Құлынды азықтандыру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құлынды азықтандыру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2011ж.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5-6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9
2.2. Құлын-тайды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .10-15
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Азықтандыру – малдың түріне, жасына, жынысына физиологиялық жағдайына,
тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм
мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін
қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі
өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі
ұлғаяды.
Жылқы шаруашылығы Қазақстанда ежелден бері дамып, тарихи қалыптасқан
екендігін білуге болады. Бұл шаруашылығының түрі төрт түліктің бірі
болатынын ұмытпауымыз керек. Қазақстанда жылқы шаруашылығы – мал
шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және көп ғасырлы салалардың бірі. Жылқыны
азықтандыру ерекшеліктері олардың атқаратын қызметіне тығыз байланысты.
Көлік ретінде мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық жұмыстарына
пайдаланылатын жылқылардың азықтандырылуы олардың жұмсайтын энергетикалық
шығындарына тәуелді болса, сауылатын, соғымға сойылатын жылқылардың
азықтандырылуы олардың сүттілігіне, салмақ қосуына тәуелді келеді.
Жылқының еті, қымызы сондай-ақ қазы-қартасы, жал-жаясы халықтың сүйікті
тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдар мен қатар жылқы терісі
жеңіл өнеркәсіптің былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға
кеңінен пайдаланады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап артып
отыр.
Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары жылқы басы ұдайы көбейіп
келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің
маусымның 1 – іне дейінгі есебі бойынша өңірдегі жылқы 71100 басқа жетті,
бұл өткен жылғыдан 7 пайызға артық. Өткен жылы осы мерзімге дейін 9435
құлын алынса, биыл 10500-ге жетіп, 11 пайызға көбейді.
Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан
жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді
жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы
түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын аттылар
әулеті деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұлан ғайыр
даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс – тіршілігі, өмір –
салты, өнер – білімі, әдет – ғұрпы, салт – санасы, салтанаты, бір сөзбен
айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық малдарының ішіндегі
жылқының және құлынның ерекшеліктері туралы білімді тереңдету. Құлынды
азықтандыру нормаларымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті – Құлынды азықтандыру ерекшеліктері және
олардың мерзімді жетілуіне ене сүтімен қоса қосымша азықтармен азықтандыру
туралы түсінік беру. Құлынды азықтандырудың рациондарымен танысу.
1.1. Әдебиетке шолу
1. Д.А.Сыздықов (2006) атап көрсеткендей – таза қолды қазақы
айғырларымен салыстырғанда эритроциттер мөлшері және гемокрит көрсеткіші
төмен. Мұның өзі міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың белсенділігі
жоғары екендігін көрсетеді, 37,7%, яғни басқа тұқымдармен салыстырғанда өте
төмен және танымдық жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит
көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы мүмкін.
2. Н.А.Кекибаевтің (2006) мәліметі бойынша Қазақстандағы жылқылардың
жергілікті популяцияларымен салыстырғанда Сарыарқа зауыттық жылқыларының
өлшемдігі көп. Аттың жергілікті биелерге жаңа Сарыарқа айғырларын салғанда
олардың ұрпақтарын салмағы ешқандай қосымша қаржы жұмсалмай – ақ 30-40 кг
артады. Жаңа типті айғырлар тірілей салмағының гигиеналық потенциялы 570
кг, ал биелердікі 540кг-ға жетеді. Ұша шығыдылығы жыл сайын Сарыарқа
жылқыларының элита және 60% I класс асыл тұқымды құлан мен байталдардың 100-
ден астамын сатуға мүмкіндігі бар.
3. К.А.Жұмағұловтың (1983) деректеріне сәйкес республикамызда жылқы
етін көп өндірудің мол резервтерінің бірі – үйірлі жылқы шаруашылығының
алатын орны ерекше. Мұндағы негізгі мақсат республикамыздың пайдаланылмай
жатқан жайылымдарын толық игеру.
4. А.Сыздықовтың деректері (1976) бойынша жылқы әрі азықтардан шалғын
– шөбі және көп жылдық екпе шөптерден – атқонау, еркекшөп және жоңышқа өте
жұғымды. Жылқы бастапқы, таулы жердің шөбін, сондай-ақ қоға, қырықбуын
сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді.Ал суы сабанын жылқыға бергенде алдын
– ала булап, құнарлы азықтарға араластырып, берген жөн, сонда оның
құнарлығы арта түседі.Жазда жылқының негізгі азығы – жайылым,бұл ең арзанға
түсетін азық.
5. А.М.Моторино (1983) атап өткендей, жылқы шаруашылығынан өркендету
жөнінде келгенде бұл салада атқарылар істің көп екенін және бұл салада
тиімді жүргізуіне республикамызда толық мүмкіндік бар.
6. Г.В.Сезонов пен Т.Жайтаповтың (2006) зерттеулері бойынша қазақы
тұқымды жылқыларды ауа – райының қолайсыздығына қарамастан жыл бойы
жайылымда ұсталып, қандай өзгеріске де болса да төзімділік қасиеттері
қалыптасқан. Қазақ жылқысының биелері будандарға қарағанда 2005 жыл
шаруашылықта 100 биеден 89 құлын алынды, ал будан биелер 67 құлын берді,
яғни қазақ жылқыларын өсіргенде өркендеу өте тиімді болып келеді. Жылқы
тұқымының көптігі оны топтастыруды қажет етеді. Ол үшін жылқының тегі,
тараған жері, морфологиялық, биологиялық қасиеттері, шаруашылықтың және
тұқымдылық пайдасы ескерілуі тиіс.
7. Н.Н.Найзабеков пен Х.А.Әубәкіровтің (2006) айтуы бойынша ет
өндіруге бағытталған жылқы шаруашылығы ең басты іс – шаралардың бірі малды
дер кезінде сою және етін өткізу. Өндірілген еттің сапасын ғана емес,
сонымен қатар өзіндік құнын да есептеу керек.
8. Е.Д.Керімбаевтің (1974) деректері бойынша қазақ жылқысын жақсартып,
сапасын арттыру ісінде қазақы биелерді, дон, желісті, ауыр жүк тартатын
және басқа тұқымды айғырдан будандастырудың үлкен маңызы бар.Қазақы
биелердің ерекше қасиеттері, олар жергілікті жердің жағдайына тез үйренеді,
тез семіреді, сүтті келеді, табында бағылғанның өзінде іш тастамайды.Ал,
құлынын өз сүтімен асырап, тез есейтеді.
9. Б.Б.Қайыпбайдың (2006) деректері бойынша лабораториялық жағдайда
жануарларға жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, жылқы арасында көп кездесіп
жүрген сақал және пастереллез аурулардың аралас түрін емдеудің тиімді
тәсілін жылқы малының өзіне қолдануға мүмкіндік береді.
10. А.И.Имангалиевтің (1970) зерттеуі бойынша биенің сүт өнімдерін
арттыру, оның ішінде осы белгілеріне қарай таңдап, алынған биелерді алдын –
ала азықтандыру мөлшері дәрежесімен біршама анықтауға болады.Биенің
сүттілігі оны азықтандыру мен бөліп – күту жағдайына тікелей әсер етеді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері
Жылқы — қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының
сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бөрін
дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары
үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын
түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жемшөпті ауыз
қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан,
азықтануға ұзағырақ уақыт жүмсайды.
Жұтылған азық қарынға сүйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді.
Егерде қарынға енген азық қоректік заттарының жедел түрде ашуынан
(брожение) кеп көлемде ішек газдары пайда болса, олар қарын аумағын керіп
жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, өңеш арқылы кері ауыз қуысына
кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған жылқы қарны кернеп, қатты
түйнеуінен (колики) ол тіпті өліп кетуі мүмкін. Жылқының желінетін жемшөп
пен суарылар судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен
қарайтыны осындай морфо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Эволюция
бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында жылқы бүлінген сапасыз жемшөпті
жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар.
Қарын сөлі ферменттерінің әсерімен қорытыла бастаған азық қоректік
заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі
айналмалы (ободочная) тоқ және аумақты (сыйымдылығы 20—70 л) соқыр ішегінде
микробиологиялық өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде химус микробтық
аминқышқылдары және витаминдерімен байытылады. Жылқы ішегі күйісті
малдікінен 2—2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ өтетін химус қоректік
заттары қысқа мерзімде қорытылып үлгеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы
ауырлап, азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық
қуаттылығы арттырылып, желінген азық құрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам
сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ
тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша
жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы — сұлы дәні. Оны жылқыға шектемей
жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді.
Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз
қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін
тудыратын қара бидай дәнін тек ұнтақтап, туралған сабанмен араластырып
жегізуге болады. Жылқының ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі. 4—5 л жылы
суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан
кесіндісін бүркіп, жылқының ас қорытуының бұзылуынан туындайтын өлі тиюін
(колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын
атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын
немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және
салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі
шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен
мерзіміне тәуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың
энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған
(мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға (сила тяги)
жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бүкіл энергия шығынының 13 бөлігі,
яғни 25—30% жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін
аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін кдтаң сақтау қажет.
Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды
пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін бастырғаннан
кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі
жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы,
тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес
азықтандырады. Сонымен қатар жылқы тұқымдарының зат алмасуындағы барысы
едәуір ерекшеленетінін ескеру қажет. Мысалы, жеңіл жүрісті мініс
тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс
аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяқ жүрісті ауыр салмақты тұқым
аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардыкімен салыстырғанда 100 кг
тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара
жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары
энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің
жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде
оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын
энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз,
картоп секілді тамыр-түйнек жемістілерді береді. Бірақ бүл азықтар аттың ас
қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп, атқарылатын жұмысына (жедел
қимылына) кедергі келтіретіндіктен, олардың көліктік және мініс аттарына
берілетін мөлшерін шектейді.
2.2. Құлын-тайды азықтандыру
Жаңа туған құлын қорегі енесінің уызы мен сүті. Құлынды сүтке
жарытумен қатар, тез өсіп-жетілуі үшін ертерек қосымша азықтарға үйреткен
жөн. Алғашқы айдан бастап енесі сауылып, өзі желіге байланған құлынды
қосымша азықты жақсы жеуге дағдыландырып, үйрету керек.
Оларды алғашқы күндерден бастап жеңіл қорытылатын диеталық қабығынан
тазартылған сұлы ұнтағы мен жанышталынған сұлы дәніне, минералды
қосындыларды жеуге үйретеді. Ол үшін алдарындағы жеке науаға сүйек ұны,
азықтық бор, ас түзын үнемі тұратындай салып қояды.
Тұқымға қалдырылатын құлынды 7-8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді.
Құлын тез өсіп-жетілуі үшін мыжылған сұлы дәні, бидай кебегі, шөп ұны мен
күнжара ұнтағынан тұратын 1 кг-да 1 а.ө., 110—120 г қорытылатын протеині
бар қосындыны жегізеді. Оған құлынды біртіндеп үйретіп, тәулігіне әр басы 2
айлығында — 0,5—1 кг жегізе бастап, 3-4 айлығында — 2—3 кг, енесінен
ажыратар 5—6 айлығында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz