық шаралар жоспарына сай өлексе көмілетін орындар тәртіпке келтіріліп, малды қашалап бағу және қашаларды отыру ұйымдастырылады. [14]

Кравченко Н. А. /1987/ айтуы бойынша экологиялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады. Көңді шаруашылықта жердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ат қорадан шыққан қөңдерге кейбір шаруашылықтартан сұраныстар болады және оны кезекке тұрып алып кетеді. Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақталатын қоймаларды, сондай-ақ тері зауытты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде экологиялық ережелерді сақтау қажет. [15]

Қайтымбай Б. Б. / 2006/ деректерінде малды дезинфекциялау арқылы біз мал үстіндегі әртүрлі бүрге, бит және сондай-ақ адам денсаулығына қатер тигізетін шыбын-шіркейден құтылу үшін сақтандырады. Мал күтудің бастамасы ол қораларды дезинфекциялау. Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - қораны тазалау, екіншісі - дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды. [16]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жұмыс жылқыларын ұстау жүйесі мен әдістері
Жануарларға ауа температурасының әсері
Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі жайлы
Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы малдарын ұстау жүйелері
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz